161
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ойын білдіруіне бағытталған. Сөйлеу сабағы жаттықтыру сабақтары
сияқты сөйлеу қызметінің бірнеше түріне және әртүрлі тілдік
материалға негізделуі мүмкін.
СӨЙЛЕУ ТАПСЫРМАСЫ. Өткен оқу материалын бекітуге және
сөйлеу шеберліктерін жетілдіруге ықпал ететін сөйлеу іс-әрекетін
орындауға ынталандыратын тапсырма түрі. Сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру және білім алуды мақсат еткен тілдік тапсырмалардан
өзгешелігі сөйлеу тапсырмасы, бірінші кезекте, сөйлеу шеберліктерін
қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Сондықтан да сөйлеу
тапсырмасын орындаған кезде шартты түрде сөйлеу және сөйлеу
жаттығулары қолданылады, мұндай жаттығулар аудиторияда
оқытушының басшылығымен немесе оқушылар оқу құралдары мен
оқытудың техникалық құралдарын өз беттерінше пайдалана отырып
орындалады. Сөйлеу тапсырмаларын орындаған кезде рөлдік
ойындарды, көрнекілік құралдарын, заманауи оқыту құралдарын
пайдалану ұсынылады.
СӨЙЛЕУ ШЕБЕРЛІГІ. Көптеген нұсқалардың ішінен мазмұнын
ашатын және мәні мен стилі жағынан дәл келетінін таңдау шеберлігі,
сондай-ақ тіл мен оның құралдарын жағдайға сәйкес орнымен
пайдалану әдістері.
СТАРОСТА. Мұғалім немесе сынып жетекшісінің жәрдемшісі
ретінде сыныптағы оқушылар ішінен ресми сайланған белсенді
оқушы. Староста сыныпта лидер бола алмауы да мүмкін.
СТУДЕНТ (лат. Studens – іждағаттана жұмыс істеуші). Жоғары оқу
орнында білім алушы адам.
СҰРАҚ. 1. Оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтау үшін
қойылатын сұрау. 2. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас барысында
ойларын айқындау үшін қойылатын сұрау.
СҰРАУ. Білу немесе сұрақты анықтау мақсатында жауап алудан
тұратын диалог тілінің түрі. Сұрақ қоюшы мен жауап алушының
рөлдері ауысып отырады. Егер олай болмаған жағдайда, жауап алу
тергеуге айналады. Әрбір сұрақтың мақсаты – жаңа жауап немесе
қосымша ақпарат алу. Жауаптар логикалық және тілдік қатынас жүгін
арттырады, диалогты бағыттайды.
162
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
СЫБЫРЛАП АЙТУ. Сөйлеу іс-әрекеттерін орындап тұрған
оқушының назарын қандай да бір ерекшеліктерге аудару, бұл
қателердің алдын алып, қарым-қатынас жасау процесінде ойдың
құрылуы мен қалыптасуын жеңілдетеді. Сыбырлап айту ауызша және
жазбаша, алдын ала жоспарланған және спонтанды болуы мүмкін.
СЫЗБА (грек. schēma – бейне, түр, форма). Қандай да бір
құрылғының шартты немесе абстрактілі бейнесі немесе қандай да
бір нәрсе бөліктерінің, элементтерінің өзара әрекеттесуі. Тіл үйрету
кезінде сызба көбінесе тіл фактілерін немесе ережелерін көрсетіп,
жеңіл және жалпы түрінде беріледі.
СЫНАҚ. Жоғары және арнайы орта оқу орындары студенттерінің
семинар және практикалық сабақтарда, өндірістік практикада алған
білімдері мен дағдыларын, сондай-ақ олардың өздігінен орындайтын
міндетті жұмыстарын (сызған сызбаларын, шығарған есептерін және
т.б.) тексерудің бір түрі.
СЫНАҚ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ. Оқытушының эрудициясына және
оның педагогикалық интуициясына негізделіп құрылған зерттеу
әдістерінің бірі. Сынақ арқылы оқыту барысында оқытушы
гипотезаны тексеру үшін шаралар қолданады, бұл шаралар оқыту
процесін, оның ішінде шет тілін жетілдіруге бағытталған, алға
қойылған және бастапқыда негізделген болжамды растауға немесе
одан бас тартуға арналған.
СЫНАҚТАН ӨТУШІ. Ғылыми, оның ішінде психологиялық немесе
әдістемелік тәжірибелер жүргізілетін адам.
СЫНАМА ОҚУ. Белгілі бір деңгейде оқытушының эрудициясына және
оның педагогикалық интуициясына негізделген зерттеу әдістерінің бірі.
Сынама оқу барысында оқытушы гипотезаны тексереді, нәтижесінде
оқу процесін жетілдіруге арналып айтылған және алғашында негізделген
болжамды растайды немесе жоққа шығарады.
СЫНИ ОЙЛАУ. Ақпаратты қисынды талдау қабілеті, қалыптан тыс
жағдайларда, мәселелерде алынған нәтижелерді орынды қолдана білу.
Сыни ойлауды қалыптастыру қазіргі оқытудағы көкейтесті мәселенің бірі.
СЫНИ ОҚУ. Коммуникативті оқу түрі; мәтіннің мазмұнын
163
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
оқырманның пікірімен, оның білімімен, жеке өмірлік тәжірибесімен
сәйкестендіру арқылы оқылған шығармаға баға беруді қарастырады.
Сыни оқу кезінде мәтінді, мәтіннің ұстанымын, әдеби әдістері мен
авторлық стильдің ерекшеліктерін толық әрі нақты түсінуге болады.
СЫНЫП ЖАТТЫҒУЛАРЫ. Орындау тәсілі мен әдісі бойынша
берілген жаттығу түрі; мұндай жаттығулар оқытушының басшы-
лығымен жүргізіледі және жаңа грамматикалық, лексикалық, фоне-
тикалық материалмен танысуға, сөйлеуді дамытуға, оқушылар дың
оқу үлгерімін тексеруге және т.б. арналған.
СЫНЫП-САБАҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ. Оқу процесін жасына
және білім деңгейіне сәйкес жеке-жеке сыныптарға топтау арқылы
ұйымдастыру. Оқытудың негізгі формасы сабақ, ал әр сыныптағы
оқытудың мазмұны білім беру стандарты арқылы және соның негі-
зінде жасалатын оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары арқылы
анықталады. Сынып-сабақтық оқыту жүйесінің артықшылықтары:
оқыту жүйесін ұйымдастырудың және оны басқарудың жүйелілігі,
білім беру мазмұнын меңгерудің жүйелі сипаты. Аталмыш жүйенің
кемшіліктері: орташа оқушыға бағытталады, бұл әлсіз оқушылар үшін
қиындық тудырса, айтарлықтай мықты оқушылардың дамуына кедергі
болады (Соловова, 2002; Теоретические основы обучения, 1981).
СЫНЫПТАҒЫ САБАҚ ЖҮЙЕСІ. Оқу материалын баяндау,
барлық оқушылардың жұмысын бақылау, оқу материалдарын сұрау.
СЫНЫПТАҒЫ ТАҚТА. Сынып бөлмесінің міндетті заты, оқушы-
ларға оқу материалын оңай меңгерту үшін көрнекілік құрал ретінде
пайдаланылады. Қазіргі сыныптағы тақталарға жазу құралы ретін де
дәстүрлі бор ғана емес, сондай-ақ арнайы фломастерлер де пайда ланылады.
Болаттан дайындалған сынып тақталары көрнекі мате риалдарға арналған
магнит ұстағыштарды пайдалануға мүмкіндік береді.
СЫРТТАЙ ОҚУ. Оқыту процесін ұйымдастыру формасы және
білім алуды кәсіби еңбек қызметімен үйлестіретін тұлғаларды оқыту
профилі. Оқушылар оқу курстарынан өз беттерінше өтіп, емтихан
тапсырады. Сырттай оқу формасының бір түрі – қашықтан оқыту
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |