Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................... 3
1. Комьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері..............................5
1.1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану ...............................5
1.2 Оқытуды компьютерлендірудің дидактикалық негіздері.........................10
1.3 Шет тілін оқытуда компьютерді пайдалану................................................13
2. Жаңа технологиялардың көмегімен диалог және монолог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру........................................................................................24
2.1 Мультимедиялық презентациялар көмегімен шет тілін тез үйрену қабілетін қалыптастыру..........................................................................................................24
2.2 Интерактивті оқыту және интернет мүмкіндіктері ағылшын тілін оқытуда..................................................................................................................29
2.3 Электрондық оқулықтар................................................................................44
Қорытынды............................................................................................................46
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................48
Кіріспе
Шығармашылық жұмыстың өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру процессі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты. Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.
Шығармашылық жұмыстың мақсаты –Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.
Аталған міндетке жету үшін келесідей тапсырмалар қойылды:
Міндеттері:
1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;
2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
3. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.
Шығармашылық жұмыстың теоретикалық маңыздылығы:
Жаңа технологиялардың көмегімен шет тілін үйретудің тиімді жүзеге асырылу мүмкіндіктерін айқындау.
Шығармашылық жұмыстың практикалық маңыздылығы:
Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялардың көмегімен шет тілін тиімді үйрену үшін жасалған әдіс, сөйлеуге үйрету процессінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді;
1.Комьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері
1.1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Адамзат қызметінің әр түрлі саласында, соның ішінде білім беруде ақпараттық технологияның аса жаңа құралдарын қолдану көбірек өзекті болып келеді. Отандық және шетелдік басылымдарда оқу процесін компьютерлендіру қандай да бір пәнді оқытуды ұйымдастырудың өзекті факторларының бірі ретінде қарастырылады.
Оқытудағы аса жаңа ақпараттық технологиялар алдыңғы қатарлы университеттер мен институттардың ғылыми және білім беру потенциалын белсендірек пайдалануға қашықтан оқыту курстарын құруға ең үздік оқытушыларды тартуға, үйренушілер аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік оқыту саласындағы жинақталған бай тәжірибеге қарамастан, көптеген шет тіл оқытушылары компьютерлік оқыту құрлдарын пайдалану мүмкіндігіне сақтықпен қарайды.
Оқытудың басқа құралдарымен салыстырғанда дидактикалық артықшылықтары болып табылады: полифункционалдылық, интерактивтілік, диалогтық өзара әрекеттестік, жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарының мүмкін режимдерінің алуандығы. Оқыту құралы ретінде компьютер барлық артықшылықтарлы іске асыруға қабілетті. Сонымен бірге оқыту процесінде компьютерді пайдалану техникалық құрылғыларға қойылатын талаптармен реттелген, және белгілі бір қағидаларға сәйкес келуге тиіс. Компьютерлік лингводидактикада пайдаланудың келесі қағидалары релевантты болып табылады:
келісімділік;
қажеттілік;
ақпараттылық;
сенімділік;
Келісімділік қағидасы:
Оқыту мазмұнына, мақсаттары мен кезеңдеріне, пайдаланушылардың жастық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қолданылатын оқыту әдістемесіне байланысты пайдалану жағдайларын нақты анықтауды ұйғарады.
Қажеттілік қағидасы:
Егер қандай да бір параметр бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруға, атап айтқанда: материалды меңгеру жылдамдығын жеделдетуге, сөйлеу қызметін белсендіруге, көбірек ұтымды тәсілмен оқу мақсатына жетуге, оқытушының немесе оқушының жұмысын жеңілдетуге, оқу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Ақпараттылық қағидасы:
ДК пайдаланушыға аса қысқа уақыт ішінде көп ақпарат алуға мүмкіндік беретіндіктен, оқу процесін анықтамалық - ақпараттық қамтамасыз ету құралы ретінде компьютердің артықшылықтарын ашады. Оның үстіне, компьютер шет тілін оқытудың ақпараттық – сөйлеу сипатына бәрінен көбірек сәйкес келеді.
Сенімділік қағидасы:
Оқыту үшін әрбір компьютерлік бағдарламасын тәжірибелік тексеруді жүргізу қажеттілігіне,сондай-ақ дидактиканы қолданумен сабаққа ұйымдастырушылық дайындық кезеңінің барын көрсетеді.
Шет тілдерін үйрету процесінде компьютер бірнеше функцияларды орындай алады.
Тілдерді үйретуде компьютердің белгіленген функцияларын екі үлкен топқа біріктіруге болады:
іске асыру кезінде оқу процесінің қатысушыларының бір рөлін орындайтын функциялар;
қызмет құралы ретінде ДК функциялары.
Оқытушы мен оқушының функциялары бір - бірін өзара толықтырады, сондықтан олардың қызметін компьютерлендіру процестері тығыз өзара байланысты, үйренуші қызметінің белгілі бір аспектісін боямалайтын компьютерлік құралдар бір уақытта үйренушінің жұмыс құралы болып табылады. Мысалы, анықтамалық - ақпараттық жүйелер, бір жағынан, оқытушының ақпараттық функциясын іске асыратын құралдар ретінде, екінші жағынан, үйренушінің қызметін ақпараттық қолдау құралы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қызмет құралы ретінде оқытушылар да, үйренушілер де оқытудың тапсырмаларын орындауды арнайы қарастырмайтын, жалпы белгіленетін басым түрде компьютерлік құралдарды қолданады. Мұндай құралдарға, ең алдымен, оқыту процесін техникалық қолдауды қамтамасыз ететін және пайдаланушыларға оқу материалын таралымдауға, тапсырмаларды ресімдеуге, жаңа мәтіндерді жасауға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әр түрлі мәтіндік түзетушілер жатады.
Оқыту процесіне ақпараттық қолдауды солардың көмегімен оқытушылар да, үйренушілер де оларды қызықтыратын барлық мәселелер бойынша өзекті және жеткілікті ақпарат ала алатын деректер базасы (ДБ) және Интернет жүйесінің ақпараттық ресурстары көрсетеді. Үйренушінің қарым - қатынас құралы ретінде компьютердің функцияларын іске асыру компьютердің негізінде ақпаратты беруге және алуға мүмкіндік беретін арнайы байланыс құрылғыларының арқасында мүмкін болды.
Қызмет құралы ретінде компьютердің көмегімен оқытушының қызметін кәсіби қолдау осы мақсаттар үшін құрылатын арнайы құралдарды қолданумен жүзеге асырылады. Мұндай құралдарға басым генеративті бағдарламалар мен сарапшылық жүйелер жатады.
Компьютер шет тілдері оқытушыларына бірнеше көмек көрсете алады.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибеге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс - әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту үйретудегі амалдардың жиынтығы - деп, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология іс әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе.Ол дара тұлғаны жетілдіруге,белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс тәсілдер.Ендеше педагогикалық технология оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігі қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.Олай болса, технология ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі.Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.(Қосымшада 1 – кестеден қараңыз)
М.Горький «Мұғалім әрбір алғаш ашатын кілт» дегендей мұғалімнің білімдарлығы, саналылығы, абыройы, беделі оқып отырған шәкіртінен көрінері сөзсіз. Біздің басты міндетіміз: Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл, білімді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.
Ұстаздардың алдына қойған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.Жаңa технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
I кезең: оқып - үйрену;
II Кезең: меңгеру;
III Кезең: өмірге ендіру:
IV Кезең: дамыту;
Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы.Оқыту мен тәрбие - егіз үрдіс.Сондықтан да мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайлрды танып білуі талап етіледі.(қосымшадағы 2 кестеге қараңыз)
Жаңа педагогикалық технология мақсаты оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Тілді үйрену процесінде компьютер бірнеше мақсат орындай алады.
Компьютердің көмегімен шешуге болатын лингводидактикалық тапсырмалардың әр түрлі түрлерін, яғни тіл аспектілерін меңгеру, сөйлеу қызметінің әр түрлі түрлерінде дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру кезінде оқытудың компьютерлік құралдарын лингводидактикалық мүмкіндіктерін қарастырайық.
ДК көмегімен фонетикаға үйрену кезінде айтуды визуалдау тәсілі жиі қолданылады. Мысалы ENGOY ENGLISH WITH PROFESSOR HIGGINS.
Грамматикаға үйрету кезінде:
оқу мен түсініп талдаудың рецептивті грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
басым түрде жазбаша сөйлеудің өнімді грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
тестілік бағдарламалардың негізінде грамматикалық дағдылардың қалыптасушылық деңгейін бақылау;
анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету.
Лексикаға үйрету кезінде:
оқу мен түсініп талдаудың рецептивті грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
басым түрде жазбаша сөйлеудің өнімді грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
визуалды көрнекілікті қолданумен тестілік бағдарламалардың және ойындық компьютерлік бағдарламалардың негізінде грамматикалық дағдылардың қалыптасушылық деңгейін бақылау;
үйренушілердің пассивті және потенциалды сөздіктерін кеңейту;
анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету (автоматты сөздіктер, синонимдер мен антонимдерді іріктеу бағдарламалары).
Оқуға үйрету кезінде:
дыбыс әріптік сәйкестіктерді анықтау дағдыларын қалыптастыру;
дауыстап оқу техникасына үйрету;
қабылдау өрісі мен талап ету қарқынын түрлендіру, мәтіннің орналасуын өзгерту секілді тәсілдерді қолдану есебінен оқу техникасы дағдыларын жетілдіру;
оқудың рецептивті лексикалық және грамматикалық дағдыларын бекіту;
мәтіннен әр түрлі мағыналық ақпаратты алу шеберліктерін меңгеру;
мәтінді талдаудың әр түрлеріне үйрену;
тілдік қиындықтарды өз бетімен жеңу дағдыларын қалыптастыру;
тілдік немесе экстралингвистикалық ақпаратты ұсыну арқылы анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету;
Оқылған мәтіннің дұрыстығы мен тереңдігін бақылау.
Талдап түсінуге үйрету кезінде:
Талдап түсінудің фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
Тыңдалған мәтінді түсіну дұрыстығын бақылау.
Айтуға үйрету кезінде:
Айтудың фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
Симулятивті- модельдеуші бағдарламалардың негізінде рөлдік ойындарды пайдаланумен жұпта немесе кішігірім топтарда қарым- қатынасты ұйымдастыру.
Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып
саналатындықтан ең негізгі мақсат естігенің түсіне білуге үйрету.
Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін біріншіден сурет арқылы,
екіншіден жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Бұл жұмыс түрлері ауызша жауапқа жатпайды.Ағылшын тілін үйрену үшін мұндай жұмыс түрлері тыңдап түсінуге қарағанда үлкен роль атқармайды.
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға (жауапты жазбаша түрде беруге болады) байланысты болады.Ағылшын тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әр түрлі бұйрықтар беріп, орындату мүмкіндігі. Оқытушы дұрыс, не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен қатар әр түрлі нұсқаулар түрінде де беруге болады. Мысалы:’’When Tom walks to the window, John will write Kale’s name on the blackboard’’. Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, ағылшын тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі. Әр түрлі бұйрықтарды орындау грамматикалық материалды түсіндірумен басталады. Мысалы шартты рай ‘If the student in front of you is a boy take his book, the student in front of you is a girl give her your book’. Үнтаспаға жазылған мұндай жаттығулар оқушылардың ағылшын сөзін түсінуіне көп асер етеді. Бұл ойын түрі сияқты оқушылардың ынтасын арттырады.
Аударуға үйрету кезінде:
аударудың лексикалық және фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
аударудың дұрыстығын тексеру;
мәтіндік түзетушілер мен машиналық аудару жүйелерін қолданумен аудару мәтіндерін түзету шеберлігін меңгеру;
анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету;
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны шет тілін үйренуте қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1. Кезең - оқып үйрету; 3 .Кезең – меңгеру;
2. Кезең - өмірге ендіру; 4. Кезең - дамы
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастығын болдырмау; ғылыми әдістемелік, оқыту әдістемелік себептеріне үнемі талдау жасау.
Компьютердің шет тілі бойынша оқу процесінде үйренушінің рөлінде болуы әр түрлі бағаланады: оларды абсолютты теріске шығарудан ЭЕМ үйренушінің барлық негізгі және көмекші функциялары берілуі мүмкіндігі туралы пікірге дейін. Компьютерлік лингводидактика бойынша көптеген мамандар компьютер үйренушінің бірқатар функцияларын орындай отырып, бірқатар себептер бойынша шет тілі мамандығын толықтай ауыстыра алмайды деген пікірді ұстанады, олардың ішінде бастылары мыналар болып табылады:
компьютерде оқытушының тәрбиелеу функцияларымен байланысты оның қызмет аспектілері толықтай көрінуі мүмкін емес, тілдерді оқытуға уақтылы коммуникативтік тәсіл кезінде оқытудың мақсаты, ең алдымен, мәдениаралық өзаратәрекеттестіктің ерекше әлеуметтік нысаны ретінде шеттілді қарым- қатынас жасу қабілеттілігін дамыту, оны адам- машиналық өзара әреукеттесу шеңберінде ұдайы өндіру бүгінгі таңда күмәнді болып көрінеді.
Қазіргі кезеңде соған сәйкес компьютерді оқытушыға қарама - қарсы қоймай,оны үйренушінің кәсіби қызметін қолдау құралы ретінде қарастырған жөн тәсіл неғұрлым конструкциялық болып табылады. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орын ол мектеп.
1.2 Оқытуды компьютерлендірудің дидактикалық негіздері
Компьютер адам қызметінің қаруы ретінде. Оқу жұмысын қарқындату мен жақсартудың маңызды құралы оқытуды компьютерлендіру болуға тиіс. Осыған байланысты дидактиканың міндеті мұндай қарқындату іс жүзінде мүмкін болатын жағдайларды анықтау мен қамтамасыз етуден тұрады.
Ең алдымен, «компьютер оқыту құралы ретінде» маңызды түсінігін анықтап алу қажет. Еңбек процесінде еңбек құралының көмегімен адам өз қызметімен еңбек пәнінің алдын ала көзделген өзгерістерін туғызады. Құралдың өзі затты немесе адамның өзі мен еңбек пәнінің арасында орналастыратын және қойылған мақсатқа сәйкес бұл затқа оның әсер етуінің көмекшісі болып қызмет ететін заттардың кешенін ұсынады. Жаңа нәрсенің, компьютер өзімен нені ұсынатындығын, сондай-ақ оқытуды компьютерлендіру әкеп соғатын өзгерістердің мәнісін бұл тұрғыдан ғана түсінуге болады.
Бірқатар психологтардың пікірінше, компьютер пайдаланғанда әрбір адамның білімін жинақтау және пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ тану мүмкіндіктерін сапалы өзгертетін және артыратын адам қызметінің құралы мен қаруы болып табылады [4,8-28]. ЭЕМ-ны адам танымының құралы ретінде қолдану ойлау, мнемониялық (гректік mnemonikon - есте сақтау өнері), шығармашылық қызметтің жаңа түрлерін анықтауды білдіреді, бұны адамның психикалық процестерінің тарихи дамуы ретінде қарастыруға болады [5,204].
Адам қызметінің құрылымына жаңа қаруды енгізумен оны қайта құру қаруын басқару процесі ғалымдарды ертеден қызықтырған. Л.С.Выготский 1930ж. өзінде қаруды адамның дүрыс- тұрыс процесіне кіргізу ақиқатқа бұл қаруды қолданумен байланысты жаңа функцияларды және оны басқаруды туғызып, қару солардың жұмысын істейтін бірқатар тұтастай табиғи процестерді қажет ететіндігі, психикалық процестердің өтуін және олардың қарқындылығын, ұзақтығын, жүйелілігін өзгертетіндігі, бір функцияларды екіншілерімен алмастыратындығы, яғни мінез- құлықтың бүкіл құрылымын қайта жасайтындығы туралы жазған.
Оқытуды компьютерлендірудің негізгі мәселелері: Компьютер жай техникалық құрылғы болып табылмайды, ол сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді болжайды. Көрсетілген тапсырманы шешу тапсырманың бір бөлігін – ЭЕМ-ны құрастыру мен өндіруді инженер, ал екіншісін – есептеу машинасының логикасы мен оқытудың жанды адамзат қызметін ашу логикасы арасындағы саналы дидактикалық негіздеуді табуға тиіс педагог орындайтындығымен шарттасқан қиындықтарды жеңумен байланысты. Бүгінгі таңда соңғысы әзірге машиналық логикалық құрбанға келеді; себебі компьютермен ойдағыдай жұмыс істеу үшін, жалпыға ортақ компьютерлендірудің жақтастары айтқандай, алгоритмдік ойлауды меңгеру қажет.
Екінші бір қиындық оқу процесінде қолданылатын кез келген құрал басқа буындарымен қатар дидактикалық жүйенің тең құқықты құраушыларының бірі ғана болып табылады: педагогтың мақсаты, мазмұны, нысаны, әдістері және оқушының қызметі. Барлық бұл буындар өзара байланысты, және олардың біріндегі өзгеріс барлық басқаларындағы өзгерістерге себепші болады. Жаңа мазмұн ретінде оны ұйымдастырудың жаңа нысандарын қажет етеді, осылайша жаңа құрал дидактикалық жүйенің барлық басқа құраушыларын қайта бағдарлауды болжайды. Сондықтан мектеп сыныбында немесе жоғары оқу орнының аудиториясында есептеу машинасын немесе дисплейді орнату компьютерлендіріп болуды емес, оның басталуын – барлық оқыту технологиясын жүйелі қайта құрудың басын білдіреді.
Оқытушы функцияларды орындау кезінде компьютер қолданылуы мүмкін үш негізгі түр бөлінеді: а) жаттықтырғыш ретінде; б) оқытушы үшін белгілі бір функцияларды орындайтын жаттықтырушы ретінде, және де машина оларды адамнан да жақсырақ орындауы мүмкін; в) белгілі бір заттың жағдайларды модельдейтін құрылғы ретінде (имитациялық модельдеу). Компьютердің мүмкіндіктері үлкен есептеулер жүргізу немесе калькулятор режимінде секілді оқытуға тән емес функцияға қатысты да кеңінен қолданылады.
Компьютерлендіру тәжірибесі жинақталған елдерде, ең алдымен дамыған елдерде, зерттеушілер жасаған қорытынды, тапсырма бұл саладағы нақты жетістіктер ЭЕМ - ны пайдалану дәстүрлі оқыту жүйесін түбегейлі жақсыға өзгертеді деп болжауға негіз бермейді. Компьютерді әдеттегі оқу процесіне жай кіргізіп, ол білім беруде революцияны жүзеге асырады деп үміттенуге болмайды. Компьютер оқытудың жаңа, қуатты құралы ретінде үйлесімді енетін оқу процесінің тұжырымдамасының өзін өзгерту қажет.
Шетел әдебиетінде компьютерді ендіру әрекеттері білім беру тұжрымдамасына сүйенетіндігі айтылады, оның негізгі мақсаты индустриалды өндіріс жағдайларында кәсіби функцияларды орындау үшін қажет білімді, шеберлік пен дағдыларды жинақтау болып табылады және білімнің ескі тұжырымдамасы оның талаптарына сәйкес келмейді.
Компьютердің көмегімен жасалатын жағдайлар үйренушінің ойлауын қалыптастыруға жағдай жасап, оны жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды іздеуге бағдарлауға тиіс. П.Нортон айтқандай, компьютер адамдардың көптен құбылыстар мен заңдылықтарды ұғынуда көмек көрсететін қуатты құралы болып табылады, алайда тек жатталған фактілер мен дағдылар жинағын ғана пайдалатын ақылдың шарасыз құлға айналатындығын есте сақтау қажет.
ЕЭМ мен оның мүмкіндіктері туралы білімді меңгеру, бағдарламалау тілін игеру, бағдарламалай білу шеберлігінің өзі компьютердің мүмкіндіктерін іске асыру жолдарындағы тек бірінші қадам болып табылады. Оқушылардың ойлауын қалыптастыру мен дамыту үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін компьютерлік оқытуды ғана шын тиімді деп санауға болады. Бұнымен қоса компьютерлік ойлаудың өзінің заңдылықтарын зерттеу қажет. Компьютер секілді құралдың көмегімен қалыптасатын және әсер ететін ойлау, мысалы, әдеттегі баспалы мәтіннің немесе техникалық құралдың көмегімен қалыптасқан ойлаудан бір нәрсемен едәуір ерекшелетіндігі айқын.
Ойлау түсінігі ғана емес, сонымен қатар басқа психикалық функциялар: қабылдау, жады, эмоциялар және т.б. туралы түсінік те қайта ұғынуға ұшырайды. Мысалы, ЭЕМ көмегімен оқытудың жаңа технологиялары «білу» етістігінің мағынасын едәуір өзгертеді деген пікір бар. «Ақпаратты жадыда жинақтау» түсінігі «ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін алу процесінде» өзгереді. Мұндай түсіндірмелермен келіспеуге болады, бірақ олар оқытудың жаңа, компьютерлік технологиясын енгізу әрекеттерімен ұшырағандығы және психологтар мен педагогтар адамның қызметінің дамуы мен психикалық функцияларының ерекшеліктерін зерттеуге тиіс екендігі күдіксіз. Бүкіл мәселені компьютердің көмегімен алгоритмдік ойлауды қалыптастыруға апаруға болмайтындығы анық.
Оқу процесін компьютерлендіру мүмкіндігінің өзі адам орындайтын функциялар техникалық құралдардың көмегімен қалыптасып, дәлме- дәл ұдайы өндірілетін кезде туындайды. Сондықтан оқу процесін жобалауға көшпес бұрын, оқытушы оның автоматтандырылған және автоматтандырылмаған бөліктерінің арасындағы арақатынасты анықтап алуға тиіс. Кейбір әдеби көздер бойынша, автоматтандырылған режим оқу материалының көлемі жағынан мазмұнның 30%- на жетуі мүмкін. Бұл деректер оқу пәндерін компьютерлендірудің реттілігін таңдай алады. Ол бірінші кезекте, мазмұны формалдауға берілетін, қатаң логико- математикалық аппаратты қолданатындарды қозғайды. Формалданбаған құраушыларды бір басқа, алгоритмдік емес түрде өрістету керек, бұл оқытушыдан, мұғалімнен тиісті педагогикалық шеберлікті қажет етеді.
Оқу қызметінің мазмұнын жобалау кезінде оған пәндік саладан білімдер, сондай-ақ пәндік қызметтің өзі туралы білімдерді қосқанда,оқу пәнінің мазмұнын меңгеру үшін қажет білімдер кіретіндігін есте сақтау қажет. Бұнымен қоса, үйретуші бағдарлама қаншалықты көбірек бөлікті қамтыса, мазмұнның бұл екінші құраушысы соншалықты көбірк мәнге ие болады. Бұл жерде математика, формалды логика элементтері, оқу тапсырмаларын шешудің эвристикалық құралдары қажет болуы мүмкін.
Оқытуды компьютерлендіру бұрыннан қалыптасқан оқу процесіне жаңа құралды жай қосуды білдірмейді. Қазіргі заманға сай психолого- педагогикалық теорияның негізінде жаңа оқу процесін жобалау қажет. Ал бұл тапсырма бұрыннан бар оқу пәндері бойынша үйретуші бағдарламаларды дайындауға қарағанда күрделірек. Ақыр соңында, компьютерлендіру тағдыры бүкіл оқу- тәрбиелеу процесін педагогикалық және психологиялық негізделген қайта құруға байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |