Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет8/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
12 
«Қазақстан  Республикасының  электр  қондырғыларды  орнату  ережелерімен»  және 
БҚ 34 ҚР 20/03.501/202  сәйкес  оларды  қандай  да  бір  жұмыстардың  басталуына  дейін, 
орнына орнатқаннан кейін бірден жерге қосылуы тиіс (нөлденуі тиіс). 
5.1.10 Электрқондырғыларының  ток  өткізгіш  бөліктері  оқшаулануы,  қоршалуы 
немесе оларға кенеттен кіру үшін қол жетімсіз жерлерінде орналастырылуы тиіс. 
5.1.11 Өндірістік  аумақта  электр  желілерінің  және  электрқондырғыларының  асқын 
токтан  қорғанысын  калибрленген  балқыма  ендірмелері  бар  сақтандырғыштар  немесе 
автоматты  ажыратқыштар  арқылы  «Қазақстан  Республикасының  электр  қондырғыларды 
орнату ережелерімен» және БҚ 34 ҚР 20/03.501/202 сәйкес қамтамасыз ету қажет. 
5.1.12 Құрылыстық-монтаж  ұйымдарының  қызметкерлер  құрамының  жұмыстарына 
рұқсаты  әрекеттегі  қондырғыларда  және  электр  қуатын  берудің  қорғаныс  сызығында 
«Қазақстан  Республикасының  электр  қондырғыларды  орнату  ережелермен»  және 
БҚ 34 ҚР 20/03.501/202 сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 
Жұмыс орнын дайындау және іссапарға жіберілген қызметкерлер құрамын жұмысқа 
жіберу  барлық  жағдайларда  қолданып  отырған  ұйымның  электротехникалық 
қызметкерлер құрамымен орындалады. 
 
5.2 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
 
5.2.1 Өндірістік аумақтар «Өрт қауіпсіздігіне қатысты жалпы талаптар» Техникалық 
регламентінің  және  «Қазақстан  Республикасындағы  өртке  қарсы  қауіпсіздігінің 
ережелерінің»  ҚР  ҚН  1.03-05  талаптарына  сәйкес  өртті  сөндіру  құралдарымен 
жабдықталуы тиіс. 
5.2.2 Жанатын  немесе  жаңғыш  материалдары  бар  жерлерде  темекі  шегуге  тыйым 
салынуы тиіс, ал ашық отпен қолдануға тек 50 м астам радиусында рұқсат етіледі. 
5.2.3 Алаңдарда  жанатын  заттарды  жинақтауға  рұқсат  етілмейді  (қою  майлы 
шүберектер,  үгінділер  немесе  жоңқалар  және  пластмасса  қалдықтары),  оларды  жабық 
металлдан жасалған контейнерлерде қауіпсіз жерде сақтау керек. 
5.2.4 Өртке  қарсы  жабдық  жұмыс  істейтін,  қолданылуға  келетін  күйде  ұсталынуы 
тиіс.  Өртке  қарсы  жабдыққа  өтетін  жолдар  әрдайым  бос  болуы  тиіс  және  сәйкесінше 
таңбалармен белгіленуі тиіс. 
5.2.5 Жарылу  қаупі  бар  немесе  зиянды  заттарды  шығаратын  желім,  мастикалар, 
бояулар  және  басқа  материалдар  қолданылатын  немесе  жасалатын  жұмыс  орындарында 
қолданумен  отты  немесе  ұшқын  қалыптасуды  туындататын  әрекеттері  рұқсат  етілмейді. 
Бұл  жұмыс  орындары  желдетілуі  тиіс.  Осындай  бөлмелердегі  (аймақтардағы)  электр 
қондырғылар  жарылудан  қауіпсіз  орындалуда  болуы  тиіс.  Сонымен  қатар,  статикалық 
электрдің  зарядтарының  пайда  болуын  және  жинақталуын  болдырмайтын  шаралар 
қабылдануы тиіс. 
5.2.6 Жарылу  немесе  өрт  қаупі  тұрғысынан  алғанда  қауіпті  жұмыс  орындары  өртті 
сөндірудің  алғашқы  құралдарымен  және  бақылау  мен  қауіп  төндіретін  жағдай  туралы 
жедел хабарландыру құралдарымен жабдықталуы тиіс. 
 
5.3 Жұмыскерлердің  зиянды  өндірістік  ықпалдарының  әсерінен  қорғауды 
қамтамасыз ету 


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
13
 
 
5.3.1 Жұмыс  аймағының  ауасындағы  зиянды  заттардың  шекті  рұқсат  етілген 
шоғырлануы,  сонымен  қатар,  жұмыс  орындарындағы  шу  және  тербеліс  деңгейі 
МемСТ 12.4.011, 
МемСТ 12.1.001, 
МемСТ 12.1.003, 
МемСТ 12.1.005 
және 
МемСТ 12.1.012 талаптарымен белгіленгеннен аспауы тиіс.  
5.3.2 Ұйым  аумағында  немесе  өндірістік  цехтерде  құрылыстық  -  монтаж 
жұмыстарын  орындау  барысында  құрылыстық  өндіріспен  сертті  зиянды  өндірістік 
ықпалдарын бақылаудан басқа белгіленген тәртіпте санитарлық-гигиеналық нормалардың 
сақталуын бақылауды ұйымдастыру қажет. 
5.3.3 Зиянды  газдың  пайда  болуы  мүмкін  жерлерінде,  оның  ішінде  жабық 
сыйымдылықтарда, құдықтарда, орларда және шурфтарда жұмыстарды орындамас бұрын 
ауа  ортасының  саралауын  МемСТ 12.1.005  талаптарымен  және  «Өндірістік  бөлмелердің 
ауасына 
қатысты 
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар» 
Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелерімен және нормаларымен сәйкес өткізу керек. 
5.3.4 Жұмыстарды орындау кезінде зиянды газдардың пайда болуы жағдайында бұл 
жерде тоқтата тұру және оларды тек жұмыс орындарын желдетумен (ауаны желдетумен) 
немесе  жұмыскерлермен  қажетті  жеке  қорғаныс  құралдарын  қолдануды  қамтамасыз 
еткеннен кейін ғана жалғастыру қажет. 
Жұмыскерлер  газдың  пайда  болуы  мүмкін  жерлерде  қорғаныс  құралдарымен  (газ 
қағарлармен, өзін-өзі құтқарғыштармен) қамсыздандырылуы тиіс. 
5.3.5 Құдықтардағы, шурфтардағы немесе жабық сыйымдылықтардағы жұмыстарды 
шланг  газ  тұтқыштарын  қолданып  орындау  қажет,  оған  қоса  екі  жұмыскер  құдықтан, 
шурфтан немесе сыйымдылықтан тыс орналасқан кезде олардың сақтандыру белдіктеріне 
бекітілген арқандардың  көмегімен жұмыстың тікелей орындаушыларын сақтандырулары 
тиіс. 
5.3.6 Коллекторларда  жұмыстарды  орындау  барысында  жұмыс  істейтіндер  олардың 
арасында орналасатындай есептеп, екі ең жақын люк немесе есіктер ашық болулары тиіс. 
5.3.7 Жұмысы барысында зиянды газдардың, булардың және шаңның шығуы мүмкін 
жабдықтар зиянды заттардың шығу көздерінің сенімді саңлаусыздығын қамтамасыз ететін 
барлық  қажетті  баспаналармен  және  құрылғыларымен  жинақы  түрде  жеткізілуі  тиіс. 
Баспаналарда  өндіріс  қалдықтарын  механикалық  жою  үшін  сорғыш  жүйелеріне  қосылу 
үшін құрылғылары бар болуы керек (ернемектер, келте құбырлар және т.б.). 
5.3.8 Осындай  материалдардан  полимерлік  материалдарды  және  өнімдерді  қолдану 
барысында  өндіруші  зауыттардың  және  жеткізушілердің  нұсқауларын,  оларға  қатысты 
паспорттармен, олар орналасқан ыдыстағы таңбаларын және жазуларын басшылыққа алу 
қажет. 
Импорттық полимерлік материалдарды және өнімдерді оларға қатысты санитарлық-
эпидемиологиялық  дәйектемелер  және  санитарлық  ережелерге  сәйкестігі  туралы 
сертификаты, оған қоса еңбек қауіпсіздігінің талаптарына және оларды қолдану бойынша 
нұсқауларына  сәйкестігіне  сертификаты  бар  болған  жағдайда  ғана  қолдануға  рұқсат 
етіледі.  
5.3.9 Полимерлік  материалдарды  және  өнімдерді  жарылу  қаупі  және  уытты 
сипаттары  бар  оларды  қолдану  бойынша  нұсқауларымен  және  санитарлық-
эпидемиологиялық  дәйектемелермен  таныспай  жатып,  оған  санитарлық  ережелерге 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау