7
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамыту
міндеттерін шешуге байланысты білім сапасын әлемдік тәжірибелерге сәйкес
жоғары деңгейге көтеру – заманауи талап. Қазақстан Республикасында орта
білім беру мазмұнын жаңарту білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына
елеулі өзгерістер енгізуді талап етуде. Білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңаша көзқарас пайда болды, осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны
тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген
жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың
сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім берудегі жаңғырту мен
инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі
мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Олай
болса,
қазіргі
қоғамдық
сұраныстар
еңбек
нарығының
қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары кәсіби ұтқырлықты, ғылыми-
техникалық және заманауи ақпараттарға өз бетімен бағыттала алатын мамандар
даярлауды қажет етіп отыр. Осыған орай жоғары оқу орындарының алдына
кәсіби маман ретінде өз бетімен білім
алуға қабілетті,
алған білімдерін оқу және
өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту
мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ететін тұлғаны дайындау мәселелерін жан-
жақты қарастыруда.
Болашақ биология пәнінің мұғалімдеріне кәсіби білім беру – ғылыми
негіздегі оқу материалдарымен шектеліп қана қоймай, білім алушылардың
бәсекеге қабілеттілігін, олардың өз бетімен білім алуға даярлығын, алған
білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана алу біліктерін жетілдіруді мақсат
етеді. Болашақ мамандардың әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық
өзгерістерге ұтқырлықпен жауап беруі, білімдарлығы, жаңаша ойлау
қабілеттері қандай да бір нәтижеге қол жеткізудің алғы шарты болып табылады.
Қазіргі бiлiм беру сапасы деңгейiн көтеруге бағытталған позитивтi
тенденциялар бiлiмге деген жаңа бағыттарды дамыту және адами капиталды
қалыптастыру болып отыр. Осыған орай білім беру үдерістердің тиімділігін
арттыру мәселелерін шешудің негізі білім алушылардың оқу-танымдық
қызметін жандандыру болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты
Қазақстан халқына Жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі
өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа
моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау
қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», –
екендігіне баса назар аударып отыр [1]. Бұл білім алушылардың оқу-танымдық
қызметін жетілдіруге, яғни өздігінен жұмыс жасауға, шығармашылық қабілетін
дамытуға, ақпараттық қызметті тиімді қолдануға үйретуді талап етеді. Білім
алушылардың оқу-танымдық қызметін жетілдіру негізінен болашақ
мұғалімдердің шығармашылық қабілетімен тығыз байланысты.