9
жүйесінде қашықтықтан білім беру технологиялары және электронды білім
беру ресурстарын дайындау және қолдануды И.Б.Готскаяның [15],
қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудың педагогикалық және
ұйымдастыру шарттарын Ю.И.Капустиннің зерттеулерінен көруге болады [16].
Қазақстан Республикасында электронды оқыту жүйесі мәселен, e-Learning
– оқытудың жаңа парадигмасы (Г.Қ.Нұрғалиева), e-Learning – интернет және
мультимедиа көмегімен оқыту (Д.М.Джусубалиева), қазіргі білім берудің
мегатенденциялары – ақпараттық оқыту технологияларының дидактикасы
(А.К.Мынбаева), электронды оқулықтарды құрылымдаудың педагогикалық
ұстанымдары, білім беруді ақпараттандырудың әдіснамасы мен технологиясы
(Г.О.Тәжіғұлова), білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ
мамандардың кәсіби даярлығының әдістемелік жүйесі (Б.Д.Сыдықов), т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [17-20].
Инновациялық технологияларға қатысты ғылыми еңбектер мен
зерттеулерді талдай келе, бүгінгі күні оқу үдерісінде компьютерді қолданудың
өзекті мәселелері жан-жақты зерделенгендігі байқалды. Компьютерлік
технология құралдарын қолданудың теориялық-әдіснамалық негіздерінің
жоғары оқу орындарында білім алушылардың өз бетімен білім алу іс-
әрекеттерін дамытуға, қазіргі ақпараттық қоғамда тұлға ретінде кәсіби
анықталуына мүмкіндік беретіндей тұжырымдық тәсілдерге бағытталғандығы
анықталды. Бұл зерттеулер өз кезегінде ақпараттық-білім беру ортасының
түсіндірмелік аппаратын нақтылауға мүмкіндік берді.
Алайда, бұл мәселелердің биология пәні бойынша теориялық және
практикалық тұрғыда жете зерттелмеуі және болашақ биолог мұғалімдерді
дайындауда виртуалды зертханалық жұмыстарды құру мен қолдану әдістемесін
жасауда басшылыққа алынатын арнайы зерттеулердің болмауы мен оны оқу
үдерісіне ендіру қажеттілігінің арасында қарама-қайшылықтар туындайды.
Аталған қарама-қайшылықтарды тиімді шешу қажеттілігі «Болашақ
биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық жұмыстарды құру мен
қолдану әдістемесі», – зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтап берді.
Зерттеудің мақсаты – болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда
виртуалды зертханалық жұмыстарды құру мен қолданудың теориялық және
әдістемелік негіздерін саралау.
Зерттеудің нысаны – жоғары оқу орнында биологияны оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні – биология мамандықтары үшін виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен қолдану әдістері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: eгep, болашақ биолог мұғалімдерді
даярлаудағы виртуалды зертханалық жұмыстардың маңызы теориялық тұрғыда
негізделіп және оның әдістемесі жасалып іске асырылса, онда білім
алушылардың оны болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде толығымен пайдалануына
мүмкіндік туады және зертханалық тәжірибе арқылы өз бетімен жұмыс
жасауды меңгереді, өйткені виртуалды зертханалық жұмыстар биологиялық
білім берудің құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
10
-
биологияны
инновациялық
технологиялар
арқылы
оқытудың
педагогикалық тұжырымдарына сипаттама;
- болашақ биолог мұғалімдерді даярлаудағы виртуалды зертханалық
жұмыстардың маңызын теориялық негіздеу;
- биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың
өлшемдерін анықтау;
- биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құру мен
қолдану әдістемесін ұсынып, оның тиімділігін тәжірибеден өткізу.
Зерттеу әдістері
-
зерттеу
мәселелерi бойынша
философиялық,
психологиялық,
педагогикалық, әдiстемелiк және медициналық әдебиеттерге, сонымен қатар
биология пәнi бойынша тұжырымдама, білім беру стандарттарына, типтік білім
беру бағдарламаларына, оқулықтар мен әдістемелік құралдарға теориялық
талдау жасау;
- бақылау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, талдау жасау;
- айқындау және оқыту эксперименттерін жүргізу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: іс-әрекет тәсілдері
теориясы; жеке тұлға теориясы; білім беру мазмұны теориялары; биологиялық
білім беру теориялары; биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесінің
негізгі қағидалары мен ұстанымдары. Зерттеу мәселелерi бойынша
философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдiстемелiк және биологиядан
ғылыми еңбектер; жоғары оқу орнында биологияны оқытудың кәсіби
бағытталуының әдіснамалық негіздері мен тәсілдері.
Зерттеу көздері: биологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша
философ, психолог, педагог, дидакт және әдіскер ғалымдардың еңбектері;
Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңы; Қазақстан Республикасында
білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; ЖОО типтік білім беру
бағдарламалары,
оқулық,
оқу-әдістемелік
кешендер,
педагогтардың
жетістіктері мен тәжірибелері, сонымен қатар, диссертанттың педагогикалық
тәжірибесі және жоғары оқу орнында жүргізген ғылыми-педагогикалық
зерттеулері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- болашақ биолог мұғалімдерді даярлаудағы виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен пайдалану мәселелерінің теориясы сараланды;
- биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың
өлшемдері анықталды;
- биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдану
әдістемесі жасалып, «Кеміргіштердің саркоспоридиялары» тақырыбында
виртуалды оқу-танымдық зертханалық нұсқаулығы ұсынылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
- жоғары оқу орындарында болашақ биолог мұғалімдерді даярлаудың
педагогикалық тұжырымдарын сипаттаумен;
Достарыңызбен бөлісу: |