Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет17/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
30 
(бұдан  әрі-БӨП)  тоқтамай  көлік  құралдарының  өтуіне  кедергі  болатын  қоршаумен 
жабдықталады. 
8.3.1.2  Жеткілікті  негіздемелер  мен  құралдар  болған  жағдайда  магистральды 
құбырлар  мен  кен  орнының  қорғау  аймақ  территориясы  сондай-ақ  қоршаумен 
жабдықталуы мүмкін.   
8.3.1.3 Қоршаулар күрделі құрылғы болып табылады және типтік жобалар бойынша 
салынады.  
8.3.1.4 Нысандар территориясы қоршаулары 2,5 метрден кем емес биіктікпен темір-
бетонды плитадан немесе қалындығы 2 мм кем емес металл табағынан жасалу керек,  ал 
қарлы жамылғысы бір метрден астам аудандарда – 3 метрден кем болмау керек. Қоршаулар 
қазып алуға қарсы қатынаста темір-бетонды цокольмен немесе арматуралық тормен жерге 
200-400 мм қазумен нығайтылады. 
8.3.1.5  Қоршау  тура  сызықты,  бақылауды  шектейтін  және  қорғау  үшін  техникалық 
құралдарды қолдануды қиындататын, бұралаң мен бұрылыстарсыз болу керек.  
8.3.1.6  Қажет  болса  нысандарды  қоршаудың  жоғары  жиегіне  қосымша  сымның 
«егоза» түрінен  «күнқағар» орнатылады.   
8.3.1.7 Қоршауға әлдеқайдағы жалғастыра салынулар оның периметрінің бөлігі болып 
келетін ғимараттан басқасы жанаспау керек, сонымен бірге ғимараттың бірінші қабаттың, 
солай-ақ келесі қабаттардың (егер олар қол жетімді болса) терезелері торлармен жабылу 
қажет.  
8.3.1.8  Тіршілікті  қамтамасыз  етудің  барлық  нысандары  БӨП  жабдықталады  және 
сумен  жабдықтау  нысандарында  болатын  адамдар  мен  көлік  құралдарының  қажетті  өту 
мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.   
8.3.1.9  Сыртқы  қоршау  конструкциялары  (қабырғалар  мен  жабындылар)  БӨП 
ғимараты  құқыққа  қайшы  сипаттағы  әрекеттерді  қоса,  сыртқы  әсерлерге  бекем  болуға 
тиісті,  жақсы  көз  салудың  болуы  және  шабуылдан  күзет  қызметкердің  қорғауын 
қамтамасыз ету.     
8.3.1.10  БӨП  қауіпсіздіктің  техникалық  жүйесі  (концентраттар,  пульттар,  видео 
бақылау жүйесі) қақпаны ашу, қорғау жарықтандыруларды жағу және сөндіру басқарылу 
механизмдері құралдарымен орнатылады.   
8.3.1.11 БӨП байланыс, өрт сөндіру құралдарымен, қауіп-қатер дабылдама жүйесімен, 
турникеттермен, есікшелермен, ал қажет болған жағдайда-  тесеруді өндіру үшін қажеттілігі 
мен қызмет  талабына байланысты әртүрлі  металдар түрін ажырата алатын тұрақты және 
қол  құралдарымен    жабдықталады.    Аталған  металлодетекторлардың  түрлері  жарылғыш 
заттарды анықтайтын детекторлармен қатар қолданылуы мүмкін.  
8.3.2 Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық беріктігіне қойылатын талаптар 
8.3.2.1  Ғимараттар  мен  құрылыстардың  сыртықы  қабырғалары  мықты  болып, 
жетерлік қалындығы болу керек:   
- кірпіш, блок және басқалар үшін –500мм кем емес; 
- темір-бетондылар үшін- 200мм кем емес.  
8.3.2.2 Есік қораптары болат және профтабағынан жасалу керек. 
8.3.2.3  Ғимараттың  терезе  ойығы    диаметрі  16  мм  кем  емес  болат  шыбықтардан 
тұратын металл тормен жабдықталады. Тор шыбықтарының жиектері қабырғаға бітеледі, 
цемент  ерітіндісімен  құйылады  немесе  ғимараттың  металл  конструкцияларына  ерітіп 
жабыстырылады.  
8.3.2.4  Барлық  терезелері  тормен  жабдықталған  бөлмелерде  олардың  біреуі 
жылжымалы немесе бұзудан қорғалған тоспалы құлпыпен ашылмалы болып істелінеді.  
8.3.2.5 Насынның құдықтар, люктер, тар жолдар, шахталар, ашық құбырлар, арықтар 
және  басқада  ұқсас  құрылғылар  түрінде,  олар  арқылы  нысан  территориясына  және 
күзетілетін ғимаратқа өтіп кетуге мүмкін шығулары мен кірулері бар жер асты және жер 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
31 
үсті  коммуникациялары  торлармен,  қақпалар  немесе  жапқыш  құралдармен  есіктер 
орнатылу қажет.   
8.3.2.6 
Бокс  қақпалары  мен  ғимарат  есіктері  көліктерді  арту  үшін 
электромеханикалық  немесе  механикалық  құлыптармен  кілттеледі.  Құлыптардың 
механизмі  нысан  бөлмелерінде  жүргізілетін  бокс  қақпалар  мен  есіктердің  ішкі  жағында 
орнатылады.  
8.3.3Нысандар мен жайларды арнайы техникалық қауіпсіздік жүйелерімен 
жабдықтауға қойылатын талаптар 
8.3.3.1 
Қазақстан  Республикасы  сертификаттаудың  Мемлекеттік  жүйесінің 
Мемлекеттік  реестрінде  аккредиттелген  және  тіркелген  сертификаттау  ұйымдарында, 
сынау  зертханаларында  (орталықтарда)    барлық  нысандарда  белгіленген  тәртіпте 
сертификаттаудан өткен арнайы техникалық жүйелер орнатылады.     
8.3.3.2  Күзеттің  беріктігін  арттыру  үшін  осы  аппаратураның  қатардан  шығып  қалу 
жағдайына ТСР резервті фонды қалыптастырылады.  
8.3.3.3  Тіршілікті  қамтамасыз  ету  нысанның  территория  периметрі  қауіпсіздіктің 
периметрлі  жүйесімен,  қажет  болса  бейне  бақылаудың  теледидарлық  жүйесімен  
жабдықталады. 
8.3.3.4 Қауіпсіздіктің периметрлі жүйелеріне қойылатын талаптарына жатады: 
-  барлық  мезгілдер  мен  сәйкес  климаттық  зоналардың  сыртқы  климаттық 
факторларына орнықтылығы; 
- индустриялық, көліктік және басқа тосқауылдардан қорғалуы. 
8.3.3.5  Территорияны  қоршау  периметрі  бойынша  сыртқы  жарық  жүйесінен  бөлек 
істейтін  қорғау жарығы орнатылады және тәуелсіз участкілерге бөлінеді.   
8.3.3.6 Қорғау жарығы қамтамасыз ету керек:  
- нысанның барлық периметріне біркелкі жарық түсіру; 
- участілердің бірінде немесе дабыл сигнализация  жүйесі (ДСЖ) қосылғанда барлық 
периметрі бойынша автоматтандырылған қосылу мүмкіндігі 
8.3.3.7  Қорғау  жарығы  құралы  ретінде  прожекторлар  немесе  шаммен  шамдалдар 
қолданылуы  мүмкін.  Шамдалдар  арасындағы  арақашықтығы,  олардың  қуаттлығы  мен 
конструкциясы жарықтың қажетті нормалары бойынша жарық жолағының тұтас, біркелкі  
болу есебімен таңдалады.  
8.3.3.8  Бейне  бақылау  жүйелерін  қолдану  барысында  телехабар  беретін  құралдар 
түрлеріне белгіленген техникалық жағдайлардың талабына жарық сәйкес келу керек.   
8.3.3.9 Ғимараттың күзет бөлмелер, БӨП, ғимаратқа кіретін есіктер, дәліздер апаттық 
жарықпен  қосымша  жабдықталуы  мүмкін.  Жұмыс  жарықтың  апаттық  жарыққа  және 
керісінше ауысуы автоматты түрде жүзеге асырылады.  
8.3.3.10 Әр күзет шебінен дабыл сигналы  мекеменің орталық дисипечерлік қызметтің 
жеке нөміріне немесе нысанның ішкі күзет пультіне түседі.   
8.3.3.11 Нысанның ішкі күзет пульттерін және бейне бақылаудың теледидарлық жүйе 
мониторларын  күзеттің  қызмет  бөлмелерінде  немесе  осы  мақсаттар  үшін  арнайы 
жабдықталған бөлмелерде орнату қажет.     
8.3.3.12  Cу  қоймалардың  дамбалары  мен  басқа  гидротехникалық    құрылыстар 
инфрақызыл  көмескі жарықпен ТСР жабдықталады, шлюз құрылғылары -  күзеттің қызмет 
орнына қосылаған қауіпсіздік жүйелері немесе техникалық мүмкіндіктері бар диспетчерлік 
қызметтер. 
 8.3.3.13  Табудың  арнайы  техникалық  құралдар  жүйесі  түрлі  физикалық 
құбылыстарға негізделеді:  
- электр өріс сипаттарының өзгеру әсеріне; 
-  тоқтатқан  кезде  дабыл  сигналы  шығатын  ИҚ-сәулелерді  қалыптастыратын 
оптикалық инфрақызыл (ИҚ) сигнализаторлары; 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау