Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
бет11/42
Дата06.01.2020
өлшемі1,46 Mb.
#25955
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

18 



алынып тасталды. 

 

6.3 Құрылыс алаңы

 

 

6.3.1  Құрылыс   алаңының   шекарасы   құрылыстың   бас   жоспары   мен   жағдайлық 



жоспарда, ал желілік объектілер үшін бөлінген жердің ені түрінде көрсетілуі қажет.

 

6.3.2 Құрылыс  алаңына  құрылыс  салушының  иелігіндегі  жер  телімдерінен  басқа 



қажетінше  басқа  жер  телімдері  (көрші)  де  кіреді.  Ондайда  құрылыс  салушы  құрылысқа 

рұқсат  алмай  тұрып,  қосымша  аумақ  иелерінен  оларды  пайдалану  туралы  келісім  алу 

керек немесе қажетті сервитуттар орнату қажет.

 

6.3.3  Құрылыс   алаңында   қоршаған   аумақ   мен   тұрғындардың   еңбек   қауіпсіздігі, 



қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігі бойынша талаптардың 

орындалуына құрылыс салушы жауап береді.

 

6.3.4  Келісім  бойынша  құрылысты  жүзеге  асыру  кезінде  құрылыс  мерзімі  ішінде 



құрылыс   алаңында   қоршаған   аумақ   мен   тұрғындардың   еңбек   қауіпсіздігі,   қоршаған 

ортаны  қорғау  және  құрылыс  жұмыстарының  қауіпсіздігі  бойынша  талаптардың 

орындалуына,   сондай-ақ   нақты   норма   мен   басқа   да   нормативтік   құжаттарға   сәйкес 

жергілікті атқарушы биліктің талаптарының орындалуына құрылыс салушы жауап береді.

 

6.3.5  Құрылыс  салушы  (тапсырысшы)  құрылысты  келісім  бойынша  жүзеге  асырған  



жағдайда,    құрылыс    алаңын    құрылысты    акт    бойынша    салып    жатқан    тұлғаға 

тапсырады. Құрылыс  салушы (тапсырысшы) әрекеттегі заңдарға сәйкес келісім бойынша 

қарастырылған   жағдайларда   ғимараттар   мен   құрылыстардың   құрылысын   жүргізуші 

тұлғаны  жұмысқа  қажетті  жағдаймен:  жүктерді  тасымалдаумен,  электрқуатын  уақытша 

тартумен, су мен ауа өткізумен қамтамасыз етеді.

 

6.3.6  Құрылысты   салушы   тұлға   құрылыс   алаңы   мен   жақын   маңдағы   бес   метр 



аумақты   тазалауға   тиісті.   Тұрмыстық,   құрылыстық   қоқыс,   сондай-ақ   қар   жергілікті 

атқарушы билік орнатқан тәртіп пен белгіленген уақытта шығарылып отыру керек.

 

6.3.7 Жергілікті  атқарушы  орган  талап  еткен  жағдайда  құрылысты  салушы  тұлға 



қала  аумағына  шығатын  құрылыс  алаңын  жабдықтайды,  көлік  құралдарының  құрылыс 

алаңынан  шыға  берісте  доңғалақтарын  тазалау,  жуу  пунктерімен,  сонымен  қатар  қоқыс 

жинау   бункерлерімен,   ал   желілік   объектілерде   жергілікті   атқарушы   орган   белгілеген 

орындарда  қамтамасыз етеді.

 

Құрылысқа қажетті, бірақ құрылыс алаңына жатпайтын әрі тұрғындар мен қоршаған 



ортаға  қаупі  жоқ  белгілі  бір  аумақтарды  уақытша  қолдану  қажеттілігі  туындаған  кезде, 

осы  аумақтарды  қолдану,  қорғау  (қажет  болса)  және  тазалау  тәртібі  осы  аумақтардың 

(қоғамдық аумақтар – жергілікті атқарушы органмен) иесімен жасасқан келісім бойынша 

анықталады.

 

6.3.8  Құрылыс   салушы   тұлға   кез-келген   жұмысқа   кіріспес   бұрын   нормативтік 



құжаттар   талаптарына   сәйкес   құрылыс   алаңын   және   жұмыстың   қауіпті   аймақтарын 

қоршайды.

 

Алаңға  кіре   берісте   объектінің,   құрылыс   салушының   (тапсырысшы),   жұмысты 



орындаушының   (мердігер,   бас   мердігер)   аты,   тегі,   лауазымы   және   объект   бойынша 

жұмысқа  жауапты  адамның  әрі  құрылысқа  жетекшілік  ететін  жергілікті  атқарушы  орган 

немесе мемлекеттік сәулет құрылысын қадағалау органы (егер қадағалау жүзеге асырылса) 



19

 

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

 

өкілінің  телефон  нөмірі,  жұмыстың  басталуы  мен  аяқталуы,  объект  схемасы  жазылған 



тақтайша орнату керек.

 

Жұмысты  орындаушының  аты,  телефон  нөмірі  жазылған  тақтайшаларды  құрылыс 



алаңынан   тыс   жұмыс   жерлердегі   қоршауларға,   шағын   ғимарат   пен   құрылыстарда, 

жабдықтың ірі элементтерінде, кабелді барабанда және т.с.с. ілу қажет.

 

6.3.9  Егер   құрылыс   алаңындағы   ғимараттар   мен   құрылыстар   пайдаланылмаса, 



онда  құрылыс  салушы  тұрғындар  мен  қоршаған  ортаға  қауіп  төндіруді  болдырмайтын 

шараларды   қолға   алу   керек   (коммуникациялардан   ажыратып,   ірі   ыдыс   құтылардың 

ішін босатып, қауіпті немесе улы заттарды жою тиіс).

 

Құрылыс салушы тұлға ғимаратқа адамдар мен жануарлардың кіруіне жол бермейтін 



шараларды жасау қажет.

 

6.3.10  Құрылыс   мерзімі   ішінде   құрылыс   салушы   немесе   құрылысты   жасаушы 



тұлға  келісім  бойынша  жұмыстарды  жүзеге  асыру  кезінде  құрылыс  алаңы  мен  салынып 

жатқан   ғимаратқа   тапсырысшының   техникалық   қадағалау,   авторлық   қадағалау   және 

мемлекеттік қадағалау органдары өкілдерінің кедергісіз кіруіне жағдай жасау керек.

 

6.3.11   Жайсыз   табиғат   құбылыстарының   және   геологиялық   үрдістердің   (сел, 



көшкін, опырылу, шалшық жер, тасқын су және т.б.) ықпал етуіне ұшырайтын аумақтарда 

құрылыс  жүріп  жатқан  кезде  арнайы  жобалар  бойынша  құрылыс  жұмыстарына  кіріспес 

бұрын осы үрдістерден аумақты қорғау шараларын өткізу қажет.

 

6.3.12  Табиғат  ресурстарын  жолай  жасау  тек  орныққан  тәртіпке  сәйкес  келісілген 



әрі бекітілген құжат бойынша ғана жүзеге асады.

 

6.3.13  Құрылыс  алаңында  еңбек  қауіпсіздігі,  қоршаған  ортаны  қорғау,  тұрғындар 



мен  қоршаған  табиғатқа  қауіпсіз  құрылыс  жұмыстарын  жасау,  сондай-ақ  Өрт қауіпсіздігі 

ережелері бойынша талаптардың орындалуына құрылыс салушы жауап береді.

 

 

6.4 Уақытша ғимараттар мен құрылыстар

 

 

6.4.1 Құрылысқа  қажетті  уақытша  ғимараттар  мен  құрылыстарды  құрылыс  салушы 



тұлға құрылыс алаңында немесе желілік объект ені бойымен тұрғызады. Олар құрылысты 

қамтамасыз ету үшін қажет және аяқталған кезде алынып тасталуы керек.

 

Құрылыс  объектінің  құрамына  кіретін  әрі  құрылыста  қолданылатын  ғимараттар, 



құрылыстар немесе үй-жайлар уақытша ғимараттарға (құрылыстарға) жатпайды.

 

6.4.2  Құрылыс  алаңы  аумағында  орналасқан  уақытша  ғимараттар  мен  құрылыстар 



құрамы құрылысты ұйымдастыру жобасындағы бас жоспармен анықталады.

 

Желілік   объектілер   орналасқан   тұстағы   уақытша   ғимараттар   мен   құрылыстар 



құрамы құрылысты ұйымдастыру жобасымен сипатталады.

 

Құрылыс алаңына  қосылмаған  белгілі  бір  аумақтарды  уақытша  қолдану  қажеттілігі 



туындаған   кезде,   уақытша   ғимараттар   мен   құрылыстарды   орналастыру   үшін   оны 

пайдалану,  қорғау  (қажет  болса)  және  аумақты  тазалау  осы  аумақтардың  иесімен  келісу 

арқылы (қоғамдық аумақтар – жергілікті атқарушы органмен) анықталады.

 

6.4.3  Уақытша   ғимараттар   мен   құрылыстар,   сондай-ақ   құрылыста   пайдалануға 



қажетті  қолданыстағы  ғимараттар  мен  құрылыстардың  бөлек  үй-жайлары  тұрмыстық, 

өндірістік,  әкімшілік  және  тұрғын  ғимараттар  мен  құрылыстарға,  үй-жайларға  қойылған 

әрекеттегі   құрылыс,   өрт,   санитарлық-эпидемиологиялық   нормалардың   ережелер   мен 



жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау