Шығармашылық жұмыстың өзектілігі


Интернеттің қандай деңгейде қолданылуының келесі мүмкіндіктерін атауға болады



жүктеу 331,5 Kb.
бет4/4
Дата19.11.2018
өлшемі331,5 Kb.
#21343
1   2   3   4

Интернеттің қандай деңгейде қолданылуының келесі мүмкіндіктерін атауға болады:

  • Оқытушы сабақ өткізер алдында тәжірибелік сабақты өткізу үшін қандайда бір аутентті материалдарды таңдай алады;

  • Дыбыстық ақпаратты жазып алуға болады (дыбыстық плата болған жағдайда);

  • Тіл тасушыларының түрлі тақырыптарға қызықты сөздерін қажетті қалыпқа дейін қысқартып алуларына болады;

  • Жөңдеп алынған түрлі мәселелерге ақпаратты ауызша талқылау, пікір талас өткізу;

  • Тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының, мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін реалиялар, идиеомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. алынатын нақты хабарламаларын, ауызша немесе жазбаша айтылымдарына лингвистикалық талдау жүргізу;

Тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық аңықтамалардан, сөздіктердін ел танымдық сипатағы аңықтамалардан алынған материалдарды пайдалану.

Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігінің әлеуетінің жоғары болуына қарамастан оқвтудың нәтижелері күткендей болмайды.Көптеген әдіскерлер компьютерлік оқытудың өзін ақтамай жататындығын, көптеген бағдарламалардың, Интернет сайттарының әдістемелік көзқарас тұрғысынан әлсіз болуымен,оқытудың міндеттеріне жауап бере алмайтындығына, ереулі шектеулері болуы мен дәстүрлі оқыту технологиясымен бәсекелесе алмайтындығымен байланыстырады.Басты мәселе жаңа құралдардың кемшіліктерінде емес, компьютер мен соған сәйкес бағдарламалық, қамтамасыз етулердің болуымен қатар оқытушының олардың пайдалану әдістемесін меңгергендігінде және осы әдістемені практикада іске асыра алуында.



Әрбір оқытушы шет тілін меңгерген кезде тәжірибеге үлкен мән береді. Оқу процесінде фразаны бір рет рет айту жеткіліксіз, оны бірнеше рет қайталау қажет, және оның мазмұнын нақтырақ анықтайтындай етіп, оның тілдік ресімдеуін өзгерткен дұрыс. Өзіне деректер базасын қамтитын бағдарламалар жекелеген құраушыларын немесе мәнмәтіндерін ғана өзгертіп, мұндай нұсқаулықтарды қайталауға мүмкіндік береді.

Бұл жерде материалды бағдарламалау жүйесіне тоқталған орынды. Оқу материалын бағдарламалаудың негізгі үш жүйесі бар: сызықтық, тармақталған және аралас (құрастырылған). Сызықтық бағдарламада материал зерттеу үшін жүйелі берілетін кішкендей үлестерге бөлінеді, Оқушы тапсырманы орындап, өзіндік бақылау мег өзін түзету үшін кілт алады және жаттығуды орындау нәтижелеріне байланыссыз материалдың келесі үлесін орындауға көшеді.

2.3 Электрондық оқулықтар

Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал. Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен, кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар, қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Электрондық оқулықтарды енгізу уақыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданалу оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік біліктілігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады, оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы «өмір бойы білім алу» ұстанымынан «білім барлығымыз үшін ғұмыр бойы үзілмейтін» ұстанымына нақты ауысады. Осы мүмкіншіліктерді іске асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту саласында да көп көңіл бөліну керек. Бұл мақсаттың жүзеге асуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудан басталады. Алған бағытты жүзеге асыруда жаңа буын оқулықтарын электронды вариантқа аудару қажеттілігі уақыт сұранысынан туып отыр. Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түлеріне мыналарды жатқызуға болады. Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа компьютерлік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Компьютерлік технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай туғызады.

Қазіргі кезеңде бұрынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысына да, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі-ақпататты, инновациялық коммуникативті оқыту технологиясы. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, екеуара қарым – қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде білім беру-оқушыны ауызша (тыңдау, түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу, жазу) тарту яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынас қалыптастыру деген сөз. Коммуникативті оқыту технлогиясы ағылшын тілін оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінің барлық мақсат міндеттерін қамтиды. Эксперимент жүргізудің мақсаты: шетел тілідерін үйретуде коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдарының тиімділігін анықтау, оларды сабақ барысында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету.

Коммуникативті оқыту технологиясы оқыту процесінде маңызды рөлге ие. Әртүрлі әдіс тәслдерді оқушыларға тың мәлімет, қызықты тапсырмалар беріп отыру мұғалімнің ұйымдастыру қабілетіне тиесілі. Қазіргі заман талабы ағылшын тілін білу болса оқушыларға қалайда жақсы меңгертем деген ұстаз оқытудың түрлі тәсілдерін қолданады. Қандайда бір әдіс болмасын, оның өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде ақпаратты инновация технологияларды қолдану барысында көптеген артықшылықтарға көз жеткіздік.
Қорытынды
«Қазақстан – 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі жоғарғы интелектуалды жастарды жан жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Елдің болашағы қазіргі жас жеткіншектердің қолында екенін сезінетін ұстаздар жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда. Осыған байланысты сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттырудың маңызы зор.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқытуды ізгелендіру қазіргі мектептердің алдында тұрған міндеттердің бірі.

Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың.Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Ұстаздардың алдына қойылған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру.Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту.Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өз ара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Ғылыми әдістеменің обьективті түрде дамуы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Бұл салада еңбектенген ғалым педагогтардың ішінде Е.И.Пассовтың шет тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін, интернет мүмкіндіктерін қолдану әдістерін жоғарыда ұсындық.

Интернет ағылшын тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік органы қалыптастырады.

Шетел тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр.

Менің ойымша, шетел тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді , компьютерді қолдану оқушылардың шетел тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырады. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан мұғалім өзінің кәсіби іс әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, шетел тілінен өткізетін сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады.

Қорыта айтқанда, қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлай қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, шетел тілі мен екінші тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.

Музыка тыңдап, ән айтқызу, музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыканың адамның сезіміне әсер етіп қандай ой туғызуына байланысты шығарма жазып келу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен әсер етеді.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарын арттыру мақсатында жүргізілген мұндай жұмыстар олардың тек қана ойлау дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, шетел тіліндегі сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді.Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде ауыз екі тілдесу іс әрекетінің белсенділігінің артуы және лексико грамматикалық материалды меңгеру нәтижелері бұған айқын дәлел болып табылады.
Міне осындай әдіс тәсілдерді шетел тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың тек қана шығармашылық қабілеттері емес, ауызекі және жазба тіліндегі білігі мен дағдылары жетіледі. Ұстаз әр оқушының қандай қабілеті бар екендігін байқап, оқушылардың мүмкіндіктерін, жас және дербес ерекшеліктерін ескеріп, қызығушылықтарын арттыра түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Азимов Э.Г., Вильшинецкая Е.Н « Материялы Интернета на уроке английского языка ». Иностранные языки в школе -2001.,№1,стр.96.

2. Алхазишвили А.А., «Основы овладения устной иностранной речью».

Аудиовизуальные материалы по иностранным языкам – важное средство интеллектуального развития учащихся. «Методика преподавания иностранных языков в вузе», 1993.

3. Әбиев Ж, Құдиярова, Бабаев Педагогика «Нұрлы әлем»

4. Бородулина М.К. «Шетел тілін үйрену» - М, «Просвещение», 1975.

5. Бегалиев Т. Педагогика – Тараз: ТарМУ, 1999

6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003

7. Зимняя И.А., « Психология обучения иностранным языкам в школе».

Қ.Р-ның білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, - Астана 2000.

8. Көшкімбетова С.А., Т.К.Кенжебаев Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары. Тараз университеті, 2004.

9. Карпова А.С «Интернет в подготовке будущих учителей иностранного языка». Иностранные языки в школе.-2002. №4, стр.73.

10. Кузьмичева Т.Н. «Технические средства в обучений английскому языку». - М. «Просвещение», 2001.

11. Пассов Е.И., «Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению»-М.:Просвещение, 1985.

12. Полат, Е.С. «Интернет на уроках иностранного языка». «Иностранные языки в школе», 2001.,№3,стр.5.

13. Howatt A.P.R. Programmed learning and the language teacher.-London, 1999.

Using the language laboratory. Ed. By John D. Turner. University of London Press, LTD, 1988.

14. Качалова К.Н., Израилевич Е.Е. « Практическая грамматика английского языка» Москва, « Лист Нью» 2003г. Стр.444, 485

15. Колыхалова, Ольга Алексеевна, Махмурян, Каринэ Степанова. Учитесь говорить по-английский, фонетический практикум.-М.: ВЛАДОС, 2004-стр. 158-175.

16. Қазақ грамматикасы, Алматы «Жазушы», 1990 ж. 681-717 беттер.

17. Movie Talk. Английский, интерактивный видеокурс: для Windows и Macintosh / Euro Talk Interacnive.-М.2004.- электрон. Диск (CD-ROM). \

Методическая разработка по английскому языку для развития навыков чтения литературы по специальности, КазНУ им.аль-Фараби; Н.Л.Ломаченко, А.Я. Толмачев, В.Х. Шуканова.-Алматы : Қазақ университеті, 2004.-стр.37.

18. Нұрланбекова Е. «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 2005ж. 17-18 беттер.



Петрова, Светлана Владимировна, Рудавин, Олег Николаевич. Английский язык , сборник тем.-2005, стр.18.




жүктеу 331,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау