ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
10
- қабырға панельдері - құндақтарға немесе пирамидаларға (аралық панельдері -
құндақтарға тігінен);
- қабырға блоктары - төсемдерде және аралық қабаттармен екі қабатты қатарға;
- жабын плиталары - төсемдерде және аралық қабаттармен биіктігі 2,5 м көп емес
қатарға;
- көкшолақтар және бағаналар - төсемдерде және аралық қабаттармен биіктігі 2 м
дейін қатарға;
- жұмыр ағаш - қатарлар арасында аралық қабаттармен және жазылуға қарсы
тіректерін орнатумен биіктігі 1,5 м көп емес қатарға, қатар ені оның биіктігінен кем болуы
рұқсат етілмейді;
- кесілген материалдар - қатарға, биіктігі қатармен қалау барысында қатар енінің
жартысынан көп еместі құрайды, ал тормен қалау барысында - қатар енінен аспайды;
- майды сортты металл - биіктігі 1,5 м көп емес сөреге;
- санитарлық-техникалық және желдеткіш блоктар - төсемдерде және аралық
қабаттармен биіктігі 2 м көп емес қатарға;
- ірі габаритті және ауыр салмақты жабдық және оның бөліктері - төсемдерде бір
қабатта;
- жәшіктегі әйнек және орам материалдары - тігінен 1 қатар төсемдерде;
- қара түсті прокат металлдары (табақ болат, швеллерлер, қос таврлы арқалықтар,
сортты болат) - қатарға биіктігі дейін 1,5 м төсемдерде және аралық қабаттармен;
- диаметрі 300 мм дейінгі құбырлар - биіктігі 3 м дейін қатарға төсемдерде және
аралық қабаттармен ақырғы тіректермен;
- диаметрі 300 мм астам құбырлар - биіктігі 3 м дейін ашамайға қатарға аралық
қабаттарынсыз, ақырғы тіректермен.
Басқа материалдарды, құрылымдарды және өнімдерді қоймада сақтауды олардың
техникалық шарттарына сәйкес жүзеге асыру қажет.
4.3.4 Қоймалардағы қатарлар (сөрелер) арасында ені 1 м кем емес өтетін жерлер
және ені қоймаға қызмет көрсетуші көліктік құралдардың және жүктеу-жүк түсіру
механизмдерінің габариттеріне байланысты өту жолдары қарастырылуы тиіс.
Дуалдарға, ағаштарға және уақытша және күрделі құрылыстардың элементтеріне
материалдарды және өнімдерді тақауға (тіреуге) рұқсат етілмейді.
5 ӨНДІРІСТІК АУМАҚТАРДА, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАУІПСІЗ ТЕЛIМДЕРДЕ
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДI, ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ
ЗИЯНДЫ ӨНДІРІСТІК ЫҚПАЛДАРДЫҢ ӘСЕРІНЕН ҚОРҒАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
5.1 Электрқауіпсіздікті қамтамасыз ету
5.1.1 Электрқондырғыларын орнату және қолдану «Қазақстан Республикасының
электр қондырғыларды орнату бойынша ережелерінің» және БҚ 34 ҚР 20/03.501/202
талаптарымен сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
11
5.1.2 Өндірістік аумақта уақытша және тұрақты электр желілерін орнату және оларға
қатысты техникалық қызмет көрсету электр қауіпсіздігі бойынша сәйкесінше біліктілік
тобы бар электротехникалық қызметкерлер құрамы күшімен жүзеге асыру қажет.
5.1.3 Құрылыс нысандарын электрмен қамсыздандыру барысында қолданылатын
уақытша электр желілерінің кернеулігін 1000 В дейін ажырату тіректерде немесе
құрылымдарда оқшауланған сымдармен немесе кабельдерімен орындалуы тиіс, олардың
бойымен сымдарды және кабельдерді салу барысында механикалық беріктігіне арналған,
жер деңгейінен биіктікте, төсемнің келесі көрсеткіштерінен кем емес:
- 3,5 м - өту жерлерінен биіктігінде;
- 6,0 м – көлікпен өту жерлерінен биіктігінде;
- 2,5 м – жұмыс орындарының үстінен.
5.1.4 Кернеулігі 127 В және 220 В жалпы жарықтандыру шамдары жер, еден, төсем
деңгейінен 2,5 м кем емес биіктігінде орнатылуы тиіс.
Ілмектер биіктігі 2,5 м кем болған жағдайда арнайы құрылымды шамдарын қолдану
қажет немесе кернеулігі 42 В көп емес шамдарын қолдану қажет.
Шамдардың қуатының 42 В дейінгі кернеулігі азайтқыш трансформаторларынан,
машиналық түрлендіргіштерден, аккумуляторлық батареялардан жүзеге асырылуы тиіс.
Көрсетілген мақсаттар үшін автотрансформаторларды, кедергіштерді және
реостаттарды қолдануға тыйым салынады. Азайтқыш трансформаторлардың корпустары
және олардың екніші дәрежелі орамдары жерге қосылуы тиіс.
Стационарлық шамдарды қолдық ретінде қолдануға тыйым салынады. Тек өндірістік
күйде шығарылған қолдық шамдармен ғана қолданылу қажет.
5.1.5 Ашық ауада немесе ылғалды цехтерде қолданылатын ажыратқыштар,
айырғылар
және
басқа
коммутациялық
электрлік
аппараттар
«Қазақстан
Республикасының
электр
қондырғыларды
орнатудың
ережелері»
және
БҚ 34 ҚР 20/03.501/202 талаптарымен сәйкес қорғалған орындауда болуы тиіс.
5.1.6 Барлық электрлік іске қосу құрылғылары машиналардың, механизмдердің және
жабдықтардың бөтен тұлғалармен іске қосылу мүмкіндігі болдырылмайтындай
орналастырылуы тиіс. Бірнеше ток қабылдағыштарды бір іске қосу құрылғысымен іске
қосуға тыйым салынады.
Үлестіргіш тұстамаларда және айырғыларда бекіткіш құрылғылары бар болуы керек.
5.1.7 Бөлмелерден тыс орналасқан 20 А дейінгі кесімді токқа штепсельдік
розеткалар, сонымен қатар, бөлмелердің ішінде орналасқан ұқсас штепсельдік розеткалар,
бірақ бөлмелерден тыс қолданылатын тасымалды электр жабдықтарын және қол құралын
қуаттау үшін арналған, 30 мА көп емес іске қосылу тогымен қорғаныс сөндіру
құрылғыларымен қорғалуы тиіс, не болмаса әрбір розетка екінші дәрежелі орамдарының
кернеулігі 42 В көп емес дара ажыратқыш трансформаторынан қуатталуы тиіс.
5.1.8 42 В дейін кернеулік желілерінде қолданылатын штепсельдік розеткаларда
және айырларда кернеулігі 42 В астам розеткалардың және айырлардың құрылымдарынан
басқа құрылымы бар болуы керек.
5.1.9 Металлдан жасалған құрылыстық ағаштар, жұмыс орнының металлдан
жасалған қоршаулары, кабельдерді және сымдарды салу үшін арналған сөрелер және
тартпалар, электр жетекті жүк көтеруші крандардың және көліктік құралдардың рельсті
жолдары, жабдықтың корпустары, электр жетекті машиналар және механизмдер
Достарыңызбен бөлісу: |