Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы


Тақырып №5: Ежелгі Үндістанның мемлекеті мен құқығы



жүктеу 1,46 Mb.
бет4/21
Дата19.11.2018
өлшемі1,46 Mb.
#20783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Тақырып №5: Ежелгі Үндістанның мемлекеті мен құқығы.

Жоспар:

1 Ежелгі Үндістанда мемлекетінің орнауы мен дамуы.

2 Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы және мемлекеттік құрылысы.

3 Ежелгі Үндістанның құқығы. Ману заңдары.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

  2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

  3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005

  6. Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.

  7. История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006

  8. Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000

  9. Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.


1-сұрақ:

Б.э.д. III-II мыңжылдықтың басында ғалымдарға әлі беймәлім тайпалар Инд өзенінің алқабында Үндістан аумағындағы алғашқы өркениет ошақтарын құрды. Бұл өркениеттер қалалық сипатта болғаны анықталды. Олардың орталығы Мохеджо-Даро, Хараппа қалалары болды. Сол себепті Үндістан аумағындағы мемлекеттіліктің дамуының аталмыш кезеңі Хараптық кезең деп аталады. Бұл кезеңде рулық қауымның ыдырау процесінің басталып, әлеуметтік жіктелудің жүргені біз үшін аян.Алайды бұл тайпалардың одан әрі дамуы б.э.д. II мыңжылдықта үзілді.

Б.э.д. II мыңжылдықта Ежелгі Үндістан аумағына Иранның таулы аймақтары мен Каспий жағалауының индоарийлік тайпалары басып кірді. Олар өзімен бірге жаңа мәдениет, жаңа өркениетті ала келді. Алайда Ежелгі Үндістан б.э.д. XVI-VI ғғ. аралығындағы тарихынан біз бейхабарбыз. Себебі ол дәуірден бізге индоарийлардің қасиетті кітаптары – ведалардан басқа ешқандай мәліметтер жеткен жоқ. Ведалар дегеніміз жартылай көшпелі арий тайпаларының сана-сезімін, дүниетанымын көрсететін діни әнұрандардың, құрбандық және сиқырлы формулалардың және ритуалдардың сипаттамаларының жиынтығы. Сол себепті Үндістан дамунының аталмыш кезеңі Ведалық кезең деп аталады. Осы кезеңде Үндістанда мемлекет құрылуының барлық алғышарттары қалыптасқан болатын. Алайда орталықтанудың орнына ішкі талас-тартыстың нәтижесінде бытыраңқылық орын алды. Ведалық кезеңнің аяғында сол аймақта 16 протомемлекеттің болғаны белгілі. Олар бір-біріне тәуелсізх, көп жағадайда бәсекелес құрылымдар болды.

Б.э.д. IV ғасырда көптеген ұсақ протомемлекеттік құрылымдардың арасында орталығы Магадха қаласы болып табылатын протомемлекет күшейе бастады. Ол қалған көршілерін біріктіріп мемлекет нысанындағы держава құрады. Бұл мемлекеттің тұңғыш әулеті Нандылар мемлекеттің орталықтану процесін қарқындатты. Оларға жаңадан тарап жатқан буддизм де өз септігін тигізді. Соның нәтижесінде Магадх державасы саны жоқ әскерінің арқасында Александр Македонскийдің шабуылына тойтарыс берді.

Б.э.д. IV ғасырды Магадха мемлекетінде билікке жаңа әулет –Маурилер әулеті келді. Оның негізін I Чандрагуптра қалады. Олардың басқару кезінде, әсерісе осы әулеттен шыққан атақты Ашока патшаның кезінде Магадх мемлекеті өз билігін Үндістанның басым бөлігіне таратты. Осы дәуірде Үндістан мемлекеті қуаты алыс елдердің өзіне белгілі орталықтан монархияға айналды. Осыған сәйкес Ежелгі Үндістанның мемлекеттік-құқықтық дамуының аталмыш кезеңі Магадх-маурий кезеңі деп аталады.

Ашока патшаның мұрагерлері мемлекет біртұтастығынан айрылып билікті жоғалтты. II ғасырдың аяғында Солтүстік Үндістанға грек-бактрий тайпаларының шабуылы басталды. Шабуыл мемлекеттің орталықсыздануына жағдай жасады. Кезінеде мықты державалардың бірі болған мемлекет ондаған ұсақ державаларға бөлініп кетті.

Әрине, Ежелгі Үндістанда мемлекет пен құқықтың қалыптасу тарихы басқа Ежелгі Шығыс елдерінікіне ұқсас болғанымен бірқатар ерекшеліктерге ие:


  1. Ежелгі Үндістанда мемлекеттік және құқықтық институттардың пайда болып дамуына дін басты әсер етті.Үндістанда үш мыңнан астам діндер бар. Үндістанда индуизм, брахманизм, джайдизм және әлемдік діндердің бірі – буддизм қалыптасты. Әрбір үндіс үшін міндетті нормаларға бағынып, оларды орындау діни міндет – дхарма болып табылды. Оны бұзған үшін қатал жаза белгіленген. Осындай қалыптасқан жағдайды билеуші топтар да мемлекеттілік билікті нығайту үшін қолданды. Олар да мемлекет пен діннің тығыз байланысын насихаттады.

  2. Ежелгі Үндістанның мемлекеттік-құқықтық тарихынды толық орталықтанған мемлекеттер болмаған. Негізінен Үндістан тарихы гегемон-мемлекеттермен байланысты. Олар дамуының шарықтау шегіне жетіп басқа мемлекеттерді өзіне бағындырып, кейін құлдырауға ұшырап отырды. Олардың орнын жаңа гегемон-мемлекет басты. Деспотиялық сипаттағы мықьты орталықтан мемлекет құруға деген қажеттіліктің болуын екі фактордың әсері арқылы түсіндіруге болады. Біріншіден, үнділердің қауымы өзіндік дербес әрі мықты ұйым боды. Ол мемлекет ішінде натуралды шаруашылықтың барлық түрлерін жүргізгендіктен автономды өмір сүрді. Екіншіден, ежелгі Үндістанда қоғамды нақты жіктелген әлеуметтік-құқықтық топтарға бөліп тастаған варна-касталық жүйе орнады. Касталық конформизм мықты орталықтан мемлекетті қажет етпеді.

  3. Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы Шығыстық деспотиялық сипатта болғанымен, басқа Шығыс елдерімен салыстырғанда өзінің шектелгендігімен және әлсіздігімен сипатталады. Біріншіден, патшаның қолында шексіз заңшығару билігі болған жоқ. Мысалы Маурийлердің басқару кезеңінің өзінде заң шығаруда алқалық органдар: патшанның жанындағы кеңестік орган – раджасабха және шенеуліктердің кеңесі – мантрипаришадтың маңызы жоғары болды. Сонымен бірге, Ежелгі Үндістанда монархиялық басқару нысанымен қатар республикалар да орын алды. Мысалы, Маурилер державасының құрамында жартылай автономды ган және сангх республика-мемлекеттер болды.

  4. Саяси-құқықтық дамудағы діннің бастапқы ықпалы қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтың қосымша рөліне себеп болды. Қылмыс жасау, мәмілелер жасау сияқты қоғамдық қатынастар діни міндеттерді орындау сипатынан қарастырылды. Құқықтың қосалқы орынды иеленуі - орталықтанған мемлекеттің қалыптаспауының себептерінің бірі.


2-сұрақ:

Қоғамдық құрылым.

Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылымының ерекшелігі ондағы варналық-касталық жүйенің орнауы. Бұл жүйе Солтүстік үндістанға индоарий тайпаларының басып кіруімен байланыстырады. Бұл жүйеге сәйкес тұлғаның қоғамдық мәртебесі оның әлеуметтік тууына және варналық қатыстылығына байланысты анықталады. Аталмыш жүйеге сәйкес төрт негізгі варна (санскриттеден аударғанда «қаптама, түсі» деген мағына береді.) бар. Үнділер оларды джати деп атайды, ал европалықтар каста дейді. Адамның қай кастаға жататындығы оның тууымен анықталған және мұрагерлікпен ауысып отырған. Әрбір кастаның өкілдері ұрпақтан-ұрпаққа бір ғана мамандықпен айналысты, бір құдайларға ғана сенді, бір-біріне қатысты және басқа каста өкілдеріне қатысты талаптарды қатал орындап тұрды.

Касталардың пайда болуы «Ригведа» деп аталатын веданың әнұрандарының бірі – Пурушу әнұранында сипатталған. Онда варналық әлеуметтік теңсіздік жүйенің әділдігі туралы айтылады. Оған сәйкес барлық касталар әлемдегі алғашқы адам Пурушадан пайда болған. Оның аузынан брахмандар, қолдарынан – кшатрилер, сандарынан – вайшилер, ал табандарынан шудралар жаралған. Алғашқы үш каста екі рет туылғандар деп аталды, ал шудралар бір рет туылғандар деп аталды. Оның себебі алғашқы үш кастада туған ұл балаларға жас кезінде упанаяна жоралғысы жасалған, яғни, олар қайта туылған деп саналған.

Сонымен біргі касталық жүйе дінмен де бекітілген. Себебі адамның денесі табиғаттың бір бөлігі болып табылады, ал оның жаны мәңгілік және ешқашан өлмейді. Ол бір денеден екінші денеге ауысады. Оның қай кастада туылуы бұрынғы өміріндегі күнәләріне немесе жақсылықтарына байланысты. Егер ол өмірі барысында өзінің касталық тобына тиісті талаптарды толық орындамаса, келесі өмірінде төмен касталардың бірінде туады. Ал егер дхармалардың барлығын дұрыс орындаса, жоғары касталарда туа алады, яғни, жоғарғы касталардың бірінде туу адамның бұрынғы өмірінде барлық діни талаптар мен касталық міндеттерін дұрыс орындағандығын көрсеткен.

Әрбір варнаның өкілдері олардың әлеуметтік мәртебесіне сәйкес шұғылданатын шаруашылық түрлері қатал анықталған, оларға өзіндік түсі де болды. Бір кастадан екінші кастаға өтуге тиым салынған.

Қоғамда ең беделді орынға брахмандар (мейірімді өмір дегенді білдіреді) ие болды. Олардың касталық түсі ақ түс болды. Олар қасиетті ілімді білетіндіктен және басқаларды ведаларға үйретушілер ретінде абыздық қызметтерді атқарды. Оларды авадхья – «тигізілмейтіндер» деп атады. Брахманды өлтіру ең ауыр қылмыстардың қатарына жатты.



Кшатрилерден (қуат берілгендер) патшлар, әскери қалбасшылар шықты. Олардың дәстүрлі қызметі – ел басқару және әскери іс. Кшатрилердің қатарынан жергілікті жерде басқаруды жүзеге асыратын шенеуліктер тағайындалды. Олардың түсі қызыл болды.

Жер өңдеушілер, малшылар, қолөнершілер және саудагерлер вайшилерге (сенімділер) жатты. Олар шаруашылықты жүргізуге міндетті болды. Олардың түсі сары болды.

Касталық жүйенің ең төмен сатысында шудралар (басқаның қызмет көрсетушісі) болды. Олар төменгі мамандықтардың барлығымен шұғылданып бастапқы үш варнаға қызмет етуі тиіс еді.Олардың түсі –қара түс.

Сонымен бірге, Үнді қоғамында касталардан тыс құлдар болды. Ежелгі Үндістанда құлдардың мәртебесі Ману заңдарында бекітілген. Олардың құқыққабілеттілігі болмағанмен, отбасы құруға, сыйлықтарға қатысты меншік құқығын иеленуге, мұрагер болуға және мүлік иелену құқықтары болды. Құл балаларды әке-шешелерінсіз сатуға тиым салынған. Ману заңдарында құлдықтың жеті қайнар-көзі қарастырылған:



  1. әскери тұтқындық;

  2. асырау үшін құлға айналған;

  3. құл болып туылған;

  4. мұрагерлікпен өткен;

  5. сатып алынған;

  6. сыйлыққа келген;

  7. қылмыс үшін құлға айналдырылған.

Магадх-маури кезеңінде варналық жүйе күрделене түсті. Бұл кезеңдегі қалалардың, қолөнер мен сауданың дамуына байланысты варналардың өзі касталарға бөліне бастады. Негізгі төрт варна өзішінде сословиелік, мүліктік, діни және мамандық белгілері боынша бірнеше касталарға тармақталды. Кейбір касталар атқаратын жұмыстарының қоғам мүшелерінің алдындағы ластығына байланысты варналардан шығарылды. Мысалы, шудралардан чандалдар бөлініп шықты. Олар адам мәйіттерін тазалаумен айналысты және жендет болып жұмыс істеді.
Мемлекеттік құрылыс. Маурилердің империясы Шығыстық деспотия сипатындағы орталықтанған мемлекет болды. Мемлекетті патша биледі. Оның билігі Құдаймен байланыстырылып қасиеттендірілді, алайда шексіз болған жоқ. Себебі патша билігі аристократияның мықтылығымен, қалыптасқан дәстүрлермен және ауыл қауымының дербестігімен шектелді. Соған қарамастан патшаға кең уәкілеттіктер берілген. Ол ерекше дхарманы жүзеге асыруға міндетті болды:

  1. халықты қорғай отырып, бағыныштыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  2. заңшығарушы билікті иеленді, оның атынан заңдар шығарылды;

  3. халықтан салық жинады;

  4. брахмандар алқасымен сот әділдігін жүзеге асырды;

  5. жоғарғы мемлекеттік шенеуліктерді тағайындады және орнынан алды;

  6. тұрақты әскердің бас қолбасшысы болды;

  7. ирригациялық құрылыстар мен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырды;

  8. жетім-жесірлерді қамқорлыққа алды.

Экономикалық жағдайы мен мәдени дамуы әртүрлі халықтарды біріктірген империяны патша тек тармақталған бюрократиялық аппарат арқылы ғана басқара алды. Үндістанда оны жоғарғы лауазымды тұлғалар – мантриптар басқарды. Мемлекетті басқаруда жоғарғы шенеуліктердің патша жанындағы кеңесі – мантрипаришад үлкен рөл атқарды. Оның құрамына әскери және діни шонжарлар кірді. Сонымен бірге, шонжарлармен қатар ауыл және қала тұрғындары да кіретін орган – раджа-сабх та мемлекетті басқаруға араласты.

Орталық басқару ведомствалар арқылы жүзеге асырылды. Оларға әскери, қаржы, салық және сот ведомствалары кірді. Бюрократиялық аппараттың қызметін патшаның арнайы бақылау ведомствалары жүзеге асырды: патшаның құпия агенттері, жансыздар.

Жергілікті басқару қатаң орталықтанған иерархиялық жүйе болды. Мемлекет бөлінетін ең ірі әкімшілік-аумақтық бөлініс – ұлыс болды. Олардың саны бес болды. Ұлыстарды өз бюрократиялық аппараты бар патшазадалар басқарды. Ұлыстар өз кезегінде провинцияларға (джанапад) бөлінді. Оларды патша тағайындайтын раджуктар басқарды. Олар тәртіпті бақылады, салық жинады, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырды және ауылдар мен қалаларды сыртқы жаудан қорғауды қамтамасыз етті. Провинциялар облыстардан (прадештер) тұрды. Прадештердің құрамында ауыл кеңесімен басқарылатын қалалар және бес немесе он үйден тұратын ауылдық қауымдар кірді. Маурилер империясында ауылдық қауымның өзін-өзі басқаруы сақталды. Он үйден аспайтын ауылдық қауымды патша шенеулігі емес, ауылдың ақсақалы – грамика биледі.

Алғашқы кезеңдерде Ежелгі Үндістанда әскер жаяу жасақ нысанында болды. Уақыт өте келе әскер тұрақты отрядтардан құралатын болды. Жаяу отрядтармен қатар атты әскерлар және әскери пілдер қолданыла бастады. Әскер касталық сипатта болды. Ману заңдарына сәйкес тек кшатрилер ғана қару-жарақ асынып жүру құқығына ие болды. Ал қалған «екі рет туылғандар» тек соғыс жағдайында ғана.


3-сұрақ:

Ежелгі Үндістан құқықтық жүйесінің қалыптасуына діни нормалармен қатар зайырлы нормалар да ықпал етті. Діни құқықтық бағытты бразмандардың мектептерімен дамытылды және дхармашастралар – дхармалар туралы кітаптардың нысанында болды. Дхармашастралар дегеніміз - әрбір үндіске өзінің дхармасына, діни борышына, варнада, руында, қауымында қабылданған салтқа көнуге міндет тағатын діни-этикалық, ритуалдардың, құқықтық бекіттулердің жинақтары.

Діни құқықтың ең ірі кодификациясы болып Ману заңдары атты дхармашастра табылады. Оны күн Құдайы Сурьяның ұлдарының бірі – Ману Вайвасвата жасады делінген. Ману заңдары екі ауыз өлеңмен жазылған 12 тарау 2685 баптан тұрады. Ману заңдарының қайнар-көздеріне ведалар, шритилер, мақұлданған әдет-ғұрып және ақылға сиымдылар кіреді. Ману заңдарына келесі белгілер тән: казуалдылығы, құқықтың сословиелік сипаты, варналық жүйені бекітуге бағытталуы, құқықтық формализм, құқық салаларына бөлінбеу.

Мүліктік құқық. Мүліктік-құқықтық қатынастардың объектісі қозғалатын (мал, еңбек құралдары, құлдар) қозғалмайтын (үй, бақ, суару құрылымдары, су орындары) мүлік болды. Меншіктің қауымдық, патшалық және жеке түрлері қалыптасқан. Жолдар, ирригациялық құрылымдар және жайылымдар қауымдық меншікте болды.

Ману заңдарында меншік құқығын алудың жеті жолын көрсетеді:



  1. Мұрагерлікпен алу;

  2. Сыйға алу немесе олжа;

  3. сатып алу,

  4. Жаулап алу;

  5. Пайызға қарыз беру арқылы алу;

  6. Жұмысты атқару арқылы ула;

  7. Садақа ретінде алу.

Меншік құқығын алудың жоғарыда көрсетілген алғашқы үш түрі барлық варналарға тиісті, ал төртінші вайшилерге, бесінші мен алтыншы кшатрилерге ғана, жетінші тек брахмандарға ғана тиісті болған.

Міндеттемелік құқық. Міндеттемелер келісім-шарттан және деликтіден пайда болған. Ману заңдарында келісім-шарттың қарыз алу, жалға алу, сату-сатып алу, сақтау сияқты және т.б. түрлері көзделген. Сонымен бірге келісім-шарттың жарамдылығы (жазбаша нысан, куәгерлер, меншік иесі атағының болуы, тұрғылықты орны, руы, кастасы) және келісім-шарттың орындалу кепілдері (кепілпұл, кепіл болу) мәселелері қарастырылған. Келісім-шарт жарамсыз деп танылды егер ол:

  1. Ақыл-есі кем адаммен жасалса;

  2. Қарт адаммен жасалса;

  3. Ашу немесе қайғы жағдайындағы есінен танған адаммен жасалса;

  4. Құпия жасалса;

  5. Алдау арқылы жасалса;

  6. Куәгерлерсіз жасалса.

Неке-отбасы құқығы. Ежелгі Үндістан құқығының бұл саласы Ману заңдарымен толық реттелген. Бірнеше ұрпақтан тұратын патриархалды жанұя Ежелгі Үнді қоғамының бастапқы сатысы болды. Жанұяның басында барлық мүлікті және істерді басқаратын, әйелі мен балаларына қатысты шексіз билікке ие әке тұрды. Әйел адамның мәртебесі тәуелді және төмендетілген болды. Жас кезінде ол әкесінің, есейген шағында күйеуінің, ал күйеусіз қалса, ұлдарының билігінде болуы тиіс болды. Ману заңдарында некенің сегіз нысаны болды, олардың әрқайсы нақты касталарға тән болды.

  1. қалыңдықты сатып алу,

  2. әке-шешесінің келісімінсіз махаббат негізіндегі неке;

  3. қалыңдықты алып қашу;

  4. жасауы бар қалыңдықты алу және т.б.

Некеде ер адам басым мәртебеге ие болды. Оның бірнеше әйел алу құқығы, ажырасу, әйелін сатып жіберуге, мүлікті еркін пайдалануға құқығы болды. Әйел адам керісінші тек күйеін сыйлап, бала туып және оларды тәрбиелеуге міндетті болды. Әйел адамдарға ажырасуға, отбасыны тастап кетуге, өзінің кастасынан төмен кастаның рекегіне күйеуге шығуға, меншік иесі болуға тиым салынған және ерінің көзіне шөп салған үшін өлімге кесіле алды.

Ежелгі Үнді құқығы мұрагерліктің тек заң бойынша жүзеге асу түрін мойындады.Заң бойынша әкесінің өлімінен кейін үлкен ұл негізгі мұрагер болып танылады және анасы мен іні-қарындастарының қамқоршысы болуы тиіс. Қыздар мұрагерліктен шеттетілген, оларға мүліктің төрттен бірі жасау үшін бөлінгін.



Қылмыстық құқық. Дін қылмыстық құқықтың дамуына мол ықпал етті. Сол себепті қылмыс жуып шаюды қажет ететін күнә ретінде қарастырылды. Ману заңдарында кінәнің нысандары, рецидив, қылмысқа бірге қатысу, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар институттары қарастырылған. Қылмыстық құқыққа сословиелік сипат тән. Мысалы бірдей қылмыс жасаған әртүрлі каста өкілдеріне әртүрлі жаза көзделген.

Қылмыстарды олардың қол сұғу объектілерінің маңыздылығы бойынша жіктеуге болады:



  1. Мемлекет пен патшаға қарсы қылмыстар. Оларға парақорлық, қызмет бабын пайдалану, жалған жарлықтар жасау сияқты қылмыстар жатады.

  2. Тұлғаға қарсы қылмыстар: қасақана адам өлтіру, абайсызда адам өлтіру, денеге зақым келтіру.

  3. Отбасыға қарсы қылмыстар: ойнас жасау (еркектің бөтен әйелмен құпия сөйлесуі, онымен қалжыңдауы, киіміне тию), зорлау, жез табандық, өзінен жоғары каста әйелімен бірге тұру.

  4. Мүліктік қылмыстар: ұрлық және тонау.

Ману заңдарында түрлі жазалар қарастырылған. Қылмыстардың көпшілгі үшін өлім жазасы қарастырылған. Ол өзенге батырау, ағашқа отырғазу, кереуетте немесе отта өртеу, иттерге талату арқылы жасалды. Брахмандарға өлім жазасы қолданылмады, оның орнына басын қырып қауымнан қуу жазасы қолданылды. Сонымен бірге, айып, дене жазалары, масқаралау жазалары, шынжырға отырғызу және қамау сияқты жазалар қолданылды.

Сот және процесс. Ежелгі Үндістанда соттардың екі жүйесі болды: Патшалық және қауымдық. Жоғарғы сот инстанция ө патша соты болды. Оған патшаның өзі, бархмандар және тәжірибелі кеңесшілер кірді. Ол болмаған жағдайда бархман мен үш судьядан тұратын арнайы алқа – сабха сот өндірісін жүргізді. Жоғарғы сот ретінде патша жыл сайын кешірім жасау құқығын иеленді.

Процесс жарыспалы сипатқа ие болды. Азаматтық және қылмыстық істер бойынша процестің айырмашылығы болған жоқ. Алайда қылмыстардан бөлек сот процесіне арқау болатын 18 негіз ману заңдарында көрсетілген: қарызды төлемеу, кепілге беру, бөтен біреудікін сату, қоғамға қатысу, берілгенді қайтармау, жалақыны төлемеу, келісім-шартты бұзу, қожайынның бақташымен дауы, шекара туралы дау, ар-намысына қол сұғу және лақап әңгіме тарату, ұрлық, зорлық көрсету, ойнас жасау, мұраны бөлу, дауласу және сүйек ойнау.

Процес жәбірленуші тараптың талап-арыз беруімен басталды. Содан кейін істі жариялы тыңдау басталады. Талапкер мен жауапкер дәлеледемелерді өздері жинауы тиіс. Дәлелдеме ретінде куәгерлердің айғақ беруі қолданылды. Куәгерлердің касталары ескерілді, әйелдер, қарттар, балалар, құлдар, мүдделі тұлғалар куәгер бола алмады. Сонымен бірге ант беру қолданылды. Айғақтар мен ант беру болмаған жағдайда ордалиялар қолданылды.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. Ежелгі Үнді аумағында ең алғаш тайпа қалай аталды?

2. Ману заңы бойынша Үнді халық қандай Варнаға бөлінді?

3. Брахман қоғамда қандай орын алды және оның ерекшелігі неде?
Тақырып №6: Ежелгі Грецияның мемлекеті мен құқығы.


  1. Антика заманының мемлекеті мен құқығының ерекшеліктері.

  2. Ежелгі Греция мемлекеті мен құқығының даму кезеңдері.

  3. Афина мемлекеті мен құқығы.

  4. Спарта мемлекеті мен құқығы.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

  2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

  3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005

  6. Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.

  7. История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006

  8. Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000

  9. Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.


1-сұрақ:

Еуропа аумағындағы алғашқы мемлекеттер б.э.д. II-I мыңжылдықтарда Жерорта теңізінің бассейнінде құрылды. Өзінің саяси-құқықтық, әлеуметтік-мәдени дамуына сәйкес бұл кезең Антика заманы деп аталады. «Антика» термині XVIII ғ. Францияда Ежелгі Греция және Ежелгі Рим өркениеттерін белгілеу үшін пайда болған. Грек-Рим өркениетінің шеңберінде қалыптасқан саяси-құқықтық ұйымдарға бірқатар ерекшеліктер тән:



  1. Бұл елдер теңіз жағасында пайда болғандықтан, оның дамуына сауда-саттық зор әсер еткен. Бұл фактор меншіктің пайда болуын тездетті және сол арқылы таптық бөліністің негізін салды. Яғни, мемлекет Шығыстағыдай ірі-ірі қоғамдық жұмыстарды қажет етуден пайда болған жоқ, таптық қайшылықтарды шешу үшін құрылған. Нәтижесінде саяси-құқықтық дамудың бұл жолы қазіргі европалық және батыс елдерінің дара жолына айналды;

  2. Елдің шаруашылығы жеке тұлғаның меншігіне негізделген. Греция мен Римнің жерлері үлкен патшалық шаруашылықтың нығаюына келмеді. Бұнда саны көп құлдар арқылы мемлекеттік меншіктегі жерлерді өңдеу тиімсіз болды. Жер жеке шаруаларға меншікке берліді;

  3. Олар қала-мемлекеттер – полистер түрінде қалыптасты. Яғни, мемлекет деп арнайы басқару аппараты бар, шаруашылығы қалыптасқан қалалар танылды. Полис өзінің дамуы барысында басы бос меншік иелері мен жеке өңдеушілердің саяси және экономикалық дербестігіне сүйенді;

  4. Бұнда шексіз билікке ие шығыстық деспотия емес, азаматтардың тең құқылығына негізделген республикалық сипаттағы басқару нысандары қалыптасты. Жер сияқты ірі ресурстары аз мемлекет өз билігін абсолютті ете алмады;

  5. Құлиеленушілік сипатта болды, яғни, бұл мемлекеттер шаруашылғында құл еңбегін кеңінен қолданды, себебі, теңіз жағалауында орналасуы құл саудасының бұл аумаққа да тарауына әкелді. Нәтижесінде жеке шаруашылықтардың өзінде құлдардың еңбегі кеңінен пайдаланылды;

  6. Мемлекеттің дамуы қоғамда артықшылықтары бар аристократия мен дербес шаруашылық жүргізетін демостің арасындағы саяси және экономикалық күрестің нәтижесінде жүзеге асты. Дәл осы кезеңде басқарудың келесідей республикалық сипаты бар нысандары қалыптасты: демократия, аристократия, олигархия, плутократия және т.б.;

  7. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің құқығы полистің шеңберінде қалыптасқандықтан, діни-мифологиялық нысандардан ада зайырлы сипатта болды. Яғни, дін құқықтың қалыптасуына қатты ықпал еткен жоқ. Антикалық құқық жеке меншік иесі болып табылатын өндірушінің құқықтарын қорғауға бағытталды. Сол кезеңде құқықты қоғамда қалыптасқан түрлі әлеуметтік топтардың келісімі деп танылған. Заң мистикалық ережелердің жиынтығы емес, нақты жағдайды көрсететін және оны реттеуге бағытталған әмір ретінде қарастырылды. Сол себепті ауызша әдет-ғұрыптардың орнын жазбаша заң Ежелгі Греция мен Римде ерте басты. Осы ерекшелігінің арқасында рим құқығы құқықтық дамудың шарықтау шыңдарына жетті және қазіргі көптеген құқықтық институттардың негізін қалап кетті.


жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау