11
- болашақ биолог мұғалімдерді даярлаудағы виртуалды зертханалық
жұмыстардың маңызын теориялық
негіздеумен;
- биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың
өлшемдерін анықтаумен;
- биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдану
әдістемесін жасаумен анықталады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу нәтижелері бойынша биологиялық мазмұнда теориялық білімді
бекіту тапсырмалары, білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауына
арналған тест сұрақтары, шығармашылық және зерттеуге арналған виртуалды
зертханалық жұмыстар дайындалды. Сондай-ақ «Омыртқасыздар зоологиясы»
элективті курсының жұмыс оқу бағдарламасына, қосымша дәріс оқу
материалдары
енгізілді
және
«Кеміргіштердің
саркоспоридиялары»
тақырыбында виртуалды оқу-танымдық зертханалық нұсқаулығы ұсынылып,
виртуалды зертханалық жұмыстарды қолданудың әдістемесі даярланып, оқу
үдерісіне енгізілді.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындарында, орта кәсіптік
білім беру мекемелерінде, педагог кадрларды кәсіби бағытта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру жүйесінде кеңінен пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
-
биологияны
инновациялық
технологиялар
арқылы
оқытудың
педагогикалық тұжырымдарына берілген сипаттама болашақ мұғалімдердің
шығармашылық қабілетін дамытуға, сондай-ақ оқу үдерісінде инновациялық
оқыту технологияларын жүзеге
асыруға негіз болады;
-
биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстар білім
алушылардың биологиялық дайындық деңгейін арттырады және болашақ
кәсіби іс-әрекеттерінде қолдана
алу біліктерін қалыптастырады;
- биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың
өлшемдері биология мамандығы бойынша білім алушылардың білім сапасы
деңгейін анықтауға
бағытталған;
- биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдану
әдістемесі болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттерінде қолданумен
қамтамасыз етіледі.
Зерттеу базасы: Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география
институты «Ботаника және жалпы биология» кафедрасы және ТарМПУ
«Биология және биологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы:
Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен тәжірибелік нәтижелері
бойынша жарияланған мақалалардың жалпы саны – 17. Оның ҚР білім және
ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда – 4, Scopus
мәліметтер базасына енген ғылыми басылымда – 1, Ресейдің халықаралық
ғылыми журналында – 2, Отандық халықаралық ғылыми журналында – 1,
халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдарында – 3 (оның
ішінде шетелдік конференцияларда – 6).
12
Келесі халықаралық ғылыми – практикалық конференцияларда
баяндалып, оң бағасын алды: Cohas, Complexity and Leadership (Шпирлинг,
2014), «Биологическое и экологическое образование в средней и высшей
школе: состояние, проблемы и перспективы развития» (Санкт-Петербург, 2014),
«Мастерство педагога и инновации в образовании (Москва, 2015),
«Ветеринариялық сәттілікті қамтамасыз етудегі ғылым мен тәжірибені
ықпалдастыру» (Алматы, 2015), «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және
биоалуантүрлілік» (Алматы, 2015), «Актуальные проблемы и результаты
исследований в области биологического и экологического образования»
(Санкт-Петербург, 2015), «Актуальные проблемы в и результаты исследований
в области биологического и экологического образования» (Киев, 2016), «Орта
және жоғары мектептерде биологиялық және экологиялық білім берудің өзекті
проблемалары: инновация және тәжірибе» (Алматы, 2016).
Зерттеу
жұмысының
нәтижелері
бойынша
«Кеміргіштердің
саркоспоридиялары» тақырыбында виртуалды зертханасының электрондық
әдістемелік нұсқаулығы жарияланды.
Зерттеу жұмысының нәтижелері жоспарға сәйкес, Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университеті, жаратылыстану және география
институтының тиісті кафедраларының ғылыми-әдістемелік семинарларында
баяндалып, тыңдалды, талдау жасалынды.
Диссертация құрылымы мен мазмұны
Диссертация нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен
қысқартулардан, кіріспе, екі бөлімнен, зерттеудің қорытындысынан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделеді, зерттеудің
нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық – теориялық негіздері, әдістері,
ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мағыздылығы, ғылыми
болжамы, қорғауға ұсынылатын қағидалары анықталады.
«Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен қолданудың теориялық негіздері» деп аталатын
бірінші тарауда биологиялық білім берудегі инновациялық үдерістердің
теориялық-әдістемелік
негіздері
анықталды.
Анықталған
теориялық-
әдістемелік негіздерге сәйкес болашақ биолог мұғалімдерді даярлаудағы
виртуалды зертханалық жұмыстардың маңызына сипаттама берілді.
«Виртуалды зертханалық жұмыстарды құру мен қолданудың
әдістемесі» атты
екінші тарауда виртуалды зертханалық жұмыстарды
орындауда биологиялық мазмұнды іріктеу ерекшеліктері баяндалады, биология
курсы бойынша виртуалды зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың
әдістемелік шарттары ұсынылады және оның тиімділігін анықтауға
бағытталған педагогикалық эксперименттің нәтижелеріне талдау жасалады.
Қорытындыда
теориялық
және
эксперименттік
жұмыстардың
нәтижелерінде негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
Қосымшада тәжірибелік – эксперимент жұмыстарының материалдары
мен ғылыми – зерттеу жұмысы нәтижелерін ендіру актлері көрсетілген.