Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы
2. Ортаңғы топқа арналған «Балақай» бағдарламасы
3. З.В.Лиштван
Конструирование
4. Т.С.Комарова
Занятия по изобразительной деятельности в детском саду
Москва «Просвещение» -1991
5. Р.С.Буре, Г.Н.Година
Учите детей трудиться
Москва «Просвещение» -1981
6. Ғаламтордан алынған материалдар
Құрастырушы-автор: Г.Ә.Досымова
Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,
№32 «Қызғалдақ» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы
ІІ-сәбилер тобына арналған «Дидактикалық ойындар» бағдарламасы
( Вариативтік компонент)
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен
еліктеудің маздап жанған оты.
Ойынсыз, музыкасыз, творчествосыз, фантазиясыз
толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.
В.М. Сухомлинский
Кіріспе
Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. Алайда жақсы, дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті, қалағаныңдай нәтиже бере алады. Ойын мектепке дейінгі тәрбиешілердің бірден - бір көмекшісі десек те болады.
Дидактика - термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді. К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескеріп, былай деп жазады: «Бала табиғаты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді».
Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар (Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев,Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, т. б) өз еңбектерінде айтып кеткен. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Дидактикалық ойындар арқылы баланың математикалық қабілеттерін оятудың әсерін Ресей ғалымдары Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, А. М. Леушина, Е. И. Щербакова, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. Дидактикалық ойындардың ықпалын баланың сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запорожец, А. Д. Кошелева және т. б. белгілеген. Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылайды және ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл - ой қызметін қалыптастырады. Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те.. Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс -әрекет.
Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері:
1. Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану;
2. Заттардың қасиеттері туралы балалар түсініктерін кеңейту;
3. Заттарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету;
4. Заттардың функционалды қызметтеріне қарай топтастыру іскерліктерін дамыту;
5. Дидактикалық ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу және ақыл - ой белсенділігін арттыру.
Мазмұны:
Заттардың сенсорлық қасиеттеріне зейіндерін аудару ойындары
Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын және сенсормоторлық кеңістік, «көз, қол» үйлесімділігін дамыту ойындары
Заттардың ерекше қасиеті, түсі, көлемі, пішінін көрсету ойындары
Балалардың тілін, сөздік қорын дамыту ойындары
Эстетикалық талғамын, шығармашылық қиялдау қабілетін дамыту ойындары
Тақырыптық жоспар үлгісі
|
Ойынның тақырыбы
|
Сағаты
|
Мақсаты
|
Шарты
|
Көрнекілігі
|
1
|
«Әдемі гүл»
|
1
|
Түстер туралы ұғымын бекіту,түстердің атын білуге машықтандыру,түрлі түсті бояудағы түстерді сәйкестендіруге үйрету,саусақ моторикасын дамыту
|
Топқа гүл тістеген күшіктің кіруімен ғажайып сәт ұйымдастырылады. Күшік аузына тістеп кірген гүл шоғын терең дем алып иіскейді де, тыныс шығарған кезде гүлдер шашырап кетеді. «Ой балалар, мына гүлдерім шашылып қалды ғой, сендер маған көмектесесіңдер ме?» -деп сұрақ қояды. Ол үшін гүлдердің түстерін анықтайық. Әрқайсың жерден жинап алған гүлдің түсін атауларың керек. Енді осы түстерге сәйкес көбелектерді қондырайықшы-деп ұсыныс жасалады
|
Түрлі –түсті гүлдер, көбелектер
|
2
|
«Әуе шарлары»
|
1
|
Берілген үлгіге қарап түстерді сәйкестендіріп таңдау жолдарымен таныстыру
|
Балаларға «Әуе шарлары» ойынын ойнайтындығы айтылады. « Балалар,түрлі түсті әуе шарлары мен осы түстес жіптеріміз бар.Қазір фланелеграфта жіптер пайда болады» -деп бірдей арақашықтықта тігінен алты жолақшаны фланелеграфқа орналастырады. «Енді әрбір жіпке түсіне қарай шарларды байлаймыз» -деп 1-ін көрсетіп,қалғандарын балалардың өздеріне жасау ұсынылады.Әрі қарай балалар үлестірмелі заттармен жұмыс жасайды
|
Магнитті тақта немесе фланелеграф, жіңішке картон жолақшалары (15х0.5 см) 6 түсті, диаметрі 10 см 6 түсті дөңгелек,
Үлестірмелі заттар: әртүрлі жолақшалары бар ақ парақты жолақша
|
3
|
«Не қайда тұрады?»
|
1
|
Ойын арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту
|
Балаларға иттің, қоянның, қойдың,торғайдың т.б суреттерін көрсетіп сұрақтар қою арқылы , әрқайсының тұру орталарына орналастыру қажеттігі түсіндіріледі (итке-үйшік, торғайға ұя, қойға-қора, қоян-қоршауға)
|
Жануарлардың және олардың тұратын орталарының суреттері
|
4
|
«Суреттерді құрастыр»
|
1
|
Талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік арақатынастарының заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту
|
Балаларға кез-келген кесілген суреттер таратылады да, осы суреттерден бүтін суреттер құрастыру керектілігі түсіндіріледі
|
әр түрлі суреттер: жемістердің,көкөністердің немесе ойыншықтардың суреттері
|
5
|
«Жемістерді жина»
|
1
|
Қалыпты көлемдегі заттарды берілген үлгіге қарай көз мөлшермен анықтауды дамыту
|
Тәрбиеші балаларға алма ілінген ағашты көрсетіп: - «Балалар кішкентай алмаларды кішкентай кәрзеңкеге,орташаны орташа кәрзеңкеге, ал үлкен алмаларды үлкен кәрзеңкеге салуларың керек» -деп ортаға 3 баланы шығарады,алмаларды үзуді тапсырады.Ойын аяқталған соң алмалар қайтадан орнына ілініп, ойын әрі қарай жалғасады
|
3-түрлі көлемдегі үлкен,орташа,кішкентай,
3-кәрзеңке үлкен,орташа,кішкентай,
картоннан қырқылған алма және алма ілінген ағаштар
|
6
|
«Үлкен-кіші»
|
1
|
Түстер туралы білімдерін бекіту,заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету.Үлкен-кіші, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту
|
Әр түрлі көлемдегі ойыншықтар мен жануарлардың суреттерін атай отырып көлемдерін ажыратады
|
Ойыншықтар мен жануарлар суреттері
|
7
|
«Түсіне қарай таңда»
|
1
|
Түстер туралы ұғымдарын кеңейту,ойынға қызығушылығын арттыру
|
«Балалар, бүгін біз «Түсіне қарай таңда» ойынын ойнаймыз.Сендердің қолдарыңда түрлі түсті бөліктері бар кілемшелер бар. Қараңдаршы, қандай әдемі ойыншық» -деп көк машинаны көрсетеді. Бұл көк түсті машина. Ал мынау не?-қызыл түсті машина. Бұлардың айырмашылығы неде? (түстерінде) Ал енді кілемшенің ұяшықтарына түстері сәйкес келетін ойыншықтарды таңдаңдар-деп балаларға тапсырма береді. Енді біздің машиналарымыз кілемшелерге жасырынып қалды деп, ойынды әрі қарай жалғастырады
|
30х20 см картон кілемше 6-бөлікке бөлінген. Бөліктері 10х10 см
|
8
|
«Сипаттамасы бойынша тап»
|
1
|
Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту
|
Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады. Мыс.: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық» -бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.
|
Жануарларды бейнелейтін ойыншықтар
|
9
|
«Түрлі түсті сарафан»
|
1
|
Балаларға түстердің өзгеруін көрсету арқылы,бір түстен екінші түске көшу және түстер арасындағы байланысқа назар аударту
|
Балаларға айналмалы тұғыр және әр түсті қағаздан қырқылған дөңгелек пішіндер таратылады.Тәрбиеші: «Балалар, бүгін бізге көңілді биші қыз қонаққа келді. Қараңдаршы оның үстіндегі сары түсті сарафаны қандай әдемі! Қуыршақтың бұдан басқа да түрлі- түсті сарафаны өте көп екен» -деп қағаздан қырқылған дөңгелектерді көрсетеді. Балалар бұл сарафандар жәй сарафан емес,сиқырлы сарафан екен,ол билеп кетсе болғаны сары-жасылға, қызыл-күлгінге айналады екен деп тұғырды айналдыра отырып көрссетеді
|
Орамал мен сарафаны бар қыздың бейнесі орналастырылған тұғыр, диаметрі 4.5 см қызыл,сары,көк түсті қырқылған дөңгелектер
|
10
|
«Таныс пішіндер доминосы»
.
|
1
|
Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру
|
Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді
|
Пішіндер бейнеленген суреттер
|
11
|
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
|
1
|
Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру
|
Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу
|
Ұзындығы , жуандығы, түсі әртүрлі ленталар
|
12
|
«Әдемі пішіндер» ойыны
|
1
|
Баланың шығармашылық іздену іс-әрекетін белсендіру, фантазиясын дамыту,геометриялық пішіндерден түрлі бейнелер құрай білуге үйрету
|
Ойын үшін алдын ала геометриялық пішіндер жинағы дайындалады. Тәрбиешілер балаларға геометриялық пішіндерден түрлі заттар бейнесін жасауды сұрайды, мысалы, геометриялық пішіннен жануар бейнесін жасайды
|
Геометриялық пішіндер
үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек,сопақша
|
13
|
«Суретті тіз»
|
1
|
Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету
|
Тәрбиеші балалардың алдына суреттерді қояды да атайды. Сосын оларды бірінші дыбысын есітуіне қарай топтастыруын сұрайды. Мыс. : с- сабын,сүлгі,сурет,сиыр,сарымсақ
п-пальто,піл,пияз,парақ,парта т.б
|
Әр түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер.Әр дыбысқа бірнеше суреттер
|
14
|
«Кім не жейді?»
|
1
|
Логикалық ойлауды,сөйлеуді,
талғамды,байланыс құруды және түсіндіре білуді дамыту
|
Өсімдіктер мен жануарлары бар кәртішкелер жинағын дайындайды. М/ы: шөп-қоян-қасқыр: шаян-балық-итбалық-ақ аю:шырша бүршігі-тиін-сусар:өсімдік (шырын)-көбелек-бақа-құтан және т.б. Балаларға кәртішкелер таратылады.(кәртішкелерді лайықты суреттермен бетперделермен ауыстыруға болады)
|
Өсімдіктер мен жануарлар бейнеленген суреттер
|
15
|
«Шыршаны безендіреміз»
|
1
|
Түстеріне қарай топтастыруға үйрету
|
Балаларға шырша ойышықтарының силуэттері таратылады. Мольбертке шырша бейнесі бейнеленген планшет орналастырылады. Тәрбиеші: -«Балалар жақында бізде жаңа жыл мерекесі келе жатыр.Соған біз шыршамызды түрлі түсті ойыншықтармен безендіріп қояйық»-деп ұсыныс тастайды. Әрқайсыларыңның қолдарыңда белгілі бір түсті ойыншықтарың бар, мен қазір бір түсті атаймын, сол түс кім де бар , сол бала шыршаға келіп ойыншықты іледі.Бірінші қызыл түс,сонан соң сарғылт,сары,жасыл, көк,көгілдір т.с.с
|
Планшет 30х50 шырша бейнеленген.
Түрлі түсті қағаздан қырқылған 2 шт шырша ойыншықтары
|
16
|
«Апта күндері»
|
1
|
Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету
|
Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады
|
Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка
|
17
|
«Сипатына қарай шешуін тап»
|
1
|
Заттарды қасиетіне қарай айыра білуге тәрбиелей отырып, байқампаздыққа баулу
|
Тәрбиеші суреттер көрсетеді. М/ы: ақшақардың суреті – «Балалар сендердің алдарыңда ақшақардың суреті бейнеленген кәртішкелер бар. Бір қарағанда олардың бәрі бірдей сияқты,бірақ анықтап қарасаңдар оларда өзгешеліктер бар.Осыған байланысты сендерді суреттегі ұқсастықтар мен өзгешеліктерді байқап тез анықтауға шақырамын». Ақшақардың бетінде қандай өзгірістер бар?
-екі көзі,бір қызыл мұрыны бар
-бастарында ше?
-біреуінде шелек,екіншісінде кастрюль
-қолдарыңда қандай өзгерістер көріп тұрсыңдар?
-сыпырғыш,күрек,таяқшалар біреуінде оң, ал екіншісінде сол қолдарында
-түймелері нешеу?
-үш,төрт т/б
|
Заттық суреттер:ақшақарлар,
жиналмалы қуыршақтар,жатпайтын қуыршақтар,көбелектер,
аюлар, біркелкі мөлшерде әр түрлі өзгерістерімен
|
18
|
«Түрлі түсті моншақтарды тізу»
|
1
|
Түстеріне қарай кезектестіріп тізуге үйрету
|
Қонаққа қуыршақ немесе аю келеді , өзімен бірге моншақтарды әкеліп, әдемі моншақ жасауға көмектесулерін сұрайды.
Тәрбиеші екі түсті моншақты қолына ұстай отырып,бірінші қызыл, сонан соң ақ моншақты тіземіз –деп көрсете отырып балалардың орындауларын қадағалап отырады
|
Ақтүсті -8 қызыл түсті -8 моншақтар, диаметрі-2 см. Жіптер және қорапшалар
|
19
|
«Иісі бойынша анықта» ойыны
|
1
|
Сезім түйсігін, қоршаған ортаға қызығушылығын дамыту
|
Тәрбиеші баланың көзін таңып байлап, табаққа кезекпен түрлі жемістер мен көкөністерді салады, мысалы: алма, лимон, пияз, қызылша, сәбіз және т.б. Бала бұл қандай жеміс немесе көкөніс екенін исі бойынша анықтап, оларды атайды
|
Жеміс-жидектер
|
20
|
«Гараждар»
|
1
|
Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету
|
Ойынның мазмұны: балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады
|
Бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар
|
21
|
«Кімге не керек»
|
1
|
Түрлі мамандықтың еңбек құралдарын танып айта білуге үйрету
|
Тәрбиеші тақтаға әр түрлі мамандық иелерінің суретін орналастырады.Үстел үстінде мамандықтарға қажетті құрал жабдықтар бейнеленген кәртішкелер. Тәрбиеші осы бейнеленген кәртішкелерді сәйкестендіріп, өз мамандық иелерінің қасына орналастыру керектігін түсіндіреді.
М/ы: тігіншіге-ине,құрылысшыға-қалақ, мұғалімге-кітап т.б
|
Әртүрлі мамандыққа қажетті құрал-жабдықтар бейнеленген карточкалар
|
22
|
«Бұлар нелер?»
|
1
|
Әрбір үй жануарларының төлдерінің аттары мен жабайы жануарлардың аттарын үйрету
|
Балаларға суреттер көрсету арқылы олардың атауларын, немен қоректенетінін, тіршілігін айту.
М/ы: мысық-сүт-үй жануары, қасқыр-ет-жабайы аң т/б
|
Үй және жабайы жануарлар суреттері
|
23
|
«Тәрелкесіне қарай кесесін таңда»
|
1
|
Түстер туралы ұғымдарын кеңейту
|
Тәрбиеші қызыл,жасыл,сары түсті ыдыстарды полотноға орналастырып былай деп әңгімелейді: Дүкенге алдымен тәрелкелерді әкелді. Дүкеншілер оларды сөрелерге орналастырды.Жоғарғы сөреге сары түсті ,ортаңғы сөреге жасыл түсті,төменгі сөреге қызыл түсті тәрелкелерді орналастырды.Балаларға сұрақ қойып қайталатады.Сонан соң кеселерді әкелді. Қане, балалар дүкеншілерге кеселерді тәрелкелерге түстеріне қарай орналастыруға көмектесейікші-деп балаларды ойынға шақырады.
|
Картоннан қырқылып полотноға орналастырылғанәр түсті кеселер мен тәрелкелер
|
24
|
«Қане, сөйлесейік» ойыны
|
1
|
Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік сезімдерін арттыра отырып, қуанышты көңіл-күй сыйлау, байланыстыра сөйлеу қабілетін жетілдіру
|
Тәрбиеші нақты тақырыпты таңдайды. Мысалы, анаңның туған күніне сыйлық таңдау. Тақтада әр түрлі сыйлықтар орналастырылған.
Тәрбиеші балаларға осы тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды:
-Бүгін сендердің аналарыңның туған күні делік, сен анаңа не сыйлар едің?
- Сен неліктен осы сыйлықты таңдадың?
- Бұл затпен не істеуге болады,сен қалай ойлайсың?
|
Гүл,күн,ыдыстар,шаңсорғыш,еттартқыш,жихаздар т/б
|
25
|
Жыл мезгілі
|
1
|
Балалардың тілін дамыта отырып, байқампаздыққа баулу. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырату
|
Мольбертте 4 жыл мезгілінің суреті орналастырылған. Балаларға 4 жыл мезгіліне байланысты табиғат құбылыстары бейнеленген кәртішкелер таратылып беріледі.Тәрбиешінің сұрағына байланысты қай зат қай мезгілде қолданылады, кәртішкелерді соған сәйкес орналастырады
|
Табиғат құбылыстары бейнеленген кәртішкелер
|
26
|
«Әркімге өз үйі»
|
1
|
Қолмен саусақ ұштарының қимылдарын және сенсамоторлық кеңістікті «көз», «қол» үйлесімділігін дамыту.Түстерді ажыратуға үйрету
|
Балаларға аңдардың суретін көрсетіп сұрау:
-Сендер мына аңдарды білесіңдер ме?
-Аңдарға үйлерін табуға көмектесеміз бе?- деп дайын үйлер терезесіне бейнеленген аңдарды орналастырады
|
6-түсті (қызыл,сары,жасыл,көк,қоңыр,қызылсары) үй және аңдардың (қоян,қасқыр,аю,түлкі,кірпі,тышқан) суреттері
|
27
|
«Әр құсқа өз орны»
|
1
|
Суда жүзетін,жыртқыш және батпақта болатын құстар жайлы қысқаша хабарлама жасау
|
Тәрбиеші таблицадағы құстар жайлы шағын әңгіме тыңдауды ұсына отырып, құстардың аяқтарының құрылымдарына,тұмсықтарына,ерекше назар аударуларын сұрайды. Өйткені бұл сипаттамалар құстардың тіршіліктерінің белгілері болып табылады.
Бүркіт туралы әңгіме
Бүркіт –жыртқыш құс.Ол құстармен аңдарды аулап өмір сүреді.Ол биікте отырып , жердегі қорегін аңдиды.Ол бүгілген тырнағы мен мықты аяғы және иілген мықты тұмсығы арқылы өз қорегін жібермей ұстайды.
Тырна
Өзен , көл жағалауындағы батпақтарда өмір сүреді.Оның мойыны,тұмсығы, аяғы ұзын болып келеді. Ол көлдердегі су жәндіктерімен қоректенеді.
Қаз
Өзен,көлдерде жабайы қаздар болады.Олардың аяқтарының табан асты бұлшық еті болады. Қаздар сондықтан суда тез жүзе алады. Ұзын мойынын суға тығып өз қорегін табады.
Сонан соң тәрбиеші балаларды бір-бірлеп қасына шақырады. Әр бала бір суреттен алып бүркіттің,тырнаның немесе қаздың қасына орналастырады. М/ы: жапалақты бүркіттің қасына орналастырдым,өйткені ол да жыртқыш құс т.б
|
1).9 бөлікке бөлінген таблица,бірінші қатарда:бүркіт,тырна,қаз
2).Құстар бейнеленген суреттер(жапалақ-жыртқыш құс,тырна батпақта, аққу,үйрек-суда жүзетін)
|
28
|
«Дүкен» ойыны
|
1
|
Заттарды сипаттай алу, оның бар белгілерін табу, затты сипаттамасына орай тануды дамыту
|
Тәрбиеші балаларды жартылай шеңбер бойына отырғызып, балаларға айтады: «Бізде жаңа дүкен ашылды. Онда қандай жаңа ойыншықтар бар екенін көрейік. Сендер ойыншық сатып аласыңдар ма? Ол үшін ереже сақтау керек. Ойыншықтың атын атамай, көрсетпей, сипаттап беру керек». Сипаттауға қарай сатушы өзі тауып, алып береді. Қысқа санамақтың көмегімен балалар сатушыны таңдайды. Тәрбиеші ойыншықты сатып алу ережесін көрсетеді. Тәрбиеші: - «Мен ойыншық сатып алғым келеді. Қоңыр, маймақ аяқ, балды жақсы көреді». Сатушы сатып алушыға ойыншық аюды береді. Ойын барлық қатысушылар өздеріне ойыншық алып болғанға дейін созылады.
|
Ойыншықтар, суреттер
|
29
|
«Мені кім шақырды?» ойыны
|
1
|
Өз құрбы-құрдастарының дауысын тани білуді дамыту
|
Балалар шеңбер бойына тұрады, бір балаға шеңберден шығуын сұрайды, бірнеше қадам жерде шеңберге арқасымен тұруы тиіс. Тәрбиеші шеңберден шыққан баланы шақыратын баланы таңдайды. Шыққан бала қайта келіп, кім шақырғанын айтуы керек:
- Мені шақырған сен, Аңсар.
Егер бала дұрыс тауып, бірақ есімін ұмытып қалса, шақырған баладан сұрауына болатындығын тәрбиеші айтып ескертеді. Әдетте балалар ең алдымен саусақпен көрсетеді. Сондықтан тәрбиеші қадағалап, толық жауап беруін талап етуі тиіс
|
|
30
|
«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
|
1
|
Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту
|
Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «Алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
|
Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері
|
31
|
«Үйдің есігін жабайық»»
|
1
|
Заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту
|
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну
|
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері
|
32
|
«Кім есінде көп сақтайды?»
|
1
|
Көзбен көріп есте сақтауын дамыту
|
Тәрбиеші балаларға кезекпен бірнеше суреттер көрсетеді, онда әртүрлі заттар бейнеленген. Балалар мұқият қарап, 1-2 минут аралығында есте сақтайды. Содан кейін тәрбиеші суреттерді алып тастайды да, балаларға оларды атау керектігін, яғни кім қайсысын есінде сақтағанын сұрайды. Кім көп атаса, сол – жеңімпаз болады
|
Алма,жүзім, банан, өрік т.б жемістердің суреттері
|
33
|
«Бақша да ма,бау да ма?»
|
1
|
Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру.Олардың айырмашылықтарын түсіндіру
|
Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады.Сонан соң көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қатыстырады
|
Жемістер мен көкөністердің суреттері
|
34
|
«Сыпайы болу» жаттығуы
|
1
|
Ойлауды, сөйлеуді дамыту, ересектерге және құрдастарына сыпайы қатынас жасауға және өтініш білдіруге үйрету
|
- Балалар, сиқырлы сөздер бар, яғни олар көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Бүгін біз дұрыс және сыпайы өтініш жасауды үйренеміз.
- Сіздің өз құрдасыңызға өтініш білдіргеніңізді елестетейік. Оны қалай жақсартуға болады? Қалай ойлайсыздар?
Міндетті түрде атын атап, көзіне қарап, «өтінемін» сөзін ұмытпау керек. Байқап көрелік:
- Аңсар, өтінемін, допты маған берші.
- Гүлнәр, егер қиын болмаса, ойыншықтарды жинауға көмектесші.
- Арай, маған түймемді салуға көмектесші, өтінемін.
- Ал, енді көшеде бейтаныс адамнан дүкеннің қайда екенін сұрау керек болса, былай айтуға болады:
Ғафу етіңіз, ...
Кешіріңіз, ....
Маған көмектесіп жіберіңізші, өтінемін....
Жағдайға байланысты бірнеше нұсқаны ойнап көрсету керек.
Егер тәрбиешіге, анаңызға немесе ересектердің бірінен сұрағыңыз келсе, ал ол кісі сол сәтте басқа біреумен сөйлесіп отырса, не істеуге болады?
«Кешіріңіз, өтінемін, сөзіңізді бөлейін, Сізді бола ма?»
«Кешіріңіз, Сіздерге кедергі келтіргеніме, сұрақ қойсам бола ма?»
Сіздер сыпайылық ережесін және жақындарыңызға қуаныш сыйлауды ұмытпайсыздар деп сенемін
|
|
35
|
«Кім қандай, айтып бер» ойыны
|
1
|
Жануарлардың ерекше белгілеріне, сыртқы пішініне, әрекеттеріне назар аударуға үйрету
|
Тәрбиеші балаларға әртүрлі жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, қандай жануар екенін, не істей алатынын айтады. Мысалы: Түлкі, қызыл-сары, өте қу, айлакер. Ол орманда, далада өмір сүреді, тышқан, қоян аулайды.
Басқа жануарларға да қатысты сипаттама беріледі
|
Жануарлардың суреттері
|
36
|
«Түрлі түсті заттар» ойыны
|
1
|
Түстеріне қарай заттарды топтастыра білуді үйрету
|
Тәрбиеші балалармен бірге шеңберге тұрады және ойын ережесін түсіндіреді: «Менің қолымда доп бар. Мен бір түсті атаймын да, біреулеріңе допты лақтырамын. Допты кім ұстап алды, сол осы түсті затты атауы керек, содан кейін кез келген түсті атап, тағы біреуге допты лақтырады. Ол қағып алып, затты атайды және т.с.с. Мысалы, «жасыл» (тәрбиеші жасыл түсті заттарды есіне түсіру үшін кішкентай үзіліс береді) және Динаға допты лақтырады. Дина «қияр» деп жауап береді. Дина жауап берген соң, допты келесі ойыншыға «көгілдір» деп лақтырады және т.б. Бір түс бірнеше рет қайталануы мүмкін, себебі бір түсті заттар көп. Ойында тез жауап бере алу керек
|
Доп
|
Барлығы 36 сағат
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты
2. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы
3. «Балдәурен» бағдарламасы
4. Л.А.Венгер, Э.Г.Пилюгина, Н.Б.Венгер
Воспитание сенсорной культуры ребенка
5. «Ойнайық та, ойлайық» әдістемелік құрал
Астана, 2010жыл
6. В.В Гербова,Р.А Иванкова, Р.Г Казакова
Воспитание детей во второй младшей группе детского сада
7. Шығармашылық дарындылықты дамыту бағдарламасы
«Рауан» баспасы
8. В. И. Логинова, А. И. Максаков, М. И. Попова
Развитие речи детей дошкольного возраста
9. Мектепке дейінгі педагогика
Астана-2012
10. Н.Н.Подьякова
Сенсорные воспитание в детском саду, Просвещение- 1981 г
11. Ф.Н. Жұмабекова
Бейнелеу өнері бойынша дидактикалық ойындар, Алматы «Рауан»- 1994 жыл
Құрастырушы-автор: Р.Ш.Ибраева
Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,
№4 «Қуаныш» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы
Ортаңғы топ балаларына арналған «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту» бағдарламасы
( Вариативтік компонент)
Кіріспе
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты талаптарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту жұмыстарын жүргізуде үстел-үсті, қуыршақ, конус, саусақ театрларының, сонымен бірге сахналық қойылымдардың рөлі өте үлкен. Сахнада балалар өздерін ертегі кейіпкерлерінше сезініп, ой-қиялдарын ұшқырлайды. Өздері сүйіп тыңдайтын ертегі кейіпкерлерінің бейнелерінде ойнау - олар үшін зор қуаныш сезімін тудырады. Сахналық қойылымдар мазмұны арқылы балалар лексиканы меңгереді, диалогке түседі, ертегідегі жануарлардың дауыстарын, қимылдарын айнытпай салып, барынша көрсетуге тырысады. Соның нәтижесінде, балалардың шығармашылығы дамиды, қызығушылықтары артып, қуанады.
Тәрбиешімен бірлескен шығармашылық барысында қабілетті, мектепке дейінгі бала тұлғасын дамытуға мүмкіндік туады. Ұлы педагог А. Сухомлинский: «Скрипа ұстаған адам жамандық жасай алмайды» - дегенді жиі қайталаған. Олай болса, театр мен көркем өнер арқылы бала көкірегіне сондай скрипка ұялатып, оны ойната білу педагогтің басты міндеті болмақ.
Мақсаты:
Сахналық қойылымдар арқылы балалардың шығармашылығын дамыту
Міндеттері:
Ертегі мазмұнын сахналау арқылы 4-5 жастағы балалардың тіл байлығын жетілдіру;
Дауыс ырғағы арқылы ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын көрсете білуге үйрету;
Әр-түрлі рөлдерге ойнай білу қызығушылығын дамыту;
Басқа балалармен ұжымдық қарым-қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру;
4-5 жастағы балаларды сахна мәдениетіне тәрбиелеу.
Мазмұны:
Бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін 2-3 рөлдік қойылымдарға қатысу
Балалардың арман, қиялдарын дамытатын көріністер
Көркемдік образдық бейнелеу құралдарын: екпін, ым,ишара, жүріс-тұрысты пайдалану
Ертегілер мен әдеби шығармаларды сахналау
Тақырыптық жоспар үлгісі
№
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
Өтілу түрі
|
Мақсаты
|
Көрнекілігі
|
1
|
«Күшік досын қалай тапты» ертегісі
|
1
|
Үстел -үсті театры
|
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар бере отырып, ертегіні желісі бойынша әңгімелеуге үйрету
|
Ертегі мазмұны бойынша безендірілген үстел-үсті театры, жылжымалы күшік, қоян, түлкі, қасқыр,қонжық,бала,үй макеттері және т.б. көрнекіліктер
|
2
|
«Күшік досын қалай тапты» ертегісін сахналау
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Рөлдер арқылы ертегі кейіпкерлерін дауыс ырғағымен айтуға үйрету. Кейіпкерлер сөздерін жаттау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, тіл байлығын жетілдіру
|
Эстетикалық талапқа сай безендірілген сахна : орман бейнесі, орманшының үйі,күшік, қоян, түлкі, қасқыр,қонжық,баланың киімдері, үнтаспа және т.б көрнекіліктер
|
3
|
«Үйшік» ертегісі
|
1
|
Қуыршақ театры
|
Қуыршақ театры арқылы балаларға ертегі желісін толық әңгімелеу. Ертегіні көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту
|
Әсем әрі ертегі мазмұнына сай безендірілген қуыршақ театрының ширмасы және, тышқан, бақа, қоян, қасқыр, көбелек, тиын, түлкі және аюдың қуыршақ театрына арналған бейнесі. Ертегі мазмұнына сай әуендер және т.б. көрнекіліктер
|
4
|
«Үйшік» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Достық қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу. Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау және оларға өзінің қатынасын білдіру іскерліктерін қалыптастыру
|
Эстетикалық талапқа сай безендірілген сахна: құрастырылмалы үйдің, ағаш шөптердің макеті, тышқан, бақа, қоян, қасқыр, көбелек, тиын, түлкі және аюдың киімдері, үнтаспа және т.б. көрнекіліктер
|
5
|
«Көкөністер айтысы» ертегісі
|
1
|
Конус театры
|
Конус театры арқылы ертегі желісімен таныстыру. Ертегідегі көкөністердің ерекшеліктері туралы әңгімелей отырып, табиғатты аялауға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
|
Ертегі мазмұнына сай безендірілген үстел үсті театры. Бау-бақшаның, қоршаудың ,жеміс ағаштарының жылжымалы конус макеттері және т.б. көрнекіліктер
|
6
|
«Көкөністер айтысы» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Ертегідегі рөлдік диалогтерді балалардың аша білуіне, қарым-қатынаста сыпайылықты сақтау іскерліктеріне мүмкүндіктер туғызу
|
Эстетикалық талапқа сай безендірілген сахна: бау-бақша, қоршаудың ,жеміс ағаштарының макеттері. Көкініс бейнелерінің киімдері. Ертегі мазмұнына сәйкес әуендер және т.б. көрнекіліктер
|
7
|
«Үш аю» ертегісі
|
1
|
Қолғап театры
|
Қолғап театры арқылы ертегі мазмұнын әңгімелей отырып, мейірімді, қайырымды және басқа да игі қаситтерді бойына сіңіруге үйрету
|
Ертегі мазмұнына сай безендірілген үстел үсті театры : орман, аю үйшігі, ертегі кейіпкерлері бейнеленген қолғаптар және т.б. көрнекіліктер
|
8
|
«Үш аю» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Балаларды қойылымға қатыстыра отырып , рольдерді сомдауға, образға ене білуге үйрету, шығармашылықты жетілдіру
|
Эстетикалық талапқа сай ертегі мазмұны бойынша безендірілген сахна: орман, аю үйшігі, үй іші жабдықтары, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, ертегі мазмұнына сай әуендер және т.б. көрнекіліктер
|
9
|
«Дос іздеген бота» ертегісі
|
1
|
Фланелеграф арқылы
қойылым
|
Ертегі мазмұнымен таныстыру, жетекші сұрақтар қою арқылы ертегіні әңгімелеуге үйрету және достық сезімге тәрбиелеу
|
Фланелеграф, ертегі мазмұнын бейнелейтін, суреттер және т.б. көрнекіліктер
|
10
|
«Дос іздеген бота» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Сахналық қойылым арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу
|
Эстетикалық талапқа сай безендірілген сахна: үйдің , қораның макеттері, гүлдер мен шөптер,түйе, күшік,бота,мысық, қозы, әтеш, лақ, араның киімдері, ертегі кейіпкерлерінің қимылына сай жетекші әуендер және т.б. көрнекіліктер
|
11
|
«Түлкі мен ешкі» ертегісі
|
1
|
Саусақ театры
|
Саусақ театры арқылы ертегі мазмұнымен таныстыру, ертегі кейіпкерлерінің мінез құлықтарын ажырата білуге үйрету
|
Саусақ театрына арналған түлкі мен ешкінің бейнелері
|
12
|
«Түлкі мен ешкі» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Балаларды ұсынылған рөлдерді ойнау барысында өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдылары мен адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерді көрсетуге баулу
|
Эстетикалық талапқа сай безендірілген сахна: шөптер мен талдар, құдық макеті,түлкі мен ешкі бейнесіндегі киімдер, ертегі мазмұнына байланысты әуендер және т.б. көрнекіліктер
|
13
|
«Ормандағы емхана» ертегісі
|
1
|
Қуыршақ театры
|
Балалармен бірге ертегі қойылымын қуыршақ театры арқылы ойнап көрсету және табиғатты қорғау сезімдерін күшейту, шығармашылықты дамыту
|
Безендірілген қуыршақ театрының ширмасы: жылжымалы ормандағы ағаштардың макеттері, гүлдер , ағаштан жасалған мектеп , ағаш түбіртектері, қуыршақ кейіпкерлер, ертегі мазмұнына сай әуендер
|
14
|
«Ормандағы емхана» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Сахналық қойылым арқылы бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту, көңіл-күймен, қуанышты жағдай тудыру, музыкаға сәйкес ширақ қимылдар жасауға үйрету
|
Эстетикалық талапқа сай безендірілген сахна: ормандағы ағаштардың макеттері, гүлдер , ағаштан жасалған мектеп ,ағаш түбіртектері. Қарлығаш кейіпінде мұғалім, тоқылдақ кейіпінде орман елшісі, қасқыр,түлкі, қоян, тышқан,аю костюмдері, ертегі мазмұнына сай әуендер
|
15
|
Ш.Перо ертегісі «Күл-қыз»
|
1
|
Фланелеграф
|
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру , жетекші сұрақтар арқылы ертегіні әңгімелеуге үйрету, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
|
Фланелеграф, ертегі мазмұнына байланысты кейіпкерлердің суреттері
|
16
|
Ш.Перо ертегісі «Күл-қыз».
|
2
|
Сахналық қойылым
|
Ертегіге деген қызығушылығын арттыра отырып, кейіпкерлердің образдары бойынша ойнай білу қабілетін дамыту
|
Эстетикалық талапқа сай ертегі мазмұнына байланысты безендірілген сахна: үй іші бейнеленген макеттер,ыдыс аяқтар, сыпырғыш,үй жиhаздары, хан сарайының макеті, арба, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, ертегі мазмұнына сай әуендер
|
17
|
«Не дәмді?» ертегісі
|
1
|
Үстел-үсті театры
|
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, үстел-үсті теарты арқылы сөйлеу тілін дамыту, дауыс ырғағын келтіре орындап жүйелі баяндауға үйрету
|
Ертегі мазмұнына сай безендірілген үстел-үсті театры, жылжымалы үй, қоралардың макеті, үйшік, астау макеттері, тауық,ит, қоян, ешкі, мысықтың кейпін бейнелейтін жылжымалы бейнелер
|
18
|
«Не дәмді?» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Өз рөлдерін сахналау шығармашылығын дамыту және өнерге деген қызығушылығын арттыру
|
Әсем безендірілген сахна: үй, қоралардың макеті, үйшік, астау макеттері, тауық,ит, қоян, ешкі, мысықтың костюмдері, ертегі мазмұнына сай әуендер
|
19
|
«Түлкі мен тырна» ертегісі
|
1
|
Саусақ театры
|
Ертегіні саусақ театры арқылы әңгімелеу ,ертегі мазмұнымен таныстыру.
Балалардың диалогты сөйлей білу қабілеттерін арттыру
|
Саусақ театрына арналған ертегі кейіпкерлерінің бейнелері
|
20
|
«Түлкі мен тырна» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Ертегіні сахналай отырып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін нақты сипаттай білуге үйрету, шығармашылығын дамыту
|
Ертегі мазмұнына сай безендірілген сахна: орман ағаштары мен шөптер,көлдің макеттері, түлкінің, тырнаның безендірілген үйлері, құмыра мен тарелка ыдыстары, тырна мен түлкінің костюмдері, ертегі мазмұнына сай әуендер
|
21
|
«Төлдер айтысы» ертегісі
|
1
|
Қуыршақ театры
|
Балаларды «Төлдер айтысы» ертегісінің мазмұнымен таныстыру. Рөлдерге тән дауыспен, қимылмен, мимикамен ойнауға үйрету, шығармашылықты дамыту
|
Безендірілген қуыршақ театрының ширмасы: жылжымалы қозы, лақ, құлыншақ,бұзау,ботақан, қуыршақ бейнелері, ертегі мазмұнына байланысты көңілді әуендер
|
22
|
«Төлдер айтысы» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
«Төлдер айтысы» ертегісін рольдерге бөліп ойнату арқылы әр төлдің өзіне тән дауыспен, қимылмен, мимикасымен ойнау шығармашылығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету
|
Ертегі мазмұнына сай безендірілген сахна, макеттер, кейіпкерлер костюмдері, әуендер
|
23
|
«Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» ертігісі
|
1
|
Үстел-үсті театры
|
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, ертегі мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің өз- ара қарым-қатынасын бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерді сипаттауға үйрету
|
Ертегі мазмұнына сай безендірілген үстел-үсті театры :жылжымалы қараша үй макеті және үй жиhаздары, кейіпкерлердің жылжымалы суреттері
|
24
|
Қорыққанға қос көрінеді» ертегісі
|
1
|
Үстел-үсті театры
|
Балаларды ертегі мазмұнын тыңдауға, әрекеттердің дамуын қадағалауға ынталандыру
|
Ертегі желісі бойынша безендірілген үстел-үсті театры: әже, немересі, тауық, тышқанның жылжымалы үстел үстіне арналған макеттері және т.б. көрнекіліктер
|
25
|
«Қорыққанға қос көрінеді» ертегісі
|
1
|
Сахналық қойылым
|
Балаларды кейіпкерлердің бейнесін беру үшін сөздегі ырғақ манерін қолдануға үйрету, шығармашылықты дамыту
|
Ертегі мазмұнына сай безендірілген сахна: үйдің макеті және үй жиhаздары, әже, немере, тауық, тышқанның костюмдері, ертегі мазмұнына сай әуендер
|
26
|
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі
|
1
|
Конус театры
|
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар қою арқылы ертегі желісін есте сақтауға үйрету, ертегіге деген қызығушылығын арттыру
|
Конус театры: ертегі мазмұнына сай ағаштар, қоралар, шөптердің бейнелері, кейіпкерлер бейнеленген жылжымалы конустар
|
27
|
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі
|
2
|
Сахналық қойылым
|
Балалардың әдеби шығармалар мен ертегі үзіндісін драмалауға қатысу біліктерін ата-аналарды қатыстыра отырып дамыту
|
Ертегі мазмұнына сай безендірілген сахна : ағаштар, қоралар, шөптердің бейнелері, ертегі кейіпкерлерінің костюмдері, кейіпкерлердің іс-қимылдарына байланысты әуендер
|
28
|
Орыс халық ертегісі «Жабайы қаздар»
|
1
|
Қуыршақ театры
|
Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру, рөлдерде ойнай білу кабілеттерін дамыту
|
Безендірілген қуыршақ театрының ширмасы: құрастырмалы үйдің макеті,орман бейнелерінің макеттері, пеш, ағаштар мен алма ағашы, мыстан кемпірдің үйшігі, кейіпкерлердің қуыршақтары, ертегі мазмұнына байланысты әуендер
|
29
|
Орыс халық ертегісі «Жабайы қаздар»
|
1
|
Қуыршақ театры
|
«Жабайы қаздар» ертегісін балалардың сомдай білу біліктерін қалыптастыру
|
Безендірілген қуыршақ театрының ширмасы: құрастырмалы үйдің макеті,орман бейнелерінің макеттері, пеш, ағаштар мен алма ағашы, мыстан кемпірдің үйшігі, кейіпкерлердің қуыршақтары, ертегі мазмұнына байланысты әуендер
|
30
|
«Түлкі мен бөдене»ертегісі
|
1
|
Саусақ театры
|
Ертегінің мазмұнымен таныстыру , сұрақтар беру арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету
|
Саусақ театрына арналған ертегі кейіпкерлерінің бейнесі
|
31
|
«Түлкі мен бөдене» ертегісі
|
1
|
Драматиза
циялау
|
Балалардың сахналай білу қабілеттерін дамытып, арнайы атрибуттарды қолдануға үйрету
|
Ертегі желісіне сай жасалынған атрибуттар
|
32
|
Балалар қалауы бойынша ертегілер (қайталау)
|
3
|
Еркін
|
Жыл көлемінде үйренген шығармашылық біліктерін бекіту, дарындылығын анықтау
|
Балалар қалауы бойынша алынған ертегілерге қажетті көрнекіліктер
|
|
Барлығы
|
36 сағат
|
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты
Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы
Қазақ ертегілер жиынтығы
Алматы «Балауса баспасы» 2003 жыл
Ертегілер елінде
Алматы «Аруна Ltd»
Кел, балалар, оқылық
Алматы «Дәуір кітап»
Ш.Перроның ертегілері
Алматы «Проф-Пресс» баспасы
Сөйлейтін кітап «Әлем ертегілері»
Алматы «Тәлім-Таным» ЖШС
Р.Тұрысбек, З.Сейтжанова
Жануарлар туралы ертегілер
Алматы «Аруна» баспасы
Қ.Құрманғали
Орыс халық ертегілері
Алматы «Жалын» баспасы
М.Мақашева
Әйбат ертегілер
Алматы «Аруна» баспасы
Құрастырушы – автор: Т.Б.Саржанова
Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,
«Ер Тарғын» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған «Таза ауадағы шынықтыру»
бағдарламасы
( Вариативтік компонент)
Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру
ойындары оқу білім алуға бөгет емес,
қайта ойды сергітіп, ойынға жәрдем
ететін нәрсе
Ғ.Мүсірепов
Кіріспе
«Тәні саудың – жаны сау» - деген мақал арқылы ата-бабамыздың денсаулыққа үлкен мән бергенін аңғарамыз. Әрине тәні және жаны сау адамның өмірге деген құштарлығы ерекше. Ол өзін қоршаған әлемге, ортасына көтеріңкі көңіл-күй, зор сүйіспеншілік сыйлай алады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясында: ... ұлт денсаулығы - біздің табысты болшағымыздың негізі және дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» - деп айрықша атап көрсеткен.
Дене тәрбиесі ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты, себебі психиканың материалдық негізі ми, жүйке жүйелері. Баланың дене тұлғасын толыстыру, денсаулығын нығайту, дене қызметін дұрыс жетілдіріп қана қоймайды, қабілетін арттырады. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген абзал.
Дене тәрбиесінің ішінде таза ауадағы денешынықтыру маңызды рөл атқарады, себебі балалардың денсаулығын сауықтыру-шынықтыруға жағдай жасайды.
Балалардың денсаулығын сауықтыру- шынықтыруға арналған таза ауадағы дене шынықтыруда ең маңыздысы дұрыс киім тандау. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін серуеннің алдында және соңында өткізе отырып, балалардың таза ауадағы уақыты ұзартылады. Оқу іс-әрекетінің ұзақтығы стандарттық талапқа сай балалардың жас шамасын ескереді.
Таза ауадағы дене шынықтыру оқу іс-әрекетінің әдістемесінде 50% жүгіру жаттығулары алынады. Жүгіру жаттығулары арқылы балалардың бұлшық еттері шынығады.
Мақсаты: Таза ауадағы сауықтыру-шынықтыру жаттығулары арқылы балалардың денсаулығын нығайту
Міндеттері:
Таза ауадағы денешынықтыруда дұрыс киім тандау;
Ойын алаңдарын талапқа сай жабдықтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау;
Жыл мезгілдеріне сәйкес жаттығулар ұйымдастыру;
Балалардың еркін қимылдауына жағдай жасау;
Спорттық ойын түрлері арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары
Жалпы дамыту жаттығулары
Спорттық ойын элементтері
Қимылды ойын жаттығулары
Дене дайындығының деңгейі
Тақырыптық жоспар үлгісі
Апта
|
Кіріспе бөлім
|
Негізгі қимылды жаттығулар
|
Қимылды ойындар
|
Ойын шарты
|
Қорытынды бөлім
|
Сағат
|
2
|
3
|
|
4
|
5
|
6
|
|
І
|
Саппен жүру, жүгіру. Аяқты бір-біріне қатарластыра қойып жүру. Шашырай жүру, жүгіру, белгі бойынша тоқтау. Қолмен әр түрлі қимыл жасай жүру
|
1.Жүгіру (30 м)
2.Ойын жаттығуы «Допты қақпаға домалат»
футбол ойынына дайындық
|
«Аюдың апанында»
|
Балалардың ашық алаңда еркін ойнауына жағдай жасау. Алаңның бір бұрышында аюдың апаны. Екінші бұрышында балалар, аю ұйықтап жатқанда олар жиде тереді, өлең жолдарын айтады, егер шуласа аю оянады. Ұсталған бала бір ойын жібереді
|
«Доп кімде?» жай қимылды ойын.
Ойыншылар шеңбер бойымен тұрады. «Жүргізуші» таңдалады. Тәрбиеші шеңбер сыртымен бір баланың қолына допты ұстатады. Балалар допты сырттай бір - бірінің қолына бере шеңбер бойымен жүргізеді. Жүргізуші тапқан кезде «Қол» деп айтқан бала қолында доп бар ма, жоқ па көрсету керек. Тапса ұтқаны
|
1
|
ІІ
|
|
1.Тенис добын межеге дәлдеп лақтыру
2.Үлкен допты қабырғаға лақтырып, қағып алу
|
«Мысық пен тышқан» ойыны
|
Мысық пен тышқан тағайындалып, қалған балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасап тұрады. Тышқан шеңбердің ортасында, ал мысық сыртында, балалар өлең айтып қолдарын көтергенде мысық тышқанды қуады. Ұстаса ұтқаны
|
Жүру барысында тыныс алу жаттығуларын жасау
|
1
|
ІІІ
|
|
1.Бір орнынан ұзақтыққа секіру
2.Волейбол сеткасынан бір-біріне доп лақтыру
|
«Қуыспақ» ойыны
|
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Әр баланың белдігіне қыстырылған лента бар. Ортаға қуушы бала тұрады. Тәрбиеші «1,2,3, ұстап кәні көрші»-дегенде балалар шашырай қашады. Ұстаушы қуып балалардың лентасын алып қоюға тырысады. Тәрбиеші «1,2,3 шеңберге тұр тез» дегенде орындарына келіп тұрады. Лентасы жоқ бала ұтылады
|
Жүру барысында бағыт өзгерту
|
1
|
ІҮ
|
|
1.Қапшықты ұзақтыққа лақтыру
2.Үлкен допты қабырғаға ұрып, жерге тигізіп қағып алу
|
«Әсем бейне жаса»
|
Тәрбиеші белгісі бойынша балалар шашырай жүгіреді, бубеннің ұруы кезінде балалар жүрген жерінде тоқтап, ерекше бейінде қатып қалуға тырысады. Тәрбиеші балалардың бейнесін мадақтайды
|
Тізені бүге жүру шеңбер бойымен
|
1
|
Қазан айы
|
І
|
Саппен алаңның шеттерімен жүру.
Екі қатармен жылдамдықты қоса жүру.
Шеңберге тұру
|
1.10-15 см биіктіктен секіру
2. Допты кеуде тұсынан 2 қолымен лақтыру
|
«Аю мен аралар» ойыны
|
Балалар екі топқа бөлінеді: аралар, аюлар. Ауланың бір бөлігінде аралардың омартасы, екнші бұрышта аюлар апаны, ортада көгал. Аралар шалғынға бал жинауға кетеді, сол кезде аюлар бал ұрлайды. Тәрбиеші «аралар қайтады» дегенде аюлар қашады, кімнің үстіне араның қолының ұшы тисе сол бір ойынды жібереді
|
Ойын: «Сиқырлы шыршалар»
|
1
|
ІІ
|
|
1.Қапшықты оң қолымен ұзақтыққа лақтыру
2.Допты екі қолымен басынан асыра лақтырып, қағып алу
|
«Аңшы мен қояндар» ойыны
|
Бір бала «Аңшы» болып таңдалады, қалғаны қоян. Олар бұталар арасында тығылып секіріп жүреді, ал аңшы із қарайды. «Аңшы» деген сөзге қояндар үйлеріне қашады, ал аңшы доп лақтырады, кімге тисе сол ұсталғаны
|
Ирелеңдеп жүру «Бұлақ ағады»
|
1
|
ІІІ
|
|
1.Бір орнында тұрып екі аяқпен алма-кезек секіру
2.Кішкентай допты межеге лақтыру
|
«Өз түсіңді тап» ойыны
|
Балаларға қолдарына әр түрлі түсті ленталар таратылады, олар жұптарымен тұрады, әуен ойналғанда шашырай жүгіреді. Ал тоқтағанда әр қайсысы өз жұптарын тауып тұра қалулары керек
|
Жұппен жүгіру
|
1
|
ІҮ
|
|
1.Кедергілер:
-20 м жүгіру;
-доға астынан өту;
- тепе-теңдікті сақтай отырып, жыланша
ирелеңдеп жүру
|
«Өз жұбыңды тап» ойыны
|
Бұл ойында балалар екі қатарға тұруды үйренеді, тез ойланып өз жұптарын табуға тырысады
|
Эксперимент «Тыныс алу» (балаларға ауызбен және мұрынмен ауа толтырып демалғызып, мұрынымен тыныс алудың дұрыс екенін түсіндіру)
|
1
|
Қараша айы
|
І
|
Саппен алаң шетімен жүру. Екі сапқа бөлініп жүру, бағыттарын өзгерте. Екі қатармен қарама қарсы бағытта жүгіру
|
1.Көлбеу заттың үстімен жоғары шығу-жүгіре, төменде жай қадаммен.
2.Бағытын тездете жүріп доға астынан өту
|
«Қарамақ» ойыны
|
Ойыншылар үлкен шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші ортада тұрады, қолындағы ұзын жіпте қапшық байланған. Ол жібін айналдыра шеңбер бойымен жүргізгенде балалар аяқтарын тигізбей секіріп тұруы керек. Кімге тисе сол қармаққа ілінгені
|
2,3 қатармен бастаушының соңынан жүріп үйрену
|
1
|
ІІ
|
|
1.Бір орнынан ұзақтыққа секіру
2. Жұптаса тұрып допты аяқпен бір-біріне домалату
|
«Аққу-қаздар» ойыны
|
Ойыншылар ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жатын орны. Бақташының қаздарының дауысын естіп қасқыр оларды ұстауға тырысады.
|
Қолды еркін жібере жүру
|
1
|
ІІІ
|
|
1.Бір қолмен қапшықты ұзақтыққа лақтыру
2.Ойын жаттығуы «Келесі бетке допты ала жүгір» (футбол элементі)
|
«Әсем бейне жаса»
|
Тәрбиеші белгісі бойынша балалар шашырай жүгіреді, бубеннің ұруы кезінде балалар жүрген жерінде тоқтап, ерекше бейінде қатып қалуға тырысады. Тәрбиеші балалардың бейнесін мадақтайды
|
Шашырай жүру
|
1
|
ІҮ
|
|
1.Жүгіріп келіп ұзақтыққа секіру
2.Ойын жаттығуы «Пас» (футбол ойыны элементі)
|
«Өрт сөндіруші және оқушылары» қимылды ойыны
|
Балалар алаңда өрмелеуші ойындарға қарама- қарсы орналасады - бұлар өрт сөндірушілер. Тәрбиеші белгісі бойынша 1- қатардағылар гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, жоғарыдағы қоңырауды сылдырлатады. Бұл ойында қауіпсіздік қатаң сақталу қажет
|
Жай қимылды ойын: «Ұшты, ұшты!» Балалар шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиешінің «Ұшты, ұшты .....» деп айтылған сөздерінде ұшатын жәндіктер, құстар т.б айтылса қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды. Егер ұшпайтын заттар айтылса қолдарын төмен түсіреді
|
1
|
Желтоқсан айы
|
І
|
1.Аяқты теңестіре қойып жүру
2.Аяқты өкшеден бастап баса жүру.
3.Бірінің ізінен бірі баса үлкен қадам жасай жүру
|
1.Қос аяқтап алға жылжи секіру
2.Жүгіру 1 минут
|
«Көңілді балалар» ойыны
|
Балалардан қуушы таңдалып, қалған бала алаңның екінші шетінде тұрады, олардың міндеті екінші қарсы беттегі сызыққа қуушыға ұстатпай жету. Ұсталған бала ұтылады
|
Сырғанай жүру
|
1
|
ІІ
|
|
1.Жүгіру 1,5 минут
2.Мұзды жолда сырғанау
|
«Доп кімде?» жай қимылды ойын
|
Ойыншылар шеңбер бойымен тұрады. «Жүргізуші» таңдалады. Тәрбиеші шеңбер сыртымен бір баланың қолына допты ұстатады. Балалар допты сырттай бір- бірінің қолына бере шеңбер бойымен жүргізеді. Жүргізуші тапқан кезде «Қол» деп айтқан бала қолында доп бар ма, жоқ па көрсету керек. Тапса ұтқаны
|
Шаңғышы қимылымен жүру
|
1
|
ІІІ
|
|
1.Үйілген қар төмпешігінен секіру
2.Қарлы кедергілердің арасынан өту
|
«Қақпаға тигіз» ойыны
|
Балалар алдарындағы межеге қапшық лақтырып тигізеді
|
Жүру «Конькишілер»
|
1
|
ІҮ
|
|
1.Мұзды жолда сырғанау
2.Қарды алысқа лақтыру
|
«Кім аз секіреді» ойыны
|
Бұл ойында балалар екі қатарға тұрып қашықтыққа секіріп жарысады
|
Ашық алаңда әр-түрлі ойын алаңдарының арасымен жүру.
|
1
|
Қаңтар
|
І
|
1.Тапталып сырғанақ болған қарлы жол үстімен жүру
2.Қар домалақтарынан секіру, шашырай жүгіру
|
1.Шаңғымен алдыға жылжи жүру қимылын жасау.
2.Қар үйінділерінен секіру (40 см)
|
«Пингвиндер» қимылды ойыны
|
Балалар 2-3 қатарға тұрып тізелеріне қапшықты қыстырып, доғаға дейін секіріп барады, қайтарда қапшықты алып қайтады
|
Әр түрлі бедерлі жерлермен жүру
|
1
|
ІІ
|
|
1.Шанамен
ойнаймыз
2.Бір аяқпен алмастырып секіру
|
«Доп кімде?»
жай қимылды ойын
|
Ойыншылар шеңбер бойымен тұрады.
«Жүргізуші» таңдалады. Тәрбиеші шеңбер сыртымен бір баланың қолына допты ұстатады. Балалар допты сырттай бір- бірінің қолына бере шеңбер бойымен жүргізеді. Жүргізуші тапқан кезде «Қол» деп айтқан бала қолында доп бар ма, жоқпа көрсету керек. Тапса ұтқаны
|
Поровозша жүрейік
|
1
|
ІІІ
|
|
1.Шанамен
ойнаймыз
2. Қарды алысқа лақтыру
|
«Қу түлкі»
ойыны
|
Балалар шеңбер бойымен тұрады, ал
тәрбиеші шеңберді айнала жүріп білдіртппей бір баланы түртеді. Сосын «Қу түлкі қайдасын?» деп айтқан ол ортаға шыға келеді. Балалар қашады, ол ұстайды. Ойын осылай жалғаса береді
|
Ашық алаңда әртүрлі ойын
алаңдарының арасымен жүру
|
1
|
ІҮ
|
|
1.Кім қарды дәлдікке лақтырады
2. Төмпешіктен сырғанау
|
«Аю мен аралар» ойыны
|
Балалар екі топқа бөлінеді: аралар, аюлар. Алаңның бір шетінде аралардың омартасы, екінші бұрышта аюлар апаны, ортада көгал. Аралар шалғынға бал жинауға кетеді, сол кезде аюлар бал ұралайды. Тәрбиеші «аралар қайтады» дегенде аюлар қашады, кімнің үстіне араның қолының ұшы тисе сол бір ойынды жібереді
|
Қар түйіршіктерінің арасымен жүру
|
1
|
|
|
|
Ақпан
|
І
|
1.Екі қатармен «жыланша» ирелеңдеп жүру
2.Екі аяқпен алма-кезек алдыға жылжи секіру
3.Әртүрлі бедерлермен жүру
|
1.Екі аяқты қосып биік қар төмпешегінен секіру (20 см)
2.Сырғанақ жолмен жүру
|
«Қызыл мұрын Аяз»
|
Ортадан бір бала Аяз болып таңдалып, өлең жолдарын айтып келесі беттегі үйлерге ұмтылады. Егер Аяздың қолы тисе, сол бала мұз болып қатады. Топпен ойын
|
Жай жүріс, қолды жанға сермей
|
1
|
ІІ
|
|
1.Шаңғымен бір-бірін итере ойнау
2.«Кім шанамен алысқа сырғанайды» ойыны
|
«Қарамақ» ойыны
|
Ойыншылар үлкен шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші ортада қолындағы ұзын жіпте қапшық байланған, ол жібін айналдыра шеңбер бойымен жүргізгенде балалар аяқтарын тигізбей секіріп тұруы керек. Кімге тисе сол қармаққа ілінгені
|
Шаңғымен жүру қимылдарын көрсете жүру
|
1
|
ІІІ
|
|
1.«Кім алысқа сырғанайды?» ойыны
2.Қар үстіндегі сызылған жолақшадан секіру
|
«Үйсіз қоян» ойыны
|
Балалар айнала тұрып, әрқайсысы өз айналасына шеңбер сызып алады. Бір балаға шеңбер жетіспейді. Тәрбиеші белгісі бойынша шашырай жүгіреді. «Үйлеріңді табыңдар» деген белгіге балалар тез өз үйлеріне орналасуға тырысады. Шеңбер жетпеген бала «үйсіз қоян» аталады
|
«Жыланша ирелеңдеп» жүру
|
1
|
ІҮ
|
|
1. Қарды жолақшамен домалату
2.Екі аяқпен алма-кезек секіру
|
«Қу түлкі» ойыны
|
Балалар шеңбер бойымен тұрады, ал тәрбиеші шеңберді айнала жүріп білдіртпей бір баланы түртеді. Сосын «Қу түлкі қайдасың?» деп айтады, ол ортаға шыға келеді. Балалар қашады, ол ұстайды. Ойын осылай жалғаса береді
|
Қолды бос жібере жүру
|
1
|
Наурыз
|
І
|
Саппен алаң шетімен жүру. Екі сапқа бөлініп жүру, бағыттарын өзгерте. Екі қатармен қарама қарсы бағытта жүгіру
|
1.«Аққан судан секіру»
2.Кеглиді ұрып құлату
|
«Жапалақ» ойыны
|
Бір бала «жапалақ» болып сайланады, қалғандары жәндіктер. «Түн» дегенде жапалақ ұшады, жәндіктер қозғалмай тұруы керек, ал «күн» дегенде ұшпайды.
|
Шашырай жүгіру
|
1
|
ІІ
|
|
1.Қапшықты алысқа лақтыру
2.Бөшкені құлату
|
«Жыл құстары» ойыны
|
Залдың бір бөлігінде балалар-құстар, екінші жағында заттар-биік жартастар (гим.орындық т.б) Құстар қанаттарын жайып ұшады, тәрбиеші «дауыл» дегенде олар орындықтарға мініп отырады. Ойын осылай жалғасын табады
|
Ирелеңдеген жолмен жүру
|
1
|
ІІІ
|
|
1.Қашықтыққа секіру
2.Шиыршыққа дәл түсіру
|
«Өз жұбыңды тап» ойыны
|
Бұл ойында балалар екі қатарға тұруды үйренеді, тез ойланып өз парларын табуға тырысады
|
Шашырай аяқты көтере жүгіру
|
1
|
ІҮ
|
|
1.Қос аяқпен 90 градусқа айнала секіру
2.Ирелеңдеп зат арасымен жүру
|
«Белгі беру» қимылды ойыны
|
Балалар шеңбер бойымен тұрады, тәрбиеші 1 рет ысқырса жүреді, 2 ретте жүгіреді, шатасқан бала ойыннан шығады
|
Шашырай жүгіру
|
1
|
Сәуір
|
І
|
Саппен алаңның шеттерімен жүру.
Екі қатармен жылдамдықты қоса жүру.
Шеңберге тұру
|
1.Қос аяқтап алға жылжи секіру
2.Жүгіру 1 минут
|
«Жыл құстары» ойыны
|
Залдың бір бөлігінде балалар- құстар, екінші жағында заттар-биік жартастар (гим.орындық т.б) Құстар қанаттарын жайып ұшады, тәрбиеші «дауыл» дегенде олар орындықтарға мініп отырады. Ойын осылай жалғасын табады
|
Жаттығуды еркін қимылдармен аяқтау
|
1
|
ІІ
|
|
1. 1 орыннан 70см-100 см дейін секіру
2. Екпінмен келіп кубикті құлату
|
«Бақшадағы қояндар» ойыны
|
Балалар тең екі топқа бөлінеді. Алаңға үлкен шеңбер сызылады. Шеңбер ортасында қояндар, сыртында аңшылар. Аңшылар шеңбер сыртында кішкентай доппен қояндарды аулауға тырысады
|
«Жыланша ирелеңдеп» жүру
|
1
|
ІІІ
|
|
1.30 м қашықтыққа жүгіру
2.Ойын алаңдарына өрмелеу
|
«Жұпты қуыспақ» ойыны
|
Балалар екі қатарға бөлінеді, өздеріне жұптарын белгілейді, арақашықтық 3-4 қадам, «қаш» деген белгімен 1-қатар қашады, екіншісі өз жұптарын қуып, ұстауға тырысады. Ойын алмасып жүргізіледі
|
Аяқтың ұшымен жүру
|
1
|
ІҮ
|
|
1.Жүру барысында бағыт өзгерте жүру
2.Қос аяқпен секіру
|
«Теңіз толқиды» ойыны
|
Бір бала «жүргізуші» болып сайланады, қалған балалар өз шеңберлерінде тұрады, жүргізуші «Теңіз толқиды» деп бір баланың қолынан ұстап жүреді айнала, қалғандары соңынан жалғаса ереді. Қайтадан «Теңіз тынышталды» дегенде өз орындарын табады
|
Тізені жоғары көтере жүгіру
|
1
|
Мамыр
|
|
1.Қолмен әртүрлі қимыл жасай жүру.
2.Тізені жоғары көтере жүру, жүгіру
|
1.Қашықтыққа секіру құмда
2.Сапта тұрып оңға, солға бұрылу
|
«Жерде қалма» ойыны
|
Тәрбиеші «ұстаушы» таңдайды. Барлық балалар шашырай жүгіреді. Тәрбиеші «ұста» деген белгісіне балаларды ұстауға тырысады, ал қалған балалар жерден биік заттардың үстіне мініп алулары керек
|
Ирелеңдеп жүру
|
1
|
|
|
1.«Кеглиді құлат» ойыны
|
«Зырылдауық әткеншек» ойыны
|
Балалар жіптен ұстап шеңбер жасап тұрады, өлең жолдарын айтумен айналады: «Жаймен, жаймен,
Айналады әткеншек,
Айнала, айнала
Жүгіреді әткеншек
Тыныш, тыныш асықпаңдар, Тоқтатыңдар әткеншекті
|
Сызылған сызықтан жанымен секіру
|
1
|
|
|
1.Межеге лақтыру
2. Ұзындыққа секіру
|
Эстафеталық сайыс
|
Балаларды 2 топқа бөліп, сайыс ұйымдастыру
|
Балалар деңгейін бағалау
|
1
|
|
Жүгіру, жүру
|
Эстафеталық сайыс
|
80-120 метр арақашықтыққа жүгіруді орташа жылдамдықтағы жүрумен кезектестіру
|
Балалар деңгейін бағалау
|
1
|
Барлығы: 36 сағат
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы
«Балбөбек» бағдарламасы Алматы -2006 жыл
Л.И.Пензулаева
Физкультурные занятия с детьми 5-6 лет
Жаттығу – денсаулықтың қайнар көзі
Шымкент – 2006 жыл
Құрастырушы-автор: Ә.О.Мукушева
Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,
№93 «Балапан» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы
Мектепалды даярлық тобына (сынып) арналған «Сиқырлы сандар»
бағдарламасы
( Вариативтік компонент)
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану өте маңызды. Себебі, 5-6 жастағы балалар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді, берілген тапсырманы тез қабылдайды, зейін қойып, оны орындауға асығады.
Ұсынылып отырған «Сиқырлы қалам» вариативтік бөлік бағдарламасы балалардың бойына математикалық білімге деген қызығушылықты сіңіру және білімді өздігінен меңгеруге талпынуды дамыту мақсатында құрылған. Сонымен бірге базалық міндетті бөлімде баланың алған білімін одан әрі тереңдетіп, жетік меңгеруіне жағдай жасайды. Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемі арқылы бүлдіршіндер әр түрлі заттарды санауды үйренеді және жаттығады. Соның нәтижесінде «Қанша?» «Нешінші?» сұрақтарына жауап беріп, санау қажеттігін игереді.
Ойын түрінде берілген математикалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде балалар заттардың екі тобын салыстыруды, артық, кемді анықтауды үйренеді. Оқу жылы барысында берілген білім «Математикалық эстафета» бөліміндегі тапсырмалар бойынша тексеріліп, қорытындыланады.
«Сиқырлы қалам» вариативтік бөлік бағдарламасында берілген тапсырмалар балалардың математикалық түсініктер мен ұғымдарды жеңіл игеруіне ықпал етеді деп ойлаймыз.
Мақсаты:
Қарапайым математикалық түсініктер бойынша алған білімдерін жетілдіру
Міндеттері:
Заттардың әр-түрлі топтарын санау, оның саны мен сапасын анықтау дағдысын жетілдіру;
Кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын жетілдіру;
Геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін кеңейту;
Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін қайталау, бекіту;
Алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану.
Мазмұны:
Түс және пішін
Сан және санау
Бүтін және бөлік
Геометриялық фигуралармен танысу
Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру
20-ға дейінгі сандарды санауға үйрету
Заттардың көлемдерін анықтау
Ауызша есептеу дағдыларын дамыту
Тақырыптық жоспар үлгісі
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Күні
|
Көрнекілігі
|
Мақсаты
|
|
І тоқсан
|
|
|
|
|
1
|
Сурет бойынша сызықтарды қосу
|
1
|
|
Дидактикалық үлестірмелер,
суреттер
|
Балалардың көз зердесін қалыптастыру
|
2
|
Түс және пішін
|
1
|
|
Суреттер
|
Түсті және заттардың пішінін
ажырата білу
|
3
|
Суретпен жұмыс. Заттардың бағытын,орнын ауыстыру
|
1
|
|
Сурет
|
Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсінік беру
|
4
|
Заттарды санау. Тура және кері санау
|
1
|
|
Суреттер
|
Заттарды санау,әр түрлі белгілеріне
қарай салыстыру
|
5
|
«Біз нешеуміз»
|
1
|
|
Үлгі, суреттер
|
Санауға үйрету,есте сақтау қабілетін дамыту
|
6
|
Суретпен жұмыс
|
1
|
|
Үлгі, суреттер
|
Суреттегі заттарды салыстыру,олардың айырмашылықтарын таба білу
|
7
|
«Кім қай партада отыр?» (Ойын)
|
1
|
|
Сурет
|
Сандар қатары туралы түсініктерін бекіту
|
8
|
«Сиқырлы қоржын»(Ойын)
|
1
|
|
Таңбалар үлгісі, сандар
|
Геометриялық фигураларды тани білу дағдыларын қалыптастыру
|
|
ІІ тоқсан
|
|
|
|
|
9
|
Таныс фигураларды ата
|
1
|
|
Сандар
|
Оқушылардың көз зердесін, есте сақтау қабілеттерін дамыту
|
10
|
Геометриялық фигуралармен танысу
|
1
|
|
Фигуралардың суреттері, атаулары
|
Геометриялық фигуралардың әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру
|
11
|
«Сәулетші» ойыны
|
1
|
|
Сандар, суреттер
|
Геометриялық фигуралардан түрлі
заттар құрастыру
|
12
|
Қызықты текше
|
1
|
|
Кестелер, суреттер
|
Сандардың ретін меңгерту
|
13
|
Көңілді санамақтар
|
1
|
|
Сандар,суреттер
|
Жылдам санау дағдыларын ұштау
|
|
ІІІ тоқсан
|
|
|
|
|
14
|
«Ойнайық та, ойлайық»
|
1
|
|
Сандар
|
Логикалық есептер шығаруға үйрету
|
15
|
«Жылдам ойлан!»
|
1
|
|
Фигуралардың суреттері
|
Ойын – тест арқылы қажетті жауапты таңдай білуге дағдыландыру
|
16
|
Сырсандық білімдарларға
|
1
|
|
Фигуралар
|
Белгісіз санды және өрнектің мәнін табуға машықтандыру
|
17
|
Бүтін және бөлік
|
1
|
|
Суреттер
|
Бүтін заттың бірнеше бөліктен тұратынын түсіндіру
|
18
|
Сұйық және сусымалы
|
1
|
|
Суреттер
|
Сұйық және сусымалы заттарды ажырата білуге үйрету
|
19
|
Қай уақыт, сағат неше?
|
1
|
|
Сағат
|
Уақыт туралы түсініктерін дамыту
|
20
|
Заттардың орналасуы
|
1
|
|
Сандар
|
Заттарды түр – түсіне қарай ажыратуға, санауға үйрету, ретімен орналастыру
|
21
|
Ойын есептер
|
1
|
|
Суреттер
|
Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамыту
|
22
|
Теңге, монеталар.
|
1
|
|
Суреттер
|
Балаларға теңге, монеталар жайында алғашқы түсінік беру
|
23
|
Ойын «Кім тапқыр?»
|
1
|
|
Сандар,суреттер
|
Сандар қатарының қасиеті жайындағы білімін пысықтай түсу
|
24
|
Арифметикалық лото (Ойын)
|
1
|
|
Кестелер
|
Кестелік қосу және азайту
тәсілдерін пысықтау
|
|
ІҮ тоқсан
|
|
|
|
|
25
|
Есептер шығару
|
1
|
|
Сандар
|
Арттыру, кеміту және ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру
|
26
|
«Кім жылдам?»
|
1
|
|
Сандар
|
Оқушылардың қосу және азайту таңбаларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру
|
27
|
Тез есепте!
|
1
|
|
Сандар
|
0- ден 10- ға дейінгі сандар қатарын дұрыс айтуға дағдыландыру
|
28
|
Ойын есептер «Ойлан тап!»
|
1
|
|
Сандар
|
Балаларды өз бетінше есеп құрастыруға үйрету
|
29
|
20-ға дейінгі сандарды санауға үйрету
«Сандардың орнын тап» ойын
|
1
|
|
Кестелер
|
20-ға дейінгі сандарды ауызша және жазбаша санауға дағдыландыру
|
30
|
Сандар құрамымен жұмыс
|
1
|
|
Сандар
|
Сандар құрамын жылдам таба білуге үйрету
|
31
|
Ойнай отырып, ойла
|
1
|
|
Сандар
|
Көзбен көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту
|
32
|
Математикалық эстафета
|
1
|
|
Сандар
|
Балалардың алған білімін тексеру, бекіту
|
|
Барлығы
|
32 сағат
|
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған
«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы
4. Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева,Р.Қ.Өміртаева
Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар
5. Б.М.Қосанов,Р.Қ.Өміртаева
Математикадан қызықты жаттығулар
6. Ш.Х.Құрманалина,М.Жұмабекова,Р.Өміртаева
Математикаға арналған дидактикалық материалдар
7. Л.В.Кирилинская, А. Сәулебаева , М.К. Абаева –Бегалиева
Сиқырлы математика «Шикула және К» 2010 жыл
8. Қызықты сандар құпиясы Алматы-2008 жыл
9. С.Мадалиева
Сиқырлы математика елі
Құрастырушы –автор: С.Т.Аймағанбетова
Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,
№37 орта мектеп директорының орынбасары, Сырдария ауданы
Достарыңызбен бөлісу: |