Еңбек келісім-шарты №
____ _____________ 200__ ж.
Осы еңбек келісім-шарты бір жақты жұмыс берушімен __________________________________________________________________
жұмыс берушінің аты-жөні, мекен жайы, жеке бастың куәлігі, құжаттың
__________________________________________________________________
номері мен берілген уақыты, салық төлеушінің тіркелу номері
____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
жұмыс беруші заңды мекеменің толық атауы, оның тұрған жері , мемлекеттік тіркелудің
_____________________________________________________________________________
номері мен уақыты, салық төлеушінің тіркелу номері
және жұмыскермен бекітілді ________________________________________________
жұмыскердің аты-жөні, жеке бастың куәліг, жеке
_____________________________________________________________________________идентификациялық номері, салық төлеушінің тіркелу номері, жеке әлеуметтік коды
мына мекен жайда тұратын ____________________________________________________________________________________________________________________________________
1. Жұмыс беруші жұмыскерге жұмысты мына түрде ұсынады
____________________________________________________________________________________________________________________________________
біліктілігі немесе қызметі (еңбек қызметі), белгілі мамандығы бойынша
__________________________________________________________________
(егер мерзімі айтылмаса, онда ол белгісіз мерзім болып есептеледі)
жұмыскерге сынақ мерзімін қойғанда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 32-бабына сәйкес шарты мен уақытын көрсету .
еңбек жұмыс орнында мынадай шарттар (еңбек қорғау және еңбек шарты талаптарына сәйкес озық үлгілі бөлме ұсыну) ______________________________________
еңбек шартының сипатын көрсету, кепілдіктер мен жеңілдіктер,
_____________________________________________________________________________
қауіптілік пен зияндылықтар және оның ауыртпалықтары
Еңбек міндеттерін жүзеге асыру жұмыс берушінің акт шығаруына орай басталады (бұйрық) «___» __________ 200_ ж.
2. Жұмыс беруші мыналарға құқылы:
1) жұмысқа қабылдауда сайлау еркіне;
2) ҚР Еңбек Кодексін сақтай отырып, соның негізінде жұмыскерлермен еңбек келісім-шартын бұзуға, толықтыруға, өзгертуге;
3) жұмыс берушінің актілерін өз өкілеттігі ішінде шығару;
Еңбек шартының өзгеруіне байланысты актілерді шығару ҚР Еңбек Кодексінің 48- бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4) өзінің мүддесі мен құқын қорғау және өкілдік мақсатында біріктіруді жасау және сөйлеуге шығу;
5) жұмыскерден еңбек шартының, ұжымдық келісім-шартының, еңбек тәртібі ережесінің және басқа да жұмыс беруші актілерінің орындалуын талап ету;
6) жұмыскерлер еңбегін бағалау, мадақтау;
7) еңбек айналасындағы заңды мүдделер мен өз құқықтарын қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
8) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеу;
3. Жұмыс берушінің міндеті:
1) Қазқстан Республикасының келісім, ұжымдық келісім-шарты, еңбек шарты, солар шығарған актілері, еңбек заңдылықтары талаптарын сақтау;
2) жұмысқа қабылдауда ҚР Еңбек Кодексінің 28,32- бабтарына сәйкес жұмыскерлермен еңбек келісім-шартын бекіту. Ұжымның өмір сүру жағдайының қауіпсіздік шарттарын жасау.
3) еңбек қорғау және қауіпсіздік жөнінде ішкі бақылауды жүзеге асыру;
4) жұмыскерге алдын ала ескертілген еңбек келісім-шартымен жұмыс беру;
5) жұмыскерге еңбек ақысын толық мөлшерде өз уақытында төлеп отыру(ҚР Еңбек Кодексі 134-бап) жұмыс берушінің актісімен, нормативті құқықтық актілермен, ұжымдық келісім-шарттармен,еңбек шартымен, Үкімет Қаулысымен қарастырылған __________ мөлшердегі теңге және басқа төлемдерді төлеу.
6) жұмыскерді жұмыс берушінің актілерімен (бұйрық, нұсқаулар, ереже, еңбек тәртібі ережесі, еңбек шарты бойынша жұмыс орнын аттестациялау қорытындыларымен ) және ұжымдық келісім-шартпен таныстыру ;
7) жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындауға қажетті құрал-жабдықтармен, саймандармен, техникалық құжаттармен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің міндетті әлеуметтік сақтандыруын жүзеге асыру;
9) ұйымның демалыс кестесімен және ұжымдық келісім-шартпен қарастырылған тәртіп және шарттар заңдылықтарымен сәйкес жұмыскерге жылдық төленетін еңбек демалысына ________ күнпарақтық күн және ____________ қосымша күнпарақтық күндер беру:
10) жұмыскердің еңбек әрекетін растайтын құжаттарды және зейнеткерлік қамсыздандыруына бөлінген ақша мен оның ұсталғандығы жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік мұрағатқа тапсыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
11) ҚР Еңбек Кодексінің 127,128,129- баптарына сәйкес сабақтан тыс жұмыстарға, түнгі, демалыс және мерекелік күндеріндегі жұмыстарға еңбек ақы төлеу.
ҚР Еңбек Кодексінің 131-бабына сәйкес жұмыскер келісімімен қосымша уақытша орнында жоқ жұмыскердің міндеттерін орындау немесе қоса атқарған қызмет үшін үстеме ақы мөлшері құрылады.Төлеу уақытының тоқтап қалу жағдайы мен тәртібі жұмыскер кінәсіне қарай анықталмайды:
__________________________________________________________________
(Ұжымдық келісім-шартқа сілтеме жіберк немесе төлем мөлшерін көрсету)
12) ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақытының күн тәртібін, еңбек тәртібі ережелерін: ұзақтығы күніне үзіліспен _____ сағат, ______ сағат түскі тамаққа, күнделікті жұмыс аптасында ____ демалыспен қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес жұмыскер денсаулығы мен өміріне тигізген зияндылықтарды қайтару;
14) Педагогикалық қызметкерлердің тегін дәрігерлік тексерілуден өтуін ұйымдастыру;
15) жұмысқа қабылдауда ҚР Еңбек Кодексінің 31-бабына сәйкес еңбек келісім-шарты құжаттарын бекіту үшін қажетті құжаттарды талап ету:
- жеке бастың куәлігі немесе төлқұжат;
- азаматтығы жоқтардың куәлігі немесе тұратын түрі;
- жұмысқа кіргенде еңбек келісім-шартын бекітуде талап етілетін білік пен дағды, білім сәйкестігі, кәсіби дайындығы немесе арнайы білім түрлері, білім, біліктілік туралы құжаттарын;
- еңбек әрекетін растайтын құжат(еңбек өтілі барлар үшін);
- әскери есеп құжаты (әскери қызметке шақырылатындар мен әскери міндеттілер үшін);
- алдын ала дәрігерлік куәландырудан өткені жөнінде құжат;
- әлеуметтік жеке коды мен салық төлеушінің тіркеу номерінің берілгені жөнінде куәліктің көшірмесі.
4. Жұмыскер мынаған құқылы:
1) ҚР Еңбек Кодексі қарастырған шарттар мен тәртіпке қарай еңбек келісім-шартын бекітуге, бұзуға, толықтыруға, өзгертуге;
2) жұмыс берушіден ұжымдық келісім-шартының, еңбек шартының орындалуын талап етуге;
3) еңбек қорғау мен қауіпсіздікті;
4) еңбек шарты бойынша жұмыс орнын аттестациялау негізінде еңбек қорғау және еңбек шарты жағдайы жөнінде толық, нақты ақпараттар алуға;
5) ұжымдық келісім-шартпен, еңбек шартымен сәйкес еңбек ақы төлемін толық мөлшерде және мезгілінде төлеуін;
6) төлем ақының тоқтап қалуы жұмыскердің кінәсі бойынша болмайды;
7) демалуға, соның ішінде төленетін жылдық еңбек демалысы;
8) өзінің еңбек құқын ұсыну мен қорғау үшін кәсіби одақ немесе басқа да бірлестіктер құруға ;
9) өз біліктілігін көтеру мен қайта дайындауға, кәсіби дайындыққа ;
10) еңбек міндеттерін атқарумен байланысты денсаулыққа келтірілген зияндылықтарды қайтаруға;
11) түрлі оқиғаларға қатысты Қазақстан Республикасы заңдары қарастырған міндетті әлеуметтік сақтандыруларға;
12) кепілдіктер мен үстеме ақыларға;
13) еңбек айтысын шешуде қалауы бойынша сотқа, келісім комиссияларына шағымдануына;
14) еңбек қорғау және қауіпсіздік талаптарымен сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
15) арнайы киіммен, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуге;
16) жұмыс беруші өкілеттігі немесе тікелей бастығына ескертумен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуға.
5. Жұмыскер міндетті:
1) жұмыс берушінің актілері мен ұжымдық,еңбек келісім-шарттармен сәйкес еңбек міндеттерін орындау;
2) ұжымда салауатты моральді-психологиялық ахуалды ұстану, еңбек тәртібін сақтау;
3) бар заңдар мен басқа да құқықтық нормалармен келісе отырып, тестілеу мен аттестациялауға қатысу арқылы өз біліктілігін көтеруде жұмыс істеуі керек;
4) жұмыс орнында өндірістік тазалық пен өрт қауіпсіздігін, еңбек қорғау және қауіпсіздік жөнінде талаптарды сақтау;
5) жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкіне ұқыптылықпен қарау,
6) жұмыс берушіге адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлармен қатар тоқтап қалудың тууы жөнінде хабарлау.
Еңбек келісім-шартын бұзу, өзгерту және оның мерзімін ұзарту негіздері
1. Заңды актілер қарастырған және басқа да негіздермен мерзімі өткен келісім-шарт бір жақтың ұйғарымы мен бір жақтың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Бір жақты ұйғарым бойынша, егер сол жақ басқа жақты келісім-шарттың мерзімінің өтуіне __ күн қалғанға дейін алдын ала ескерткен жағдайда келісім-шарт бұзылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 51,54,57 – баптары негізінде келісім-шарт бұзылуы мүмкін. ҚР Еңбек Кодексінің 55-бабында жұмыс берушінің ұйғаруымен еңбек келісім-шартын бұзу мүмкіндігінің шектелетіндігі көрсетілген.
2. ҚР Еңбек Кодексінің 51,58 баптарымен келісе екі жақтың еркіне бағынбай жағдай мен мерзімнің өтуіне байланысты келісім-шарт тоқтатылуы мүмкін.
3. Бір жақтың тәртібімен келісім-шарттары өзгере алмайды.
4. Келісім ___ данадан тұрады, оның әрқайсысы бірдей заңды күшке ие.
5. Негізгі шарттары: ________________________________________________
(жұмыскердің қосымша міндеттемесін көрсету немесе сызып қою)
Осы келісім-шартқа ұсынылады ______________________________________
__________________________________________________________________
(ұйымға берілген жұмыскердің жеке құжаттарының тізімі)
6. Келісім-шартының қызмет ету мерзімінің бітуіне орай екі жақты келісім бойынша еңбеке келісім-шарты бұзылуы немесе жаңа мерзімге бекітілуі мүмкін.
7.Жұмыскерді жұмысқа қабылдау жөнінде жұмыс берушінің бұйрық шығаруы:
№ ___ ___ _______ 200_ ж. мөрдің орны
Келісім мерзімін ұзарту жөнінде № ___ ___ _______ 200_ ж. мөрдің орны
Келісімді тоқтату және бұзу жөнінде № ___ ___ _____ 200_ ж. мөрдің орны
Келісімді бұзу негізі: ҚР Еңбек Кодексі _____ бап.
8. Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен сәйкес екі жақ осы келісім-шарт қарастырған орындалған және орындалмаған тиісті емес міндеттер үшін жауапқа тартылады.
Жұмыскер ____________ Жұмыс беруші _____________
(қолы, күні) (қолы, күні)
2 данасын алдым __________________
(жұмыскердің қолы, күні
Достарыңызбен бөлісу: |