ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
33
7.2.18 Сусымалы, ұсақ және қауіпті материалдарымен жүктеу-жүкті түсіру
операциялары механизацияның құралдарын қолданумен және орындалатын жұмыстардың
сипатына сәйкес жеке қорғаныс құралдарын қолданумен орындалуы тиіс.
Ұсақ материалдармен (цемент, ізбес және т.б.) жүктеу-жүкті түсіру операцияларын
материалдың температурасы 40°С аспайтын жағдайда қолмен орындауға рұқсат етіледі.
7.2.19 Автомобильде орнатылған және автомобиль қозғалтқышымен іске қосылатын
жетегі бар сорап көмегімен жасалатын құю және ағызу әрекеттерін санамағанда қауіпті
жүкті автомобильге жүктеу және оны автомобильден түсіру тек сөндірілген қозғалтқыш
барысында орындалуы тиіс. Бұл жағдайда жүргізуші сорапты басқару орнында болуы
тиіс.
7.2.20 Жүк көтергіш кранды қолданумен жүктеу-жүкті түсіру жұмыстарының
өндірісі барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оның иесі және жұмыстарды
атқарушы ұйым келесі талаптарды орындаулары тиіс:
- жұмыс өндірісінің орнында жұмыстардың орындауына қатысы жоқ тұлғаларының
болуына рұқсат
етілмейді;
- адамдардың автомашина шанағында немесе кабинасында болуы барысында жүкті
автомашинаға түсіруге, сонымен қатар, жүкті көтеруге рұқсат етілмейді.
Автомашиналарды және жартылай вагондарды тұрақты жүктеу және түсіру
жерлерінде стационарлық эстакадалар немесе арқандаушылар үшін аспалы алаңдар
жабдықталуы тиіс.
Ілмегі бар крандармен жартылай вагондарды жүктеу және одан жүкті түсіру
технологиясы бойынша, кран иесімен бекітілген және сәйкес нұсқауларымен және жүкті
жіберішунің нұсқауларымен сәйкес орындалуы тиіс, жүктердің орнын алмастыру
барысында арқандаушылардың болуы орындары, сонымен қатар, олардың эстакадаларда
және аспалы алаңдарда қауіпсіз шығу мүмкіндігі анықталуы тиіс.
Жүктің орнын алмастыру барысында жартылай вагондарда адамдардың болуына
рұқсат етілмейді.
7.2.21 Жүктердің такелаждық жұмыстары немесе арқандауы арнайы оқудан, білімін
тексеруден өткен және осы жұмыстардың өндірісі құқығына куәлігі бар тұлғаларымен
орындалуы тиіс.
7.2.22 Жүк көтергіш машиналарының жүкті ілгекке ілу және бекіту (арқандау) үшін
арқандаушылар тағайындалуы тиіс. Арқандаушылар ретінде «Жүк көтеруші крандарын
орнату және қауіпсіз қолдану бойынша өндірістік қауіпсіздік талапарымен» сәйкес
арқандаушы кәсібі бойынша оқытылған басқа жұмысшылар (такелаждаушылар,
орнатушылар және т.с.с.) жіберілуі мүмкін.
7.2.23 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстарын орындау барысында тұрақсыз күйінде
орналасқан жүкті арқандауға рұқсат етілмейді, сонымен қатар, көтерілген жүкте арқандау
құрылғыларының элементтерінің ережелерін түзету, жүк арқандарын қисық орналастыру
барысында жүкті созуға рұқсат етілмейді.
7.2.24 Жүктер қозғалатын едендер және платформалар тегіс болуы тиіс және ешбір
саңылаулары, шұңқырлары, толтырылған аспақтары, үрпиіп тұрған шегелері болмауы
тиіс.
Жүктерді қозғалту үшін өту жерлерінің өлшемдері жүктердің орнын алмастыру үшін
бос орынды қамтамасыз етуі тиіс.