өсімдік майын 2 ірі кәсіпорын өндіреді, онда 914 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты күніне 1070 мың тонна. Қазіргі таңда, бұл кәсіпорындардың қуаттылығы 50 пайызға жүктелген («Шымкент май» АҚ, «Арай» ЖШС). Халықтың тұтыну нормасы бойынша 5,8 мың тонна, ал агломерация аумағындағы қажеттілік 6 мың тонна, яғни қаланың және агломерация аумағындағы тұтыну нормасын толық жабу мүмкіндігі бар.
сүт өндірісімен 1 кәсіпорын жұмыс жасайды, онда 33 адам жұмыспен қамтылған («Шымкент сүт» ЖШС). Өндірістік қуаты жылына
273 тонна сүт өнімдерін өндіреді, қазіргі таңда 858,1 мың адамға 81,5 мың тонна сүт, сүзбе, сыр, қаймақ өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені
30,2 мың тонна. Яғни, тұтыну нормасы бойынша қала халқына қажеттілік – 94,9 мың тонна, ал агломерация аумағындағы 1 400,0 мың адамға 133 мың тонна.
ұн өндіретін 5 кәсіпорын жұмыс жасайды, бұл кәсіпорындарда 600 адам жұмыспен қамтылған («Алтын дән», «Дани нан», «Миллер», «Энергетик», «Ынтымак-777» ЖШС), қазіргі таңда тұтыну нормасы бойынша 57,4 мың тонна ұн өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені 8 айға 259,5 мың тонна, ал агломерация аумағындағы қажеттілік 123 мың тонна, яғни қаланың және агломерация аумағындағы тұтыну қажеттілігін толық жабу мүмкіндігі бар.
макарон өндіру өндірісімен 1 ірі кәсіпорын, шағын және қосалқы кәсіпорындар жұмыс жасайды, онда 79 адам жұмыспен қамтылған. «Корона» макарон фабрикасы» ЖШС өндірістік қуаты жылына 6,6 мың тонна макарон өнімдерін өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 84,5 пайызға жүктелген. Қазіргі таңда тұтыну нормасы бойынша 3,8 мың тонна макарон өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені 32 мың тонна, ал агломерация аумағындағы қажеттілік 6,2 мың тонна, яғни қаланың және агломерация аумағындағы тұтыну нормасын толық жабу мүмкіндігі бар.
сыра өндірісімен («Шымкентпиво» ЖШС, «Sigma Brau» ЖШС) 2 кәсіпорын жұмыс жасайды, 1087 адам жұмыспен қамтылған.Өндірістік қуаты жылына1 978,4 мың галлон сыра өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 24,5 пайызға ғана жүктелген. 8 айға 26,7 млн литр өндірілген. Себебі ішкі нарықта бәсекенің жоғары болуына байланысты толық қуатына өткізу мүмкіндігі жоқ.
минералды сусындар өндірісімен («Визит», «Рауан», «Юникс» ЖШС) 3 кәсіпорын жұмыс жасайды, 554 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты жылына 70,1 млн. литр минералды және тазартылған су өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 75 пайызға жүктелген. Ішкі нарықта бәсекенің жоғары болуына байланысты ішкі нарықта толық қуатына өткізу мүмкіндігі жоқ.
Қала халқы дәнді, бұршақ және көкөніс, жеміс-жидек өнімдерімен негізінен облыс аудандарынан және шеттен тасымалданатын өніммен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі 337,2 га жерге енгізілген. Оның ішінде 81,3 га жылыжай шаруашылығына қолданылуда. Сыйымдылығы 27,2 мың тонна қойма жұмыс жасайды. Мал шаруашылығымен 2 өндірістік кооператив айналысады. Олардағы асыл тұқымды мал басы (шошқа) - 6 340. Жалпы қала бойынша жұртшылық шаруашылықтарды қоса алғанда ірі қара мал басы 14 401, құстар саны 20 000. Алайда, қаланың тұтыну нормасы бойынша қала халқының қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.
Қаланың ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілген. Шымкент қаласының аумағында эпизоотиялық іс-шараларды ұйымдастыруға республика және облыс бюджетінен жыл сайын қаржы бөлінуде. 2011-2014 жылдары 119,5 млн. теңге бөлініп, үй жануарларына және малдарға Сібір жарасына, аусыл ауруына, туберкуллез, құтыру ауруларына және тағы басқа ауруларға қарсы егу жұмыстары мен диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген.
4 кесте. Диагностикалық шаралар
Ауру атаулары
|
Егілген вакцина, жалпы мал басы
|
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Сібір жарасы
|
49 020
|
77 300
|
65 051
|
296 259
|
Аусыл
|
38 970
|
78 530
|
73 789
|
420 084
|
Құтыру
|
15 990
|
27 000
|
30 195
|
27 867
|
Барлығы
|
103 980
|
182 830
|
169 035
|
744 210
|
|
Диагностикалық тексеру, жалпы мал басы
|
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Сарып ауруы
|
79 968
|
68 842
|
44 036
|
194 586
|
Аусыл
|
-
|
1 882
|
746
|
4 941
|
Жұқпалы эпидимит
|
-
|
357
|
351
|
2 131
|
Лептоспироз
|
-
|
100
|
100
|
|
Жұқпалы анемия
|
-
|
10
|
|
|
Листериоз
|
-
|
100
|
100
|
3
|
Хламидиоз
|
|
|
|
2 704
|
Құс тұмауы
|
|
|
|
64
|
Барлығы
|
79 968
|
71 291
|
45 333
|
204 429
|
Сонымен қатар, тұрақты түрде қала аумағындағы 958 223 ш.м мектептер мен 356 827 ш.м бала-бақшалар аулалары және 69 657 ш.м мектептен тыс мекемелер аймағы кенеге қарсы залалсыздандырылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары қалада Конго-Қырым қанды қызбасы ауруы тіркелмеген.
Негізгі мәселелер:
қалаға қажетті әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі облыс аудандарымен қамтамасыз етіледі;
мерзімаралық уақытта көкөніс және жеміспен қамтамасыз етілмейді;
азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақты емес болғандықтан импорт көлемінің өсуіне және отандық өнімнің стандарт сапасына тура келмейді, азық түліктің импорты жоғары болғандықтан және отандық өнім сапа стандарттарына сай келмегендіктен азық түлікпен қамтамасыз ету жүйесі тұрақты емес.
ауылшаруашылығы мақсатындағы қала халқын қажетті өніммен қамтамасыз етуге жер жетіспейді;
ауылшаруашылық құрылымдарының рентабельдігі төмен болғандықтан, ауылшаруашылық саласындағы инвестиция тартымдылығы төмен;
Шымкент қаласында транспорттық-логистикалық сақтау және тасымалдау қоймасы жетіспейді.
2012 жылы 2008 жылмен салыстарғанда қой саны 1 500 басқа, құстар 28 100 азайды.
Сауда және қызмет көрсету саласы
Қалада 2303 астам сауда объектілері қызмет етеді, оның ішінде азық-түлік, өндіріс және құрылыс тауарларын сататын, қоғамдық тамақтану қызметтерін көрсетумен айналысатын 50 сауда үйі бар. 750 астам объектілер қызмет көрсету саласында жұмыс жасайды.
Облыс көлеміндегі қаланың бөлшек тауар айналымының үлесі 70% астам. Сонымен қатар Шымкент қаласының облыстың көтерме тауар айналымының барлық көлемі жатады. Қаланың облыстық сауда көлеміндегі үлесі жылдан жылға өсіп келеді.
2.2.7 сурет. Сауда айналымы, млн.теңге
Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
2014 жылы қалада бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 254 382,1 млн.теңгені құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 21,4 пайызға өсті. Көтерме сауда тауар айналымы 500 455,7 млн.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға өсті.
2012 жылы қалада «Санжар» көтерме сауда орталығы және «Фиркан СИТИ» сауда орталықтары іске қосылды. Аталған нысандарда 400 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Соңғы жылдары қаламызда ірі сауда орындарының іске қосылуымен қатар, ұсынылатын қызметтің сапасыда өсіп келеді.
2014 жылы жеке инвесторлар есебінен «Магнум» және «Шахан-2» ірі сауда орталықтары ашылып, 150 жана жұмыс орындары ашылды.
Негізгі мәселелер:
ішкі сауданың инфрақұрылымынын деңгейінің төмендігі;
инфляциялық процесстердің тұтынушылық тауарларына әсері;
қызмет көрсету мәдениетінің төмендігі;
қала базарлары құрылыс нормаларына сәйкес еместігі;
ретсіз сауда орындары.
Шағын кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік саласының дамуы - халықты жұмыспен қамту және бюджеттің кіріс көзін құрауда маңызды орын алады.
Қаладағы экономикалық белсенді халық санының 30 пайыз үлесі осы салада жұмыспен қамтылған. Бизнесті қолдауға бағытталған салықтық жүктемелер, әкімшілік тосқауылдар және рұқсат лицензияларды қысқарту жұмыстары оңды ықпалын тигізуде.
Достарыңызбен бөлісу: |