Жұмыс бағдарламасы 050502 «Саясаттану»



жүктеу 205 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі205 Kb.
#23785
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулды парағы




Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

Жұмыс ОҚУ бағдарламасы

Саяси риторика пәні бойынша

5В050200 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған

Павлодар


Бекіту парағы жұмыс оқу бағдарламасы және элективтік пәндердің тізім негіздеумен әзірленген







Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/34




БЕКІТЕМІН

ОЖ проректоры

________ Н.Э.Пфейфер

«__» _________ 20__ж.


Құрастырушы:аға оқытушы Г.М.Каппасова ____________


Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Саяси риторика» пәні бойынша

050502 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған оқу түрі жалпы орта білім негізіндегі күндізгі

Жұмыс бағдарламасы 050502 «Саясаттану» мамандығының жұмыс оқу жоспары және элективтік пәндердің тізім негіздеумен әзерленген

С.Торайғыров атындағы ПМУ-ның Ғылыми кеңес отырысында бекітілді«___»_______20__ ж. №__ хаттама
Кафедраның жиналысында ұсынылған «___»_______20__ ж.

№__ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ И.А.Калиев «___»_______20__ ж.
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі жиналысында бекітілді

«___» _________ 200__ж. хаттама № __


ОӘК төрайымы ______________ Ш.К.Сулейменова «___» _________ 20__ж.
КЕЛІСІЛГЕН

Тарих және құқық

факультетінің деканы _____________ А.А.Ақышев «___» _________ 20__ж.
ОӘБ БЕКІТІЛДІ

ӘҚж/еЖБ бастығы _____________ Е.Н.Жуманкулова «___» _______ 20__ж.
Университеттің оқу әдістемелік кенесімен «___»_______20__ ж.

№__ хаттама




  1. Пәннің мақсаты:

Сөз мәдениеті және көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігінің проблемасын зерделеу сөз сөйлеудің маңызын терең түсінуді қажет етеді.

Осы проблеманы шешу саяси саладағы шешендік өнер туралы теориялық білімнің қолданбалы түрін меңгеруді, нормативтік талаптарын енгізеді болашақ оратоға қажетті . Әлеуметтік маңызды мақсаты - дамыған коммуникативті тұлғаны тәрбиелеу.

Саяси риториканың теориялық негіздерін беру, әлемдік ғылыми риториканы саяси ораторлыққа және саяси риторикамен байланыстыру, логикалық, коммуникациялық риторика, әмбебап емес сөз сөйлеуге қатысушылары болу үшін көмектесу.

Пәннің міндеттері:

- студенттердің қарым-қатынастардың үдерінің негізгі элементтерін түсінуді қамтамасыз ету;

- классикалық саяси риторикалық негіздерін беру;

- студенттерді әлемдік саяси риторикаға ендіру;

- болашақ саясаткерлердің коммуникативтік білімдерін қалыптастыру.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер:



көзқарастарын қалыптастыруы керек:

- саяси шешендік өнері оның мәдени-әлеуметтік дамуын белсенділігі туралы;

- шешендік өнердің ғылы ретінде қалыптасуы туралы;

- шешендіктану ғылымының қағидалары туралы мәліметер;



білуі керек:

- қазіргі саясаткердің жалпы және кәсіби білімділігінің ортасын құрайтын саяси тақырыптар жайлы сухбат өткізу;

- мәдениетті адамға лайықты сұрақтарды құрастыру, сөзге орынды араласу, тақырып бойынша толықтыра және жалғастыра білу;

- шешендік өнердің дамуына қажетті алғышарттары туралы;

- шешенге қойылатын талаптарды;

- көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын;



жасай алуы керек:

- әлем халықтарының шешендік тәжірибесін, шешендік өнерді тәрбиелеу тәсілдерін талдай алуы;

- оратор және аудитория бейнелері динамикасын жасау, коммуникация мен аудиторияны басқару;

- сөйлеу тәртібінің алгоритмі мен коммуникацияны қолдану.



Тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек:

- ғылыми жұмыс дағдыларына;

- - ауызекі тілде және жазбаша пікір айтуды (дискурс);

- пән бойынша алынған білім және дағдырларды кәсіптік істерде қолдана білу


2 Алдыңғы пререквизиттер:

Осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар керек:

- әлеуметтану;

- философия;



3 Кейінгі постреквизиттер:

Осы пәнді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін керек:



  • теориялық саясаттану;

  • Саяси билік;

  • саяси көшбасшылық;

  • Саяси модернизация.


4 Пән туралы мәлімет
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары





Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша контактілік сағаттар саны

дәр

тәж

лаб

студ

инд

СӨЖ


1

Саяси риторика: ұғымы, міндеттері, түрлері.

1

1










2

2

Шешендік өнерінің қалыптасу тарихы


1

1










5

3

Шешендік өнердің логикалық негізі

1

1










5

4

Коммуникациялық шешендік

1

1










5

5

Бұқаралық сөйлеу

1

1,5










5

6

Пікірталас өнері (үлгісі)

1,5

1










5

7

Әмбебап емес сендіру тәсілдері

1

1










5




Барлығы

7,5

7,5










30



4.2 Пәннің тақырыптық мазмұны

1 тақырып Саяси риторика: ұғымы, міндеттері, түрлері.

Саяси риторика төлтумалары мен құндылықтары. Саяси риториканың пәні мен проблемасы, тәсілдері мен тәжірибелік тумалары. Риториканың тарихи-танымдық негіздері мен алғышарттары. Саяси риторика өнер және ғылым бірлестігі.

Шешңдік дерті: демагогия, схоластика, жағымпаздық, эклектика, софистика. Шешендік – еркін адамдық қарым-қатынастың көрінісі, азаматтық қоғамның айғағы. Ойлау және сөйлеу мәдениеті арақатынасы.
2 тақырып Шешендік өнерінің қалыптасу тарихы

Шешендік негіздері мен эволюциялық жодары. Шығыстық, антикалық, батыстық дүниетанымдағы ойлау мәдениеті. Шешендіктің шығыстық, антикалық, батыстық дәстүрлері. Шығыстық шешендік: ежелгі қытай, үнді, көне түркі, Орталық Азиядағы шешендік үлгілері.

Шешендіктің антикалық дәуірдегі көрінісі және идеялық негіздері: Сократ, Платон, Аристотель, Цицерон және т.б.

Шешендік орта ғасыр дәуіріндегі ерекшеліктері. Дін мен әдебиеттің, философия мен саясаттың рөлі.

Жаңа дәуір кезеңінде шешеңдіктің теориялық негіздері. Сөйлеу құқығы мен үйрету құқығы. ХІХ ғасырдағы пікірталастың логикалық жүйесі. Ғылыми және көркемдік стилдер.

ХХ ғасырдағы ойжарыс үлгілері мен өрнектері. Шешендіктің қоғамдық қолданысы. Шешендік – келіссөз, қауіпсіздік құралы.




  1. тақырып Шешендік өнердің логикалық негізі

Ойдың ақиқат пен әділдікке, кемелдік пен бақытқа жеткізетін шынайы кісілік қасиеттердің көрінісі. Шындық туралы ілімді ізгілікке айналдыру және құндылыққа жету қызметін кәсіби деңгейде көтеру өмірлік этиканың яғни шешеңдіктің үлесі. Шешендік шеберлік. Шешендік дәйектілігі, танымдық тартымдылығы мен қолданудағы тиімділігі. Шешендік логикасы – шешеннің өзіндік санасы. Моральдық дағдырыс пен келіспеушілікті шешу. Тарихи және мазмұндық тұрғыдан алсақ, логикалық пайымдау өнері, шындықты табу тәсілі, дәлелді дәйектеу жолы деп ұсынуға болады. Логиканың заңдары: логика, мәлімдеу, дәлелдеу, тепе-теңдік заңы, қайшылықтар заңы, «үшіншіні шығару заңы», «жеткілікті негіз заңы»,


  1. тақырып Коммуникациялық шешендік

Коммуникацияның негізгі қызметтері. Коммуникативтік білім. Қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастардың құралы. Сұхабатшылардың типтері. Қарым-қатынас құрулардың әдістері. Қарым-қатынастың кезеңдері мен белгілері. Қарым-қатынасқа қауіпті қасиеттеді белгілеу. Ашықтық қағидасы, эквивалент қағидасы, бастама қағидасы.

Қарымқатынас тәсілдері: «күмәндәнуді айту», «диагностикалық сұрақтар», «пікірталасты шақыру», «әлсіздену»



  1. тақырып Бұқаралық сөйлеу

Жалпышешендік заңдар: диалогқа қатысқандардың бір бірімен қарым қатынас құру заңы, эмоционалды сөз сөйлеу заңы, тындаушыны құрметтеу заңы, қарымқатынастан ләззат алу. Жалпы бұқаралық сөйлеудің ережелері. Сөз сөйлеудің негізгі кездері: сөз сөйлеудің мақсаты, ситуацияны және аудиторияны талдау, сөз сөйлеудің мәнің іріктеу, материалдарды жинау, сөз сөйлеудің жоспарын құру, сөз сөйлеуге сөздерді тандау, сөз сөйлеуді ауызша тәжірибеден өткізу.

Бұқаралық сөз сөйлеудің негізгі құралдар. Бұқаралық сөз сөйлеудің логикалық құралдары: ойлаулар, анықтамалар, классификациялар. Бұқаралық сөз сөйлеудің фактілік құралдар: мысалдар, статистикалық мәліметтер, көрнекілік құралдар. Ауызша сөз сөйлеудің шеберлігі. Шешеннің қысымдылық сезімінің себептері: сөз сөйлеушінің қобалжуы, сөз сөйлеушінің өз-өзің төмен бағалау, тәжірибенің аздығы, тыңдаушылардың қате бағалауы, табыссыздықты еске түсіру.




  1. тақырып Пікірталас өнері (үлгісі)

Пікірталас ұғымы және оның белгілері. Пікірталастың дұрыс және дұрыс емес тәсілдері. Пікірталастың ең танымал тәсілдері: бастама, қорғалу емес шапқыншылық жасау, жаудың зейінің басқаға аудару, іс-әрекетті концентрациялау, жауды соның сөзімен жоққа шығару, мезгілсіздік, келіспеушілікті кейінгі уақытқа қалтыру, пікірталаста қарама-қарсы жақтын құпиялы ойларының аппеляциялау, жалған және дәлелденмеген аргументтерді қолдану, әдейі алдау. Жалпы пікірталастарға қойылатын талаптар.


  1. тақырып Әмбебап емес сендіру тәсілдері

Аргументтің мағынасы әдетте. Саяси іс-әрекетте әмбебаб емес тәсілдерін қолдануының себебтері. Дәстүршілдік және дәстүршілдікке қарсы дәстүрді түсіндірудің ең шеткі ұстанымдары. Саяси іс-әркетте дәстүршілдікті сақтаудың себебтері. Дәстүр мен сананың қарама-қайшылығы.

Беделді қолдану әмбебаб емес тәсілдерінің маңызды факторы. Беделге жүгінетін аргументтердің белгілері. «Беделдің культі» авторитарлық ойлау.

Саясаттағы интуиция. Интуицияны логикаға қарама-қарсы қою. Интуицияның негіздеуі және сыни тексеріс. Рационалдық және рационалдық емес үміт. Үміт күмәндануға қарама-қарсы және білімнен айырылу. Умітке аргумент. Дәлелденмеген үміт білімге антипод ретінде.
4.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны және тізбесі

1) Тәжірибе сабақ 1

1. Сендіру шешендіктің пәні ретінде.

2. Сөз сөйлеумен тілдің айырмашылығы.

3. Саяси риторика, саясаттанушыларды кәсіби дайындалуының маңызы ретінде.
2) Тәжірибе сабақ 2

1. Антика кезіндегі саяси риторика.

2. Ортағасыр заманындағы, Қайта өрлеу дәуіріндегі және Ағарту кезіндегі шешендіктің дамуы.

3. Ресейдегі риторика.

4. Шешендік өнер әлеуметтік жағдай ретінде.
3) Тәжірибе сабақ 3

1. Ойдың ақиқаты және сұхбаттың формальдық дұрысы.

2. Саяси риторикада формальдық-логикалық заңдарды пайдалану.

3. Саяси сөз сөйлеудің логикалық негізі.


4) Тәжірибе сабақ 4

1. Коммуникацияның негізгі қызметтері.

2. Саяси іс-әрекеттегі коммуникацияның түрлері.

3. Саяси үрдістегі жағымсыз коммуникацияның негізгі себептері.


5) Тәжірибе сабақ 5

1. Саяси үрдістегі сөз сөйлеудегі қарым-қатынастың субъектілері.

2. Саяси сөз сөйлеудегі жылжыту және ориентация заңдары.

3. Жариялы саяси сөз сөйлеудің жалпы ережелері.


6) Тәжірибе сабақ 6

1. Саяси пікірталас: стратегиясы, ұғымы, түрлері.

2. Саяси пікірталастағы дұрыс және дұрыс емес тәсілдері.

3. Саяси сөйлеуге жалпы және әдейі талаптар.


7) Тәжірибе сабақ 7

1. Саяси іс-әрекетте әмбебаб емес тәсілдерін қолдануының себебтері.

2 Саяси іс-әрекеттегі әмбебап емес тәсілдерінің негізгі түрлері.

4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 Студенттің өздік жұмысының тізімі





СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Дәріс дәптері

Сабаққа қатысуы

3,5

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық және үй жұмысының орындалуы

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

7

3

Аудиториялық сабақтарға енбейтін материялдарды оқыту

Конспект

Ауызша жауап беру

16,5

4

Бақылау жұмысы мерекелеріне дайындау



МБ 1,

МБ 2

3



Барлығы





30


4.4.2 Студенттердің өз бетінше оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі


  1. Саяси риторика: ұғымы, міндеттері, түрлері

Риторика төлтумалары мен құндылықтары. Саяси риториканың пәні мен проблемасы, Тәсілдері мен тәжірибелік тумалары. Саяси риториканың тарихи-танымдық негіздері мен алғышарттары. Риторика - өнер және ғылым бірлестігі.

Шешендік өнер және ел басқару. Шешендік өнердің түрлері: Ойлау мәдениеті. Сөйлеу өнері. Ұғымдық түсінік. Шешен сөздің түп мақсаты. Саяси шешендердің кісілік қасиеттері. Би шешендігі. Өнер - өзара тәрбиеліктің өрнегі. Саяси шешендік өнер тамырлас, тағдырлас. Саяси шешендікті шындау – қабілеттің келісі, өркениет өрісі.

Саяси ойлану мәдениетінің бүгінгі деңгейі және келешегі. Саяси шешендік өнерді оқыту талаптары мен талғамдары.

Ұсынылған әдебиет: [1] 5-7 б.




  1. Шешендік өнерінің қалыптасу тарихы

Шешендік негіздері мен эволюциялық жолдары. Шығыстық, антикалық, батыстық дүниетанымдағы ойлау мәдениеті. Шешендіктің шығыстық, антикалық, батыстық дәстүрлері. Платонның «Горгий», Аристотельдің «Риторика» трактаттар. Көне Римдік Квинтилиан «Образование оратора». Үнділік «Махабхарата», «Рамаяна» эпосторы. Шешендіктің дерті: демагогия, схоластика, жағымпаздық, эклектика, софистика. Шешендік – еркін адамдық қарым-қатынастың көрінісі, азаматтық қоғамның айғағы. Ойлау және сөйлеу мәдениеті арақатынасы. Саяси құндылықтарды қабылдау және қабылдату - өнер.

Ұсынылған әдебиет: [2] 13-20 б., [4] 8-15 б.



3) Шешендік өнердің логикалық негізі

Шешендік сөздің сапалық белгілері. Шешендік – жалпы негіздеу, жалғандықты күзеу, талғамды түзету, шындықты күзету. Шешендік тармақтар: бағдар, барлау, жинау, түстеу, тану. Шешендік ақиқаты, әділдікті орнықтыру пайымы. Риторика және логика. Логика және саяси композиция. Саяси риториканың негізгі диалектика заңдары. Эристика мен эвристика.

Ұсынылған әдебиет: [2] 17-20 б., [3] 16-25 б.
4) Коммуникациялық шешендік

Сөз сөйлеудің әдістері мен әдіснамалары. Коммуникациялық шешендіктің негізгі қызметтері. Саяси ақпаратты жеткізу жағдайлары. Коммуникацияның түрлері. Жағамсыз коммуникацияның себептері. Сөз сөйлеудің түрлері. Қарым-қатынастың құрылымы. Диалог қарым-қатынастың түрі ретінде. Сұхбаттанушымен сөз сөйлеуді құрылуының 5 түрі. Мәтін-диалогтерді логикалық ұйымдастыруы. Конструктивтік диалогты жүргізудің ережелері. Монолог және оның түрлері.

Ұсынылған әдебиет: [1] 123-145 б., [3] 25-40 б.
5) Бұқаралық сөйлеу

Саяси шешендіктің әлеуметтік-психологиялық табиғаты мен тетігі. Сөйлеу – байланыс және ішкі тәртіп. Метафорлық стиль, оның ықпалы. Сөз сөйлеуге дайындалудың негізгі кезендері: сөйлеудің негізгі мақсаттары, ситуацияны және аудиторияны талдау, сөз сөйлеудің шектеуі және ірктеуі, материалды жинақтау, сөйлеудің жоспарын құру, пайдаланатын сөздерді тандау, сөйлеуді тәжірибелеу.

Ұсынылған әдебиет: [2] 230-238 б.
6) Пікірталас өнері (үлгісі)

Саяси пікірталасқа қойылатын талаптар. Пікірталас: логикалық негізі және мақсаты. Пікірталастың түрлері: дисскусия, полемика, эклектика, софистика. Пікірталастың тәсілдері: бастама, зейінің басқаға аудару. Бұрыс тәсілдер. А.Шпенгауэрдің «Эристика, или Искусство спорить» еңбегі. «Ойдың ақиқаты», «ойдың дұрысы» ұғымдарының мазмұны. Логикалық қарама-қайшылықтың диалектикалық қарама-қашылықтаң айырмашылығы. Пікірталаста қолданылатын логикалық тәсілдер.

Ұсынылған әдебиет: [1] 98-97 б.
7) Әмбебап емес сендіру тәсілдері

Саяси іс-әрекетте айқын ойлаудың қажеттілігі. Тәжірибелік білім, даналық және айқын ойлау. Саяси мәселелерді талқылаған кезде айқын ойлаудың әмбебаптылығы. Айқын ойлаудың сипаттама-құндылықтық, екіауздық мінезі. Айқын ойлаудың қателекке ұшырау қасиеті.



Ұсынылған әдебиет: [2] 110-119 б.


5 Әдебитеттер тізімі:


Негізгі:

  1. Молдабеков Ж. Шешендік: оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2009. - 432б.

  2. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы. – Алматы: «Ғылыми» ғылыми баспа орталығы, 2005. – 296 б.

  3. Кузнецов И.Н. Риторика или ораторское искусство. Учебное пособие для студентов вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004, 431 с.

Қосымша:

  1. Ивин А.А. Риторика: искусство убеждать. Учебное пособие. М.: ФАИР-ПРЕСС, 2003. 304 с.

  2. Ипполитова Н.А. Риторика. Учебник. М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006. 448 с.

  3. Каверин Б.И., Демидов И.В. Ораторское искусство: Учебное пособие для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. 255с.

жүктеу 205 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау