Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы



жүктеу 1,46 Mb.
бет5/21
Дата19.11.2018
өлшемі1,46 Mb.
#20783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

2-сұрақ:

«Гректер», «Греция» атаулары Ежелгі Грецияда емес, кейінірек ежелгі Римде пайда болды. Гректер өздерін-өзі ірі тайпаларының бірінің атауымен эллиндіктер деп атады. Ежелгі Грециядағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.э.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында Балқан түбегінің оңтүстігінде және Эгей теңізінің аралдарында пайда болды. Алғашқы мемлекеттер алғашқы рулық қауымның ыдырауы мен ертетаптық қоғамның пайда болуы нәтижесінде кішігірім патшалықтар нысанында құрылды. Ежелгі Грция мемлекеті мен құқығының тарихын ертетаптық қоғамдардың түрлі саяси және құқықтық даму белгілерімен ерекшеленетін бес кезеңге бөліп қарастыруға болады:



  1. Крит-микен кезеңі (б.э.д. III-II мыңжылдықтар). Аталмыш кезеңде Крит аралын мекендеген миной тайпасында аумағының теңізбен қорғалғандығына, теңіз жолдарының жақын болуы және өңдеуге жарамды шұрайлы жерлердің көп болуына байланысты рулық құрылыстан таптыққа өту басталды. Тайпа көсемдері патшаларға айналды. Оларды басилевстер деп атады. Криттің қала-мемлекеттерінің ішінде Кносс қаласы күшейіп басқаларын өзіне бағындырып кносс мемлекетін құрды. Алайда Миной өркениеті мықты орталықтанған мемлекет құра алмады, оның ішінде құрамына кіретін мемлекеттер арасында билікке тартыс толассыз жүрді. Нәтижесінде б.э.д. 1700 жылы болған жер сілкінісі және Балқан жақтан келген грек-ахей тайпаларының басып кіруі нәтижесінде Крит ахей Грециясының провинциясына айналды. Осы кезеңде ахей патшалықтарының ішінде ең мықтысы Агамемнон патшаның билігі тұсында Микен патшалығы болды. Одан басқа Пилосск патшалығы, Арголида, астанасы Афина болып табылған Аттика патшалықтары болды. Бұлар рулық құрылыстың қалдықтарында құрылған ертетаптық қоғамдыр болды. Басқару нысаны бойынша олар монархиялар болды. Алайда Шығыс елдерімен салыстырғанда мемлекет басшысының билігі оның жеке беделіне ғана негізделді.

  2. Гомерлік кезең (XVIII ғасырдың аяғы - б.э.д. XIX) . Осы кезеңнің аяғында ахей мемлекеттері солтүстік грек тайпалары - дорилердің шабуылына төтеп бере алмады. Нәтижесінде тайпалық мемлекеттілік пен протомемлекеттерге қайта бару процесі орын алды. Себебі жаулап алушы дорий тайпалары алғашқы қауымдық құүрылымда болған. Сонымен бірге дорийлік жаулап алу крит-микен кезеңінде болған абсолютті патша билігін жойып, монархиялық билеуге жол бермейтін мемлекеттік құрылымның жаңа нысандарының қалыптасуына жағдай жасады. Протополистер немесе полиске дейінгі құрылымдар мемлекеттің жаңа нысаны болды. Олар қайта жаңғыртылған тайпалық демократия институттары мен патша жерін қауым мүшелеріне меншікке таратып беру нәтижесінде пайда болған еркін меншік иелеріне сүйенді. Ежелгі Грек мемлекеті мен құқығының дамуының келесі кезеңде протополистер полистерге, яғни, қала-мемлекеттерге айналды. Дориліктерге протомемлекет құру қиын болған жоқ, себебі олардың өзі әскери демократиялық басқару нысанында еді.

  3. Архаикалық кезең (б.э.д. XVIII ортасы - б.э.д. VI ғғ аяғы). Бұл кзеңнің басты ерекшелігі – ру-тайпалық құрылымның ыдырап, полис нысанындағы ертеқұлиеленушілік қоғам мен мемлекеттің құрылуы. Полис дегеніміз – полистің барлық азаматтарының, оған тиісті қалалық және ауылдық мекендердің тұрғындарының, жайылымдарда, бау-бақшаларда, шахталар жұмыс істейтін құлдардың жиынтығы. Алғашында полистің тұрғындары туысқан деп саналды. Себебі олар бір филдарға – руларға және ортақ фратрилерге – тайпаларға жатты, ортақ құдайларға бағында. Кейін мүліктік теңсіздіктің ұлғаюына байланысты ежелден келе жатқан бөліністің дәстүрлі жүйесі бұзылды. Халық аумақтық және мүліктік белгі бойынша бөліне бастады. Бұл кезде тек жер үлесіне құқығы бар ру мүшелері ғана тең құқылы болды. Ал жат жерліктерде азаматтық құқықтар болған жоқ. Аталмыш кезеңде саны бірнеше жүзден асатын полистердің ішінде ең мықтылары Спарта және Афина полистері болды. Бұл мемлекеттер полис өмірін ұйымдастыруда қарама-қайшы жолдарды таңдады. Афинада полисті басқаруға тікелей қатысатын еркін меншік иелерінің қауымына, жеке өндірушілерге сүйенетін демократиялық республика орнады. Ал Спартада әскери сипаттағы аристократиялық республика орнады. Онда саяси шешімдерді қабылдау құқығы халықтың аз бөлігін құрайтын Спартиаттар қауымына ғана берілді.Спартиаттар саны көп еріксіз халықты (илоттар) қанап, жеке меншік пен теңсіздіктің дамуын тежеуге тырысты.

  4. Классикалық кезең (б.э.д. V ғ.-IV ғ.). Бұл кезеңде полистік құрылыс өз дамуының шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі – Афина мен Спартаның Грециядағы гегемониялық үшін саяси күресі.

  5. Эллинистік кезең (б.э.д. IV ғ. Екінші жартысы – I ғ. ортасы) – полистік құрылымның құлдырау кезеңі, қала-мемлекеттердің Александр Македонский мемлекетінің құрамсына кіруі және эллинистік мемлекеттердің орнауы. Эллинистік мемлекеттер полистік жүйе мен билікті ұйымдастырудың Ежелгі Шығыстық жолын синтездеуден пайда болатын нысан болып табылады. Шығыстық мәдениеттің әсерінен жеке тұлғаның билігі нығайып,оны Құдайға теңеу, қатаң орталықтану және бюрократияның күшеюі сияқты процестер орын алды. Алайда оған қарамастан Афина, Спарта және басқа да қала-мемлекеттердің полистік сипаты өзгерген жоқ. Олардың арасындағы гегемония үшін тартысы әлсіретті. Осыны б.э.д. 146 жылы Рим пайдаланып, Грецияны өзінің провинциясы қылдырды.


3-сұрақ:

Б.э.д. VIII-VII ғғ. шегінде Орталық Грецияда орналасқан Аттикада рулық қауым ыдырап, оның орнына таптық қоғам құрылды. Афина мемлекеті ру-тайпалық қатынастардың ыдырауы және аумақтық бөлініс жүйесінің нәтижесінде пайда болды. Бұл процестердің негізінде қоғамдық еңбек бөлінісі, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі жатты. Осы таптардың арасындағы қайшылықтарды шешу үшін мемлекет құрылды. Фаукидтің айтуы бойынша Аттиканың бірігуін Тезей басилевс жүзеге асырды дейді. Оның реформалары нәтижесінде Афина мемлекеті құрылды.



  1. Тезейдің кезінде бұрындары бөлек болған 12 тайпалардың бірігуі, яғни, синойкизмі орын алды. Жаңа мемлекеттің орталығы Афина болды;

  2. Рулық бөліністен бөлек қоғамда атқаратын мамандықтары мен функцияларына сәйкес сосоловиелік бөлініс қалыптасты. Афинаның азаматтық қауымын құрайтын еркін халық үш әлеуметтік топқа бөлінді: эвпатридтер – рулық шонжарлар, геоморлар – жер өңдеушілер, демиургтер – қолөнершілер. Әлеуметтік теңсіздік саяси теңсіздікке әкелді. Тек эвпатридтерге ғана қоғамдық лауазымдарды иеленуге құқық берілді. Геоморлар мен демиургтер тек халық жиналысына ғана қатыса алды.

Бұл топтарға Афинада тұратын басқа қауымдардың өкілдері – метектер кірмеді. Олар сауда және қолөнермен айналысты, бірақ қозғалмайтын мүлік иеленуге құқықтары болмады. Метектерге саяси құқықтар берілмеді, сонымен бірге, олар арнайы салық төлеуге міндетті болды. Құлдар да Афина қауымына кірмеді.

  1. Тезей басилевс сияқты патриархалды институттарды жойып, оның орнына жариялы билікті орнықтырды. Барлық атқарушылық билік эвпотриттерден сайланатын жоғарғы лауазымды тұлғалар – архонттарға берілді. Алғашында архонт лауазымы өмірбақилық болды, кейін оларды 10 жылға сайлайтын болды, ал б.э.д. 683 ж. Жыл сайын 9 архонттан тұратын арнайы алқа сайланатын болды. Алқаның басшысы бірінші архонт – эпоним ішкі басқаруды қадағалауды және отбасылық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырды. Екінші архонт – басилевс абыздың қызметін атқарды және дінге байланысты істер бойынша сотты жүргізді. Үшінші архонт – полимарх афина жасағын басқарды және басқа елдермен қарым-қатынастарды реттеп отырды. Соңғы 6 архонттар – фемофеттер заңдардың қорғаушысы болды және түрлі сот комиссияларында төрағалық етті.

Ареопаг – салт-дәстүрлердің қорғаушысы, жоғарғы сот және бақылауды жүзеге асырған жоғарғы мемлекеттік кеңес. Ол афиналық аристократияның органы болды. Оның құрамына эвпатридтерден шыққан қазіргі және бұрынғы архонттар кірді. Рулық демократия дәстүрлерін тек халық жиналысы - экклесия ғана сақтады. Шын мәнінде оның рөлі төмен болды.

  1. Тезей тұңғыш рет аумақтық окрeгтер – навкрарилерді енгізді. Аттика 48 навкрариге бөлінді. Округ басында притан тұрды. Бұл мемлекеттің тағы бір белгісі болып табылады.

Афинадағы Ертетаптық қоғам мен ертеқұлиеленушілік мемлекеттің қайшылығы аристократия мен демостің арасындағы қайшылық боды. Алайда осы таптық күрес Афинаның дамуына жағдай жасады.

Алғашында демос әдет-ғұрып құқығымен сотты жүргізген эвпатриттерге қарсы наразылық білдірді. Нәтижесінде б.э.д. 621 ж. архонт Дракон тұңғыш рет қолданыстағы заңдарды қайта қарап, олардың кодификациясын жүзеге асырды. Біріншіден, қанды кекке тиым салды. Екіншіден, Дракон заңдары қауымдықтың орнына жеке меншікті бекітті және оның мызғымастығын орнатты. Үшіншіден, заң алма ұрлау сияқты кішігірім қылмыстар үшін де өлім жазасын орнатты, яғни, «Дракон заңдары» қаталдықтың символы болып табылады.

Солон реформалары.

Ақша-тауар қатынастарының әсерімен б.э.д. VII ғасырдың аяғында Афина қоғамы таптық социумға айналды. Бір жағынан, афиналық рулық аристократия кедейленді, қайыршыланған геоморгтер күн көру үшін батрактарға немесе құлдарға айналуға мәжбүр болды және кедейлер – феттердің саны көбейді. Екінші жағынан, бай, бірақ тексіз сауда‑қолөнерші қала тұрғындарының жоғарғы бөлігінің және геоморгтер мен рудан қол үзген эвпатридтерден шыққан бай жер иелерінің экономикалық рөлі артты, алайда олар әлі де мемлекетті басқаруға арласа алмады. Бұл құқық тек ру аристократиясында болды. Мемлекеттік билікті алып алған ескі рулық аристократия мен бай саудагерлер мен қолөнершілер басқарған халық арасындағы қақтығыс б.э.д. VI ғ. Аяғында болған азаматтық соғысқа әкеп соқты. Оны б.э.д. 594 жылы архонт болып сайланған Солон тоқтатты. Ол еркін халық топтарының арасындағы қақтығысты тоқтатып, келісімге келтіру үшін бірқатар реформалар жүргізді. Оларды сол кезде орын алған революциямен теңестіруге болады.



Солонның экономикалық реформалары.

  1. Солон жүзеге асырған реформалардың ең маңыздысы сисахфия – қарыздарды жою болды. Бұл кезде кішігірім жер иеленушілердің қарыздары бастан асатын. Қарызды төлей алмау қарыз алған адамның және оның отбасының құлдыққа сатылуына мүмкіндік берді. Өзін-өзі құлдыққа сатуға, қарызды жеке басының кепілімен аллуға ьиым салынды. Құлдыққа сатылып кеткен көптеген адамдар қайта сатып алынды. Жер үлесінің максимумы бекітілді.

  2. Солон өсиеттің бостандығын орнатты. Яғни, ендігі кезекте жерді өсиет арқылы сатуға, кепілге қоюға мүмкіндік берілді.

  3. Солон сауда мен қолөнердің дамуына жағдай жасап отырды. Мысалы, егер әке-шешесі балаға жас шағында қолөнерді үйретпесе, ол оларды асырауға міндетті болмады.


Солонның саяси реформалары ру-тайпалық қатынастарды толығымен жоюға және рулық аристократияның тектік артықшылықтарын алып тастауға бағытталды.

  1. Саяси реформалардың ішінде ценздік немесе тимократиялық реформалар аса маңызға ие болды. Оған сәйкес саяси билікке, құқықтар мен артықшылықтарға қол жеткізу туу тегіне емес, байлығына тәуелді болды. Барлық афиналық тұрғындар туу тегінен тәуелсіз, мүліктік жағдайына байланысты төрт разрядқа бөлінді. Оларды табысты анықтаудың өлшемі болып табылатын медимна, яғни, астық салатын 41-52 литрлік ыдыс арқылы анықтады. Бірінші разраяд – пентокосиомедимндерге немесе бесжүздіктерге өз жерінен 500 медимна астық, шарап немесе май алатын азаматтыр кірді. Екінші разряд – аттылардың қатарына 300 медимна табысы бар азаматтар жатты. Олар ат ұстай алғандықтан атты әскерде қызмет етті. Үшінші разрядқа – зевгиттерге 200 медимна табысы бар немесе жегетін өгіздері бар азаматтар жатқызылды. Төртінші разряд – феттерге табысы 200 медимнаға жетпейтін азаматтар жатты.

Реформаға сәйкес алғашқы разряд өкілдері ғана әскербесы немесе архонт болып және ареопагтың құрамына сайлана алды. Қалған лауазымдарға алғашқы үш разряд өкілдері ғана сайланды. Феттар тек сайлау құөығына ие болды, олар сайлана алмады. Сонымен бірге әскер де түгелденді. Алғашқы екі разряд атты әскерде, үшінші разряд ауыр қаруланған жаяу әскерде, ал феттер жеңіл қаруланған жаяу әскерде қызмет ететін болды.

  1. Солон жаңа демократиялық мемлекеттік орган – Төртжүздің кеңесін құрды. Оның құрамына әр тайпадан жүз өкіл сайланды. Ол өзінің қызметі арқасында рулық аристократия органы болып табылатын ареопагты ығыстырды. Бұл орган халық жиналысында қаралатын барлық мәселелерді дайындады.

  2. Солон жаңа сот органы – гелиэяны, яғни, отырушылар алқасын құрды. Жыл сайын барлық төрт разряд халқының қатарынан 6000 судья сайланып тұрды. Бұл орган қылмыстық және азаматтық істермен қатар, лауазымды тұлғаларды бақылауды жүзеге асырды.

Солон реформалары құлиеленушілік қоғам мен демократиялық мемлекеттің дамуына жағдай жасағанымен, компромистік сипатта болды. Солон реформалары қоғамда тамырын тереңге жайған қайшылықтарды жоя алмады. Бұл реформалар рулық аристократияның наразылығын туғызды және демостың көңілін қалдырды. Нәтижесінде демос пен аристократияның арасындағы күрес өрши түсті. Бұл елдегі билікті тирандардың басып алуына әкеліп соқты. Жаңа азамат соғысы басталды. Ол тек билікке Клисфеннің келуімен тоқтады.

Клисфен реформалары.

Б.э.д. 509 жылы Клисфен рулық құрылыстың қалдықтарын толық жойған және Афинаны құлиеленушілік демократиялық республика ретінде орнықтырған реформаларды жүзеге асырды.



  1. Ол афина қауымының рулық бөлінісін жойып, аумақтық қағиданы енгізді. Нәтижесінде барлық Аттика үш аумақтық округке бөлінді: 1. Афина қаласы және оның маңы; 2. Жағаға жақын бөлік; 3. жер өңдеуші бөлік. Әрбір округ бір-бірімен тең он тритийден тұрды Олардың өзі демдерден, яғни, ауылдық округтен тұрды. Осы арқылы Клисфен руларды бөліп тастады, халықты араластырды және эвпатридтерді әлсіретті.

  2. Халықты аумақтық қағида бойынша бөлу жоғарғы басқару органдарының жүйесін өзгертті. Төрт жүздің кеңесінің орнына жаңа филдармен сайланатын Бес жүздің кеңесі құрылды. Яғни, әрбір филден 50 өкіл сайланды.

  3. Әскерді басқару архонт-полемархтан жаңа демокартиялық орган – стратегтер алқасына өтті. Әрбір филдан бір стратег сайланды. Оларды шексіз рет қайта сайлауға болды.

  4. Клисфен басында рулық аристократиямен, тираниямен, кейін өзінің бақталастарымен күрес үшін остракизмді енгізді. Остракизм бойынша көктем сайын арнайы жиналыс мемлекеттегі құрылысқа қауіпті адамның бар/жоқтығын анықтады. Егер ондай адам бар десе, онда 6000 азаматтан кем емес сот жиналды. Егер көпшілік адам қауіпті деп тапса, ол 10 жылға Аттикадан қуылды.

  5. Клисфеннің тұсінда метектер Афинаның азаматтық қауымына кіргізілді және азаматтық құқықтарды иеленді.

Осылайша, Клисфеннің реформаларының нәтижесінде Афина мемлекетінің демократиялық мемлекет ретінде орнығу процесі аяқталды.

Ежелгі Афинаның құқығы.

Афиналық құқық өз бастауын жазбаша заңнамадан алады. Ол заңды негізгі қайнар-көз ретінде таныды. Бұл дәстүр Дракон, Солон заңдарында және халық жиналысының қаулылары – псефизмаларда бекітілген.Заңдармен қатар құқық қайнар-көзі ретінде құқықтық әдет-ғұрып және сот тәжірибесі қарастырылған.

Афинада мүліктік қатынастар жеткілікті деңгейде дамыған болды. Оған жерге қатысты жеке меншіктің ерте пайда болуы жағдай жасады. Құқық субъектісі ретінде тек азаматтар ғана қарастырылды, құлдар құқық объектісі болды. Афиналық мүліктік құқық затты иелену мен оған меншік құқығынын ажыратты. Затты иелену дегеніміз оны нақты иемденіп пайдалану, ал меншік құқығы иеленуге қоса оны басқара алу құқығының жиынтығы ретінде танылды.

Міндеттемелік қатынастар келісім-шарттан немесе деликтіден, яғни, құқықбұзушылықтан пайда болды. Келісім-шарттың келесі түрлері болды: сату-сатып алу, серіктестік, жалға алу, жалдау, қарыз алу, ссуда алу, мердігерлік шарттары. Сонымен бірге некенің өзі келісім-шарт ретінде қарастырылды. Ол бойынша қалыңдық шарттың объектісі болды. Келімсім-шарт жарамдылығының талаптары: тараптардың келісімі, жазбаша нысаны, міндеттемелерді орындаудың кепілдері (кепілзат, кепілдеме, кепілпұл, ипотека). Деликтіден пайда болған міндеттемелер шығынның орнын толтырумен шектелді. Қасақана жасалған шығын екі есе мөлшерде толтырылды.

Неке-қатынастар. Афинада некеге тұру міндетті болды, жанұя құрмау ата-бабалардың аруақтарын қадірлемеу болып табылады. Бойдақтарды есі дұрыс емес, ауру адам ретінде қарады. Неке отбасы басшыларының арасында жасалатын келісім-шарт негізінде күйеудің жасау төлеу арқылы жасалды. Туысқандардың арасындағы некеге жол берілді. Афиналық құқық моногамиялық отбасына таныды. Ол бойынша отағасының билігі шексіз сипатта болды. Мысалы Солон реформаларына дейін әкесі өз баласын тыңдамағаны үшін құлдыққа сатып жіберуі мүмкін еді. Некеде күйеудің құқықтары кеңірек болды. Оған өз үйінде күң ұстауға, айырылысуға және әкеден кейін мұрагер болу құқықтары берілді. Әйел мәмілелер жасай алмады, айырылысу еркіндігіне ие болмады және егер оны ашынасымен ұстап алса, сол жерде өлтіруге рұқсат берілді. Мұрагерлік заң бойынша және өсиет бойынша жүзеге асырылды. Бірінші кезектегі мұрагер болып ұлдар танылды, қыздар тек ұл болмаған жағдайда ғана мұрагер бола алды. Заңсыз туған балалар мұрагер бола алмады. Солонның реформалары ұл болмаған жағдайда өсиет арқылы мұра қалдыруға рұқсат берді.

Қылмыстық құқық.

Афиналық қылмыстық құқық азаматтық құқыққа қарағанда дамуы төмен болды. Оны Дракон заңдарынан көреміз. Қылмыс түсінігі қалыптаспаған және қылмыстардың жіктелуі болмаған. Шартты түрде қылмыстарды қол сұғу объектілері бойынша бірнеше топқа бөлуге болады: мемлекеттік қылмыстар (опасыздық, халықты алдау, құдайларды сыйламау, храмдық мүлікті ұрлау, халық жиналысына заңға қайшы ұсыныстар енгізі); тұлғаға қарсы қылмыстар (адам өлтіру, жалған кінәләу, намысына тию, денеге зақым келтіру); отбасыға қарсы қылмыстар (әйелдің зинақорлығы, ата-ананы сыламау, қызды алып қашу); мүлікке қарсы қылмыстар (ұрлық, өртеу). Жаза тағайындау қылмыс сипатына және тұлғаның оған қатысу сипатына байланысты болды. Өлім жазасы, айып, елден қуу, шығынды өтеу, құн төлеу,құлдыққа сату, дене жазалары, масқаралау жазалары және азаматтық құқықтардан айыру.



Сот және процесс. Сот істерін жәбірленуші немесе оның туысқандары қозғады. Істі арау екі стаыдан тұрды:

  1. Алдын-ала немесе әкімшілік тергеу. Оны арызды алған лауазымды тұлға жүзеге асырды. Ол талапкер мен жауапкерді шақырып, олардың және куәгерердің айғақтарын тыңдадығ заттай дәлелдерді зерттеді, құқықтық даудың пәнінің бар/жоқтығын анықтады, істі сотқа жібермей-ақ шешуге шақырды. Егер тараптар келіспесе, іс сотқа жіберілді.

  2. Соттық талқылау сатысында сот істі түскен материалдар бойынша мәні бойынша қарады. Егер кінәлі деп танылса, жаза отырушылар алқасының құпия дауыс беруі арқылы тағайындалды.

Ареопагтың шешімдеріне гелиэяға шағымдану мүмкіндігі болды. Оның шешімі түпкілікті болды.
4-сұрақ

Ежелгі Спарта (Лакедемон) Пелопоннестің оңтүстік-шығысындағы Лаконикада орналасқан. Бұнда 12 ахей тайпаларының бірі өмір сүрді. Б.э.д. XI ғасырда Лаконикаға жергілікті халықты тізе бүктірген дорилік тайпалар басып кірді. Дорилік Спарта б.э.д. IX дорилік және ахейлік қауымдардың синойкизмі нәтижесінде құрылды. Алайда Лаконика жаңа құрылған қауым үшін тарлық етті. Нәтижесінде Спарта көршілес Кинурия мен Мессенияны басып алды. Жаулап алынған жерлердің халқын құлдарға – илоттарға айналдырды. Спартада мемлекет құрудың бірқатар ерекшеліктері бар:



  1. Спарта қаумдық құрылымның құлдырауы нәтижесінде емес, бір қауымның екіншісін жаулап алуының нәтижесінде құрылды;

  2. Спартадағы мемлекет халықтың аз бөлігінің саяси ұйымй ретінде пайда болды. Спартаны жалпы халықтың оннан бірін ғана құраған спартиаттар сословиесі құрды. Спарта әскерилендірілген құлиеленушілік аристократиялық мемлекет.Спартиаттар әскери-лагерлік құрылыста өмір сүрді. Спарта қаласы бес мекенді құрады. Олардағы өмір әскери жағдай кезіндегі тәртіп бойынша жүрді;

  3. Мемлекет басқарудағы аристократиялық негіздермен қатар демократиялық бастаулар да жұзеге асырылды. Билік басындағы аристократиялық топ басқа қауым мүшелерімен ай сайын ортақ түскі ас - фидития ішіп тұруға міндетті болды;

  4. Спартиаттардың арасындағы теңсіздік пен қайшылықтарды бодырмау үшін мемлекет олардың өмірінің барлық жақтарын реттеп отырды. Әрбір спартандықтың өмірі дүниеге келген күннен бастап бақылауда болды. Әлсіз деп танылған жаңа туған сәбилерді арнайы комиссияның шешімімен баланың өз әкесі өлтіруге тиіс болды. Жеті жасқа дейін барлық ұлдар арнайы мектептер – гимнасияларда тәрбиленді. Жиырма жастан Алпыс жасқа дейін олар әскери міндетті деп саналды. Спартандықтар отыз жасқа жетпей неке құруға міндетті болды. Некеге тұру саяси және азаматтық тең құқылықтың басы деп саналды. Азаматқа жер үлесі – клер бөлінді. Әйелдер үй шаруашылығынан және бала тәрбиелеуден толық босатылғандықтан белгілі деңгейде дербестікке ие болды;

  5. Спарта мемлекеті Плутархқа сәйкес Ликургтің реформаларының нәтижесінде пайда болды. Аңызға сәйкес дориліктер жаулап алынған халықтарды бағыныштылықта ұстап тұру үшін мемлекеттік құрылымдарды қажет етті. Ликург патша әулетінен тарайтын және ішкі соғыстарда әкесі мен үлкен ағасының өлімінен кейін патша тағына өзі отырды. Сегіз айдан кейін билікті ағасының баласына тастап ол басқа елдердің заңдары мен басқару нысандарын үйрену үшін ел кезіп жер кезіп кетті. Осыдан кейін спартаға қайтып келіп өзінің жақын деген отыз жақтастарымен апполон құдайының храмында басқарудың жаңа тәртібін және нысанын орнатты. Оларды өзгертпеуге халықтан ант қабылдады. Бұл тәртіп Ликургтің заңшығару актісі – ретрада бекітілді. Спартаның Пелопоннес соғысында Афинаны жеңуінен кейін тауар-ақша қатынастары мен мүліктік теңсіздіктің дамуы тездеді. Нәтижесінде Спарта мемлекеті әлсіреді. Б.э.д. II ғасырдың ортасына қарай Спарта Римге бағынды.

Ежелгі Спартаның қоғамдық құрылымы. Спарта жаулап алудың нәтижесінде пайда болған тап-сословиелерден тұратын құлиеленушілік мемлекет болды. Спартиаттар қоғамның теңқұқылы мүшелері ретінде үстем тап өкілдері болды. Олар қоғамның әскери ұйымдастырылуын жаулап алынған халықтарды бағыныштылықта ұстау үшін қолданды. Тек спартиаттар ғана саяси құқықтарға ие болды және аристократиялық «теңқұқылылардың қауымын» құрады. Қауым ішіндегі теңсіздікті болдырмау үшін мемлекеттің барлық жер қоры бір-біріне тең, сыйға берілмейтін, сатылмайтын жүз мың үлеске бөлінді және әрбір спартиаттық отбасыға бөліп берді. Жермен бірге сол клерде жұмыс жасайтын құлдар – илоттар берілді. Өздерінен он есе көп илоттардан қорыққан спартиаттар тамақ ішкенде де, ұйықтағанда да қаруынан айырылмады. Илоттарды қорқыту үшін жыл сайын үкіметтік алқа ең ақылды және ең мықты илоттарды жаппай өлтіруге бағытталған «қасиетті соғыстар» - криптиялар жариялап тұрды.

Илоттар – басып алынған Мессинияның құлға айналдырған тұрғындары. Илотттар жаулап алынуына байланысты құлға айналдырылғанмен, өз жерлерінде спартиаттарды асырау үшін қалдырылды. Олардың өз еңбек құралдары, отбасылары болды. Өсірген өнімнің жартысын қожайынына берді, ал екінші бөлігін өз қалауынша пайдаланды. Олар жеңіл қаруланған жауынгерлер ретінде әскери міндетті болды. Кейде мемлекет алдындағы еңбегі үшін бостандыққа жіберілді. Олар құлдар сияқты товар болмады. Спартадағы илоттар әлеуметтік жағдайы бойынша крепостной шаруаларға жақын болды.

Мемлекеттің шеткері жерлерінде тұратын еркін тұрғындар – периэктар деп аталды. Олардың мүліктік құқықтары болғанымен, азаматтық құқықтары болған жоқ. Бұл еркін өндірушілер табы болды. Олардың пайдалануына отыз мың клер берілді. Ел аумағында орналасқан олардың ауылдары спартандық бастықтар – гармостілермен басқарылды. Периэктер қосымша отрядтарда әскери міндеттілікті өтеді және спартиаттарға салық төледі.



Мемлекеттік құрылыс. Ежелгі Спарта әскери аристократиялық республика болды. Мемлекет басында екі әскербасы – патшалар тұрды. Спартандықтар оларды архагет деп атады. Екі патшаның болуы екі қауымның дорийлер мен ахейліктердің бірігуінен деп түсіндіріледі. Архагеттердің билігі Афинадағы басилевстердің билігіне қарағанда қарапайымдау болды, бірақ мұрагерлікпен ауысты. Соғыс кезінде патша билігі абсолютті болды. Бейбіт кезде патшалар абыздардың қызметін атқарды, құрбандықтарды шалды, болашақты болжады. Олар соттық істерден тек асырап алу және мұрагерлік дауларды қарады. Шын мәнінде патшалар нақты билікке ие болған жоқ. Олардың билігі аристократиямен шектелді.

Ақсақалдар кеңесі - геруссия тайпалық кезеңнен қалған басқару органы болды. Оның құрамына жасы алпыстан асқан халықтық жиналыста сайланатын 28 ақсақал, яғни, геронт және 2 отыз жастан асқан патша кірді. Геруссия өте кең уәкілеттіктерге ие болды. Ол барлық күнделікті істермен шұғылданды. Оның құзыретіне әскери, қаржылық және соттық мәселелер кірді. Ол халық жиналысына шығарылатын істерді алдын-ала қарады, шешімнің жобаларын дайындады, қылмыстық істер бойынша жоғарғы сот болды және архагеттерге қарсы соттық істерді қарады.

Формальды түрде Спартадағы жоғарғы билік халық жиналысы – аппелада болды. Оның құрамына отыз жасқа жеткен спартиат жауангерлер кірді. Аппеланы патшалар айына бір реттен кем емес шақыруға міндетті болды. Оның қарауына соғыс және бейбітшілік мәселелері, көсемнің лауазымын мұраға алу, лауазымды тұлғаларды сайлау және патшалардың қайсы әскерді басқаратындығы туралы мәселелер жатты. Алайда Аппела геруссия дайындаған мәселелерді талқылауға құқығы болған жоқ, тек олар бойынша дауыс беру құқығын иеленді. Ол айқай арқылы анықталды. Егер аппеланың шешімі геруссияға немесе эфорларға ұнамаса, ол тарқатылып жіберілді. Аппела тайпалық кезеңнің қалдығы болды, шын мәнінде билікке ие болмады.

Спартадағы нағыз билік бес эфорлан тұратын алқаның қолында шоғырланды. Бұл спарталық аристократиялық олигархияның биліктік рганы болды. Эфорлар спартиаттар қатарынан бір жыл мерзімге сайланды және бақылау билігіне ие болды. Екі эфор патшалардың іс-әрекетін бақылады. Эфорлар әскери табысты бөлуді басқарды, әскерді жинауды бақылады және салықтарды енгізді. Біртіндеп олар барлық азаматтық істер бойынша сот атқару билігін иемденіп алды. Эфоролар алқасы халық жиналысын, ақсақалдар алқасын шақырды, олардың жұмысын бақылап, бағыттады. Шын мәнінде олардың билігі диктатураға жақын болды.



жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау