Ш. Н. ДҮрмекбаева өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы



жүктеу 3,11 Mb.
бет5/13
Дата05.02.2018
өлшемі3,11 Mb.
#8470
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ТАМЫРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ. ТАМЫР

ЖҮЙЕЛЕРІ

Жұмыс мақсаты: Тамырдың морфологиялык құрылысымен және тамырдың ұшындағы аймақтармен танысу және тамырдың алғаш соңғы құрылысына тән анатомиялық ерекшеліктерін анықтау олардың элементтерінің орналасу тәртібін білу.

Тапсырма.

1. Тамырдың морфологиялық құрылысын қарау. Тапсырмаға түсініктеме: Бір өсімдіктегі тамырлар жиынтығы таамыр жүйесін құрайды. Тамырлар жүйесінің құрамына негізгі тамыр жанама тамыр және қосалқы тамыр кіреді. Ұрық тамыршасын пайда болған тамыр негізгі тамыр деп аталады. Негізгі және қосалқы тамырдан бұтақтанған тамыр - жанама тамыр деп аталады. Өсімдіктің жерүсті мүшелері сабақтан, жапырақтан, тамырсабақта жуашықтан, столоннан пайда болған тамыр қосалқы тамыр деп аталады. Тамыр жүйесінің 2 типі бар, кіндік және шашақ (сурет 10 Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы жетілге қосжарнақтылар класының тұқымдастарында (Rапuпсиlасеae Рараvеrасеае, Ғаbасеае) кездеседі. Шашақ тамыр жүйесі дара жарнақтылар класының түқымдастары- Lіlіасеае, Роасеae тұқымдастарына тән.

48

10- сурет. Тамыр жүйелері: А- кіндік; Б- шашақ: 1-негізгі тамыр, 2-жанама тамыр, 3-қосалқы тамыр.

Тамырдың шығу тегіне байланысты мынадай тамыр жүйесін ажыратады: негізгі тамыр - жанама тамырлары бар негізгі тамыр; Қосалқы-қосалқы тамырлардан ғана тұрады және аралас - негізгі, жанама және қосалқы тамырлардан тұрады.

Тамыр жүйесі өсімдіктер тіршілігінде маңызды роль атқарады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің жоғары болуы тамыр арқылы енген қоректік заттарға байланысты. Топырақты өңдеудің агротехникалық шаралары және өсімдіктерді күту тамыр жүйесінің жақсы дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған.

1-тапсырма. Тамырдың морфологиялык құрылысын қарау.

Жұмыстын орындалу барысы: Гербарий арқылы тамыр түрлерін, тамыр жүйесін қараныз. Берілген өсімдіктердің тамыр жүйесін және тамыр түрлерін анықтап жазын және суретін салыңыз. Қос- және даражарнақты өсімдіктердің тамырындағы айырмашылықтарды көрсету.
49

ТАМЫРДЫҢ ӨСУ АЙМАҒЫ, АЛҒАШҚЫ ЖӘНЕ

СОҢҒЫ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жұмыс мақсаты. Жас тамырдың ұшындағы аймақтармен танысу және тамырдың алғашқы, соңғы құрылысына тән анатомиялық ерекшеліктерін анықтау, олардың элементтерінің орналасу тәртібін білу.

Тапсырма.

1. Жас тамыр ұшындағы аймақтарын қарау.

2. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысымен танысу.

3. Тамырдың сонғы анатомиялық құрылысымен танысу.

Қажетті құралдар мен материалдар: бидай өскіндерінің тамыр үшы құртқашаш (Іris gеrmапіса) және кәдімгі асқабак (СисиrbіІа рерсо тамырының тұрақты препараты немесе фиксацияланған материалы микроскоп, препаральды лупа және ине, заттық шыны мен жабындық әйнек, су.

Тапсырмаға түсініктеме: Тамырдың апикальды меристемасының клеткалары тамыр оймақшасымен қоршалған. Тамыр оймақшасының астыңғы жағында бөліну аймағы орналасқан. Клетканың мөлшері- Імм. Бұл аймақтан жоғары - өсу аймағы, клеткалар өте тез ұзынынан ұлғаяды. Тамыр түкшелері орналасқан аймақ сору аймағы деп аталады. Бұл түкшелердің сіңіру беткейі үлкен болады және топырақтан су мен минералды заттарды сіңіреді. Сору аймағы меи сабақтың негізгі аралығы өткізу аймағы болып саналады. Тамырдын алғашқы анатомиялық құрылысы. Тамырдың алғашқы құрылысы алғашқы меристемадан түзілген шығу тегі алғашқы ұлпалардан тұрады. Даражарнақтыларда соңғы ұлпалар пайда болмайды, сондықтан олардың мүшелері өмір бойы алғашқы құрылысын сақтайды. Барлық өсімдіктерде тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысын сору аймағынан даярланған көлденең кесінділерден қарайды. Онда ұлпалардың мамандануы жүреді және әртүрлі ұлпалар пайда болады, сондықтан бұл аймақты клеткалардың ерекшелену аймағы деп атайды.

Тамырдың ішкі құрылысы - орталық шеңбер. сыртқы бөлігі - алғашқы қабық деп бөлінеді. Ол тамыр түкшелері барі клеткалардың бір қабаты - эпиблемамен қапталған. Алгашқы қабықтың сыртқы қабаты - экзодерма, ол тығыз орналаскан, көпбұрышты клеткалардан тұрады.

50

Клетка қабықшасы сүректеніп, қорғаныш функциясын атқарады. Одан соң негізгі паренхима оналасқан, ол алғашқы қабықтың негізгі массасын құрайды. Эпиблема және паренхима сору қызметін атқарады. Алғашқы қабықтын ішкі қабаты - эндодерма, оның клетка қабырғалары да сүректенген, алайда эндодерма клеткаларының арасында тірі жұқа кабырғалы өткізгіш клеткалар болады, ол арқылы су мен минералды



заттар орталық шеңберге келіп түседі .Өткізгіш клеткалардың цитоплазмасы таңдамалы өткізгіштігімен ерекшеленеді.

Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты перицикл меристемати-калық активті бірқатар орналасқан тірі паренхима клеткасынан тұрады. Перициклден кейде жанама тамырлар түзіледі, кейде оны тамыр түзгіш деп атайды. Орталық шеңбердің орталық бөлігінде радиальды өткізгіш шоқтар болады.

Тамырдың соңгы анатомиялық құрылысы. Жалаңаштұқымдылар және қосжарнақты өсімдіктерде алғашқы құрылыс өсімдіктің дамуының алғашқы өскін кезеңінде соңғы құрылыска ауысады. Бұл өсімдіктерде соңғы құрылыс алғашқы ұлпалардан басқа, алғашқы меристемадан немесе тұрақты ұлпалардан соңғы ұлпалар қалыптасады. Тамырдағы өзгеріс соңғы түзуші ұлпа камбийдің қалыптасуынан басталады. Ол алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема аймағы арасындағы паренхимадан пайда болады. Алғашқы ксилеманың сәулесіне қарсы, камбий перициклден пайда болады. Парснхимадан пайда болған камбий клеткалары шетке қарай соңғы флоэманың элементтерін, ішке қарай соңғы ксилеманың элементтерін түзеді. Перициклден пайда болған камбий клеткалары радиальды паренхиманың сәулелерін түзеді.

Перицикл клеткаларынан феллоген қалыптасады. Феллогеннің қызметі нәтижесінде перидерма қалыптасады, ол тамырдың алғашқы қабығын орталық шенберден бөліп тұрады. Алғашқы қабық өліп, түсіп қалады. Тамырдың жоғарғы беткейінде перидерма қалады. Перидерма мен камбий арасында флоэманың бөлігі- соңғы қабық, камбий астында ксилема бөлігі немесе сүрек орналасады.



1-тапсырма. Жас тамыр ұшындағы аймақтарын қарау.

Жұмыстың орындалу барысы: Бидай өскінінің алып, тамыр ұшын Қандауырмен 1-1,5 см кесіп алып, заттық шыныдағы су тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Мироскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қараңыз. Препаратты кору алацына тамыр оймақшасымен қапталған өсу конусы көрінегіндей қойыңыз. Оның клеткалары аздап қысыңқы, кейбіреуі алынып, жанында бос жатыр. Тамыр оймақшасы бөліну аймағын жауып жатыр.

51

Клеткалары ұсақ, цитоплазмасы қою. Препаратта басқа клеткаларға қарағанда қою түсті көрінеді. Онда бөліну үздіксіз жүреді. Препаратты келесі созылу аймағы көрінетіндей қою керек. Олардың пішіні меристемалық клеткаларға қарағанда ірірек, түсі ашық болады. Созылу аймағының деңгей-інде тамырдың алғашқы жабындық ұлпасы - эпиблема анық көрінеді, клетка қабықшасы жұқа клеткалардан тұрады және онда тамыр түкшелері болмайды. Сору аймағын қарағанда, эпиблема өсінділері тамыр түкшелеріне ерекше назар аударыңыз (сурет 11 А). Тамыр ортасында екі ұзын жолақты көруге болады. Бұл ксилема: түтікшелі элементтері. Оны препаратта нақты көру кесіндінің қалыңдығына байланысты мүмкін емес. Тамыр ұшын схема түрі суретін салып, тамыр оймақшасын, аймақтарын және эпиблема белгілеңіз.



2-тапсырма. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы танысу.

Жұмыстың орындалу барысы: Құртқашаш тамырының дайын препаратын немесе көлденең кесінділер дайындап, құрылыа қараңыз. Кесіндінің ортасыңда орталық шеңбер керінеді. Оның айналасында алғашқы қабық орналасады. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышы арқылы эпиблемадан бастап, талдау жүргізіңіз.

Алғашқы қабықта сорушы паренхиманың нәзік целлюлозалы

клетка қабықшасына және ірі клетка аралығына назар аударыңыз Алғашқы қабықтың ішкі қабаты- эндодерманы қарастыра отырып клетка қабықшасы қалыңдаған клеткаларды және клетка қабықшасы нәзік өткізгіш клеткаларды көрсетіңіз. Сонымен, алғашқы қабық эпиблема, экзодерма, мезодерма және эндодермадан тұрады.

Орталық шеңбер сыртынан нәзік қабықшалы, эндодермаға жанаса орналасқан перицикл клеткаларынан тұрады. Перицик жанама тамырлар қалыптасады. Орталық шеңберде перицикл басқа алғашқы ксилеманың түтіктері анық көрінген. Алғашқы флоэма ксилема сәулелерінің арасында клеткалар тобын түзеді. Ксилема және флоэманың кезектескен радиальды топтары тамырдың орталық шеңберінде радиальды өткізгіш шоқты түзеді (сурет 11 Б).



Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы тамырдың құрылысын схема түрінде беріңіз. Суретте эпиблема, мезодерма эндодерма, орталық шеңбер, периңикл, радиальды өткізгіш шоқтар көрсетіңіз.

3-тапсырма. Тамырдың сонгы анатомиялық құрылысым танысу.

52


11- сурет. Тамыр аймақтары мен тамырдын анатомиялық

жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау