Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет20/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
36 
-  канализациялық  тазарту  құрылғыларының  (КТҚ)  және  олардың  жекелеген 
деңгейлерінің  төтенше  жағдайларда  ағынды  бұруға  арналған  бұру  желілері  (арналары), 
тоғыту жапқыштары болуы керек
-  I категориялы электр  қабылдағыштарын  –  канализациялық тазарту  құрылғыларын 
(КТҚ)  энергиямен  жабдықтау  ҚР  ЭОЕ  2012  талаптарына  сай  өзара  қорын  сақтайтын  екі 
тәуелсіз қуат көзінен жүзеге асуы керек, ал оларды электрмен жабдықтауда үзіліс жасауға 
қуат көзін автоматты түрде қалпына келтірген уақытта ғана рұқсат беріледі
-  I  және  II  категориялы  электр  қабылдағыштары  (КСС)  өзара  қорын  сақтайтын  екі 
тәуелсіз қуат көзінен электр энергиясымен қамтамасыз етіледі, ал бір қуат көзінен электр 
энергиямен  жабдықталуы  бұзылған  кезде,  бұл  орайда  кезекші  қызметкерлердің  немесе 
көшпелі оперативтік бригаданың әрекетімен сақтық қорының қуат көзін қосу үшін қажетті 
уақыт ішінде электрмен жабдықтауда үзіліс жасауға рұқсат беріледі; 
- өзен, жыра-сайлар және төмен жерлерден өтетін дюкерлік өткелдер қосарлануы және 
сақтық тармақтары болуы керек; 
- зертханалар судың құрамындағы уландырғыш, радиоактивтік заттарды бақылауды 
және  суды  бұру  телімдеріне  бұратын  судың  құрамын  бақылауды  жүзеге  асыруға 
дайындалған болуы керек. 
8.5.3 Қалалар мен елді мекендердің суды бұру жүйесі тұтынушылардың пайдаланған 
суын, сарқын суды жер бетіне шығармай, суды тазарту құрылғыларына тұрақты түрде және 
тоқтаусыз бұрып отыруды қамтамасыз етуі керек. 
8.5.4  Сызбанұсқалар  толық  немесе  олардың  бөліктері  суды  бұрудың  әр  түрлі 
тәртіптеріндегі  жұмыстың  тәртібін  көрсетіп  барлық  объектілерде  олардың  кәсіптік 
мақсатына сәйкес ілінуі керек. 
8.5.5  Тоқтаусыз  суды  бұруды  қамтамасыз  ету  үшін  су  ағызғылардың  өзен,  жыра-
сайлар және табиғи төмен жерлер арқылы өтетін тармақтарының саны екеуден кем болмауы 
керек. 
8.5.6 Ағынды бір су ағызғысы бойынша тасымалдауға, ерекше жағдайларда АҚ және 
ТЖ сәйкесінше уәкілетті органдарымен, сондай-ақ жергілікті атқару органдарымен арнайы 
келісімі бойынша рұқсат берілуі мүмкін.  
8.5.7  Канализациялық  сорғы  станцияларының  (КСС)  және  канализациялық  тазарту 
құрылғыларының  (КТҚ)  бекіткіш  құрылғылары  бар  айналма  желілері  болуы  керек. 
Жылына  екі  рет  бекіткішті-реттегіш  арматураның  жұмыс  қабілеті  тексеріліп,  оған 
ағымдағы  жөндеу  жүргізілуі  керек.  Түскен  сарқынды  суды  бұрып  әкетуді  қамтамасыз 
ететін  айналма  желілермен  жабдықтау  мүмкін  болмайтын  КСС-да  апатты 
сұйыққоймаларды алдын ала ескеру қажет. 
8.5.8 Жыл сайын СБ жүйесінде барлық құбырлардың жай-күйіне бақылау жүргізіліп, 
олардың іштерін қақ пен шөгінділерден тазартып және жуып-шаю (гидропневматикалық 
немесе  гидромеханикалық  тазарту)  жүзеге  асырылуы  керек.  Қақ  тұрудың  және 
шөгінділердің жиналуының қарқындылығына қарай олардың жиналуына және суды бұру 
жүйелерінің істен шығуына жол бермеу үшін, құбарларды тазартудың кестесі белгіленеді. 
 
8.6 Сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі апаттарды жою 
 
8.6.1  СЖ  және  СБ  кәсіпорындарында  сумен  жабдықтау  жүйелерінің  және 
канализацияның  немесе  олардың  жекелеген  ішкі  жүйелерінің  өз  қызметін  орындау 
мүмкіндігін жоғалтуы апат болып табылады. 
Су құбырының желісіндегі апат - желідегі құбырлардың, құрылғылар мен жабдықтың 
бүлінуі немесе олардың пайдаланылуының, абоненттерге суды беруді толық немесе ішінара 
тоқтатуға алып келетін, бұзылуы. 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
37 
Канализациялық  желідегі  апат  -  құбырлардың  немесе  құрылғылардың  кенеттен 
қирауы  немесе  олардың  тығындалып,  сарқын  суларды  бұрып  әкетудің  тоқтауы  немесе 
олардың төгілуі. 
8.6.2 Апат жабдықтың, құрылғының, желілердің және олардың құрамдас бөліктерінің 
істен шығуының нәтижесінде орын алады және оларды жұмыс істеуге қабілетті қалпына 
келтіру үшін апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. 
8.6.3 Апаттың нәтижесінде: 
- абоненттерге ішетін суды беруді толық немесе ішінара тоқтату
- қызмет көрсетілетін объектілерден сарқынды суларды бұрып әкетуді толық немесе 
ішінара тоқтату; 
- сарқынды судың жер бетіне шығуы (төгілуі) және, салдарынан, қоршаған ортаның 
ластануы; 
-  тазартылмаған  сарқынды  судың  (тазарту  құрылғылары  болған  кезде)  суайдынына 
және (немесе) суды бұратын телімдерге тоғытылуы орын алады. 
8.6.4 Апаттар және жұмыстың бұзылуы СЖ және СБ кәсіпорындарының пайдалануа 
қатысты, сондай-ақ қатыссыз себептерге байланысты. Қатысты себептер жоспарлы-алдын 
алу жөндеулерін және жаңғыртуды уақытында жүргізбеу, оңтайсыз пайдалану тәртіптері, 
сапа шартына сай келмейтін материалдарды қолдану сияқты факторлардың әсеріне, сондай-
ақ қызметкерлердің дұрыс әрекет етпеуіне байланысты болады. 
8.6.5 Келесілер үшін: 
- апатқа жол бермеу, егер бұл орайда тұтынушыларға суды беру тоқтатылмаған немесе 
кенет азайып кетпеген болса

жоспарлы-алдын  алу  жөндеулерін,  залалсыздандыруды  жүргізу  немесе 
қолданыстағы  желіге  жаңа  құбырларды  немесе  үйлердің пайдалануға  берілген  желілерін 
абоненттерге ажыратудың уақыты және ұзақтығы туралы алдын ала хабарлау арқылы қосу; 
-  суды  бекітілген  кестеге  сәйкес  сумен  жабдықталатын  объектінің  жекелеген 
аудандарына  беру  үшін  құбырлардың,  құрылғылардың  немесе  жабдықтың  жекелеген 
телімдерін ажырату СЖ кәсіпорындарындағы апат болып саналмайды. 
Сарқын  судың  жер  бетіне  төгілуіне  немесе  қоршаған  ортаның  ластануына  алып 
келмеген,  канализациялық  құдықтардың  бітелуі  және  сарқынды  судың  іркілуі  СБ 
кәсіпорындарындағы апат болып саналмайды. 
8.6.6 СЖ және СБ кәсіпорындары: 
- мемлекеттік басқару органдарына және тұрғын халыққа сумен жабдықтау және су 
бұру жүйелерінің жай-күйі, су құбырына берілетін судың сапасы, суағарларды тазартудың 
сапасы туралы, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлауға
- судың сапасы нашарлаған немесе берілуі азайған (тоқтаған) жағдайда мемлекеттік 
басқару органдарына және тұрғын халыққа дереу хабарлауға; 
- тозған желілерге жөндеуді, қайта құруды, ауыстыруды уақытында жүргізуге, сумен 
жабдықтау  жүйесінің  жұмысының  сенімділігін  арттыру  жөніндегі  және  апаттардың, 
жұмыстардың  бұзылуының  алдын  алу  жөніндегі  шараларды  дайындап  және  жүзеге 
асыруға,  апатты  желілер  мен  құрылыстарды  қайта  құру  және  ауыстырудың  бекітілген 
жоспарлары болуға; 
- апаттарды және жұмыстардың бұзылуын нормативтік мерзімдердің ішінде жоюға; 
-  апаттардың  жүйелі  есебін  жүргізуге  және  себептерін  талдау  және  бұған  кінәлі 
тұлғаларды  анықтау  арқылы  тексерулерді  жүргізуге,  пайдалану  жағдайларының  сумен 
жабдықтаудың (суды бұрудың) орнықтылығына әсерін анықтауға және техникалық қызмет 
көрсету мен жөндеуді үнемі жүргізіп отыруға; 
-  апатты  тәртіптердің  әр  түрлі  жағдайларындағы  ажыратудың  кезектілігінің 
сызбанұсқасын жасауға; 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау