Шешімнің жобасы VІ шақырылған Өскемен қалалық мәслихаты



жүктеу 33,47 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі33,47 Kb.
#12249
түріКодекс

ШЕШІМНІҢ ЖОБАСЫ

VІ шақырылған Өскемен қалалық мәслихаты
_____


Азаматтық қызметшілер болып

табылатын және ауылдық жерде жұмыс

істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім

беру және мәдениет саласындағы мамандар

лауазымдарының тізбесін келісімдеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі келісілсін.

2. Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйегіндегі № 9/3-VI "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісімдеу туралы" шешімінің күші жойылсын.

3. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Р. Ахметжанов
Өскемен қалалық

мәслихатының хатшысы А. Светаш


«Өскемен қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Кусаинова
Өскемен қалалық

мәслихатының 2018 жылғы «____»____ № ______



шешіміне қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс

істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандар лауазымдары:

  1. басқару персоналы: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшының орынбасары;

  2. негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер (аға), диеталық мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;

  3. әкімшілік персонал: кітапханашы.

2. Білім беру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандар лауазымдары:

  1. басқару персоналы: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшының орынбасары және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда (кішіжиынтық мектептерден басқа), коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының басшысы, басшысының орынбасары: кішіжиынтық мектептерде, мектепке дейіңгі білім беру мекемелердің басшысы, әкімшілік-шаруашылық бөлім мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (мектепке дейінгі ұйымынан басқа) басшының орынбасары, әкімшілік-шаруашылық бөлім мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мектепке дейінгі ұйымының басшының орынбасары;

  2. негізгі персонал: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, логопед, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызмет жөніндегі консультант, иппотерапия жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы

  3. әкімшілік персонал: коммуналдық мемлекеттік мекемеде және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында басшысы (меңгеруші): кітапханашы, концертмейстер, көркемдік жетекшісі;

  4. қосымша персонал: кезекші әкімгер.

3. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ма-мандар лауазымдары:

  1. басқару персоналы: коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда басшысы, басшының орынбасары, кітапхананың меңгерушісі;

  2. негізгі персонал: жоғарғы, орта деңгейдегі, жоғарғы, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар: кітапханашы, аккомпаниатор, хормейстер, хореограф, мәдени жетекші (негізгі қызметінің), музыкалық жетекшісі, режиссер;

3) қосымша персонал: мұражай қараушысы.
жүктеу 33,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау