ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
38
7.5.7 Көлік құралдарының өзен мұзымен және су қоймалары бойынша қозғалысы тек
туралы мұз өткелінің жүк көтеру мүмкіндігінен максималды рұқсат етілетін көрсеткіштері
бар арнайы белгіленген бағдарлар бойынша ғана рұқсат етіледі.
Қозғалыс жүргізуші кабинасының есіктері ашық болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.
Сонымен қатар, көлік құралында адамдар болмағаны жөн (жүргізушіні санамағанда). Мұз
өткелі бойымен қозғалысты ашу және тоқтату күнін ұйым өткелді басқаратын басшы
орнатады.
Мұзды жолда келесілер тыйым салынады:
- автомобильдерді, оның зақымдалуын болдырмас үшін, жанармаймен және майлау
материалдарымен толтыруға;
- салқындату жүйесінен ыстық суды мұзға ағызу;
- өздігінен қозғалыс бағдарын ауыстыру.
7.5.8 Адамдарды тасымалдау үшін арналған жүк автомобильдері «Қазақстан
Республикасының Жол қозғалысының ережелерінің» талаптарымен сәйкес жабдықталуы
тиіс. Адамдардың тасымалы үшін арналған автомобиль жүргізушісінің жол парағында
автокөлік иесінің белгісі бар болуы тиіс: «Адамдар тасымалы үшін жарамды» және
тасымалданатын жолаушылардың максималды мүмкін саны көрсетілуі тиіс. Жол
парағына осы автомобильді қауіпсіз қолданылу үшін жауапты тұлғаның қолы қойылуы
тиіс.
Адамдарды тасымалдау барысында жүргізуші жолдың қауіпті телiмдерін көрсетуші
автомобильдің қозғалыс бағдарын анықтауы қажет.
7.5.9 Адамдарды, оның ішінде жүк тиеушілерді автомобиль – өздігінен
түсірушілердің шанақтарында, тіркемелерде, жартылай тіркемелерде және цистерналарда,
сонымен
қатар,
адамдар
тасымалы
үшін
арнайы
жабдықталмаған
бортты
автомобильдердің шанақтарында тасымалдауға тыйым салынады.
7.5.10 Адамдардың тасымалы өткізілетін жүк автомобильдерін жүргізуге автокөлік
иесінен адамдарды тасымалдауға арнайы рұқсаты бар жүргізушілері жіберіледі.
7.5.11 Адамдарды тасымалдау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
жауапты жұмыскерлер және топ басшылары тағайындалуы тиіс.
7.5.12 Адамдарды көлік құралына отырғызу (түсіру) жерлері арнайы алаңдар
жабдықталуы тиіс немесе адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа құрылғылар
қолданылуы тиіс.
Көлік құралының қозғалысын бастамас бұрын жүргізуші отырғызудың аяқталуын,
адамдарды орналастырудың дұрыстығын тексеріп алуы тиіс және қозғалыстың басталуы
туралы оларды ескертуге тиіс.
7.5.13 Сүйретілетін көлік құралында адамдардың болуына рұқсат етілмейді
(жүргізушіден басқасы).
7.5.14 Қандай да бір жұмыстар атқарылып жатқан аймаққа автомобильді артқы
жүріспен әкелу жүргізушімен тек осы жұмыстарға қатысушы жұмыскерлердің біруеінің
бұйрығы бойынша ғана жүзеге асырылуы тиіс.
7.5.15 Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлігімен жалпы
қолданысқа ашық жолдары бойынша тасымалдау «Қазақстан Республикасының
аумағында бөлінбейтін ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелерінің» талаптарымен сәйкес орындалуы тиіс.
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
39
7.5.16 Зінің өлшемі бойынша автомобиль платформасының енінен асатын жүктерді
тасымалдау барысында асылмалар екі жағынан да бірдей болулары тиіс.
7.5.17 Автомобильді ақтара немесе даналап саналатын жүкпен жүктеу барысында
келесі талаптарды сақтау қажет:
- ақтара жүк автомобиль шанағының бүкіл аумағы бойынша біркелкі күйде
үлестірілуі тиіс;
- шанақ борттарынан биік тұратын даналап саналатын жүктер бекітілуі тиіс;
- жәшіктік, кеспекті және басқа ұқсас даналап саналатын жүк автомобиль шанағына
автомобильдің қозғалысы барысында шанақ едені бойынша қозғала алмайтындай қылып
салынуы және бекітілуі тиіс.
Әдетте ұзын өлшемді, ауыр салмақты немесе ірі габаритті жүктерді тасымалдау
арнайы көлік құралдарымен жүзеге асырылуы тиіс.
7.5.18 Ұзын өлшемді жүктерді тасымалдау үшін арналған автомобильдің
тіркелімдері, жартылай тіркелімдері және платформалары келесілермен жабдықталуы
тиіс:
- кабина және жүк арасында орнатылатын шешілетін немесе қайырмалы тіреулермен
және қалқандармен;
- бұралмалы дөңгелектермен. бұралмалы дөңгелектерде жүксіз қозғалыс барысында
оларды бекіту үшін арналған құрылғысы және тіркелімнің артқа қозғалысы барысында
айналуын болдырмайтын тежегіштер бар болуы керек.
Тіркелімдерде тартқыш көлікпен тіркеу үшін оның ұстап тұруын талап етпейтін
құрылғысы бар болуы керек.
7.5.19 Автокөлікпен қауіпті жүктерді тасымалдау «Қауіпті жүктерді автокөлік
құралдарымен тасымалдаудың, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүруінің және жүргізушілерге және автокөлік құралдарына қатысты біліктілік
талаптарының, қауіпті жүкті тасымалдаудың ережелерінің» талаптарымен сәйкес
орындалуы тиіс.
7.5.20 Қауіпті жүктерді тасымалдау барысында жүргізушінің немесе жүктерді алып
жүрішу тұлғаның қолында туралы көліктік құралдарды нақты бір санаттағы қауіпті жүкті
тасымалдауға арналған және «Қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдаудың,
олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруінің және жүргізушілерге
және автокөлік құралдарына қатысты біліктілік талаптарының, қауіпті жүкті
тасымалдаудың ережелерінің» талаптарымен сәйкес рәсімделген рұсат куәлігі бар болуы
тиіс.
7.5.21 Сығылған газы бар баллондарды тасымалдайтын автомобильдер киізбен
қаптаулы баллондардың диаметрі бойынша ойықтары бар арнайы сөрелермен
жабдықталуы тиіс. Тасымалдау барысында баллондарда сақтандырғыш қақпақшалар бар
болуы керек.
Жылдың ыстық мезгілдерінде баллондарды майлы (сулы майлы) дақтарсыз
брезентпен жабу қажет.
7.5.22 Жарылғыш, радиоактивті, улы, оңай жанатын және басқа қауіпті жүктерді,
сонымен қатар, осы жүктерден шыққан зарарсыздандырылмаған ыдысты тасымалдау
қадағалау органдарымен белгіленген тәртіпте келісілген нұсқауларына сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |