Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру



жүктеу 1,63 Mb.
бет1/4
Дата23.11.2018
өлшемі1,63 Mb.
#24443
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

міндетін атқарушысының

2016 жылғы «24» қарашадағы № 11-1-2/555

және Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2016 жылғы «28» қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру,

сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту

қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Көші-қон туралы заң) сәйкес әзірленді, және шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрі – виза алушылар) Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін анықтайды.

2. Егер, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қарастырылғаннан өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі жоқ адам;

2) бизнес - көшіп келушілер – Көші-қон туралы заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

3) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;

4) «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) – виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуін-кетуін және болуын бақылау бойынша біріздендірілген ақпараттық жүйе;

5) вербалды нота – шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің, соның ішінде виза алушыларды шақыру және визалар беру мақсатында берген жазбаша өтініштері;

6) визалық көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКП) – көші-қон процестерімен байланысты құжаттарды ресімдеуді автоматтандыруға арналған портал (www.vmp.gov.kz);

7) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

8) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы визада белгіленген мерзімге, мақсатына және шартына сай Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық беретін белгі;

9) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің нұсқауы (бұдан әрі – ҚР СІМ нұсқауы) – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң және/немесе Үкiметінің тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және шет елдердегі мекемелерінің, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің жазбаша өтінішітерінің негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрі – ҚР СІМ) және оның шет елдердегі мекемелерінде шақыруларды қабылдау және келісу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің басшыларымен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорымен, директорының орынбасарларымен және паспорттық-визалық басқармасы басшысымен жедел шешім қабылдау үшін қабылданған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;

10) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерi (бұдан әрі – ҚР шет елдердегі мекемелері) – Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктері, сондай-ақ консулдық мекемелерi;

11) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері (бұдан әрі – ҚР ІІМ) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі департаменттерінің көші-қон полияциясы бөлімшелері;

12) ҚР ІIМ нұсқауы (бұдан әрі – ҚР ІІМ нұсқауы) – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң және/немесе Үкiметінің тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жазбаша өтінішітері негізінде шақыруларды ресімдеу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, ұзарту, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті бастығымен (бастығының орынбасарларымен) жедел шешім қабылдау үшін қабылданған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;

13) қолдаухат – шақырушы тараптың, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту туралы,сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге ниеті бар виза алушылардың жазбаша өтініштері;

14) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – климат немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде, атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

15) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

16) өз бетінше жұмысқа орналасуға арналған біліктілік туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілік сәйкестігі туралы анықтама) – Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптары мен білім деңгейіне сәйкес келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган анықтаған тәртіппен берілетін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген нысандағы құжат (экономикалық қызмет түрлеріндегі);

17) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Көші-қон туралы заңмен белгіленген талаптар сақталған кезде көшіп келушілерге ҚР ІІМ беретін және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

18) уәкілетті қызметкер – қолдаухатты келісуге және визаларға қол қоюға құқығы бар ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ қызметкерлері;

19) форс-мажорлық жағдайлар – төтенше және болмай қоймайтын жағдайлар салдарынан туындайтын еңсерілмейтін күш оқиғалары (дүлей апаттар, әскери әрекеттер және басқа да ұқсас жағдайлар);

20) халықаралық өзара түсіністік қағидаты – екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды ресімдеу кезінде тең жағдайлар ұсыну;

21) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;

22) шақырушы тарап – виза алушылардың Қазақстан Республикасына/нан келуіне/кетуіне жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, облыстық әкімдердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аппараттары, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктері, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғалар;

23) шетелден шақыру туралы құжаттар (бұдан әрі – шақыру) – Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге ҚР ІІМ берген шақыру, не болмаса виза алушыларға Қазақстан Республикасының визаларын беру туралы ҚР ІІМ-мен келісілген шақырушы тараптың қолдаухаты немесе вербалды нота;

24) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатындығы туралы дәлелі бар адам;

25) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ (олардың ұлттық тиесілігін растайтын құжаттары болған кезде) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

4. Визаның санаты, алушы, мәртелігі, қолданылу мерзімі, Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңі мен беру негіздері осы Қағидалардың 1-қосымшасына (бұдан әрі – 1-нысан) сәйкес анықталады.

5. Виза бір мәртелі және көп мәртелі болады.

Бір мәртелі визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына бір мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.

Көп мәртелі визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына көп мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.

Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында болуына және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.

6. Қазақстан Республикасының визалық жапсырмасын толтыру осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Визаларда түзетуге жол берілмейді. Түзетілген визалар жарамсыз болып саналады.

7. Визалардың орнына жүретін құжаттар мыналар:

1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің басшыларына, персонал мүшелеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген аккредиттеу куәлігі;

2) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген нысанға сәйкес шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты;

3) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген нысанға сәйкес азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

4)  «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексімен көзделген нысанға сәйкес шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы соттың қаулысы;

5) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген нысанға сәйкес босқынның жол жүру құжаты.

8. Осы Қағидаларда қарастырылғаннан басқа халықаралық өзара түсіністік қағидатын ескере отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзімі Қазақстан Республикасының азаматтарының болу мемлекетінде болу мерзімінен аспайтын ұзақ мерзімді визалар берілуі және виза ресімдеу мерзімі ұзақ уақыт болуы мүмкін.



2-тарау. Виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу тәртібі
9. Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыру болжамды келу күніне бір жылдан ерте емес және екі аптадан кешіктірілмей беріледі.

Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және екі аптадан кешіктірілмей беріледі.

Шақыруды қарастыру мерзімі, осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш білдірген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

ҚР ІІМ және ҚР СІМ нұсқауы бойынша шақыру құжаттары қысқа мерзімде қабылданады және өңделеді.

10. Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан (бұдан әрі – 2-нысан) бойынша кестені қоса отырып вербалды нотаны ҚР СІМ-ге ұсынады.

11. Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР ІІМ-ге ұсынады:

1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыру ресімдеу үшін:

жеке басты куәландыратын құжат;

өтініш-сауалнама;

мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.

2) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатын келісу үшін:

2-нысанға сәйкес екі данада толтырылған кесте;

мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.

3) шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер келесі құжаттарды ұсынады:

заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

заңды тұлға жарғысының немесе патенттің көшірмесі;

заңды тұлғаның өз өкілін құжаттарды тапсыру үшін тағайындау туралы бұйрығы немесе сенімхаты;

директорлар кеңесінің мүшесін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлану туралы жалпы акционерлер жиналысы хаттамасының көшірмесі;

шетелдік туристерді шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген туроператорлық қызмет лицензиясы немесе туристік агенттердің Мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесі;

виза алушыны білім алу мақсатында шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген білім саласындағы қызметі туралы лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы;

виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар үшін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының медициналық қызметке берген лицензиясы;

12. Сұратылған визаның санатына қарай қосымша ұсынылады:

1) инвесторлар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты;

2) іскерлік сапарға арналған көп мәртелі визаны ресімдеу үшін – шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі (этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес, визаларды ресімдеу кезінде шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің (бұдан әрі – мемлекеттер тізімі) азаматтарынан басқа);

3) діни іс-шараларға қатысу немесе миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін – діни қызмет саласын жүзеге асыратын уәкілетті органдағы мекеменің жазбаша келісімі;

4) Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару үшін – ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің жазбаша келісімі;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі;

6) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, соның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – шақырушы тарапқа шетелдік жұмыс күшін тартуға берген анықтамасы, не шетелдікке берген жұмыс күшін тарту анықтамасы, не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы құжаттар;

7) бизнес-көшіп келушілерге – Қазақстан Республикасының облысының, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты;

8) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қолдаухаты немесе Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген компаниялар мен мекемелердің ҚР СІМ-мен келісілген қолдаухаты;

9) гуманитарлық уәждер бойынша – Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткенін растайтын халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің құжаты, немесе гуманитарлық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарты бар болғанда, болу елінің заңнамасына сәйкес ресми түрде тіркелген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымның (қор) құжаттары;

10) білім алу үшін – Қазақстан Республикасының оқу мекемесінің немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты;

11) жақын туыстарын күтіп-бағу үшін – медициналық мекемелерде емделіп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын виза алушылар үшін – Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық мекеме берген тұрақты күтіп-бағу қажеттілігі туралы құжаттары, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар.

13. Қолдаухатты қарастыру кезінде ҚР ІІМ-мен тексеріледі:

1) ұсынылған құжаттарға сәйкес сұратылған сапардың мақсатының, визаның мәртелігінің, қолданылу мерзімінің және оны беру орнының сәйкестігі. Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады. ҚР СІМ қызмет көрсететін консулдық округтерін көрсете отырып ҚР шет елдердегі мекемелерінің тізімін ҚР ІІМ-ге береді;

2) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 7) және 10)-тармақшаларына сәйкес шетелдікке Қазақстан Республикасына кіруіне бас тарту негіздерінің болуы;

3) шақырушы тарапқа осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген шақыруды ресімдеуден бас тарту негіздерінің болуы.

Егер сұратылған сапар мақсаты, визаның мәртелігі, қолданылу мерзімі немесе визаны беру орны қоса берілген құжаттармен расталмаса, немесе бас тартуға негіздер болса, шақырушы тарапқа қолдаухат бас тарту себептері жазбаша көрсетіліп қайтарылады.

14. Шақыру туралы құжаттар ресімделеді:

1) ҚР ІІМ уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және мөрмен бекітілген Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыруды беру жолымен;

2) заңды тұлғаның қолдаухатының бірінші данасына ҚР ІІМ уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және мөрмен бекітілген келісу нөмерін қою жолымен. Қолдаухаттың екінші данасы мен қоса берілген құжаттар ҚР ІІМ іс номенклатурасына тігіледі.

Номері мен келісу күні туралы ақпарат «Бүркіт» БАЖ-ға енгізіледі.

15. Бұрын Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдарын және көші-қон заңнамаларын шақырылған шетелдіктермен сақталуын қамтамасыз етпеген шақырушы тараптың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру жөніндегі қолдаухаттары қаралмайды.

16. Шақыру құжаттарын ресімдеуді немесе оларды ресімдеуден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) келіскеннен кейін, ҚР ІІМ немесе ҚР СІМ уәкілетті қызметкері қабылдайды.

ҚР ҰҚК-мен келісу «Бүркіт» БАЖ-ды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

ҚР ҰҚК қолдаухатты келісуді 3 жұмыс күнге дейінгі мерзімде қамтамасыз етеді. Шақыруларды ресімдеудің негіздерін неғұрлым мұқият зерделеу қажет болған жағдайда, ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрауы бойынша көрсетілген мерзім 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.



3-тарау. Қазақстан Республикасының визаларын беру
§ Параграф 1. Виза алушылардың виза алу үшін ұсынатын құжаттары
17. ҚР шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де немесе ҚР ІІМ-де виза алушының немесе шақырушы тараптың тіркелген орны бойынша визаларды беру үшін келесі құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:

1) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға нөмірді және шақыруды беру күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаттары;

3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);

4) консулдық алым немесе мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;

5) 1-нысанға сәйкес, виза алуға қажетті қосымша құжаттар.

18. Визалық сауалнама қолмен анық немесе ВКП-ны пайдалану арқылы мемлекеттік, орыс, ағылшын тілінде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады.

Визалық сауалнаманың сұрақтарына жауаптар толық болуы тиіс.

Визалық сауалнамаға виза алушының өзі қол қояды.

Кәмелетке толмаған балалардың атынан виза алу үшін визалық құжаттарға олардың заңды өкілдері қол қояды.

Құжаттарды ресімдеу кезінде, Визалық сауалнамаға желімделген фотосурет, бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болып табылатын шетелдіктерден басқа, шетелдік мұндай бас киіммен паспорттағы фотосуретте бейнеленген жағдайда, азаматтың фотосуреті жасына сай келуі және қара түсті көзілдіріксіз, бас киімсіз беті алдынан қарағанда адам анық бейнеленген болуы тиіс.

19. Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:

1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған виза алушыларды қоспағанда, визаларға арналған кемінде 2 таза бет болуы тиіс;

3) Қазақстан Республикасының аумағынан кету арналған виза алушыларды қоспағанда, қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс.

20. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес шақыруға құжаттарды ресімдеу және визаны беру үшін, соның ішінде оның қолдану мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге консулдық алым немесе мемелекеттік баж алынады.

Салық кодексінде көзделген жағдайларда шақыру құжаттарын және виза ресімдеу үшін консулдық алым және мемлекеттік баж алынбайды.

Визаларды беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым немесе мемлекеттік баж төленгеннен кейін жүргізіледі.

Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

21. Визада ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ немесе ҚР ІІМ қызметкерлері жіберген қате табылған кезде, виза консулдық алымсыз немесе мемлекеттік бажсыз қайта беріледі.




§ Параграф 3. Визаларды беру тәртібі
22. Визалардың берілуі:

1) шет елдерде:

ҚР шет елдердегі мекемелері келесі санаттардағы визаларды береді А1», «А2», «А3», «А4», «А5», «В1», «В2», «В3», «В4», «В5», «В6», «В7», «В8», «В9», «В10», «В11», «В12», «В13», «С1», «С2», «С3», «С4», «С5», «С6», «С7», «С8», «С9», «С10» және «С12»;

2) Қазақстан Республикасының аумағында:

ҚР СІМ келесі санаттардағы визаларды береді «А1», «А2», «А3», «А4», «А5», «В1», «В2», «В3», «В5», «В7», «В8», «В10», «В11», «В12», «В13», «С3», «С8», «С9» және «С12»;

ҚР ІІМ келесі санаттардағы визаларды береді «А5», «В3», «В7», «В14», «В15», «В16», «В17», «В18», «В19», «В20», «В21», «В22», «С1», «С3», «С4», «С9» (этникалық қазақтарға), «С11» және «С12».

23. ҚР ІІМ визаларды беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды шетелдіктің уақытша тіркеу орны немесе шақырушы тараптың тіркеу орны бойынша («А5» санатындағы виза, виза алушының нақты болу орны бойынша), не болмаса ҚР ІІМ нұсқауы бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған виза, «В14» санатындағы визаны қоспағанда, виза алушының нақты болу орны бойынша беріледі.

Оқуға арналған визалар виза алушыны қабылдаған оқу мекемесінің орналасқан орны бойынша беріледі.

24. Жұмыс уақытынан тыс кезде қабылданған ҚР СІМ және ҚР ІІМ нұсқаулары ҚР СІМ және ҚР ІІМ келесі жұмыс күні ресімделеді.

25. ҚР шет елдердегі мекемелері шақырусыз мына санаттағы визаларды келесі негізде береді:

1) ҚР СІМ нұсқауы – «А1», «А3», «В1» және «В3» (ҚР шет елдердегі мекемелеріндегі басшыларының жазбаша нұсқауы бойынша «В3» санатындағы бір мәртелі виза беріледі және виза алушыларға (мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарын қоспағанда) уақытша келу орны бойынша ҚР ІІМ-де уақытша тіркеуді ресімдеуге негіз болатын ҚР шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы аумағында тіркеу туралы өтінішті қоса береді);

2) вербалды нота – «А1», «А2», «А3», «А4», «В1», «В3» және «В10»;

3) қолдаухат (визаның санатына қарай 1-нысанда қарастырылған құжаттар бар болғанда):

мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарына (30 тәулікке дейін бір мәртелі виза) – «А3», «В1», «В3», «В10» және «В12»;

бұрынғы отандастар (Қазақстан Республикасымен байланысын куәландыратын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасынның ұлттық паспортында, туу туралы куәлігінде туған жері туралы бағанада тиісті белгінің болуы немесе некеге тұру туралы куәлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы анықтамасы болса) – «В10» (бір мәртелі виза);

шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға – «В4», «В5», «В8», «В9», «В10» (жерлеуге немесе туысқанының/жақындарының ауруына байланысты – бір мәртелі виза, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе әке-шешелеріне, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне – бір мәртелі виза 30 тәулікке дейін, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне – бір мәртелі виза 30 тәулікке дейін), «В13», «С1», «С2», «С4» (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін) және «С10».

26. Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабымен белгіленген жағдайларда виза алушыға Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған виза беруден бас тартылады

27. Қазақстан Республикасының аумағына келуге немесе Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге кедергі жасайтын негіздер, соның ішінде шақыру болған жағдайда да, визалар берілмейді, ал ресімделген виза Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге негіз болып табылмайды.

28. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында ресми делегация мүшелеріне, Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарына, сонымен қатар виза алушыларға шақыру немесе ҚР СІМ нұсқауы бойынша ҚР СІМ береді.

29. «В9» санатындағы визалар үшін құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ ҚР шетелдегі мекемесінің қорытындысын құжаттарды қабылдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ҚР шет елдердегі мекемелері ҚР СІМ арқылы тексеру және рұқсат беру үшін ҚР ІІМ-ге жіберіледі. ҚР ІІМ рұқсаты ҚР СІМ-нен материалдар келіп түскен күннен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде беріледі.

30. Топталған виза алушыларға ұйымдастырылған түрде Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге немесе Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өтуге топтық визалар ресімделеді.

Топтың барлық мүшелері Қазақстан Республикасына кіруде, Қазақстан Республикасынан шығуда, қандайда бір пункте болуда және Қазақстан Республикасы аумағында жүруде, Мемлекеттік шекарадағы бақылау-өткізу пункті арқылы (бұдан әрі – өткізу пункті) топ құрамында біруақытта кіруі және шығуы топтық визаларды беру шарты болып табылады.

Топтық визалар осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аты-жөні тізімдері әліпбилік тәртіпте атаулы тізім ретінде ресімделеді.

Сонымен бірге, виза парақтың артқы жағына немесе жеке бір параққа жапсырылады және бұл парақ тізіммен бірге үстіңгі сол жақ бұрышы бүгіліп тігіледі, виза беруші ҚР шетелдегі мекемесінің, ҚР СІМ-нің немесе ҚР ІІМ-нің мөрімен бекітеді.

Уәкілетті қызметкер тізімнің төменгі жағына (лауазымы мен тегін көрсетіп) қол қояды, қойылған қол ҚР-дың шетелдегі мекемесінің, ҚР СІМ-нің немесе ҚР ІІМ-нің мөрімен куәландырылады.

Визасы бар тізім бір данада жасалады, түпнұсқасы топ жетекшісіне беріледі. Бір көшірмесі Қазақстан Республикасына келу (кету) кезінде өткізу пунктіне тапсырылады, екіншісі - визаны берген ҚР СІМ-де, ҚР-дың шет елдердегі мекемесінде немесе ҚР ІІМ-де қалады. Тізімге түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

31. Қазақстан Республикасы танымайтын мемлекеттің паспортын ұсынған адамға шақыру негізінде бір мәртелік виза беріледі және ол жеке параққа жапсырылады. Қазақстан Республикасынан шығу кезінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері немесе визаның мерзімі біткеннен кейін ҚР ІІМ өкілдері виза берген органға жіберу үшін парақ алынады.

32. «А1», «А2», «А3», «А4», «А5», «В7», «В10», «С3», «С7» және «С9» санаттарындағы негізгі виза алушының отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарға (растайтын құжаттар болған кезде) виза осы Қағидаларға сәйкес негізгі виза алушының визасының мерзіміне беріледі немесе ұзартылады. Бұл ретте, егер Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес басқа қарастырылмаса, отбасы мүшелері мен асырауындағы адамдар еңбек, діни, миссионерлік қызметті жүзеге асыруға және/немесе діни бірлестік қызметіне қатысуға құқылы емес.

33. Виза алушының паспортында пайдаланылмаған немесе қолданылу мерзімі аяқталмаған виза болған жағдайда, жаңа виза ол жойылғанда ғана беріледі.

34. Қазақстан Республикасы аумағында визаларды бір санаттан екінші санатқа өзгертуге рұқсат беріледі:

1) ҚР СІМ:

«А1» және «А3» санаттарына – вербалды нота немесе ҚР СІМ нұсқауы негізінде;

«А2» және «А4» – вербалды нота негізінде;

2) ҚР ІІМ:

«А5» санатына – «В3», «В10», «С3», «С4», «С5» және «С10» санаттарынан;

«В7» санатына – «С9» санатынан;

«С1» санатына – тек этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан;

«С3» санатына – «В2», «В3», «С2», «С9» және «С10» санаттарынан;

«С4» санатына – «В10», «С2», «С9» және «С10» санаттарынан;

«С9» санатына – тек этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан, сондай-ақ визасыз режиммен келгендерге;

«С12» санатына – визаның барлық санаттарынан.

35. Виза алушының жазбаша өтініші бойынша және толтырылған визалық сауалнаманың (бір мәртелі виза көрсетілген) және консулдық алымды төлеу (бір мәртелі визаға төленген) төлегенін растайтын төлем құжаты негізінде көп мәртелі виза бір мәртелі визаға өзгертіледі. Сонымен бірге, 1-нысанда белгіленген визаның мерзіміне ауыстырылады.

Визаның қолданылу мерзімі шақыру құжаттарында көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс.

ҚР шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де және ҚР ІІМ-де берілетін визаның мәртелігін бір мәртеліден (шақыру құжаттарында көрсетілген) көп мәртеліге («А1», «А3», «А5», «В7», «С2», «С3», «С4», «С5», «С7», «С9» және «С12» санаттарындағы визалардың мерзімдерін ұзартудан басқа) өзгертуге жол берілмейді.

36. ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ қызметкері визаны ресімдеуге ұсынылған материалдарды зерделеу кезінде:

1) виза алушының Қазақстан Республикасына келу мақсатына байланысты визалық сауалнамадағы ақпарат мазмұнын шақырудағы, паспорттағы және виза алу үшін ұсынылған қосымша құжаттардағы көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексереді;

2) виза алушының паспорты тұрақты тұратын еліне қайтуына немесе Қазақстан Республикасына барғаннан кейін басқа елге кетуіне құқық беретінін тексереді;

3) көші-қон қаупі бар елдерде уәкілетті қызметкер келесі әрекеттерді қабылдауға мүмкін болады: шақырушы тараппен, жұмыс орнымен немесе оқу орнымен телефон арқылы әңгімелесу;

4) егер ұсынылған құжаттар күмән тудыратын болса, виза алушыны әңгімелесуге шақырады. Әңгімелесу барысында виза алушының виза алу үшін ұсынған құжаттарында көрсетілген ақпаратпен, сондай-ақ басқа дереккөзден алынған мәліметтермен және сұрақтарға берген жауаптардың мазмұнымен салыстырып тексереді;

5) көшіп келушінің виза санатының, мәртелігінің, қолданылу мерзімінің және келу мерзімінің виза алушының Қазақстан Республикасына жоспарланған келу мақсатына сәйкестігін тексереді.

37. Визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде виза алушының еліндегі немесе тұрғылықты тұру жеріндегі саяси және көші-қон жағдайы ескеріледі.

ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ қызметкері визалық құжаттарды қарастыру барысында елінде немесе тұрғылықты тұру жерінде саяси және көші-қон жағдайларында тұрақсыздық байқалған виза алушымен әңгімелесу жүргізеді.

Келесі санаттағы визаларды алу мақсатында құжаттарды тапсырған виза алушылармен әңгімелесу жүргізілмейді: «А1», «А2», «А3», «А4», «А5», «В10» (вербалды нотамен), «В12» (топтық визамен), «С3», «С10» (этникалық қазақтарға, бастапқы визаны ресімдеуде әңгіме жүргізіледі және алғашқы виза 1 жылға дейін, ал қайта өтініш жасағанда әңгімелесусіз виза 3 жылға дейін беріледі), «С11», «С12» және Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған визалар («В14» – «В22»).

38. Уәкілетті қызметкер виза ресімдеуге ұсынылған мәліметтерді зерделеу нәтижесінде визаларды беру немесе виза беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

39. «В9» және «С1» санаттарындағы визалардан басқа визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.

ҚР шет елдердегі мекемелерінде «В9» және «С1» санаттарындағы визаларды ресімдеу мерзімдері 5 айды құрайды және ұсынылған визалық құжаттарды мұқият зерделеу қажет болған жағдайда аталған мерзім 7 айға дейін ұзартылады.

40. Визалық құжаттар, соның ішінде вербалды ноталар және қолдаухаттар «Бүркіт» БАЖ арқылы келісіледі және визалар беріледі. Визалар ҚР ҰҚК келісуінсіз берілмейді.

ҚР ҰҚК визаларды ресімдеуді келісуді 3 жұмыс күн ішінде қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда көрсетілген мерзім 7 жұмыс күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

41. «Бүркіт» БАЖ-да мәліметтері жоқ виза жарамсыз болып саналады. «Бүркіт» БАЖ істен шыққан жағдайда визалық жапсырма қолмен толтырылады және «Бүркіт» БАЖ жұмысы қалпына келгенде берілген визаның мәліметтері оған енгізіледі. Сонымен қатар, уәкілетті қызметкер фирмалық бланкте және мөрмен бекітілген жоғарғы визаның берілгені туралы жазбаша растау хатын өтінішкерге қоса береді.

42. Берілген визаларды есепке алу «Бүркіт» БАЖ-да тұрақты жүргізіледі.

ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК «Бүркіт» БАЖ-да ресімделген, берілген және келісілген визалар бойынша бірыңғай статистикалық деректер қалыптастырады.

43. Визаларға қол қою құқығы бар уәкілетті қызметкерлердің қол қою үлгілері ҚР СІМ-ге, ҚР ІІМ-ге, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне үш данада жіберіледі.


жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау