Шымкент ќаласыныѕ Јкімдігі



бет9/13
Дата17.11.2017
өлшемі2 Mb.
#1041
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Шымкент қаласы әкімдігін қарасты 8 құрылымдық бөлімдерімен 49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. 2012 жыл басынан бері жалпы алғанда 216 017 тұрғынға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде ХҚКО арқылы 41 035 құжат қабылданған.


Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін 99,0 пайызды құрады. Бұл мемлекеттік қызмет тұтынушының бағасына (жалпы қызметі тұтынушылардың есебінен кемінде 5 пайызы осы карточканы толтыру қажет) сәйкес анықталды. 2012 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің 8 құрылымдық бөлімдердің тарапынан ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына карточканы толтырған 69 630 азаматтан 69 688 азамат «жақсы» деген баға берген.

Электрондық форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар қызметтер санының 45,0 пайызды құрады.


Негізгі мәселелер:

  • қала халқының өсуіне қарамастан қалалық әкімдіктің штаттық лимитінің аздығы, облыс бойынша 1 мемлекеттік қызметкерге 732 адамнан келсе, қалада 2 217 адамнан келеді;

  • 2012 жылы мемлекеттік қызметтегі кадрлардың ағымы жалпы кадрлар санының 30,0 пайызын құраған;

  • Халық арасында электронды форматта қызметті тұтыну деңгейі төмен.

2.3. Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатына талдау жасау

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 10 мемлекеттік өңірлік (салалық) бағдарлама іске асырылуда, оның іске асырылуына талдау мынаны көрсетеді:



  • бағдарламалардың көбі төмен деңгейде іске асырылады

  • салалық бағдарламалар көбінің мақсаттары мен нәтижелері көрсеткіштер мен оларға жетуіне бағалау индикаторлары нақты қалыптастырылмаған

  • қаржылық қамтамасыз етудің нақты рәсімдері және бар қаражаттың қолданыстағы бағдарламаларды іске асыруына болжанып отырған шығындардың сәйкес келуі көрінбейді

  • қандай-болсын салалық бағдарламаның іске асырылуына жауаптылар бірнеше мемлекеттік органдары арасында.

Мемлекеттік өңірлік (салалық) бағдарламалардың нәтижелігінің, олардың нақты тиімділік тетігінің, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау арасындағы өзара байланыстың жоқтығы салдарынан бағдарламалардың іске асыру тиімділігіне сапалы бақылау жасау және бюджеттік қаражаттардың игерілу тиімділігіне бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ.

Мемлекеттік өңірлік (салалық) бағдарламаларға нақты талдау төменде көрсетілген.




Жоспарланған іс-шаралардың барлығы

Орындалған

Қалыпты іске асырылған (50% аса орындау)

Нашар іске асырылған (20-50% орындау)

Орындалмаған (20% кем орындау)

Экономика саласында:

№1 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2004-2015 жылдары



33




Қалыпты іске асырылды

-

-

Әлеуметтік салада:

№2 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының білім беру саласының даму бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2008-2010 жылдары



76

45

Қалыпты іске асырылды







№3 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының жастар саясатының даму бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2008-2010 жылдары


25

17

Қалыпты іске асырылды

-

-

Инфрақұрылымдық даму саласында:

№4 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының тұрғын-үй құрылысының даму бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2008-2010 жылдары




8

8

Қалыпты іске асырылды

-

-

№5 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының көгалдандыру бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2007-2011 жылдары

7




-

Нашар орындалды

-

№6 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының сыртқы жарықтандыру желісінің даму бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2007-2011 жылдары


5




-

-

Орындалмаған

№7 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының өзен, каналдар, тік кәріз ұңғымалар мен суландыру желілерін абаттандыру бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2007-2011 жылдары


16

4

-

Нашар орындалды

-

№8 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының қалалық аула аумақтарының даму бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2007-2011 жылдары

8




-

Нашар орындалды

-

№9 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының ғимараттар қасбеттерін реттеу бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2007-2011 жылдары











Нашар орындалды




№10 мемлекеттік салалық бағдарлама «Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы», іске асыру мерзімі: 2007-2011 жылдары







Қалыпты іске асырылды








Негізгі мәселелер:

  • түрлі деңгейдегі бюджеттерден жеткіліксіз қаржыландыру;

  • бағдарламалардың бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін жеткіліксіз пайдалану;

  • бағдарламаны басқару және тиімділігі бойынша механизмнің жетілдірілмеген.


2.4. Негізгі мәселелер, тәуекел, кедергі жасайтын факторлар, бәсеке ерекшеліктері және өңірдің жақын болашақтағы әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктеріне кешенді сипаттама

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А) артықшылығы

1. Айтарлықтай дамыған өнеркәсіп, экспортқа бағытталған өндірістердің бар болуы (тоқыма, металлургиялық, фармацевтикалық және мұнай өндеу өнеркәсіптері);

2. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамыту, құрылыс заттарын өндіру үшін жергілікті шикізаттың бар болуы;

3. Тамақ, тоқыма және құрылыс индустрия кластерлерін құру үшін қажетті жағдайлардың болуы;

4. Инженерлік-техникалық және басқарушы кадрларды даярлауды қалыптасқан жүйесі, ғылыми потенциалы;

5. Айтарлықтай дамыған шағын және орта бизнес салалары;

6. Инновациялық инфрақұрылым объектілерінің болуы;

7. Қаланың қолайлы жағрафиялық орын алуы – Еуропадан Оңтүстік -Шығыс Азияға, алыстағы және жақындағы шығыс елдеріне бағытталған көлік жолдарының қиылысы;

8. Халық санының табиғи өсімі мен ішкі көші-қон лектері нәтижесіндегі тұрақты өсуі;

9. Этникалық қазақтардың көшуі үшін қаланың тартымдылығы.

10. Қолданыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының шашыраған желісі.
B) артықшылығы

1. Қаладағы магистраль құрылыстары, сонымен бірге қалалық газ құбырларының болуы;

2. Минималды күрделі салымдарды және тұтыну шығындарын қамтамасыз ететін тұтынушылардың орталықтандырылмаған жылумен қамту желісі, жылу көздері мен сыртқы желілер болуына тәуелсіз тұрғын үй қорын қолданысқа енгізу бойынша жылу жүктемесін өтеу мүмкіндігі, жылу генератор құрылғылары орындалуының оңайлығы;

3. Шымкент қаласы аумағында орналасқан медициналық және фармацевтикалық мамандықтарды дайындау саласында қызмет ететін жоғары және арнайы –орта білім беру мекемелері


С) артықшылығы

1. Қала тұрғындарының жоғары тығыздылығы;

2. Сумен қамтамасыз ету қызметтерін тұтынушылар – абоненттерді жеке есептеу аспаптарымен 98 - 100% қамтуы;

3. Қала агломерациялық аймағының қалыптасуы;

4. Медициналық техниканы пайдалану тиімділігінің жоғары деңгейі.


А) артықшылығы

1. ШКК іскери белсенділігінің төмен деңгейі;

2. Кредит ресурстарының төмен қол жетімділігі, тұрғын-үй нарығы мен қаржылық нарықтың тұрақсыздығы;

3. Негізгі қорлардың тозуы, кәсіпорындардың оларды жаңартуы үшін өзіндік қаражатының болмауы;

4. Өндірістің жоғары энергиялық сыйымдылығы – энергия ресурстарының жетіспеушілігі;

5.  Ескірген технологиялар мен шығарылып отырған өнімнің нашар бәсекеге қабілеттілігі, оны сату қиындығы;

6. Қаланың экологиясына жоғары антропогендік ауыртпалықтар;

7. Қала тұрғындары санының өсуі экономикалық даму қарқынынан асып кетті, бұл қала тұрғындарының өмір деңгейінің Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштермен салыстырғанда төмендігі;

8. Инженерлік инфрақұрылым желілерінің тозуы;

9. Объектілердің (ластану көздері) тазалау құрылғыларымен қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі;

10. Халықтың әлеуметтік маңызы бар аурулардың жоғары деңгейі;

11. Нәрестелер мен аналар өлімінің жоғары деңгейі;

12.Жалпы тұрғын үй қорында жеке сектордың үлесі басым 88,0 пайыз (8 434 га) құрайды, шет аймақтар инженерлік жүйелермен қамтылмаған.
B) артықшылығы

1. Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық қорының төмен деңгейі;

2. Халықты әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен нашар қамтуы;

3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру тиімділігінің төмен деңгейі;

4. Үнемі қозғалыстағы магистралдардың, автомобиль көлігі үшін жасанды жол құрылымдарының жетіспеушілігі;

5. Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникасы мен медициналық бағыттағы заттармен қамтамасыз етілуінің төмен көрсеткіштері;

6. Қала тұрғындарының өсуі барысында денсаулық сақтау ұйымдарының жетіспеушілігі.
С) артықшылығы

1. Техникалық мамандық мамандарының жетіспеушілігі;

2. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің материалдық техникалық қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі;

3. Қала шекарасына енген жеке шағын аудандары мен елді мекендерінде суқұбырлары желісінің жоқтығы.




Мүмкіндіктер

Тәуекелдер

А) артықшылығы

1. Елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша басқарушылық іс-шараларды іске асыру және мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұнды арттыру;

негізгі капиталға инвестицияларды бюджеттік қолдау;

2. Қала кәсіпорындарының өніміне өңірлік және әлемдік нарықтардағы сұраныс болуы;

3. Көші-қон жоғары деңгейі есебінен 2015 жылы бір миллион адамға дейін артуы;

4. Шымкент қаласы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліз құрылысы бойынша жобалар есебінен қаланың көлік-коммуникациялық дамуы, соның ішінде «Кытай-Еуропа» трансконти-ненталды темір жолы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз, «Оңтүстік-Солтүстік» автомобиль жолы;

5. Денсаулық сақтауды қаржыландыруын арттыру жолымен халық денсаулығын жақсарту бойынша іс-шараларды арттыру мен халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру арқылы халық арасындағы аурулар деңгейінің төмендеуі.
B) артықшылығы

1. Ауыл тауар өндірушілерін қамту, өндеу қызметін жүзеге асыруда қолдау көрсету;

2. Қаланың энергетикалық тәуелділігін ЖЭО-3 қуаттарын кеңейту есебінен жою;

Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;

3. Медициналық қызмет көрсету сапасын денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық қорын жақсарту есебінен арттыру;

4. Медицина саласындағы жұмыскерлерді Шымкент қаласының жоғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің базасында дайындау.


C) артықшылығы

1. Құрылыс көлемдерін «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде көшкен адамдарға тұрғын үй салу есебінен арттыру;

2. Қаланың жоғары білікті кадрлық резервін білім беру қызметтерін, еңбек нарығында қажет кадрларды дайындау нарығын тәртіпке келтіру шатында білім берудің қолданыстағы қалалық инфрақұрылымы есебінен қалыптастыру;

3. Қаланың бос аумақтарын жоспарланып отырған қаланың маңызды кеңейтілуі есебінен (65 000 га дейін) ұтымды және тиімді игерілуі;

4. Халықты қалаға алгомерациялық үдерістер есебінен тарту.


А) артықшылығы

1. Әлемдік қаржы дағдарыстың жалғасуы;

2. Кредиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер, ипотекалық кредит беру көлемдерінің қысқартылуы;

3. Халықтың төлемге қабілеттілігінің төмендеуі;

4. Экономикалық дамудың алдын алатын қала тұрғындары өсуінің жоғары қарқынын есепке ала отыра халықтың өмір деңгейінің төмендеуі;

5. Нәресте және аналар өлімі деңгейінің артуы.

6. Экологиялық және эпидемиялық жағдайдың нашарлауын есепке алумен халықтың сырқаттану деңгейінің болашақтағы өсуі.
В) артықшылығы

1. Энергия тасымалдарын мен теміржол қызметтерінің өзара бағаларының өсуі;

2. Өткізіліп отырған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жетіспеушілігі немесе олардың төмен сапасын есепке алумен қаланың көлік және инженерлік инфрақұрылымның болашақтағы тозуы;

3. Жемқорлық тәуекелдер мен бюрократиялық іркіліс;

4.  Экономикалық дамудан бұрын келе жатқан қала халқының өсу қарқынын есепке алғанда халықтың өмір деңгейінің бұдан әрі төмендеуі.
С) артықшылығы

1. Қаланың түрлі секторлары үшін кадрларды дайындауда білім беру қызметтері нарығының тәртіпке келтірілмегені, жұмыс беруші мен кәсіби білім беру жүйесі арасында әлеуметтік серіктестігінің жоқтығы салдарынан сәйкессіздіктің нығайтылуы;

2. Қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің оларды әзірлеу және бюджетті әзірлеу үдерістері арасындағы өзара қарым-қатынастың жоқтығы салдарынан орындалмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау