33
Виртуалды зертханалық жұмыстар білім алушыларды:
- тәжірибені орындау техникасымен таныстыруда;
-зертханалық
жұмысты
орындауда
құралдармен
таныстыруда
қолданылады;
- бақылау жүргізу және есептерді құрастыру дағдыларын меңгеруге
үйретеді. Бұл жерде «...компьютерлік үлгімен жұмыс жасау білім алушылардың
дайындық сапасына кері әсер етуі мүмкін бе?»,- деген мәселе туындайды.
Аталған мәселеге талдау жасау мақсатында «Омыртқасыздар зоологиясы»
элективті курсы бойынша кеміргіштердің саркоспоридиялары түрлерінің
дамуын, биологиялық ерекшеліктерін зерттеудің зертханалық жұмыстарынан
мысал келтіруге болады.
Қазіргі кезде жаңа технологияның дамуы түрлі мультимедиялық
бағдарламалардың шығуына әсер етуде. «Омыртқасыздар зоологиясы»
элективті курсы бойынша кеміргіштердің саркоспоридиялары түрлерінің
дамуын, биологиялық ерекшеліктерін зерттеудің зертханалық жұмыстары білім
алушыларға виртуалды зертханалық жұмыстарды дайындаудың Virtual Lab
жобасына сәйкес Adobe Shockwave Player бағдарламасы бойынша дайындалды.
Adobe Shockwave Player – мультимедиялық контент үшін кіріктірілген
немесе интерактивті веб-стандарт, ол үш өлшемді анимация және графиктерді
пайдалануда Macromedia компаниясы дайындаған Flash технологиясы немесе
интерактивті веб-анимация технологиясы қолданылады [52]. Flash
технологиясы мультимедияның базалық элементтерін (қозғалыс, дыбысталу
және нысандардаң кіріктірілуі, т.б.) арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мұндағы анимация – қандай да бір нысанның экран бойымен жылжуы, яғни
қозғалысы. Анимацияны қолдану мультимедияның базалық элементтерінің
ұстанымдарын білуді, жұмыс істеу дағдысы мен тәжірибені қажет етеді.
Қазіргі кезде сайттардан анимацияланған меню мен заставканы жиі
кездестіруге болады. Оның көмегімен галерея, сұрақнама және форма
жасалады. Flash көмегімен жасалған сайт HTML көмегімен жасалған сайтқа
қарағанда көрнекі болып келеді, мұнда тәжірибе жұмыстарын жүргізу барысы
дыбысталып, сәйкесінше бағдарламалық қамтамасыз етіледі, сонымен қатар
тәжірибелік жұмыстың тақырыбына орай теориялық анықтамалық, орындалған
жұмыс бойынша бақылау сұрақтары және түрлі иллюстрациялық материалдар
беріледі.
Білім алушылардың ары қарай виртуалды зертханалық жұмысты жүргізуі
және одан күтілетін нәтиженің дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін мұндай
берілген теориялық анықтамалықтың көмегі зор.
Әрбір виртуалды зертханалық жұмыс арнайы бағдарламадан тұрады, оның
құрамына симмуляция (виртуалды ортада шынай құбылыстарды, олардың
қасиетін бейнелейтін бағдарламалық және аппараттық құрал), тәжірибенің
сипаттамасы берілген және оның мақсаты мен міндеттері көрсетілген
ақпараттар блогы, білім алушыларға арналған зертханалық тәжірибені орындау
реттілігін сипаттайтын нұсқаулықтар кіреді. Сонымен қатар теориялық
материалдардың мазмұнын сипаттайтын қысқаша дәріс беріледі. Бұл жерде
34
қысқаша дәріске арналған оқу материалдарын іріктеудің (көлемі мен мазмұны;
реттілігі; логикалық мазмұндалуы, т.б.) маңызы зор. Дәріс сабағы үшін оқу
материалдарын іріктеу оның тақырыбымен анықталады. Оқу материалдарын
іріктеу үшін пәннің мазмұнымен танысып шығу қажет, ол оқу материалдарын
жаңартып, өңдеуге, қосымша материалдар іздестіруіне көмектеседі. Қысқаша
дәрісте берілетін теориялық анықтамалық білім алушылардың танымдық, өзін-
өзі дамытушылық білім, білік, дағдыларымен қоса оқу іс-әрекеттерін
қалыптастырады.
Мысалы,
тәжірибелік
жұмыстың
тақырыбы
«Кокцидиоздардың диагностикасының зертханалық әдістерін меңгеру» және
«Фюллеборн әдісі», мұнда алдымен білім алушыларға «кокцидиоз»,
«Фюллеборн әдісі» ұғымдары бойынша теориялық анықтамалық беріледі.
Кокцидиоз – кокцидияның әсерінен туындайтын үлкен ауру топтары, ал
кокцидия – бір жасушалы қарапайымдарға жатады. Олар сілекейлі ішектің
эпителиалды жасушаларын, тіпті кейбір жануарлардың бауыр (қояндарда)
немесе бүйрек (құстарда, әсіресе қаздардың) эпителиалды жасушаларын
жарақаттайды. Кокцидиоздың қоздырғыштары үй жануарлары мен құстардың
жаппай қырылуына дейін алып келіп ауыл шаруашылығына үлкен
экономикалық зиян келтіреді, мәселен, кокцидиоз қоздырғыштарынан қояндар
85%, ал құстар 100% дейін қырылып қалу қаупі бар.
Кокцидиялардың даму циклі күрделі, даму циклінде аталық және аналық
жыныс клеткалары бірігіп ооциста пайда болады да ол нәжіс арқылы сыртқы
ортаға түседі де жануарларға жұғады. Сыртқы ортада ооциста ары қарай дамып,
түрлі формаға (сопақша, дөңгелек, жұмыртқа тәрізді, алмұрт тәрізді, т.б.) ие
болады (сурет 3).
Сурет 3 – Сыртқы ортада кокцидия ооцисталарының дамуы
Ооциста сыртқы орта жағдайына төзімді, олар сыртқы ортадан
(жайылымдарда, жануарлар нәжісінде, су тоғандарында) ластанған жем-
шөптер немесе су арқылы жануарлардың организміне түсіп, тез арада көбейе
бастайды да, жануарлардың жаппай қырылуына дейін әкеледі.
Келесі «Фюллеборн әдісіне» қысқаша сипаттама беретін болсақ, ол 1866-
1933 жж. аралығында өмір сүрген неміс паразитологы Ф.Фюллеборнның
есімімен байланысты. Бұл әдіс қарапайым және практикада кеңінен
35
қолданылатын, жануарлар нәжісін гельминтоскопиялау әдісі, ол үшін алдын
ала қаныққан ас тұзы ерітіндісі дайындалады.
Білім беру нәтижесіне жету ұстанымы негізінде дайындалған
«Омыртқасыздар зоологиясы» элективті курсы бойынша виртуалды
зертханалық жұмыстар тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар кешендерінен және
виртуалды сызбалар мен кестелерді құру құралдарынан тұрады. Виртуалды
зертханалық жұмыстарды пайдалану оқытушыларға бір-бірімен тығыз
байланыстағы мотивациялық, іс-әрекеттік және қолданбалы бағыттағы
дидактикалық мәселелерді шешуіне мүмкіндік береді.
Білім алушылар виртуалды зертханалық жұмыста орындалған тәжірибені
тіркеу үшін жұмыс журналын жүргізеді. Ал оқытушы білім алушылардың
тәжірибе жүргізу барысында алған білімдерін бағалау мақсатында бақылау
сұрақтарын дайындайды. Осындай виртуалды зертханалық жұмыстардың
кешені көрнекілікті және тәжірибенің дәлдігін қамтамасыз етеді. Бұл білім
алушылардың жұмысын жеңілдетеді, уақытты үнемдейді және тәжірибенің
тиімділігін арттырады. Сонымен қатар виртуалды модель оқытушының білім
алушылардың білім, білік деңгейлеріне сәйкес тәжірибеге қосымша сұрақтар
құрастыруына мүмкіндік береді.
Зертханалық жұмыстың элементтері екі топқа бөлінеді:
1) ақпараттық;
2) тексеру топтары.
Ақпараттық топ элементтері дәріс сабақтары ресурстарын пайдалану
арқылы жүзеге асырылады және теориялық кіріспеден, модельді сипаттаудан
және зертханалық жұмыс моделінен тұрады.
Тексеру тобының элементтері бақылау сұрақтары немесе тест сұрақтары
ресурстарын пайдалануды құрайды, бұл жағдайда жұмысты орындау іс-
әрекеттерінің интерактивті нұсқаулары беріледі. Аудио және визуалды
көріністер арқылы білім алушылардың білімі бақыланып, бағаланады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқыту үдерісінде
виртуалды зертханалық жұмыстарды пайдаланудың оң және теріс жақтарын
ажыратуға мүмкіндік туды (кесте 5).
Кесте 5 – Виртуалды зертханалық жұмыстарды пайдалануды бағалау
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Оң жақтары
Теріс жақтары
1
2
1) кіріктіріп оқыту мүмкіндігі;
2) нақты зертханаға тәуелсіздігі
(компьютер
арқылы
тәжірибені
жүргізу);
3)
шынайы
бақылау
жасауға
мүмкіндіктің жоқ болуында, оқу
ғимараттары жағдайында
1)
шынайы
зерттеу
жүргізуге
мүмкіндіктің жоқтығы;
2)
зат
түрінде
көрнекіліктің
болмауы;
3) білім алушылардың нақтылы
құрал-жабдықтармен
жұмыс
жасаудағы практикалық
Достарыңызбен бөлісу: |