Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 6,57 Mb.
бет18/58
Дата17.02.2018
өлшемі6,57 Mb.
#9993
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58

7.7. Желдету


7.7.1 Тұрғын үйлердің кез келген бөлмелері үшін ауа алмасудың есепті температурасы, еселігі мен мөлшерлері орнатылған талаптарға сәйкес келуге тиіс. Табиғи сорып шығаратын желдету сыртқы ауаның ағымдағы температурасы 5 °С және одан төмен болған кезде жобамен қарастырылған бөлмелердің барлығынан ауаның қажетті көлемін шығаруын қамтамасыз ету керек.

Механикалық желдету мен ауамен жылытуын қолданынған кезде кіру көлемі мен сорып шығарудың айырмашылығы жобалықтан 10 %-дан көпке, кірген ауаның температурасының төмендеуі немесе жоғарылауы 2 °С –тан көпке жіберілмейді.

7.7.2 Тұрғын үйлердің желдету жүйесіне қызмет ететін қызметшілері келесіні жүргізуге міндетті:

жоспарлы тексерулер және жүйедегі барлық табылған ақаулықтарды жою;

сыңған сорып шығаратын торларды ауыстыру және оларды бекіту;

желдету арналар мен шахталарында саңылауларды жою;

арналардың бітелуін жою;

сорып шығаратын шахталардағы шибер мен дроссель-қақпақшалардың, шахта үстіндегі шатырлардың және дефлекторлардың ақаулықтарын жою.

7.7.3 Жыл сайын тексеруге жататын желдету қорабы мен ауа өткізгіші арқылы өтуге арналған шатырлардың тақтай көпірлері немесе төсемдері болу керек. Барлық ағаш құрылғылардың оттан қорғанышы болу керек.

7.7.4 Желдету жүйенің статикалық қысым камерасы ретінде қолданылатын жылы шатырлар саңылаусыз болу керек.

Мұндай шатыр жайдың желдету тесігі ретінде құрама вытяжная шахтасы болып табылады.

Жылы шатырлардың:

құрылғыларында саңылаулары және түйіскен қосылулардың ақаулықтары жоқ саңылаусыз қоршау құрылғылары (қабырғалар, аражабындар, төсемдер);

бақылау немесе диспетчерлік пунктен автоматты ашу мен жабу құрылғысы бар шатыр жайына кіру есіктері;

бекітпелері немесе фальцевті ілгешектері бар секцияаралық есіктері;

шатыр жайында және ортақ құрама сорып шығаратын шахта астында орналасқан желдетпе шахтаның басындағы 30 30 мм ұяшықтары бар сақтандырғыш торлары, сондай-ақ, құрама сорып шығаратын шахта астында тұғырықы;

шатыр жайында ауаның температурасы 12 °С жоғары болуға тиіс.

7.7.5 Шатыр жайының шаң кетіруі мен дезинфекциясы жылына бір реттен кем емес, ал желдету арналардың үш жылда бір реттен кем емес жүргізілу тиіс.

7.7.6 Шатыр жайының ішінде консоль мен жөндеу бесігін ілуге арналған механизмдерді орналастрыуға болмайды.

7.7.7 Тұрғын үйлердегі желдетпе жүйесі сыртқы ауаның температурасының күрт төмендеуіне немесе жоғарылауына және қатты желге байланысты реттеліну тиіс. Үй қорына қызмет ететін ұйымдардың инженерлік техникалық жұмыскерлері тұрғындарға желдету жүйесін реттеу ережелері туралы нұсқау беруге міндетті.

7.7.8 Сорып шығаратын желдету торларын жабыстыруға немесе оларды үй керек-жарақтарымен жабуға, сондай-ақ оларды киім кептіруге арналған жіптің бекітпесі ретінде қолдануға болмайды.

Тұрғын үйдің жоғары қабаттарындағы ас үйлер мен санитарлық бөлмелерде сорып шығаратын тор орнына тұрмыстық электр желдетпені орнатуға болады.

Қатты аяздар кезінде жоғарғы қабаттар жайларында, әсіресе жоғары қабатты үйлерде тарту күшінің аударылуын болдырмау үшін желдетпе жүйенің вытяжной шахтасындағы ортақ шиберді немесе дроссель-қақпашаны жабуға болмайды.

7.7.9 Жылынбайтын жайларда қатты аяз кезінде қабырғалары дымқыл ауа өткізгіштері, арналар мен шахталар тиімді биотұрақты және жаңбайтын жылытқыштармен қосымша (қапталу) жылытылу керек.

Табиғи желдетудің орта сору шахтаның басында қолшатырлар мен дефлекторлар болуға тиіс.

7.7.10 Сорып шығаратын шахтасының, құбырларының, тұғырықтар мен дефлекторының үш жылда бір реттен кем емес корррозияға қарсы сырлауы жүргізілу керек.



7.7.11 Тұрғын үйді жөндеген кезде жоюға жататын желдетпе жүйесінің ақаулықтар тізімі көктемгі тексеру мәліметтері негізінде құрылу керек.

7.8. Ішкі су құбыры мен кәріздендіру


7.8.1. Сумен қамтамасыз ету және кәріздендіру жүйелерінің жөндеу жұмыстарының жүргізілуін орнатылған талаптарға сәйкес іске асыру керек.

7.8.2. Су құбырының жүйесі 10 кгс/см (1 МПа)-ға дейін қысымға төзу керек, кәріздендіру құбырлары, фасонды бөліктері, түйіспе қоспалары, ревизиялар, тазартулар қысым 1,0 кгс/см (0,1 МПа) болған кезде жүргізілуге тиіс Система водопровода должна выдерживать давление до 10 кгс/см (1 МПа), канализационные трубопроводы, фасонные части, стыковые соединения, ревизии, прочистки должны быть герметичны при давлении 1,0 кгс/см (0,1 МПа).

7.8.3. Үй қорына қызмет ететін ұйымдар:

а) профилактикалық жұмыстарының жүргізілуін (жүйені тексеру, жөндеу), жоспарлы-алдын алу жөндеулерді, үй қорына қызмет ететін ұйымдардың жұмыстар жоспарымен берілген мерзімде су құбыры мен кәріздендіру жүйесін монтаждау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының ірі дефектілерін жоюын (құбырлар аражабындылармен қиылысқан кезде тығыздау гильзаларын орнату және т.б.);

б) жайларда су құбыры жүйесінің жұмысынан шығатын нормадан жоғары шу мен дірілді жоюын (гидравликалық соққылар, құбырларда су ағысының және су айыру арматурасынан ағып шығудың үлкен жылдамдығы және т.б.), берілген мерзімде су құбырында қысымды нормативтіге дейін реттеуді (жоғарлату немесе төмендету);

в) ағып кетулерді, тығындауларды, қоқымдалуды, ғимарат бөліктерінің тұнба деформация кезіндегі немесе санитарлық-техникалық жүйелерін сапасын монтаждау кезінде және олардың қату-реттеу арматурасының дефектілері жоюын, белгіленген мерзімде гидравликалық бекітпелердің, гидравликалық соққылардың (ауа құбырларға кірген кезде), құбырлар қосылған жерлердегі күбелердің, санитарлық аспаптардың гидравликалық бекітпелеріндегі дефектілерінің және кәріздендіру жүйесіндегі қосылу түйіспесінің саңылаусыздығының, кәріздік сорып алудың бастарының үсіп кетудің және т.б. әшкерлеуін;

г) су құбыры мен кәріздендірудің құбырының бетінде конденсаттың пайда болуын қақпайлауды;

д) сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сорап құрылғыларына және кәріздендіру жүйесіне жергілікті тазарту құрылғыларына қызмет етуді;

е) су құбыры мен кәріздендіру жүйелерін натурада және техникалық (жобалы) құжаттама бойынша аспапшы-сантехниктармен зерттеуін (орнатылған жабдықтаудың, аспаптардың және арматураның типі мен маркасын көрсетілген қабат бойынша жоспармен; құбырлардың диаметрі және орнатылған жабдықтауға, су алу мен су айыру арматурасына ведомость-спецификаясы көрсетілген аксонометриялық схемасымен). Жобалық құжаттама болмаған кезде орындау құжаттамасы құрылу керек және сумен қамтамасыз ету мен кәріздендіру жүйелерінің схемалары жаңадан құрылады;

ж) жалдаушылардың, иелер мен жалгерлердің су құбыры мен кәріздендіру жүйелерін пайдалану ережелерін орындалуын бақылауын;

з) жалдаушылардан су құбыры мен кәріздендірудің ақаулықтарын жоюға алынған сұранымдарын уақытында орындалуының инженерлік бақылауын қамтамасыз ету керек.

7.8.4. Полиэтиленді (ПВП), поливинилхлоридті (ПХВ) және тығыздығы төмен полиэтиленді (ТТП) құбырлардан жасалған кәріздендіру мен су ағар жүйелерін пайдалануы орнатылған талаптарға сәйкес іске асырылу керек.

7.8.5 Су өлшеуіш торабының жайы жарықтандырылу тиіс, қысқы уақытта температурасы 5 °С төмен болмау керек. Су өлшеуіш торабының жайына кіруге бөгде адамдарға болмайды.

7.8.6 Ылғалдылығы жоғары жайларда құбырларды гидро- мен жылуоқшаулаумен жасау керек.

7.8.7 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету ұйымының қызметкерлері тұтынушыларға су құбыры мен кәрізді пайдалану ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіру керек:

а) унитаздардың, бақалшақтардың және қол жуғыштардың тазалығын сақтау;

б) пәтерде орнатылған санитарлық аспаптар мен арматураның бұзылуын болдырмау;

в) унитаздарға, бақалшақтарға және қол жуғыштарға тез жанатын сұйықтықтар мен қышқылдарды төкпеу;

г) унитазға құм, құрылыс қоқыстарын, шүберек, сүйектер, шыны, металдан және ағаштан жасалған заттарды тастамау;

д) су құбырының суынын өндірістік емес шығуын, суды пайдаланған кезде тұрақты ағуын, су айыру арматурасы арқылы ағып кетуін болдырмау;

е) кәріздік торы бітелген кезде санитарлық аспаптарды қолданбау;

ж) су құбыры мен кәріздендіру жүйесінің барлық ақаулықтары туралы пайдалану кызметшілерге дер кезінде хабарлау;

з) санитарлық аспаптарды және ашық жатқан құбырларды соққылардан, механикалық жүктеулерден қорғау;

и) пластмасс құбырларды (полиэтиленді кәріздік қадаушалар мен суық су жеткізушілер) жоғары температура әсерінен, механикалық жүктемелерден, соққылардан, құбырларды сырылудан қорғау, полиэтиленді құбырларды сырлау және оларға жіп байлау;

к) пластмас құбырдың сыртқы бетін тазарту үшін жұмсақ дымқыл шүберек пайдалану керек, металдан жасалған щетканы қолдануға тыйым салынады;

л) полиэтиленді кәріздендіру құбырлары бітелген кезде болат сымын қолдануға тыйым салынады, пластмас құбырларды диаметрі 25 мм дейін полиэтиленді құбырдың кесіндісімен немесе қатты резинке шлангпен тазартады.

7.8.8 Құбырларында конденсат бар ас үйлер мен санитарлық бөлмелерді есіктің төменгі бөлігіндегі (2-3 см) тесіктер арқылы ауа кіруді орнату жолымен қосымша желдету керек.



жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау