Жол және көлік.
2014 жылы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Алмалы елді мекенінен Қодаманов елді мекеніне дейінгі 17 шақырымына Республикалық бюджеттің есебінен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді Сонымен қатар, облыстық бюджеттің есебінен Шиелі кентіне кіре-беріс автокөлік жолы 407 млн теңгеге қайта құрылымдаудан, 5 елді мекеннің (Ақмая, Қарғалы, Жиделіарақ, Байсын, Ортақшыл) көшелері 130 млн теңгеге орташа жөндеуден өткізілді.«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Самара-Шымкент-Досбол би», «Самара-Шымкент-Еңбекші» автокөлік жолына және 7 елді мекеннің (Бидайкөл, Майлытоғай, Төңкеріс, Бестам, Жуантөбе, Жиделіарық Шиелі кенті) көшелеріне 338 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 72 млн теңгеге елді мекендердегі 10 көше жай жөнделіп (Шиелі кентінде 6 көше, Ақмая елді мекенінде 1 көше, Бестам елді мекенінде 1 көше,Жөлек елді мекенінде 1көше, Телікөл елді мекенінде 1 көше), 2 көше жарықтандырылды (№21 разъезд елді мекенінен 1 көше, Майлытоғай елді мекенінен 1 көше).
Жалпы 2014 жылы аудан көлемінде 78,3 шақырым жол орташа және
жай жөндеуден, 2,3 шақырым жол қайта құрылымдаудан өткізілді.
2015 жылы Қарғалы елді мекеніне кіре-беріс жолы 109 млн теңге, «Самара-Шымкент- Балаби» жолы 118 млн теңгеге күрделі жөндеуге, «Жансейіт-Ортақшыл» жолы 116 млн теңге, «Самара-Шымкент- Жансейіт» жолы 35 млн теңгеге орташа жөндеуге, барлығы облыстық бюджеттен 378 млн теңге бөлінді.
Тұрғын- үй коммуналды шаруашылығы
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы бюджет есебінен 73 млн теңгеге Шиелі кентінен бір пәтерлі 12 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына пайдалануға берілді.Ал, 2015 жылы Шиелі кентінен 83 млн теңгеге 12 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарлануда.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғыртудың
2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 9,4 млн. теңгеге Шиелі кентінен
2 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе,
2015 жылы кенттегі көпқабатты 10 тұрғын үй 64,4 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілетін болады.
Қазіргі таңда аудандағы электр желілері мен трансформаторлардың
65 пайызы ескірген, осы мәселені ескере отырып, 2014 жылы аудандық бюджеттен 10 елді мекенге (Шиелі кентіне 8 дана және Ақмая, Ақтоған, Бәйгакұм, Бестам, Жуантөбе, Иіркөл, Керделі, Талаптан, Төнкеріс ауылдық округтеріне әр ауылға 1 данадан) 17 дана трансформатор орнатылды.
Республикалық бюджеттен 44 млн теңге бөлініп, Шиелі кентінің
15 көшесінің желілері ауыстырылып, Қаратаев көшесі бойына жарық тарату торабы орнатылды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын жалпы құрылыс көлемін толық қамту мақсатында аудандық құрылыс, архитектура және қала құрылысы бөлімдері тарапынан іске қосылған нысандарды (дүкен, мейрамхана, кафе, көлік жуу және жөндеу орындары, түрлі офистік ғимараттар, жаздық алаңдар т.б) тиісті қабылдау актісінен өткізіп статистикалық есепке ендіру жұмыстарын қолға алуы тиіс.
Сонымен қатар негізгі капиталға тартылған қаржыны толық қамту мақсатында аудандық құрылыс бөлімі тарапынан әкімшісі облыстық басқармалар болып табылатын жобалар бойынша тиісті басқармалармен және облыстық статистика департаментімен есептесу, салыстыру, аудандық бюджеттен бөлініп мекемелер тарапынан игерілген қаржылар бойынша есебін шұғыл түрде аудандық статистика басқармасына өткізу жұмыстары жүргізілу керек.
Аудан көлеміндегі елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2014 жылы 253 млн теңге бөлініп, аудан көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды.
Шиелі кентінен Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесіне және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ел болашағы үшін қан кешіп, өз өмірлерін құрбан еткен бабаларымызды құрметтеу мақсатында облыста бірінші болып «Тағзым алаңы» салынды, оған 4047 адамның тізімі және «Чернобыль», «Семей», ядролық апаттарының және ауған, тәжік-ауған соғысының қатысушыларына да арнайы белгілер қойылды. Сондай-ақ, М.Шоқай, Ш.Бакиров көшелеріне жаяу жүргінші жолын салу, Әл-Фараби көшесіне аяқ су лотоктарын орнату, Орталық стадионның алдына И.Құтпанұлының ескерткішін орнатып айналасын абаттандыру, кент көшелеріне тал және гүл егу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Еңбекші тіректі елді мекеніне абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2014 жылы 70 млн теңге бөлініп 3 көшеге жаяу жүргінші жолы, 4 көше жарықтандырылып, елді мекенге кіре-беріске тал егу және ауыл орталығынан дамалыс орынын салу жұмыстары жүргізілді. Сұлутөбе тірек елді мекеніне 27 млн теңге бөлініп, елді мекендегі саябақ абаттандырылды.
Бағыт. Мемлекеттік қызмет көрсету
Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарда 215 штаттық бірлік, нақты 208 қызметкер жұмыс атқаруда.
2014 жылы 76 мемлекеттік қызметші біліктілігін өңірлік орталықта арттырып, 46 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурстар өткізілді. Оларға 60 үміткер қатысып, 32 үміткер бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған конкурс бойынша комиссияның шешімімен тағайындалды, 13 үміткер кадр резервіне ұсынылды.
Аудан әкімі аппаратына өткен жылы азаматтардан барлығы
386 өтініш түсті. Оның ішінде жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселесі 106, тұрғын үй бөлу жөнінде 37, ауыл шаруашылығы
107, жерді қайта рәсімдеу туралы және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша 76, білім саласы 13, көше атауы және құрметті азамат атағын беру 16, денсаулық саласы 6, ауыл әкімдеріне қызметке кандидаттар жайлы 9, басқа мәселелер бойынша 16.
Аудан әкімінің ресми сайтына 2014 жылы 45 өтініш келіп түссе, әр түрлі мәселелермен 236 жеке тұлға аудан әкімі мен аудан әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауында болды.
Аудан әкімінің қабылдауында болған тұрмысы төмен және мүгедек
86 азаматқа 2 млн 811 мың теңге ақшалай көмек берілді, 27 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа 17 азамат жолданды, жер мәселесі бойынша 64 қаулы қабылданды. 2-азаматқа өртенген үйіне көмек көрсетілсе, Ұлы Отан соғысының 2 ардагеріне тұрғын үй берілді, тұрмыс жағдайы төмен 3 азаматқа көмір берілді.
Барлық түскен жүгінулер қаралып, өтініш иелеріне заңға сәйкес жазбаша түсініктеме жауаптары берілді.
Орта мерзімдегі келешекте Шиелі ауданының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігін және бәсекелік артықшылығын тежейтін негізгі проблемалар, факторлар, қауіп-қатерлердің сипаттамасы
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының сипаттамасы, өңір дамуының күшті және әлсіз тұстарын, шектеулілігін және оның даму мүмкіндіктерін анықтайтын талдауда көрсетіледі.
Ауданның даму жағдайына талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз тұстары
|
1. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы топырақтық-климаттық жағдай;
2. Темір жол, әуе және автомобиль көлігін пайдаланатын Азия өңірі, Жақын және Орта Шығыс және Европа мемлекеттерін байланыстыратын транзиттік маршруттар үшін географиялық тиімді жағдай;
3. Өнеркәсіптің бірқатар салаларын дамыту үшін жергілікті шикізатттардың, минералды ресурстарға және пайдалы қазбаларға бай кен орындарының бар болуы;
4. Жеткілікті дамыған ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік өндірістер;
5. Экспортқа бағытталған өндірістірдің бар болуы (тау-кен, металлургия өнеркәсіптері ;
6. Еңбек ресурстарының болуы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларының инженерлік-техникалық кадрлерін дайындайтын көп салалы оқу орындарының болуы;
7. Көңіл аударарлық тарихи және мәдени орындардың болуы, өсімдік және жануарлар дүниесінің байлығы;
8. Шағын және орта бизнес секторының дамуы;
9. Ауыл шауруашылығы және өңделген өнімдерді сату үшін ішкі және сыртқы рыноктың болуы;
10. Қолайлы инвестициялық климат;
11. Электр энергиясына тұрақты сұраныстың болуы;
12. Әлеуметтік маңызы бар жобалардың облыстық, қалалық және аудандық бюджеттер деңгейінде тұрақты түрде қаржыландырылуы;
13. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастарға көмек көрсету бойынша әртүрлі қызмет орындарының қызметтерін ұйымдастырдың жолға қойылуы.
|
1. Өндіріс құрылымында айтарлықтай теңгерімсіздіктің болуы – тау кен өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібінен басым болуы – тиісінше 62,8% және 26,2%;
2. Ауданның өндіріс өнімінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесінің төмендігі;
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы инфрақұрылым деңгейінің төмендігі, машина-трактор паркінің тозуы :
4. Халықтың арасында әлеуметтік-маңызды аурулар деңгейінің жоғарылығы. Білікті медицина кадрларының және медицина құрал-жабдықтарының, әсіресе ауылдық жерлерде жетіспеушілігі;
5. Энергоресурстардың тапшылығы;
6. Пайдалану мерзімінің ұзақтығынан және өндіріске жұмсалған қаржының жеткіліксіздігі салдарынан су желілерінің, жылу желілерінің техникалық жағдайы қанағаттандырғысыздығы;
7. Әлеуметтік бағыттағы көрсеткіштердің төмендігі, яғни аудан бойынша бала бақшалардың, алдын-алу, сауықтыру мекемелерінің жетіспеушілігі;
8. Агарлық секторда майда шаруашылық өндірістерінің көп болуы;
Мал басының едәуір бөлігінің жеке қораларда болуы, бұл саланың дамуына теріс әсерін тигізуде;
9.Бизнестің инновациялық белсенділігі деңгейініңе төмендігі;
10. Шағы бизнестің белсенділігінің және оның ауданның экономика саласына және әлеуметтік салаға қосқан үлесінің жеткіліксіздігі;
11. Техникалық маман кадрлардың және ауыл шаруашылығында жұмыс істеу үшін мамандардың жетіспеушілігі;
12. Туристік инфрақұрылымының дамымауы;
13. Жергілікті маңыздағы жолдардың, елді мекендердегі көшелердің жағдайының төмендігі;
14.Жастардың кәсіби деңгейі дайындығының және біліктілігінің төмендігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
1. Жаңа энергетикалық өндірістер, энергияның балама көздерінің құрылысын салу (жел, күн) арқылы өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін алу;
2. Шағын кәсіпкерлікті және туристік қызметті дамыту үшін көліктік-логистикалық орталық құрылыстарын салу;
3. Түсті металлургия, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кластерлерін қалыптастыру және дамыту үшін жағдайдың болуы;
4. Ауданның транзиттік жоғары әлеуетін, темір жол, автомобиль көлігі жолдары арқылы халықаралық көлік коридорына кіру мүмкіндігін пайдалану;
5.««Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы базасында өңірдің экологиялық және экономикалывқ мәселелерін шешуге ықпал ететін инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту және қалыптастыру;
6. Экологиялық мәселелерді шешуде, табиғат пайдалануды басқару тәсілінде және табиғат кешеніндегі кұлдырауды болдырмау және қалпына келтіруде жаңа технологияларды пайдалану;
7. Замануи туристік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризм, мінажат ету туризмін дамыту;
8. Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру арқылы құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
9. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, көлік салаларында шағын және орта бизнесті дамыту;
10. Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу;
11. Жас азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау, отбасы институтын нығайту, олардың өмірдегі мәселелерін шешуге ықпал жасау;
12. Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.
|
1.Ауданның көрші аудандармен, облыстармен қуат көздерін және сумен қамтамасыз етудегі тәуелділігі;
2. Импорт тауарларының пайдасына, азық-түлік қауіпсіздігінің қауіп-қатері;
3. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша замануи қуаттылықтың болмауы, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің болуы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің деңгейінің төмендігіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы;
4. Қоршаған орьтаны ластатйтын заттардың көлік құралдарымен және кәсіпорындармен залалды заттардың шығарылуы салдарынан экологиялық кауіпсіздікке қауіп-қатердің төнуі;
5. Ресурстарды тиімсіз пайдаланудан ауданның минералды-шикізаттық базасының азаюы;
6. Энергия тапшылығы;
7. Кадрлардың кәсіби біліктілігінің төмендігі;
8. Жастардың енжарлығы.
|
3. Негізгі бағыттар, мақсаттар, мақсатты индикаторлар және оларға қол жеткізу
1. Бағыт: Экономика
1 мақсат: Аудан экономикасының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету
№
|
Мақсатты индикаторлар/тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
Жауапты орындаушы
|
нақты
|
бағам
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
Жергілікті бюджетке салықтық түсімдердің өсу қарқыны, %
|
98,5
|
115,0
|
104,4
|
104,0
|
104,0
|
104,0
|
104,0
|
|
Қойылған мақсаттарға жету жолдары:
Экономиканың маңызды салаларында жыл сайынғы жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макрокөрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүргізу және алға қойған индикаторларға жету мақсатында жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдау;
экономиканың нақты секторындағы өндіріс көлемінің артуы есебінен ЖӨӨ өсуін қамтамасыз ету;
металлургиялық кешенді, агроөнеркәсіп кешенін, ауыл шаруашылығы, машина жасау, құрылыс индустриясы, химия және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, әртараптандыру арқылы аймақтық экономиканы құрылымдық жаңғырту;
уран өндіру өнеркәсіп саласын дамыту;
2020 жылғы «Баласаусандық», «Құрумсақ», ірі ваннадий кен орындарын игеру жөніндегі ауқымды жобаларды жүзеге асыру;
негізгі азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін тежеу бойынша іс-шараларды жалғастыру, тиімді саясатын жүргізу, тарифпен бағының аса өсуіне жол бермеу;
барлық бағыттағы салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша камералдық бақылау, бақылау-экономикалық жұмыстар, уәкілетті мемлекеттік органдармен жұмысты белсенді жүргізу арқылы жалғастыру.
Өнеркәсіп
2 мақсат. Бәсекеге қабілетті өнім шығару және өнімділігі жоғары жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ете отырып ауданда өнеркәсәп өндірісі саласын диверсификациялау.
№
|
Мақсатты индикаторлар
|
2014ж.
|
2015ж.
|
2016ж.
|
2017ж.
|
2018ж.
|
2019ж.
|
2020ж.
|
Мөлімет көзі
|
Жауапты орындушы
|
нақты
|
бағам
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі. %
|
113,4
|
100,0
|
100,3
|
102,0
|
103,0
|
103,5
|
104,0
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
2
|
Тау-кен өнеркәсібін дамыту
|
101,5
|
101,3
|
101,2
|
102,6
|
103,2
|
104,1
|
105,5
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
3
|
Металл кендерін өндіру саласындағы нақты көлем индексі, %
|
102,9
|
101,5
|
102,2
|
103,1
|
104,0
|
104,3
|
105,7
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
4
|
Машина және құрал-жабдықтардан басқа, металл өнімдерін шығарудың нақты көлем индексі, %
|
94,1
|
95,0
|
100,0
|
100,8
|
100,9
|
101,0
|
101,5
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
5
|
Металлургиялық өндірістің нақты көлем индесі, %
|
102,9
|
101,5
|
12,2
|
103,1
|
104,0
|
104,3
|
105,7
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
6
|
Машина жасау саласының нақты көлем индексі, %
|
94,1
|
95,0
|
100,0
|
100,8
|
100,9
|
101,0
|
101,5
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
7
|
Металл емес әртүрлі минералды өнімдерді шығарудың нақты көлем индексі, %
|
161,4
|
60,0
|
100,0
|
102,0
|
104,0
|
105,0
|
106,0
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
8
|
Химия өнеркәсібінің нақты көлем индексі, %
|
139,8
|
93,0
|
100,0
|
101,0
|
102,0
|
103,0
|
104,0
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
9
|
Өткен жылмен салыстырғанда, резина және пластмассалық өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі, %
|
139,8
|
93,0
|
100,0
|
101,0
|
102,0
|
103,0
|
104,0
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
10
|
Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі, %
|
198,0
|
60,1
|
100,0
|
102,0
|
104,0
|
106,0
|
107,0
|
Статистикалық мәлімет
|
«ША КжТБ» ММ
|
Қойылған мақсаттарға жету жолдары:
Қазақстан Республикасында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында өңірлік деңгейде инвестициялық жобаларды іске асыру;
Қазақстан Республикасында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылған жобалардың қуаттылығын арттыру;
өнеркәсіп салаларын тиімді дамыту бойынша шаралар қабылдау;
өңдеу өнеркәсібінде қайта құрылған өндірісті мониторингілеу;
ықтимал инвесторды іздестіру мақсатында қаржыландыруды қажет ететін ауданның инвестициялық жобаларының тізімін нақтылау;
инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәртібі, жобалар бойынша шешім қабылдауға қажетті құжаттарды дайындау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
жаңа өндірістер құру, аудан кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру және жаңалау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |