Оқушылардың дәстүрлі сабақ негізінде алған білімдерінің көрсеткіші.
Жоғарыда дәстүрлі сабақ негізінде оқушылардың алған білім деңгейі көрсетілген. Ендігі кезекте коммуникативті оқыту технологиясы негізінде әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өткізген сабақтың нәтижесін төмендегідей кестеден көруімізге болады.
2-кестеде 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап 2012 жылдың сәуір айы аралығында өткізілген эксперимент нәтижелерінің қорытындысы.
2-кесте Эксперимент нәтижелерінің көрсеткіші.
Жоғарыда көрсетілген сызбалардан көріп отырғанымыздай коммуникативті оқыту технологиясы негізінде әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтар нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білу қабілеті, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама көрсеткіштерге жоғарылады. Осылайша біз оқушылардың грамматикалық, лексикалық, фонетикалық білім деңгейлерінің өзгергендігіне көз жеткіздік.
Эксперимент жүргізгендегі байқағанымыз, бақыланып отырған сыныптағы оқушылардан гөрі эксперимент жүргізілген сыныптағы оқушылардың оқу үлгерімдері біршама жоғарылады, атап айтсақ олардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық деңгейлері, сөйлеу, ойлау, тыңдау қабілеттері дамыды.
Осы жасалған эксперимент барысында байқағанымыз, оқушылардың басым бөлігі әрбір сабақта қолданылып отыратын әдіс –тәсілдердін әрдайым жаңарып отырғаны және олардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік беретін әдістердің қолданылғанын қалайтынын білдік.
Коммуникативті оқыту технологиясы оқыту процесінде маңызды рөлге ие. Әртүрлі әдіс тәслдерді оқушыларға тың мәлімет, қызықты тапсырмалар беріп отыру мұғалімнің ұйымдастыру қабілетіне тиесілі. Қазіргі заман талабы ағылшын тілін білу болса оқушыларға қалайда жақсы меңгертем деген ұстаз оқытудың түрлі тәсілдерін қолданады. Қандайда бір әдіс болмасын, оның өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде ақпаратты инновация технологияларды қолдану барысында көптеген артықшылықтарға көз жеткіздік.
Қорытынды
«Қазақстан – 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі жоғарғы интелектуалды жастарды жан жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Елдің болашағы қазіргі жас жеткіншектердің қолында екенін сезінетін ұстаздар жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда. Осыған байланысты сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттырудың маңызы зор.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқытуды ізгелендіру қазіргі мектептердің алдында тұрған міндеттердің бірі.
Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың.Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.
Ұстаздардың алдына қойылған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру.Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту.Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өз ара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Ғылыми әдістеменің обьективті түрде дамуы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Бұл салада еңбектенген ғалым педагогтардың ішінде Е.И.Пассовтың шет тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін, интернет мүмкіндіктерін қолдану әдістерін жоғарыда ұсындық.
Интернет ағылшын тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік органы қалыптастырады.
Шетел тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр.
Менің ойымша, шетел тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді , компьютерді қолдану оқушылардың шетел тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырады. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан мұғалім өзінің кәсіби іс әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, шетел тілінен өткізетін сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады.
Мен өзімнің жұмысымда барлық қойылған міндеттер мен мақсатқа жеттім деп ойлаймын.Себебі бұл тақырып кең таралып, жатқандықтан алға қойған талаптар орындалды.
Қорыта айтқанда, қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлай қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, шетел тілі мен екінші тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.
Музыка тыңдап, ән айтқызу, музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыканың адамның сезіміне әсер етіп қандай ой туғызуына байланысты шығарма жазып келу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен әсер етеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарын арттыру мақсатында жүргізілген мұндай жұмыстар олардың тек қана ойлау дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, шетел тіліндегі сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді.Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде ауыз екі тілдесу іс әрекетінің белсенділігінің артуы және лексико грамматикалық материалды меңгеру нәтижелері бұған айқын дәлел болып табылады.
Ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісі мен құрылымын қалыптастыру оқушылардың білім сапасын жақсартатыны нақтыланып көрсетілді. Жалпы білім беретін мектептерде жаңа ақпараттық инновациялық коммуникативтік технологиялар арқылы оқытудың мазмұнын айқындауға ұсынылатын негізгі дидактикалық қағидалардың жүйеленуі, тілдік білім беруде жаңа технологияларды қолданудың мәнін ашып көрсетеді және оқу материалдарын, оқыту түрлерін дұрыс таңдауға жол ашады. Жұмыстың мақсаты-жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәнін оқыту барысында ақпараттық иновациялық, коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, ағылшын тілінде сөйлей алатын, тыңдап түсінетін, жазатын тұлғаны қалыптастыруға қажетті дағды мен білікті оқушының бойына сіңіру, соған тәрбиелеу. Ол үшін ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақ жүйесін әзірлеу мен қолданудың технологиялық болмысын жүйелеу. Оқушылардың бойында ағылшын тілінде қарым-қатынас барысында тілді пайдалана алуы мен ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологияларын меңгерту үлкен істің бастамасы. Жұмыстың нақты міндеттерінің қатарындағы әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуді қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізілді. Оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын жаңа технологиялар негізінде меңгерту барысында қалыптастырудың технологиялық ерекшеліктері анықталды. Оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығы эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелденді.
Эксперименттің нәтижесіне сүйенсек түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып
оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білім деңгейлерін көтеру. Экперимент барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды:сын тұрғысынан ойлау, ойын түрлері, жоба әдісі, компьютер, интернет, диалог, интерактивті тақта қолданылды. Аталған технологиялар арқылы өтетін оқу үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, қалыптасуларына жол ашады. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Бұл дегеніміз - бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту біздің алдымыздағы басты міндетіміз. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы. Жасалып отырған зерттеудің практикалық құндылығы туралы айтар болсақ, жұмыста алынған нәтижелерді жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі сабағында, факультатив сабақтарда қолдана алады.
Міне осындай әдіс тәсілдерді шетел тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың тек қана шығармашылық қабілеттері емес, ауызекі және жазба тіліндегі білігі мен дағдылары жетіледі. Ұстаз әр оқушының қандай қабілеті бар екендігін байқап, оқушылардың мүмкіндіктерін, жас және дербес ерекшеліктерін ескеріп, қызығушылықтарын арттыра түседі.
Қосымша:
Кесте – 1
Нағыз педагог – профессонал кең білімді, мәдениетті, ізгілікті және
зиялы адал, жас ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық бағытта жұмыс жасайтын, өзіндік мәні қалыптасқан обьективті қабылдау мүмкіндігі бар тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |