Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет59/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

176
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
болып  табылады.  Тілдік  ойынның  ерекшеліктерін  түсіну  шет  тілін 
меңгерудің жоғары деңгейін растайды. 
ТІЛДІК  ТІРЕКТЕР.  Тақырыпты,  мәселені,  хабардың  мәнін  ашу 
үшін  көрнекілік  құралдарды  (сурет,  сөз  карточкалары,  кестелер, 
тірек сөздер) пайдаланатын арнайы оқу материалдары. Шет тілдерін 
үйрету кезінде еркін сөйлеуді ынталандыру үшін қолданады.  
ТІЛДІҢ МАШИНАЛЫҚ ҚОРЫ. Тілді зерттеп тексерудің автомат-
тандырылған кешенді жүйесі. Онда мәтіндер, картотекалар, сөздіктер 
арқылы  деректелген  ақпараттық  материалдар,  тілдік  мәліметтер 
жинақталады.  Тілдің  машиналық  қоры  тіл  туралы  тек  қолда  бар 
ақпараттарды  ғана  емес,  ол  туралы  жаңа  деректерді  жинақтайтын 
зерттеу  лабораториясы  болып  табылады.  Қазақстанның  Ұлттық  ҒА-
ның  А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтындағы  тіл дің 
машиналық қоры М.Әуезовтің 20 томдық толық жинағының мәтіндерін 
компьютер жадына енгізіп, сөздіктерге қажет материалдар даярлады. 
Тіл білімі институтында көп жылдар бойы жиналған мол картотекалық 
қор (5 млн-ға жуық) компьютер жадына енгізілуде. Тілдің машиналық 
қорының тілді зерттеу жұмысындағы болашағы мол.
ТЬЮТОР  (лат.  tutor  –  қорғаушы,  қамқоршы).  Оқушының  жекелеп 
оқуына  көмектесетін  және  нақты  оқу  бағдарламасы  аясында  оқу 
процесіне оқу-әдістемелік тұрғыдан басшылық етуді жүзеге асыратын 
кеңес беруші оқытушы немесе куратор.
- Ұ -
ҰЗАРТЫЛҒАН КҮН ТОБЫ. Мектепте сабақтан соң оқушыларға 
қосымша білім беру, олармен мәдени шаралар ұйымдастыру. Ұзар-
тылған күн тобы – көбінесе бастауыш сынып оқушылары арасында 
ұйымдастырылады.
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ  ДАРАЛЫҚ  НЫСАНЫ.  Әр  оқушының 
мүм кіндігіне  орай  өзіндік  тапсырмалар  беру  арқылы  жекелей  оқы-
туды кемелдендіру.
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТОПТЫҚ НЫСАНЫ. Белгілі бір тапсыр-
маларды  орындату  үшін  оқушыларды  топқа  бөліп  жүргізілетін 
жұмыс.  Ұйымдастырудың  топтық  нысаны  лабораториялық  жұмыс-
тарда, шығармашылық тапсырмаларда және т.б. қолданылуы мүмкін.


177
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ҰЛТТЫҚ  БІРЫҢҒАЙ  ТЕСТІЛЕУ.    Қазақстан  Республикасында 
қолданылатын мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі. ҰБТ-ның 
нәтижесі  жалпы  және  орта  білім  ұйымдары  бойынша  мемлекеттік 
аттестацияның  қорытындысы  ретінде  есептеледі,  ал  қабылдау 
емтиханы ретінде колледждермен, ЖОО-мен есептелінеді. Оқушының 
Қазақстан университеттеріне түсу мүмкіншілігі (грант және ақылы 
бөлім)  және  қорытынды  аттестатының  бағасы  оның  ҰБТ-да  алған 
балдардың  санына  байланысты  болады.  ҰБТ-ның  балдары  тағы 
«Болашақ» атты президенттік шәкіртақы (стипендия) алуға мүмкіндік 
береді.  Өткен  жылдары  бітірген  бітірушілер,  колледж  бітірушілері 
және  кейбір  талапкерлер  үшін  ҰБТ  аналогтары  кешенді  тест  (КТ) 
боп саналады. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңі 5 лектен тұрады (кей 
жағдайда оқушы санына қарап қысқарады) және маусымның алғашқы 
күндерінен басталады (10 күн, 1 лек = 2 күн). ҰБТ бір кезеңнен өтеді 
және 125 балдық шкаламен бағаланады. Оқушылар бір күннің ішінде 
бес  пәннен  тест  тапсырады:  математика,  Қазақстан  тарихы,  орыс 
тілі, қазақ тілі және таңдалған пән (шет тілі (ағылшын тілі, неміс тілі, 
француз тілі), биология, география, химия, физика, әдебиет) — әрбір 
пән  25  сұрақтан  тұрады.  ҰБТ-ның  жүргізілуіне  3,5  сағат,  яғни  210 
минут беріледі. Жоғары оқу орындарына түсушілердің минималды 
өту балы 100 балл ішінен 60 (ұлттық университеттерге түсу үшін 70 
балл), себебі қазақ мектептері үшін орыс тілі және орыс мектептері 
үшін  қазақ  тілі  пәні  ескерілмейді.  ҰБТ  сонымен  бірге  маңызды 
психологиялық сынау болып табылады.
ҰЛТТЫҚ-БАҒДАРЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ. Тіл өкілдерінің оқытатын 
тілдің  мәдениеті  мен  тілінің  ерекшеліктерін  ескеретін  тілді  оқыту 
әдістемесі. Сабақта оқу материалдарын іріктеу және көрсету, ұқсас 
және сәйкес келмейтін құбылыстарды екі тілде салыстыру ұсынылады. 
Ұлттық бағдарлау әдістемесі оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік 
береді,  яғни,  оқу  уақытын  азайтады  және  тіларалық  ұқсастықтар 
мен интерференция әсерін азайтып пайдалану есебінен оқытылатын 
материалдардың көлемін арттырады. 
ҰЛТТЫҚ-БАҒЫТТЫЛЫҚ  БІЛІМ.  Оқушының  өз  ұлттық  мәде-
ниетін игеріп, әрі қарай дамытуға бағытталған оқытудың ұстаным-
дық құрылымы, мазмұны мен технологиясы.


178
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
- Ү -
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ. Білімнің бір сатысы мен екінші сатысының 
жалғасып келуі. Мысалы, оқушыға бастауыш сыныпта берілген білім 
5-9 сыныпта (орта буында) толықтырылып жалғаса береді.
ҮЙ  ЖҰМЫСЫ.  Оқытушының  сабақ  барысында  алған  білімін, 
сөйлеу  дағдылары  мен  шеберліктерін  тереңдету  және  бекіту  үшін, 
кейде  оқу  материалының  бағдарламасы  арқылы  анықталатын,  та-
нымдық тапсырмаларды өз бетінше орындау үшін үйде жұмыс істеу-
ге берілетін өзіндік жұмыс формасы.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ. Оқытушының сабақ барысында алған білімді, 
сөйлеу  дағдылары  мен  шеберліктерін  бекіту  және  тереңдету  үшін, 
кейде  оқу  материалында  анықталған  бағдарламаның  бір  бөлігі  бо-
лып  табылатын  танымдық  тапсырмаларды  өз  бетінше  шешу  үшін 
ұйымдастыратын оқушылардың өзіндік жұмыс формасы.
ҮЙДЕ БІЛІМ БЕРУ. Білім беру мекемелерінен тыс үй жағдайында 
оқыту. Үйде білім беру қосымша білім беру мақсатында жүргізіледі.
ҮЙДЕН  ОҚУ.  Оқу  жұмыстарының  аудиториядан  тыс  ұйымдас-
тырылған  формасы.  Үйренушінің  өзіне  ұсынылған  немесе  өзі  таң-
даған мәтінді аудиториядан тыс уақытта (үйде) оқуы. Оқуды бақылау 
сабақта немесе аудиториядан тыс уақытта жүзеге асырылады. Үйден 
оқу  үшін  хрестоматиялар,  оқуға  арналған  кітаптар  және  т.б.  оқу 
құралдары пайдаланылады.
ҮЛГЕРМЕУШІЛЕРМЕН ҚОСЫМША САБАҚТАР. Оқу процесін 
ұйымдастырудың  өзіндік  бір  нысаны.  Үлгермеушілермен  қосымша 
сабақтарды мұғалім оқушылардың шағын тобымен ұйымдастырады 
немесе жеке әр оқу пәні бойынша арнайы тапсырмалар беру арқылы 
сабақтан тыс уақытта өткізіледі.
ҮЛГЕРМЕУШІЛІК. Оқушылардың білім мазмұнын игеру деңг ейі   -
нің оқу бағдарламасында көзделген деңгейімен салыстырғанда неғұр-
лым төмен болуы. Үлгермеушілік одан ары оқытуға кедергі болады, 
бір  сыныпта  екі  жыл  оқуға  апарып  соғады.  Білімнің  мазмұнына 
білімдер, біліктер мен машықтар ғана емес (бұлардың игерілу деңгейін 
балдық  шкала  бойынша  біршама  дәл  бағалауға  болады),  сонымен 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау