Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
бет15/42
Дата06.01.2020
өлшемі1,46 Mb.
#25955
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

26 



құрылыстарды, жауапты конструкцияларды, инженерлік жүйелер мен олардың бөлшектерін 

(ары қарай – жауапты конструкцияларды қабылдау) аралық қабылдау арқылы жүзеге асады.

 

6.8.5.2  Аралық   сәйкестілік   бағалауға   жататын   ғимараттар   мен   құрылыстардың, 



конструкциялардың,   инженерлік   жүйелердің   элементтері   мен   олардың   бөлшектерінің 

құрамы,   қатысушылар   құрамы,   нәтижелерді   құжаттандырудың   нақты   ережелері   мен 

әдістері, сонымен қатар олардың құрамына кіретін зерттеулер мен сыннан өткізу ережелері 

нормативтік құжаттар жобалық құжаттамалар немесе мердігер келісімі бойынша бекітіледі.

 

6.8.5.3 Жасырын   жұмыстарды   куәландыру   жасырын   жұмыстарды   куәландыруды 



орындайтын   тұлғамен   орындаушы   ұйымдастырылады,   қажеттілікке   сай   нормативтік 

құжаттар мен жобалық құжаттамаларда қарастырылған өлшеу және сынау жұмыстарын да 

орындайды. Куәландыру нәтижесі бойынша акт құралады (Г қосымшасы).

 

Ұзақ  үзілістен  (алты  айдан  артық)  кейін  жұмыстар  қайта  жалғасқан  жағдайда, 



құрылыс  салушының  (тапсырысшы)  талабы  бойынша  жұмысқа  кіріспес  бұрын  жасырын 

жұмыстарды қайта куәландыру қажет.

 

6.8.5.4  Жеке  жауапты  конструкциялар,  конструкция  қабаттарын  немесе  қабаттарды 



аралық  қабылдауын  конструкцияларды  қабылдауға  қажетті  геодезиялық  орындаушылық 

сызбаларды, зерттеулер жайында қажетті құжаттарды, сонымен қатар осы конструкциялар 

құрамына   кіретін   барлық   жасырын   жұмыстарды   куәландыру   актілерін   дайындаған 

құрылысты  жүзеге  асырушы      тұлға  ұйымдастырады.  Техникалық,  авторлық  және 

мемлекеттік    бақылау  мен  қадағалаудың  өкілдері  геодезиялық    орындаушылық 

сызбалардың  анықтығын  тексеруі  мүмкін.  Осы  мақсатта  орындаушы  аралық  қабылдауға 

дейін монтажды көкжиекте бекітілген остер мен монтаждық бағдарды сақтап қалу керек.

 

Жеке  конструкцияларды  куәландыру  қорытындыларын  жауапты  конструкцияларды 



куәландыру актілерімен ресімдеу керек (Д қосымшасы).

 

6.8.5.5  Жасырын  жұмыстарды  куәландыруда  және  жауапты  конструкцияларды 



аралық  қабылдауда  жұмыстарды  орындаушы  мен  салушының  (тапсырысшының)  өкілі 

қатысады.   Бұл   шараға   сондай-ақ,   жобалаушының   авторлық   қадағалаудың   жауапты 

өкілдері,   өз   қалауынша   мемлекеттік   сәулет-құрылыс   инспекциясы,   сонымен   қатар 

құрылысты салушының шақыруы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

 

саласында   инжинирингтік   қызмет   көрсетуге   тиісті   аттестаты   бар   және  



сарапшылар нарығында жұмыс істеп келе жатқан мамандар қатыса алады.

 

6.8.5.6   Жасырын   жұмыс   пен   жауапты   конструкцияларды   аралық   қабылдауды 



куәландыру  актілерін  толтырмас  бұрын  6.7.5.3,  6.7.5.4  тармақшаларына  сәйкес 

жұмыстарды  жалғастыруға  және  жауапты  салмақ  түсетін  конструкцияларды  қосымша 

жүктеуге тыйым салынады.

 

6.8.5.7  Инженерлік  желілер  телімін  және  монтаждалған  инженерлік  жабдықтарды 



сынау   тиісті   нормативтік   құжаттардың   талаптарына   сәйкес   орындалады   және   тиісті 

актілермен ресімделеді.

 

6.8.5.8  Жобалық   ұйымның   жоба   құрамына   қабылдауға   жататын   жауапты   конст- 



рукциялардың тізімін енгізілуі керек.

 

6.8.5.9 ИСО  9001-2008  (5.5  т.)  талаптарына  сай  келетін  сапаның  сертификатталған 



жүйе   жұмыстарының   қолда   болуы   жұмыс   орындаушыға   техникалық   қадағалау   мен 

мемлекеттік  қадағалау  органының  келісімісіз,  олардың  қатысуысыз  жасырын  жұмыстар 

мен аралық қабылдауды куәландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 



27

 

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

 

Осы жағдайды жұмысты орындаушы қол қойған тиісті актілерде жазуы керек.



 

 

6.9  Орындаушылық құжаттама



 

 

 



6.9.1  Құрылыс   барысында   орындаушылар   белгілі   бір   жұмыс   кезеңдері   аяқталу 

мүмкіндігінше  өндірістің  барлық  кезеңдерінде  жобалық  шешімдердің  нақты  орындалуы, 

құрылыстар  мен  оның  бөлшектерінің  нақты  орнын  көрсететін  орындаушылық 

құжаттамаларды  жасауға  міндетті.  Нақты  орындаушылық  құжаттардың  мазмұны  мен 

формасы,  оны  құраудың  міндеттілігі  осы  құжаттың,  басқа  да  нормативтік  құжаттардың, 

келісімдердің, сонымен қатар қажеттілікке байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау 

органдары өкілдерінің талаптары бойынша белгіленеді.

 

6.9.2 Орындаушылық құжаттамаларға:



 

– геодезиялық бөлу негізін қабылдау актісі;

 

–  ғимараттың  (құрылыстың)  жерде  (ғимаратты  қондыру  жерінде)  орналасуының 



орындаушылық схемасы;

 

–  инженерлік   желілер   мен   жерасты   құрылыстарының   орындаушылық   схемасы 



мен профильдері;

 

– өндірістік маңызы бар объектердің орындаушылық бас жоспары;



 

–  тұрғызылған  конструкциялар,  ғимараттар  және  құрылыстардың  элементтері  мен 

бөлшектерінің орындаушылық геодезиялық схемасы;

 

–  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  өндірісінің  барлық  мерзімі  ішінде  жазылатын 



жалпы  жұмыстардың  журналы  мен  арнайы  жұмыстардың  журналы,  сапаның  кіріс  және 

операциялық бақылауының журналы (В қосымшасы);

 

– жасырын жұмыстарды куәландыру актілері (Г қосымшасы);



 

– жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілері (Д қосымшасы);

 

–   инженерлік   жүйелерді   қабылдау   актілері   қосымшасымен   бірге,   қажеттілікке 



байланыс-ты қабылдау зерттеулерінің нәтижесі бойынша құжаттар;

 

– құралдарды, жүйелер мен техникалық қондырғыларды сынау және зерттеу актілері;



 

–  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  өндірісі  үшін  жауапты  тұлғалармен  жасалған 

осы  схемаларға  (енгізілген  өзгерістерді  ескере  отырып)  сәйкестік  туралы  жазулары  бар 

объект құрылысының жұмыс схемалары;

 

–   жұмыстың   ерекшелігіне   байланысты   құрылыс   қатысушыларының   шешіміне 



қарай жобалық шешімдердің нақты орындалуын көрсететін басқа да құжаттар жатады.

 

6.9.3  Орындаушылық  құжаттамаларға  жататын  әрбір  құжатқа  оны  жасаған  және



 

оның  дұрыстығына  жауап  беретін  лауазымды  тұлға  қол  қояды.  Орындалған 

жұмыстар  мен  конструкциялардың  сәйкестілігінің  бағасын  белгілейтін  құжаттарға, 

сонымен  қатар  осы жұмыстарды орындауға жауапты тұлғалар қол қояды.

 

6.9.4  Жұмысты  орындаған  тұлға  белгіленген  тәртіпте  рәсімделген  орындаушылық 



құжаттамаларды   жұмыс   пен   объектіні   қабылдау-тапсыру   алдында   салушыға   (тап- 

сырысшыға)  тапсырады.  Әрекеттегі  заң,  нормативтік  құжаттар  мен  жергілікті  атқарушы 

органдардың  шешімімен  бекітілген  жағдайда,  құжаттамалардың  бөлек  түрлері  сондай- 

ақ   геодезиялық   қорды   ұстаушы   ұйымдарға   және   белгіленген   тәртіп   пен   құрамда 

пайдаланылатын ұйымдарға берілуі мүмкін.

 

 




жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау