Шымкент ќаласыныѕ Јкімдігі


сурет. Кәсіпкерлік саласының дамуы



жүктеу 1,71 Mb.
бет5/10
Дата30.01.2018
өлшемі1,71 Mb.
#8136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.2.8 сурет. Кәсіпкерлік саласының дамуы

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті

2013 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 24,7 пайызға өсіп, шығарылған өнім көлемі 131,0 млрд.теңгеден асты. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер тарапынан бизнесті қолдауға 23,4 млрд.теңге көлемінде несиелер бөлінді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қабылдануымен, өңірімізде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында құрылған «Максимум» АИО-ң жүйелі жұмыс жасауымен бизнестің белсенділігі артуда.





2.2.9 сурет. «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жобалар саны
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 2011 жылы құны 12,7 млрд.теңгені құрайтын 36 жоба мақұлданса, 2012 жылы құны 48,2 млрд.теңгені құрайтын 97 жоба мақұлданды, ал 2013 жылы 52,9 млрд.теңгеге 118 жоба мақұлданды. Бұл жобаларды іске асыру есебінен 2387 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

«Максимум» АИО-мен 2011 жылы пайыздық мөлшері жеңілдетілген 26 жобаға 655,7 млн.теңге несиелер бөлініп, 107 жаңа жұмыс орындары ашылса, 2012 жылы 39 жобаға 1 093,0 млн.теңге көлемінде несиелер бөлініп, 111 жаңа 2013 жылым 30 жобаға 835,2 млн.теңге несие бөлініп, нәтижесінде 106 жаңа жұмыс орындары ашылды.



Қазақстандық мазмұн үлесін жоғарлату бойынша жұмыс жалғасты. 2012 жылы қала бойынша 11,5 млрд. теңгені құрайтын тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алды, оның 96% қазақстандық мазмұн үлесін құраса, 2013 жылы жалпы 21,9 млрд.теңгенің 95,3 пайызы қазақстандық мазмұнды құрады.
Негізгі мәселелер:

  • Несие алуға мүліктік кепілдемелердің жеткіліксіздігі;

  • Ұсынылатын коммуналдық қызметтердің тарифтердің жоғарылығы мен тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесінің жоқтығы;

  • Өнім өткізу нарығының тұрақсыздығы.



2.2.2. Әлеуметтік сала

Демографиялық жағдай
Шымкент қаласының халық саны 2013 жылы 683,3 мың адамды құрады. 2000 жылдан 2013 жылға дейін қаланың тұрғындар саны 200,4 мың адамға ұлғайды. Тұрғындар санының өсуіне халықтың тұрақты табиғи өсімі мен ішкі облыстық оң көшіп-қонуы ықпал етті. 2013 жылы халықтың табиғи өсімі 14 047 адамға, көші-қон айырмасы оңды болып келушілер саны 6 188 адамға өскен.



2.2.10 сурет. Шымкент қаласының 2000-2012 жылдардағы адам саны,

мың адам

Мәлімет көзі: 2000-2012 жж. – ОҚО Статистика департаменті;


Білім беру

Қалада 10 жоғарғы оқу орындары бар. Оның ішінде: 4-уі мемлекеттік, 6 жекеменшік (барлығы 58 817 студент бар). Сонымен қатар, 37 арнайы орта білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Оның ішінде: 13 мемлекеттік, 24 жекеменшік (барлығы 37 276 студент бар).



Жалпы орта білім беру саласында 114 523 оқушысы бар 98 мектеп жұмыс жасайды (оның ішінде 84 мектеп қалалық, 7 мектеп облыстық, 7 жеке меншік). Оның 88-і типтік, 10 бейімделген ғимараттарда орналасқан.

Сонымен қатар, 205 мектепке дейінгі мекемелер бар (75 мемлекеттік, 32 шағын орталық, 98 жеке меншік). Қалада мектепке дейінгі жастағы (0-7 жас) балалар саны 125 мың баланы құрайды. Оның ішінде 1-6 жастағы бала саны 94 мың болса, 3-6 жастағы бала 59 мыңнан астам. 2012 жылмен салыстырғанда 1-6 жастағы бала саны 6 мың балаға, ал 3-6 жастағы бала саны 4 мыңғай дейін артып отыр. Бүгінгі күні 61 мыңнан астам бала кезекте тұрса, оның ішінде 19 мыңға жуық 3-6 жастағы балалар.

Мектепке дейінгі мекемелерде 35 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, ал 31,3 мың бала (3-6 жас) «Балапан» бағдарламасы аясында қамтылып отыр. Бүгінгі таңда қамту деңгейі 70,5 % құрап отыр. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 12 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 1 434 бала орналастырыды. Сонымен қатар, 2013 жылы «Асар» ш/а 280 орындық мемлекеттік балабақша ашылды.

2010 жылы жаңадан 7 мектеп (7750 орын) пайдалануға берілді, 2011 жаңа «Асар» ш.а. 1200 орындық №89 мектеп, 2012 жылы 3 мектеп (2100 орын), 2013 жылы 2 мектеп (1200 орындық) пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2013 жылы 4 мектептерге (№6,42,54,48) қосымша құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді.

Білім саласындағы мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қала мектептері интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген, 34 мектебі «е-learning» бағдарламасымен, 34 мектеп биология, 52 мектеп физика, 126 мектеп лингафон, 31 мектеп химия кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен қатар 17 мектептердің аулаларында спорт алаңшалары орнатылды.

2013 жылы білім қорына бағытталған қаржы көлемі 2012 жылдан 24 пайызға ұлғайтылып, 225,5 млн.теңгені құрады. Қаралған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен 5 275 оқушы ыстық тамақпен қамтылса, 1413 оқушы жаз айларында лагерлерде болды. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 412 үйірме жұмыс жасап, оның аясында 39,3 мың бала қамтылды.

Қазіргі таңда, балабақша кезегіне қою тәртібі «бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, кезектің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында балалардың тізімі мемлекеттік органдардың Веб-сайттарына орналастырылған.
Негізгі мәселелер:


  • Шет аймақтардағы елді мекендерде білім нысандарының тапшылығы;

  • 10 мектеп ыңғайластырылған ғимараттарда білім алуда;

  • апатты жағдайдағы 3 мектепті қайта құру қажет;

  • балабақша тапшылығы.


Денсаулық сақтау
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласында 70 медициналық мемлекеттік ұйымдар бар, оның ішінде 31 облыстық мекемелер.

70 медициналық мекемелердің ішінде 27 аурухана, 27 амбулаторлық емханалар, 5 медициналық тіректер, 1 фельдшерлік-акушерлік мекеме, 2 санаторий, 1 қан орталығы және басқа да 7 медициналық ұйымдар.





2.2.11 сурет. Шымкент қаласы халқының табиғи өсімі, адам

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


2013 жылы Шымкент қаласы бойынша халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 14 735 адам болып, 19 006 – туу, 4 271 өлім оқиғасы тіркелген.



жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау