«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 11 б.
3) конструкцияда қарастырылған жылу реттегіштер болмаған немесе
бұзылған кезде электр қыздырғыш аспаптарды қолдануға;
4) электр шамдары мен шырағдандарды қағазбен, матамен және басқа
жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шырағданның конструкциясында
қарастырылған қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары
алынып қалған шырағдандарды пайдалануға;
5) егер олардың болуы дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында
қарастырылған болса, электр үтіктерді, электр плиткаларды, электр шәйнектерді
және басқа электрмен қыздырылатын аспаптарды өрттің туындау қаупін
болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректену цокольдері, қыздырғыш
дөңгелектер) пайдалануға;
6) электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауіпті
және өрт қауіпті үй-жайларда қолдануға;
7) стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын
аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма өндірмелерді және ток күшінің
көбеюі мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа
аппараттарды пайдалануға;
8) электрлік қалқандар, электр қозғалтқыштар және іске қосу
аппаратурасы жанында жанғыш (оның ішінде тез тұтанатын) заттар мен
материалдарды орналастыруға (қоймалауға);
9) жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарда дайындаушы-зауыттың
жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейі мен түрінің белгісі болмайтын
электр жабдығын қолдануға;
10) электр сымдары мен кабельдердің жалғаулары мен ұштарын
оқшаулаусыз қалдыруға жол берілмейді.
7 Өрт сөндіру құралдарын қолдану ережесі
7.1. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар өртке қарсы қызмет
бөлімшелері келгенге дейін қызмет көрсетуші қызметкерлердің өртті жою
қажеттігі жағдайларына сүйеніп бастапқы өрт сөндіру құралдарымен
жабдықталуға тиіс.
7.2. Бастапқы өрт сөндіру құралдарына қозғалмалы өрт сөндіру құралдары,
өрт сөндіру кранының құралдары, ұнтақ тәріздес жәшіктер және өртке қарсы
тұратын маталар жатады.
7.3. Өрт сөндіргіштерді қуыстарға орналастыру жағдайларынан басқа
қорғалатын бөлмелерден ғимараттың көшіру жолына орналастыруға жол
берілмейді.
7.4. Өрт сөндіргіштерді және басқада өртке қарсы құрал-саймандарды
шаруашылық, өндірістік мақсатта пайдалануға тиым салынады.
«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 12 б.
7.5.
Өндірістік
ғимараттар
мен
өнеркәсіптік
кәсіпорындардың
аумақтарында бастапқы өрт сөндіру құралдарын орналастыру үшін арнайы өрт
қалқандары орнатылуы қажет.
7.6. Ішкі өртке қарсы су құбырларының өрт сөндіру шүмектері 1,35 м
биіктікте орнатылып, пломбаланатын өрт сөндіру шкафтарында бекітілген
жеңдермен және оқпандармен жинақталуы қажет.
7.7. Өрт сөндіруге арналған су құбырының желілері жарамды жағдайда
болуы және талап етілген өрт сөндіруге қажетті судың мөлшері бойынша
қамтамасыз етілуі қажет. Олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру жылына екі
рет (көктемде, күзде) жүргізіледі.
7.8. Өрт сөдіргіштер құралдары алғашқы жалындаған отты өшіруге
арналған құрал болып табылады. Өрт сөндіргіштер қозғалмалы және қолға
арналған болып бөлінеді. Қолға арналған өрт сөндіргіштер 10 л көлемге дейін
заряд сиятындай болады. Қозғалмалы өрт сөдіргіштер үлкен көлемде болып,
арнайы арбалармен тасылады.
7.9. Өрт сөндіргіш құралдар төмендегідей болып бөлінеді:
Көбікті. Жанып жатқан сұйықтықтарды (бензин, май, лак және т.б.)
сөндіруде қолданылады. Сондай-ақ, аумағы 1 шаршы метрден аспайтын, бірақ,
тоқ күшінің әсері жоқ аумақтағы отты сөндіруге пайдалануға болады.
Ұнтақты. Тез жанғыш сұйықтықтарды, пластмасса, бояу, лак, 1000
вольтқа дейінгі тоқ күші бар электрқұрылғыларындағы жалынды ауыздықтай
алады.
Көмірқышқылды. Түрлі заттар мен материалдарды, тоқ күшінің әсері бар
электр құрылғыларын және түрлі сұйықтықтардағы жалынды сөндіруге
арналған. Бұл сөндіргіш құралдар мұрағаттардағы, өнер туындылары сақталған
орындардағы өртті сөндіруде таптырмас құралы. Егер, назар салып
қарасаңыздар, әр өрт сөндіргіш құралдың бетінде оның қандай орындарға
арналғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
Өрт сөндіргіш құралды пайдалану тәртібі:
Пломбаны жұлып, мұрындықты суырып алыңыз. Қонышты жану ошағына
қарай ұстап, сөндіруді бастаңыз. Сөндіру ошақтан 1,5-2 метр жерде жүру керек.
Өрт сөндіргішті тік күйде ұстау керек. Оны жылу беру құрылғыларынан,
күн сәулесінің тік түсуінен, балалар жүретін жерден алыста ұстау керек.
Қолданылған өрт сөндіргішті арнайы ұйымға қайта толтыруға жіберу керек.
Олардың істен шыққан шықпағанын квартал сайын сырттай тексеру керек.
Әрбір өрт сөндіргіште қысым мен жұмыскерлігін көрсетіп отыратын монометр
бар. Өртсөндіргішті сыртынан қарап тексеру жүргізген кезде:
- пломбасы болу керек, егер ол болмаса, өртсөндіргіш жарамсыз деп
саналады.
-өрт сөндіргіштің корпусында нұсқаулық пен паспорты болу керек.
-өрт сөндіргіш толық қамтылған болу керек (қонышы, клапан мен
мұрындық, қысым индикаторы)
.