Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


Қоқыс тастау мен шаңкетіру



жүктеу 6,57 Mb.
бет19/58
Дата17.02.2018
өлшемі6,57 Mb.
#9993
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58

7.9 Қоқыс тастау мен шаңкетіру


7.9.1 Қоқыс салғыш қақпақшаны, дефлекторды, тазарту жуу-дезинфекциялық құрылғыны, шиберді және жабдықталған қоқыс жинау камерасын қамтиды.

Тұрғын ғимараттарда жүктеме қақпақшасы бар қоқыс салғыштарын жылынатын саты торының алаңдарында немесе қабат бойынша холдарда орнатады; қоғамдық ғимараттарда – көбінде қызметшілер бөлмесінде, құрал-жабдықтар сақтауға арналған бөлмелерде және басқа да қосалқы бөлмелерінде.

Саты торының аралық алаңдарында жүктеу қақпақшаларды қабат сайын орналастыру керек. Оңтүстік климаттық аймағында қоқыс салғыштың діңі жылынбайтын саты торларында және сыртқы өтпелі жолдарында орналасу мүмкін. Солтүстік климаттық аймағында қоқыс салғыштың діңі ғимарат ішінде орналастырады.

Қоқыс салғыш діңі адамдарды эвакуациялау жолдарын белгіленген мөлшерден тарылтпау тиіс және терезелерді, өтпелі лоджиялар есіктерін ашуға және тазартуға және т.с.с. бөгет жасамау керек, ал оның жүктеу қақпақшаларына ыңғайлы жарықталған жолын қамтамасыз ету керек.

7.9.2 Қоқыс салғыш діңі келесі талаптарға сәйкес келу керек:

а) қоқыс салғыш діңі өртке қарсы және санитарлық талаптарға сәйкес келетін материалдардан жасалыну керек, оның барлық қозғалмайтын құрама бөліктері (құбырлар түйіні, қақпақшалар бекітпелері және т.б.) су-, түтін- және ауа өткізбейтін болу керек;

б) канал жамылтқы арқылы өтетін жерінде су өтпеушілік қамтамасыз етілу керек;

в) діңің ішкі беті тегіс, кертпешсіз, бақалшақсыз, саңылаусыз және томпақсыз болып жасалынады;

г) ашық орналасқан қоқыс салғыш діңін құрылыс құрылғылардан дыбыс оқшаулайтын серпінді төсемдермен бөлу қажет;

д) қоқыс салғыш діңінің төменгі бөлігінде шибер орнатылу тиіс;

е) қоқыс салғыш діңінің қоқыс жинау камерасына шығысы оның астына стандартты контейнер орнатуға мүмкіндік қамтамасыз ету тиіс;

ж) қоқыс салғыш діңі қоқыс жинау камерасынан дің арқылы ауа өткізумен желдетудің тиімді жүйесі болу керек, жуу және тазарту құрылғысымен жабдықталу керек;

з) діңің желдету арнасы жаңбайтын материалдан жасалыну керек және ішкі беті тегіс болу керек.

7.9.3 Қоқыс салғыштың жүктеу қақпақшасы келесі талаптарға сәйкес келу керек:

а) қақпақшаның бақыраш өлшемі қоқыс салғышқа габариттері діңің ішкі диаметірінен үлкен заттардың тасталуына мүмкіндік бермеу керек;

б) бақыраш алынтын болу керек, жеңіл ашылу және жабылу керек, және шетте орналасқанда жүктеу қақпақшаның түтін- мен ауа өткізбеушілігін қамтамасыз ететін серпінді төсемдері бар тығыз бекітпесі болу керек;

в) бақыраштың жабық күйінде блокировкасы болу керек;

г) кез келген күйде бақыраш қоқыс салғыш діңнің ішкі қимасын жаппау керек;

д) бақыраш ашық болғанда оның жүктеу тесігі горизонтальға жақын күйде тұрады;

е) жүктеу қақпақшалары мен бақыраш ТБО-ның қоқыс салғыш діңінде еркін қозғалуын қамтамасыз ету керек;

ж) бақыраштың ішкі беті тегіс және тұрақты коррозияға қарсы жабындысы болу керек.

7.9.4 Қоқыс салғыш шибері келесі талаптарға сәйкес келу керек:

а) қоқыс салғыш діңнің өтпелі қимасын тарылтпау керек;

б) толған контейнерді ауыстырған кезде, және де профилактикалық пен жөндеу жұмыстары кезінде діңнің жабылуын қамтамасыз ету;

в) қоқыс жинау камерасында өрт пайда болған кезде қоқыс салғыш діңіне жаңар газдардың кіруін болдырмау үшін қоса салынған автоматты өртті кесіп тастауышы болуға тиіс;

г) шибер келте құбырының қоқыс салғыш діңінің осіне иілімі 20° аспау керек.

7.9.5. Қоқыс жинау камерасы келесі талаптарға сәйкес келу керек:

а) 0,05 белгіде орналасу керек; габариттері мен тегістеуі 0,6 м2 контейнерлердің қажетті саның орнатуға және қызмет етуге мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс;

б) камераның диаметрі 15 мм шүмегі бар су құбыры және қоқыс жинауыштар мен камера жайларын жууға арналған келтек құбыры болуға тиіс (үйде орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етілуі болғанда ыстық және суық су келіп тұруы қажет);

в) камера қабырғалары қыш тақтасымен қапталуға, ал төбесі майлы бояумен сырлануға тиіс;

г) камера еденінде кәрізге қосылған диаметрі 100 мм аз емес торап болуға тиіс;

д) еден су өткізбейтін болу керек трапқа 0,01 ылдимен жату керек;

е) камераның есігі ішкі жағынан болат табақтарымен қапталып, контур бойымен тығыз бекітпесі мен сопы құрылғысы болып, көшенің бір жағына ашылу керек;

ж) есік орнының ені контейнерді өткізуге жеткілікті болу керек, бірақ 0,8 м кем болмау керек;

з) қоқыс жинау камерасының шаң өтпейтін және ылғалдан қорғалған орнында шырақ орнатылып жасанды жарықтандыруы болу керек; камерадағы ауаның температурасы +5 °С төмен болмау керек;

и) қоқыс жинау камерасының қоршау құрылғысы түтін мен ауа өткізбейтін және жаңбайтын өртке төзімділігі 1 сағ (EI 60) аз емес және өрт қауіптілік класы КО болу керек. Камера автоматты спринклерлі өрт сөндіргішпен жабдықталу тиіс;

к) сыйымдылығы 0,4 – 0,6 м контейнерлер ашық шибер астында орнатылып, қоқыс тасымалдау көліктің кіретін жеріне контейнерлерді апару үшін диаметрі 150 мм аз емес екі жұп бұрылмалы резинкеленген метал доңғалақтар болу керек;

л) камера қоқыс тасымалдау көлік үшін кіретін жолмен және қоқыс тасымалдау көліктің тоқтған жеріне контейнерді ыңғайлы жеткізу жолымен қамтамасыз етілуге тиіс және саты торына кіретін қасында орналасқан терезелер мен шығыстардан қабырғалармен оқшаулану керек;

м) қоқыс жинау камералары тұрғын жайлармен шектеспеу керек;

н) камера қоқыс салғыш діңі арқылы табиғи сорып алу желдетумен қамтамасыз етілу керек.

7.9.6 Тазартатын жуу-дезинфекциялау құрылғысы дің мен желдету канал арасында соңғы жүктеу қақпақшаның үстінен орнатылады және келесі талаптарға сәйкес келу керек:

а) қоқыс салғыш діңнің ішкі бетінің жүйелі жуылуын, қабатталған қалдықтардан тазартуын және дезинфекциясын қамтамасыз ету;

б) арқан іленген кезде және төменгі мен жоғарғы күйде, сондай-ақ асыра жүктеу кезінде тазарту торының (жүгә бар щеткасы) автоматты тоқталуынын болуы;

в) тазарту торының ауысу жетегін жылжымалы басқару пульттің (басу кнопкалары бар)болуы;

г) тазарту торының жоғары күйінде механикалық фиксатордың болуы;

д) дің қабырғасына дезинфекциялау су ерітіндісін автоматты түрде дайындайтын және беретін араластырғыштың болуы. Дезинфекциялық құралдың шығының қарап бақылауын қамтамасыз ету керек;

е) дің ішіндегі қалдықтар жанған кезде діңге суды жіберетін автоматты спринклерлі құрылғының болуы.

Тазарту құрылғыларды зауыт-шығарушының нұсқауларына сәйкес пайдалану керек.

7.9.7 Тұрмыстық қалдықтарды жүктеу қақпақшаға шағын порциялармен тастау керек; ірі бөліктері жүктеу қақпақшағы арқылы еркін өту үшін ұсақталу керек; ұсақ пен шаң тәрізді фракцияларын қоқыс салғышқа тастар алдында қақпақша бақырышында еркін орналасатын пекеттерге орауға ұсынылады. Ұсақтауға жатпайтын қалдықтар аулалық сыпыруға арналған жинағышқа (контейнерге) шығарылу керек. Сбрасывать в қоқыс салғышқа қақпақша бақырышына жүктегенде күш талап ететін ірі габаритті заттарды, жанып жатқан заттарды, жарылыс қауіпті заттарды тастауға, сондай-ақ сұйықтықтарды төгуге тыйым салынады.

7.9.8 Бітеулерді жою және де жүктеу қақпақшаларын шешу мен оларды жөндеуді қоқыс тазарту жүйесінің пайдалануына жауап беретін қызметшілері ғана жүргізуге тиіс. Ликвидировать засоры в стволе қоқыс салғыш діңде жүктеу қақпақша арқылы бақырашты шешпей қоқыстарды тазартуға болмайды.

7.9.9 Тұрғын үйге тұрғындар кірген кезде олар пайдалану ұйымымен қоқыс салғыш діңің жүйелі тазартылуы, жуылуы және дезинфекциялау туралы және сол мезгілде қоқыс салғышты пайдалануға тыйым салынатыны туралы хабарда болу керек.

7.9.10 Қоқыс салғышқа қызмет ететін қызметшілер:

а) жүктеу қақпақшасының жиналуын, жуылуын және дезинфекциясын;

б) қоқыс салғыш діңнің ішкі бетінің жиналуын, жуылуын және дезинфекциясын;

в) қоқыс салғыш дің астындағы толған контейнерлерді уақытында босатылғандарға ауыстыру;

г) қалдықтары бар контейнерлерді жүктеу орнынан қоқыс тасушыға шығару;

д) қоқыс жинау камераларын және қоқыс салғыш діңнің шибері бар төменгі шетін тазарту және жуу;

е) қоқыс салғыштың барлық элементтерін профилактикалық қарап шығу; қалдықтарды тазарту.

7.9.11 Қоқыс салғыштың жоспарлы-ескерту ағымды жөндеуін бес жылда бір рет жүргізу қажет.

7.9.12 Қалдықтар камерадан күнде шығарылу керек. Шығару алдында немесе контейнерлерді ауыстыру алдында қоқыс салғыш діңнің бөлігінің шиберін жабу керек.

7.9.13 Қалдықтары бар контейнерді қоқыс тасушыға жүктеген кезде қоқыс жинау камерасынан арнайы алаңға төгу керек.

7.9.14 Контейнерлер саны жобаға сәйкес келу керек. Камерада 2 және одан көп контейнерлер болса толған контейнерді қақпағын тығыз жауып уақытымен ауыстыру керек.

7.9.15 Қауіпсіздік ережелерін сақтаған кезде контейнерлерді көтеру үшін лебедкаларды, тельферлерді және басқа механизмдерді пайдалануға және камераны жинап жуған кезде аударуға болады.

7.9.16 Биік ғимараттардың әкімшілік-кеңселік және мейманханалық бөліктерінде полимерді материалдардан жасалған қапшықтармен, оларды лифт көмегімен ғимарат ішінде немесе сыртында жинау пунктісіне шығарып, қоқыс шығарудың контейнерлік жүйесін қарастырған жөн. Ғимарат ішіндегі полимерлік қапшықтарға оралған қоқысқа арналған жинау пункттері қоқыс камераларына қойылатын талаптарды қанағаттандыру керек және қоқыс жинау камерасымен бірлесе салыну немесе жеке оқшауланған жайларда орналасу мүмкін.

7.9.17 Өзіндік қалдықтары бар қоқыс салғыш ғимарат бөліктері арқылы транзитпен өту керек. Сбор отходов на этажах, через которые қоқыс салғыш транзитпен өтетін қабаттарда қоқыстарды арнайы оқшауланған жайларда ауыспалы бір жолғы герметирленген сыйымдылыққа жинау керек әрі қарай оларды лифт арқылы контейнерлік алаңдарға қолмен шығару керек.

7.9.18 Биік ғимараттың барлық функционалды элементтерінде қалыптасатын өзіндік қалдықтар мен ірі габаритті қалдықтарды жинау және

уақытша сақтау пунктісін ғимараттан тыс алаңдарда орналастыру керек. Қалдықтарды лифт арқылы жеткізеді.

Қалған қатты тұрмыстық қалдықтардың түрлерін жиналуы жинау пункттерінде жүргізіледі, бұл ғимарат ішінде орналасқан қоқыс жинау камерасы болып табылады.

7.9.19 Қоқыс жинау камераларын таза ұстау керек, ал қалдықтарды шығарғаннан кейін – жуылу керек. Камера мен шибері бар қоқыс салғыш діңнің төменгі шетінің сулы жиналуы сабын-сода ерітіндісінде (бір шелек суға 100 гр сода мен 25 гр сабын) суланған щетка көмегімен жүргізіледі.

7.9.20 Камера жайының және оның жабдықтауының жүйелі түрде қоқыс салғышқа қызмет ететін қызметшілер қатысуымен санэпидемстанция қызметімен дезинфекциясын, дезинсекциясын және дератизациясын жүргізу керек. Камерада қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, оларды сұрыптауға және таңдауға тыйым салынады. Жұмыс арасындағы үзінділерде қоқыс жинау камераларының есіктері тығыз жабылып бекітілу керек.

7.9.21 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету ұйымының меншігіндегі контейнерлердің іші және сырты қоқыс жинау камерада щетка мен сабын-сода ерітіндісімен жуылады. Арнайы автошаруашылықтардың меншігіндегі контейнерлер үй иеленушіліктерге таза күйінде жеткізілу керек.

7.9.22 Жүктеу қақпақшасы мен олардың астындағы еденді таза ұстау керек. Бақыраш пен жүктеу қақпақшасының сыртқы беті айына бір рет щетка мен сабын-сода ерітіндісімен жуылады (бір шелек суға 100 гр сода мен 25 гр сабын). Жуғаннан кейін қақпақшаларды сүрту керек.

7.9.23 Қоқыс салғыш діңнің ішкі бетінің тазартылуы, жуылуы және дезинфекциясы жүйелі түрде Мемсанэпидқадағалау органдарының нұсқауы бойынша дезинфекциялық құралдарын қолданып жасалынады.

Жұмысты орындау тәртібі қоқыс салғыш діңнің жоғары бөлігінде құрастырылған жуу-дезинфекциялау құрылғыны пайдалану нұсқауында көрсетілген. Жұмыс жүргізген кезде қоқыс жинау камераның есігі бекітпеге жабылып тұру керек, жүктеу қақпақшаның бақырашы жабық күйінде блоктану керек, шибер қалқасы қоқыс салғыш діңнің жуу-дезинфекциялау құрылғысын пайдалану нұсқауына сәйкес орнатылу керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық жабдықтауды пайдалану режиміне орнату керек.

7.9.24 Құрылғының есіктері (ревизиялар) жұмыстан тыс уақытта бекітпеде тұру керек.

7.9.25 Қоқыс салғыштың пайдалануын бітеулер, сондай-ақ зақымдар және ақаулықтар табылған кезде уақытша тоқтатуға болады.

Бұл жағдайда тұрғын үй қорына қызмет көрсету ұйымының жетекшісіне хабарлап ақаулықтарды дер кезінде жою шараларын қолдану керек.

Ақаулықтарды жою мерзімі – бір тәулік.

7.9.26 Қоқыс салғыштарды жартылай тексеру жиілігі – жылына 2 рет және тұрғындар немесе қызметшілер сұранымы бойынша.

7.9.27 Тексеруді қоқыс салғышқа қызмет көрсететін қызметшілер, аспапшы-сантехник және электромонтер жүргізеді. Тексеру нәтижелері тұрғын үйді тексеру нәтижелерін тіркеу журналына енгізіледі.

7.9.28. Қоқыс салғыштан сорып алу желдетудің жұмысы төменгі және жоғарғы қабаттарында жүктеу қақпақшаның ашық тесігі арқылы жіңішке қағаздың қақпақша ішіне ауытқуы бойынша ай сайын тексеріледі. Қоқыс салғыш діңінде тарту күшін жалын ауытқуы бойынша анықтауға болмайды.

7.9.29 Қоқыс салғыш діңі арқылы шығарылатын ауа ауысу еселігі қоқыс жинау камера жайының 1 көлеміне тең, қоқыс жинау камераның және қоқыс салғыш діңнің өту аймағындағы есепті ауа температурасы жылдың суық уақытында -5 °С.

7.9.30 Қоқыс салғыш діңін қоқымнан тазартуды 1 минут бойы «тазарту-жуу» режимінде жуу-дезинфекциялау құрылғысынан суды ағызып, әрі қарай жуу-дезинфекциялау құрылғысының ерші бар жүкті түсіріп іске асырады.

7.9.31 Қоқым тазартылмаған кезде оның діңде жүктеу қақпақшасының ашық бақыраш арқылы қоқымға дейін түсірілген щеткалы торап арқаны бойынша орналасқан жері анықталады, содан соң жүктеу қақпақшасының сай бақыраштары шешіліп қоқымдар ілмек немесе арнайы механизмдер көмегімен қолмен тазартылады.

7.9.32 Қоқыс салғыш діңнің тұтастығы мен саңылаусыздығын бұзуға тыйым салынады.

7.9.33 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету ұйымы жүйелі түрде қоқыс салғыштарды пайдалану және қызмет көрсету дұрыстығын тексеру керек, қоқыс салғыш жұмыскерлеріне үйдің санитарлық қалпы бойынша, автоматты өрт сөндіргіші бар қоқыс салғыш діңді тазарту, жуу және дезинфекциялауға арналған құрылғылармен жұмыс бойынша, тұрғын шаруашылықта қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаухат жүргізу керек, сондай-ақ қоқыс салғыш жұмыскерлерін арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен орнатылған мөлшер бойынша жуу-дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету керек.

7.9.34 Техникалық дыбыс жылу оқшауланған арналардағы вакуумдық құбырларды салумен бірге орталықсыздандырылған шаңкетіру жүйелерін қолдану тиіс. Жүйенің машина бөлімінің ғимараты санитарлық пен өртке қарсы талаптарына сәйкес келу және техникалық қабаттарында орналасу керек.

7.9.35 Люминесцентті мен құрамында сынап бар шамдарды, сондай-ақ 1 клас қауіпті басқа да қалдықтарды арнайы оқшауланған жайларда ауыспалы бір жолғы герметирленген сыйымдылықтарға салып әрі қарай қолмен жеке бөлінген контейнерлік алаңға лифт арқылы жою керек.



жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау