|
Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түзеткісі келеді? Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға»Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
|
бет | 5/15 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 443,8 Kb. | | #36860 |
| Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
Мұқаңның өлеңі «Әже,сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем» - деп басталады .Осы жолдарды оқығанда бірден есіме ақ жаулық киген әжелер түседі.Бейне бір ақ кимешек киген әженің сөзін естігендей болдым,сезінгендей болдым.Шынымды айтсам,»ақынды табындырған әжемен қазіргі таңғы әже бейнесін салыстыра талдап жазыңыз» деген сұрақ ешқашан ойыма келмепті.Әлде уақыт болмады ма? Көңіл аумады ма? Білмедім.Бірақ,бұл сұрақтар көңілімді ауғызып,жаңа ойларға жетелейді. Мұқағали туралы мен не білемін? Ол туралы біздің түсінігіміз көбінесе ақиық ақын, мұзбалақ сияқты ойлармен шектелуі де мүмкін.Ақынның ақ кимешек көрінсе өлеңін жазғандағы мақсаты не? Әлде сағынды ма? Әже бейнесі оны қаншалықты табындырды? Меніңше,бұлар өте маңызды сұрақтар,себебі олар бізді еріксіз ізденіске итермелеп,ақын өлеңінің терең сырына бойлауға жетелейді.Біреулер бұл сұрақтарды: «Маңызды емес!»-деп есептеуі мүмкін.
Аталмыш туындыда автор әжесіне ұқсаған,ақ кимешек киген әже арқылы өз әжесін асқан шеберлікпен суреттейді.Осы кезде жадыма шалқыған қанатты қиялын,өртеген іңкәрлігін сұрқай тірліктің тар қауызына сыйғыза алмаған Мұқаң тағдыры елестейді. Әлемдегі әжелер сияқты әлі күнге әжесін тірі екен деп бір жасарып қалғандай.
Ал енді мұны қазіргі әжелер бейнесімен салыстыра аламыз ба? Иә,автор айтып кеткен өлең біз үшін өте маңызды болып отыр. Себебі,мына әумесер заманда адам-адамды аямайтындай дәрежеге жеттік. Қазіргі кездегі әжелер үшін мына заман жайланарлық емес. Автордың сөзі өлеңде ашық көрсетілгенімен,өлеңдегі мына сөздер «...Ақ кимешек көрінсе,сені көрем, Ақ кимешек жоғалса... Нені көрем?» мені шын-шытырмақ ойға салды. Бірден әжесін өлі адамға телімеген ақынның астарлы ойы есіме орала кетті.Бұл менің әжесін сағынған ақынның арман аңсары екен деген ойымды бекіте түспек.Бұл жағынан мен ақынды жақтаймын. Бірақ, өкінішке орай, өзім өмір сүріп жатқан шақтың әжелері ақ кимешек киюден қалды. Ал ақынға әжесінің бір уыс аялы алақанының жылуын сезіну ауадай қажет.Екі ғасыр аралығы тым ұзақ емес.Өкінішке орай, бұл қазақты қатты өзгертіпті. Қарттарымыз сиреп,қадіріне жете алмай барамыз.
Осы өлеңді оқып шыққанда, мәселені талқылау барысында қолда бар нәрсемізден айырылып қалмайық деген ой түйдім.Оған өзгелері де зәру болуы мүмкін. « Ақ кимешек көрінсе сені көрем!» деген сөздер өлеңнің негізгі ойы болып табылады.Ол ой ақынның мінсіз үйлесіммен,әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезімін танытады. Қорыта келе, менің түйгенім, ақын жырлаған әже бейнесіне әрбір әже лайықты.Осынау сезім менің көркемдік әлемімді таныта түсетін құлақ күйім секілді. Өзім үшін түйген өмірдің бұл да бір сабағы іспеттес...
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|