ҚР ҚН 1.03-00-2011
28
7 ҚҰРЫЛЫС МЕХАНИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ КӨЛІК
7.1 Объектіні тұрғызу кезінде құрылыс, монтаждық және арнайы құрылыс жұмыс-
тарының механизациясы кешенді болады және қажетті құрылыс машиналарының, құрал-
жабдықтарының, кіші механизация құралдарының, монтаждық жабдықтар, заттар және
құрылғылардың қажетті жинағы арқылы жүзеге асады.
Негізгі машиналардың түрлері, сипаттамасы мен санын салынатын ғимараттар мен
құрылыстардың көлемді-жоспарлы әрі конструкциялық шешімдер, жұмыс көлемі, қолда
бар машиналар паркін әрі құрылысқа алынған жұмыс тәртібін ескере отырып, жұмыс
өндірісінің қарқыны мен шарттары негізінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі
жобасында қабылдаған жөн.
7.2 Әрекеттегі кәсіпорынды қайта құру кезінде құрылыс-монтаждық жұмыстар
шағын ғана әрі шапшаң қозғалатын құрылыс машиналарды, ал жабық ғимараттарда –
электр жетегін қолдану арқылы жүзеге асады.
7.3 Инженерлік желіні құру кезінде топырақты басу, тесу, микротоннелдеу, көлденең
бағытталған бұрғылау әдісі арқылы жерасты коммуникацияларды ор қазбай өткізу
үшін машиналар мен құрал-жабдықтар кеңінен қолданылады. Егер Қазақстан
Республикасында топырақты тығыздайтын және басқадай ұқсас машиналар мен құрал-
жабдықтар шығарылмаса, онда тиісінше техникалық-экономикалық негіздеме жасап
барып, шетелдік машиналарды қолдануға болады.
7.4 Объектіде жұмыс өндірісі үшін автоматты басқарылатын әрі бақыланатын
құралдармен жабдықталған машиналарды, сонымен қатар автоматты, жартылай автоматты
жүккөтеретін қондырғыларды таңдау қажет.
7.5 Бес немесе одан да көп қабатты (биіктігі 15 метрден артық) ғимарат тұрғызу
кезінде жұмыс өндірісі орнына жұмысшыларды әрі жекелеген материалдарды көтеруге
кететін уақытты үнемдеу мақсатында құрылысты ұйымдастыру жобасы мен жұмыс
өндірісі жобасында объектіде мұнаралы крандар орнатылғанына немесе бөлшектелгеніне
қарамастан құрылыс, өңдеу және басқа арнайы жұмыстарды орындау кезінде жүктер
(мұнаралық кран көтеретін материалдар мен конструкциялардан өзге) мен адамдарды
көтеруді қамтамасыз ететін жүк әрі жолаушылар көтеретін лифтілерді (көтергіш құрал)
орнату қарастырылған.
7.6 Әдетте кіші механизация құралдары құрылыс ұйымдарының (кіші механизация
телімдерінде, басқармасында) арнайы бөлімшелерінде шоғырланған. Олардың құрамында
құрылыс-монтаждық жұмыстардың механизацияланған орындаудың қажетті техникалық
құралдары бар құрал-тарату пунктері мен көшпелі құрал-жабдықты шеберханалары
ұйымдасқан.
7.7 Құрылыс алаңы шекарасы шеңберінде жүктерді тасымалдау әдістерін таңдау
тиеу-түсіру операцияларды ескере отырып, жұмыс өндірісі жобасында жасалуы
керек.
7.8 Құрылыс объектілеріне кірпіш, газды силикаттық бұғаттарды және басқа
контейнерлер мен жарамды жүктерді жеткізу жүк тасуға арналған жабдықтар мен қапшықты
пайдалану арқылы жүзеге асады.
29
ҚР ҚН 1.03-00-2011
8 МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
8.1 Келісім бойынша жұмыстарды орындап жатқан құрылысты салушы тұлғалар
мен тапсырысшы ұйымдар құрылыс объектілерін құрылыс-монтаждық жұмыстар
өндірісінің техникалық реттілігіне сәйкес жұмыс өндірісі, төлем (қаржыландыру) және
құрылыс мердігерінің келісім бойынша материалдар, бұйымдар, құрал-жабдықтарды
жеткізіп беру (тапсырысшыға жүктелген) кестелерінде белгіленген күнтізбедегі мерзім
ішінде материалдық-техникалық ресурстардың барлық қажетті түрлерімен қамтиды.
8.2 Құрылыс материалдарымен, бұйымдарымен, конструкциялар мен құрал-
жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша келісімдер (келісім) күнтізбелік жоспар әрі
объект құрылысының кестесі бойынша жасалады.
8.3 Объект құрылысы кезінде құрылыс-монтаждық жұмыстар өндірісі және
бөлшектер мен конструкцияларды дайындау барысында құрылыс материалдарына,
бұйымдарына және конструкцияларына деген қажеттілік нормативтік құжаттар негізінде
жобалық құжаттамаларда анықталады.
8.4 Салынатын объектіні материалдық-техникалық қамтамасыз ету өндірістік-
технологиялық негізде іске асады, бұл ретте құрылыс конструкциядарын, бұйымдарын,
материалдарын және инженерлік құрал-жабдықтарын жеткізіп беру құрылыс-монтаждық
жұмыс өндірісінің мерзімі мен технологиясы негізінде технологиялық кешендермен
жасалады.
Құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолданысқа шығармай тұрып:
– өнім туралы тұтынушыға қажетті мәліметті, оның ішінде оның атауы немесе
белгісі, қауіпсіздікке әсер ететін қасиеттер мен сипаттамаларының көрсеткіштері,
өндірушінің атауы немесе тауар белгісі және өнімді жеткізу талаптарына сай құжаттың
белгісі, сондай-ақ оны қолдану шарттары бар құжаттармен;
– техникалық регламент талаптарына сай міндетті растауға жататын өнім үшін
сәйкесті-лік туралы құжат көшірмесімен қамту керек.
Міндетті растауға жатпайтын өнімге деген жолдама құжаттар құрамына құрылыс
саласындағы жұмысқа маманданған ерікті сертификация жүйесі шеңберінде берілген
сәйкестілік сертификат көшірмесі кіруі мүмкін.
8.5 Конструкцияларды, бұйымдарды, материалдарды және инженерлік құрал-
жабдықтарды кешенді жеткізіп беруді ұйымдастыру кезінде:
– ғимарат, құрылыс, торап, телім, қабат, секция, ярус, үй-жайдың қажетті мате-
риалдық-техникалық ресурстарының (олардың қайдан және қалай жетуіне байланысты
емес) комплектациясын;
– бұйымдардың, материалдар мен инженерлік құрал-жабдықтардың техно- логиялық
дайындығын арттыру және оларды құрылыс объектісіне қажетті құрал- жабдықты
бекіту заттармен қосымша ілеспелі қосалқы материалдар мен бұйымдарды жеткізуді
ескеру керек.
8.6 Материалдарды, бұйымдар мен құрал-жабдықтарды тасымалдау, қоймаға
сақтауды ұйымдастыру нормативтік құжаттар талаптарына сай іске асады және олардың
бұзылуын, сынуын және жоғалуына жол бермейді.
Құрылыс қатысушылары технологиялық, санитарлық-техникалық, электртехникалық
және басқа құрал-жабдықтардың, құрылыс құрал-жабдықтарының, сондай-ақ құрылыс