Сәулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов


Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар



жүктеу 20,96 Mb.
бет6/56
Дата09.01.2018
өлшемі20,96 Mb.
#7282
түріСборник тестов
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар

16 сұрақ

Бекітілген жобалау алдындағы құжаттама болған кезде, объекті бойынша жобалық құжаттамаәзірлеу (келісу, бекіту) барысында жобалау алдындағы кезеңде қол жеткізілген көрсеткішпен салыстырғанда құрылыстың есептік құнының ұлғаюына жол беріледі ме? ([18], 5.7-т.)


  1. тиісті негіздемесіз жол берілмейді

  2. мердігерлік құрылыс ұйымымен келіскен кезде жол беріледі

  3. тапсырыс берушінің шешімі бойынша жол беріледі

  4. жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталған кезде жол беріледі

  5. ЖСҚ тапсырыс берушімен келіскен кезде жол беріледі

17 сұрақ

Жобалық құжаттамада әрбір бөлімнің графикалық материалдарының «Жалпы деректер» парақтарында орналасқан жобаның немесе жұмыс жобасының мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы жазбаға кім қол қоюы тиіс?([18], 5.9-т.)


    1. жобаның бас инженері (жобаның бас сәулетшісі)

    2. жобаның бас конструкторы

    3. жобалау ұйымының директоры

    4. сараптама ұйымының сарапшысы

    5. құрылыс ұйымының директоры

18 сұрақ

Жобалау және құрылыс үшін арнайы техникалық шарттар (АТШ құжаты – айрықша нормалар) әзірленеді:([18], 8.1-т.)


  1. берілген габариттер, есептік қуат, технологиялық процесстер, функционалдық міндеті бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында нормалары жоқ өзге де айрықша талаптар бойынша ерекше өлшемдері(сипаттары, қасиеттері) бар объектілерді жобалаған кезде

  2. тапсырыс берушінің шешімі бойынша

  3. сәулет және қала құрылысының жергілікті органы шешімі бойынша

  4. жобалау ұйымының (жобаны әзірлеуші) шешімі бойынша

  5. мердігерлік ұйымның шешімі бойынша

19 сұрақ

Бір сатылық жобалау кезінде жобаның қай сатысы сараптамаға және бекітуге жатады? ([18], 7.5-т.)


  1. «жұмыс жобасы» (ЖЖ)сатысы

  2. «жоба» (Ж) сатысы

  3. «жұмыс құжаттамасы» (ЖҚ)

  4. «сәулет-құрылыс бөлімі» (СБ) сатысы

  5. «технологиялық бөлім» (ТХ) сатысы

20 сұрақ

Құрылысы мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен қаржыландырылатын объектілер бойынша жобалық құжаттаманы бекітудің жалпы тәртібін белгілейді:([18], 7.7-т.)


  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі

  2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган

  3. сәулет және қала құрылысының жергілікті органы

  4. мемлекеттік сараптама жүргізуге Қазақстан Ресупбликасы Үкіметі уәкілетті еткен заңды тұлға

  5. тиісті лиценциясы бар заңды тұлға

21 сұрақ

Тұрғын-азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысының жұмыс жобасы (ЖЖ) құрамына не кірмейді? ([18], 10.4-т.)

1. негізгі құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар қажеттілігінің жиынтық ведомості

2. жұмыс жобасының паспорты

3. энергетикалық паспорт

4. жалпы түсіндірме жазба

5. сметалыққұжаттама


22 сұрақ

Табиғи ресурстарды іліспе жүргізу не болған кезде жүргізілуі мүмкін? ([19], 6.3.13-т.)



  1. тиісінше келісілген және белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттама

  2. тиісті мемлекеттік қадағалау органдарымен және жергілікті өзін өзі басқару органдарымен келісім

  3. тиісті мемлекеттік қадағалау органдарымен келісім

  4. тиісті жергілікті өзін өзі басқару органдарымен келісілген жобалық құжаттама

  5. жобалық құжаттама және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы атқарушы органмен келісім

23 сұрақ

Өндірістік мақсаттағы объектілер үшін ТЭН құрамында болмайтын бөлім: ([20], 4.3-т.)


  1. конструктивтік бөлім

  2. маркетингтік бөлім

  3. қаржы бөлімі

  4. техникалық-экономикалық көрсеткіштер

  5. әлеуметтік бөлім

24 сұрақ

Белгіленген тәртіппен бекітілген ТЭН негіздеме болады: ([20], 3.6-т.)


  1. жобалау-сметалық құжаттаманы бұдан әрі әзірлеу және жобалау және іздестіру жұмыстарын қаржыландыру үшін;

  2. жоба нобайын әзірлеу үшін;

  3. жобаны іске асырудың басталуы бойынша шешім қабылдау үшін;

  4. техникалық шарттарды алу үшін;

  5. объект құрылысына рұқсат алу үшін.

25 сұрақ

Түрлі мақсаттағы кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар құрылысына жобалау және жұмыс құжаттамасын ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар қандай нормативтік құжатта белгіленеді? ([37], 1-т.)


  1. МЕМСТ 21.101-97, Құрылысқа арналған жобалық құжаттама жүйесі құрамына кіретін (ҚЖҚЖ)

  2. ҚР ҚНжЕ 1.02-01-2007* «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы туралы нұсқаулық»

  3. ҚР ҚЕ 1.02-21-2007 «Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу, келісу, бекіту ережесі мен құрамы»

  4. Қаражаттандыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздемелерге) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестиция есебінен салынатын жобаларды бекіту ережесі

  5. Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруға мониторинг жүргізу және бағалау ережесі

26 сұрақ

Ғимараттың, құрылыстың конструкциясын тот басудан қорғау бойынша жұмыс сызбалары кешенінің ұсынылатын маркасы – …([37], А қосымшасы)


  1. АЗ

  2. АС

  3. АР

  4. АИ

  5. АК

27 сұрақ

Қандай нормативтік құжатұйғарымдық сипатқа ие?([21], 6.5-т.)


  1. ҚБҚ

  2. ҚР ҚЕ

  3. ҚР ТЖН

  4. ҮЖ

  5. МҚН

28 сұрақ

Қандай нормативтік құжат қауіпсіздік бойынша міндетті талаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді және осы өнімді әзірлеу, өндіру және пайдалану кезінде техникалық бірлікті қамтамасыз ететін ғимараттың және құрылыстың жекелеген бөліктерінің ұсынылатын өлшемдері мен сипаттамаларын, оларды сынау әдістерін, құрысы материалдары мен бұйымдарына қойылатын талаптарды белгілейді?([21], 6.7-т.)


  1. ҚР СТ

  2. ҚР ҚЕ

  3. ҚР ҚНжЕ

  4. ҮЖ

  5. МҚН

29 сұрақ

Қандай нормативтік құжат ұйғарымдық сипатына қарай міндетті негізде қолданылады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды, жобалау алдындағы және жобалық құжаттамаларды әзірлеу, келісу, бекіту қолдану, авторлық және техникалық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша ұйымдастыру-технологиялық, ұйымдастыру-әдістемелік рәсімдер мен талаптарды белгілейді? ([21], 7.8-т.)


  1. құрылыстағы басшылық құжаттар- ҚБҚ

  2. құрылыс нормалары және ережелері - ҚНжЕ

  3. мемлекетаралық құрылыс нормалары – МСН;

  4. Ережелер жиынтығы –ЕЖ;

  5. құрылыстағы мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ.

30 сұрақ

Қандай нормативтік құжаттарда ресми түрде қабылданған ретінде және қажет толықтықпен практикада өздерін танытқан, мемлекеттік нормативтердің міндетті талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ететін ұсынымдық ережелер келтіріледі ([21], 7.9-т.)


  1. Ережелер жиынтығы –ЕЖ

  2. құрылыс нормалары және ережелері –ҚНжЕ

  3. мемлекетаралық құрылыс нормалары – МСН;

  4. құрылыстағы басшылық құжаттар –ҚБҚ

  5. құрылыстағы мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ.

31 сұрақ

Мемлекеттік нормативтерді әзірлеудің үшінші кезеңі неден тұрады ([21], 8.3-т.)


  1. мемлекеттік нормативтің жобасын әзірлеушінің түпкілікті редакциясында дайындау, келісу және оны тапсырыс берушіге ұсынудан

  2. мемлекеттік нормативтің жобасын және бірінші (қажет болған жағдайда кейінгі, аралық) редакциясын әзірлеу, нормативтің бағытына сәйкес жетекші ұйымнан пікірлер және қорытынды алудан

  3. мемлекеттік нормативті әзірлеуді ұйымдастырудан

  4. мемлекеттік нормативті қарастыру, қабылдау (бекіту) және тіркеуден

  5. мемлекеттік нормативті басып шығарудан

32 сұрақ

Мемлекеттік норматвитерді әзірлеудің төртінші кезеңі неден тұрады? ([21], 8.3-т)

1. мемлекеттік нормативті қарастыру, қабылдау (бекіту) және тіркеуден

2. мемлекеттік нормативтің жобасын және бірінші (қажет болған жағдайда кейінгі, аралық) редакциясын әзірлеу, нормативтің бағытына сәйкес жетекші ұйымнан пікірлер және қорытынды алудан

3. мемлекеттік нормативтің жобасын әзірлеушінің түпкілікті редакциясында дайындау, келісу және оны тапсырыс берушіге ұсынудан

4. мемлекеттік нормативті әзірлеуді ұйымдастырудан

5. мемлекеттік нормативті басып шығарудан


33 сұрақ

Мемлекеттік нормативтің жобасы бойынша пікір әзірлеушіге қандай мерзімнен кешіктірілмей жіберіледі? (21], 8.5-т.)



  1. 30 күннен

  2. 10 күннен

  3. 15 күннен

  4. 45 күннен

  5. 50 күннен

34 сұрақ

«Пайдалану ережесі» ұғымына анықтама беріңіз. ([21], А қосымшасы)


  1. Өнімнің, процестің немесе қызметтің оларды қолдану кезінде немесе онымен байланысты өзін ұстауына қатысты мақсатқа сәйкестігі туралы ереже

  2. Кеңес және нұсқау болатын ереже (норма немесе қағида)

  3. Орындалуы тиісті әрекетті сипаттайтын ереже

  4. Өнімнің, процестің немесе қызметтің сипаттамасына қатысты міндетке сәйкестік туралы ереже

  5. Міндетті түрде орындауға жататын ереже (норма немесе қағида)

35 сұрақ

«Сипаттау ережесі» ұғымына анықтама беріңіз ([21], А қосымшасы)

1. Міндетті түрде орындауға жататын ереже (норма немесе қағида)

2. Кеңес және нұсқау болатын ереже (норма немесе қағида)

3. Өнімнің, процестің немесе қызметтің оларды қолдану кезінде немесе онымен байланысты өзін ұстауына қатысты мақсатқа сәйкестігі туралы ереже

4. Өнімнің, процестің немесе қызметтің сипаттамасына қатысты міндетке сәйкестік туралы ереже

5. Орындалуы тиісті әрекетті сипаттайтын ереже


36 сұрақ

Нормативтік құжатты құрастырудың өлшемдік әдісінде тұжырымдамалық деңгейлер саны нешеу? (21], А қосымшасы)



  1. 3

  2. 1

  3. 2

  4. 5

  5. 4

37 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде перспективалы қала құрылысы дамуының бірінші кезектегі кезеңін атаңыз ([22], 4.3-т.)


  1. 5-7 жыл

  2. 1-2 жыл

  3. 20 жылға дейін

  4. 10-15 жыл

  5. 25-30 жыл

38 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде перспективалы қала құрылысы дамуының есепті мерзімін атаңыз ([22], 4.3-т.

1. 20 жылға дейін

2. 1-2 жыл

3. 5-7 жыл

4. 10-15 жыл

5. 25-30 жыл


39 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде тұрғын үй құрылысы аумағы шегінде келушілердің жеңіл автомобильдерін қоюға арналған ашық алаңдарды (қонақ автотұрақтарын) орнату бойынша қандай талаптар қолданылады? ([22], 11.3-т., 11.22-кесте)



  1. Қызмет көрсетілетін тұрғын үйлердің кіре берістерінен 200 м асырмай алшақтатылған 1000 тұрғынға 40 машина-орын есебінен қабылданады

  2. Қызмет көрсетілетін тұрғын үйлердің кіре берістерінен 500 м асырмай алшақтатылған 1000 тұрғынға 40 машина-орын есебінен қабылданады

  3. Қызмет көрсетілетін тұрғын үйлердің кіре берістерінен 200 м асырмай алшақтатылған 1000 тұрғынға 25 машина-орын есебінен қабылданады

  4. Қызмет көрсетілетін тұрғын үйлердің кіре берістерінен 500 м асырмай алшақтатылған 1000 тұрғынға 25 машина-орын есебінен қабылданады

  5. Қызмет көрсетілетін тұрғын үйлердің кіре берістерінен 300 м асырмай алшақтатылған 1000 тұрғынға 100 машина-орын есебінен қабылданады

40 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде ЖП (жылу пунктерінен) және ТП (тарату пунктерінен) тұрғын және қоғамдық ғимараттардың терезелеріне дейінгі арақашықтықты көрсетіңіз ([22], 12.46-т.)


  1. Кемінде 10 м

  2. Кемінде 20 м

  3. Кемінде 15 м

  4. Кемінде 7 м

  5. Кемінде 18 м

41 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде тұрғын үй құрылысы мен теміржол арасындағы санитарлық-қорғаныс аймағының ені: ([22], 8.38-т.)

1. Кемінде 100 м., соңғы теміржол жолының осінен бастап есептегенде

2. Кемінде 100 м., теміржол жолы топырақ үйіндісінің шетінен бастап есептегенде

3. Кемінде 150 м., теміржол жолы топырақ үйіндісінің шетінен бастап есептегенде

4. Кемінде 150 м., соңғы теміржол жолының осінен бастап есептегенде

5. Кемінде 200 м., теміржол жолдың шетінен бастап есептегенде


42 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде орташа қалалар тұрғын аудандарының жасылдандырылған аумағының нормативтік ауданын көрсетіңіз: ([22], 9.6-т., 9.1-кесте)



  1. бір адамға 6 м2

  2. бір адамға 10 м2

  3. бір адамға 8 м2

  4. бір адамға 12 м2

  5. бір адамға 7 м2

43 сұрақ

Аулалы құрылыстары басым ауданның болжамды мөлшері, 1000 адамға есептегенде қаншаға тең: ([22], 8.38-т.)



  1. 35-40 га

  2. 10-11 га

  3. 20-22 га

  4. 8-9 га

  5. 7-8 га

44 сұрақ

3 қабатқа дейін құрылыс салу кезіндегі ауданның болжамды мөлшері, жер учаскелерінсіз 1000 адамға шаққанда тең: ([22], 8.38-т.)


  1. 10-11 га

  2. 35-40 га

  3. 20-22 га

  4. 8-9 га

  5. 7-8 га

45 сұрақ

Құрылыс салу коэффиценті деген не: ([22], 2-қосымшасы)


  1. Құрылыс орналасқан аумақ ауданының сыртқы қабырғалар габаритінде осы учаскенің аумағына қатысы

  2. Құрылыс орналасқан аумақ ауданының ішкі қабырғалар габаритінде осы учаскенің аумағына қатысы

  3. Құрылыс аумағының осы учаскенің аумағы ауданына қатысы

  4. Құрылыс аумағының аумақ ауданына қатысы

  5. Ғимарат алаңының құрылыс ауданына қатысы

46 сұрақ

Су құбыры және байланыс кәбілдері үшін оларды қатар орналастыру кезінде көршілес инженерлік жерасты желілерінің арасындағы көлденеңі бойынша (жарықтағы) арақашықтық қандай? ([22], 12.58-т., 12.6-кесте)


  1. 0,5 м

  2. кемінде 1 м

  3. 3 м

  4. 1,2 м

  5. 2 м бастап

47 сұрақ

Отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі тұрғын және қосалқы ғимараттардың ең аз арақашықтығы кемінде 9 м болуға тиіс, ал полимерлік және жанғыш материалдардан жасалған жылытқыш қолданылған жабынды өндірістік ғимараттарға дейінгі арақашықтық: ([22], 16.2-т.)


  1. 15 м

  2. 20 м

  3. 25 м

  4. 30 метрден бастап

  5. кемінде 20 м

48 сұрақ

Сейсмикалығы 9 балл аудандарда тұрғын үйлердің, сондай-ақ отқа төзімділігі 4 және 5 дәрежелі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың арасындағы арақашықтық қаншаға ұлғатылуы тиіс?([22], 16.1-т.,16.1-кесте)


  1. 20%

  2. 10%

  3. 25%

  4. 15%

  5. 5%

49 сұрақ

110-200 кВ кернеулі күш кәбілдерінен кәсіпорындар, эстакадалар қоршауларының іргетастарына, түйісу желілері мен байланыс желілерінің тіреулеріне дейінгі арақашықтық: ([22], 12.57-т., 12.5-кесте)


  1. 1,5 м

  2. 2,5 м

  3. 2 метрден бастап

  4. 3 м

  5. 0,5 м

50 сұрақ

Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу үшін не қажет? ( [23], 4.1.3.1.7-т.)


  1. қала құрылысы құжаттамасын жобалауға тапсырма

  2. қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу құрамы, орындаушылары бойынша бастапқы деректер

  3. республикалық басқару органдарының шешімі

  4. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік органдардың шешімі

  5. аумаққа құрылыс салу жоспары

51 сұрақ

Бірінші саты –аумақты және елді мекендерді қала құрылысы аймақтарына бөлу бойынша тұжырымдамалық ережелерді әзірлеу,олардың негізгі қағидаттары мен стратегиялық қала құрылысы дамуының бағыттарын әзірлеумен неше жылға әзірленеді? ([23], 4.1.3.1.22-т.)


  1. 25-30 жылға

  2. 20-25 жылға

  3. 15-20 жылға

  4. 30-35 жылға

  5. 10-15 жылға

52 сұрақ

Қала құрылысы құжаттамасының негізгі ережелері оны бекіткенге дейін: ([23], 4.1.3.11.1-т.)


  1. жариялауға және мүдделі мемлекеттік атқарушы органдармен, сәулет, қала құрылысы, және құрылыс істері, жер қатынастары, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, мемлекеттік тау-кен істерін қадағалау, санитарлық-эпидемиялогиялық, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарларын жою, көлік жөніндегі уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен келісуге жатады

  2. Жергілікті атқарушы органдармен келісуге ғана жатады

  3. Мемлекеттік атқарушы органдармен ғана келісуге жатады

  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі органдармен келісуге жатады

  5. Жариялауға ғана жатады

53 сұрақ

Қала құрылысы құжаттамасына сараптама жасауды кім жүзеге асырады? ([23], 4.1.3.11.3-т.)


  1. Мемлекеттік сараптама комиссиясы

  2. Мемлекеттік сараптама

  3. Сараптамалық қызметін жүргізуге құқығы бар жеке тұлға

  4. МСҚБ қабылдау комиссиясы

  5. Кешенді қабылдау комиссиясы

54 сұрақ

Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу кезеңінде оны пысықтау талап етілген жағдайда, жобалаушының шартта көзделмеген шығындарын өтейтін: ([23], 4.1.3.1.11-т.)


  1. Тапсырыс беруші

  2. Сәулет, қала құрылысы, және құрылыс істеріжөніндегі уәкілетті орган

  3. Облыстық атқарушы орган

  4. Жергілікті атқарушы орган

  5. Уәкілетті мемлекеттік органдар

55 сұрақ

Қала құрылысы жобасына өзгеріс енгізуге кімнің шешімі бойынша ғана жол беріледі? ([23], 4.1.3.1.17-т.)


  1. Оны бекіткен органның және сараптаманың

  2. Тапсырыс берушінің және сараптаманың

  3. Облыстық атқарушын органның

  4. Сәулет, қала құрылысы, және құрылыс істеріжөніндегі уәкілетті органның

  5. Жергілікті атқарушы органның

56 сұрақ

Негізгі қала құрылысы құжаты ….….([23], 4.1.3.7.4-т.)


  1. Бас жоспар

  2. ҚР Үкіметінің шешімі

  3. Құрылыс салуға рұқсат

  4. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы

  5. Жергілікті атқарушы биліктің шешімі

57 сұрақ

Табиғи-экологиялық қаңқа қандай елді мекендер үшін әзірленуі тиіс? ([23], 4.1.3.7.4-т.)


  1. Табиғи аумақтық кешенінің және экологиялық жүйесінің құндылығы жоғары

  2. Тарихи маңыздағы қала мәртебелері бар

  3. Халық саны 100 мыңнан астам

  4. Көлік және инженерлік инфрақұрылымды

  5. Халық саны 20 мыңнан кем

58 сұрақ

Бас схеманың және өңіраралық схемалардың негізгі ережелерін егжей-тегжейлеу мақсатында кешенді схемаларда жүзеге асырылмайды:([23], 4.1.3.4.4-т.)


  1. Туристік маршруттарды, жануарлар әлемінің өмір сүру ортасын, көрікті жерлерді және тарихи ескерткіштерді белгілеу

  2. Аумақты қала құрылысы аймақтарына бөлуді оны пайдаланудың регламентімен бірге белгілеу

  3. Қоныстандыру жүйесін жетілдіру

  4. Экономикалық дамудың тұжырымдасамын айқындау және аумақты жоспарлық ұйымдастыруды әзірлеу

  5. Ауыларалық маңыздағы әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдарды, демалу және туризм орындарын дамыту бойынша ұсыныс әзірлеу

59 сұрақ

Өңірлеудің табиғи-экологиялық қаңқасы схемасында көрсетіледі: ([23], 4.1.3.5.16-т.)


  1. Табиғи-экологиялық қаңқаның өзегі және базалық элементтері

  2. Аумақтың радиоактивтік дәрежесі

  3. Аумақтың өмір сүруге жарамдылығы

  4. Қалалардың қоныстану тығыздылығы

  5. Құстардың миграциясы схемасы

60 сұрақ

Жұмыс жобасының бекітуге ұсынылмайтын қалған құрамына кіреді: ([23], 4.1.3.10.20-т.)


  1. Әрбір объектіге және жұмыс түріне жұмыс құжаттамасы

  2. Рельефті ұйымдастыру схемасы жер көлемдері жоспарымен бірге

  3. Түсіндірме жазба

  4. Инженерлік желілердің жиынтық схемасы

  5. Құрылыс салудың бас жоспары

61 сұрақ

Жылу трассаларының қолданысы аймақтарына ағаш отырғызған кезде жылу трассасының осінен екі жаққа орташа қыздырудың қандай арақашықтығында топырақтың қызу факторын есепке алу қажет?( [24] 4.1.2.8-т.)


  1. 2-6м бастап

  2. 3-5м бастап

  3. 3-7м бастап

  4. 2-7м бастап

  5. 1-6м бастап

62 сұрақ

Жылу трассаларының қолданысы аймақтарына ағаш отырғызған кезде жылу трассасының осінен екі жаққа әлсіз қыздырудың қандай арақашықтығында топырақтың қызу факторын есепке алу қажет?( [24] 4.1.2.8-т.)


  1. 6-10м бастап

  2. 5-8м бастап

  3. 3-7м бастап

  4. 7-12м бастап

  5. 6-11м бастап

63 сұрақ

Ағаштан немесе металдан жасалған күрке, галерея немесе аспа түріндегі жеңіл торлы құрылыс «жасыл тоннель» ретінде қолданылады, ал алаңдар немесе сәулет объектілерінің арасындағы жүру жолдары: ([24] 4.1.6.2-т.)


  1. Пергола

  2. Қыш құмыралар

  3. Трельяж

  4. Гүл сауыт

  5. Шпалерлер

64 сұрақ

Бұратылып өсетін немесе тірелетін өсімдіктермен жасылдандыруға арналған тор түріндегі жеңіл ағаш немесе металл конструкциялар қалай аталады? ([24] 4.1.6.2-т.)


  1. Трельяж және шпалерлер

  2. Қыш құмыралар

  3. Пергола

  4. Гүл сауыт

  5. Шпалерлер

65 сұрақ

Жарықтандыру жабдығы алаң орналасқан аумақты жарықтандыру режимінде қызмет етуі керек. Жарықтандыру жабдығын неше метрден кем биіктікке орналастыруға жол берілмейді?([24] 4.1.12.2.14-т.)


  1. 2.5 м

  2. 2 м

  3. 1.8 м

  4. 3 м

  5. 2.7 м

66 сұрақ

Үстел ойындарына арналған орындықтары бар бір үстелді орнату ауданының ең аз мөлшері ([24] 4.1.12.3.7-т.)


  1. 12-15м2

  2. 10-14м2

  3. 13-17м2

  4. 15-20м2

  5. 14-18м2

67 сұрақ

Екі жақты баспалдақтардың және оларға қосалқы пандустардың қабылданатын ең тар ені ([24] 4.5.4.5.2-т.)


  1. 2,25м (баспалдақ) және 1,8 (пандус)

  2. 2,5м (баспалдақ) және 1,7 (пандус)

  3. 2м (баспалдақ) және 2 (пандус)

  4. 1,8м (баспалдақ) және1,5 (пандус)

  5. 1,9м (баспалдақ) және 1,5 (пандус)

68 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттарын және құрылыстарын қайда орналастыруға жол берілмейді? ([23], 4.1.3.1.8-т.)


  1. тізбеленген барлық жағдайларда.

  2. жер қойнауын пайдалану бойынша мемлекеттік органдардың келісімсіз пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда

  3. қалалардың жасыл аймақтарына .

  4. қорықтардың жерлеріне

  5. кәсіпорынды, ғимаратты және құрылысты салуға және пайдалануға қауіп тудыруы мүмкін көшкін, сел тасқыны және қар көшкіні аймақтарында

69 сұрақ

Ветеринарлық немесе санитарлық талаптар, пайдалану және қорғау шарттары бойынша қоршалатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қоршаулары биіктігінің қанша болып қабылдануы ұсынылады? ([23], 4.1.3.5.4-т.)


  1. 1,6 - 2,0 м.

  2. 1,2 - 1,6 м.

  3. 1,0 - 2,5 м

  4. 1,7 - 2,2 м.

  5. 0,5 – 1,8 м.

70 сұрақ

Мөлшері 5 га астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарында неше кіру орны болуы керек? ([23], 4.3.3.1.5-т.)


  1. араларының қашықтығы қоршаудың периметрі бойынша 1500 м аспауы тиіс екі кіру орны.

  2. араларының қашықтығы қоршаудың периметрі бойынша 500 м аспауы тиіс болаты, кемінде екі кіру орны.

  3. араларының қашықтығы қоршаудың периметрі бойынша 1000 м аспауы тиіс болатын, кемінде үш кіру орны.

  4. араларының қашықтығы қоршаудың периметрі бойынша 1000 м аспауы тиіс болатын, кемінде екі кіру орны.

  5. араларының қашықтығы қоршаудың периметрі бойынша кемінде 1500 м болуға тиіс екі кіру орны.

71 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарына автокөліктер мен ауыл шаруашылығы машиналарының кіру орындары үшін қақпаның ені қанша болып қабылдануы керек? ([23], 4.3.3.1.13-т.)


  1. осы кәсіпорындар үшін қабылданған автомобиль немесе ауыл шаруашылық машиналары үлгілерінің енінен 1,5 артық енді, бірақ 4,5 м кем емес

  2. осы кәсіпорындар үшін қабылданған автомобиль немесе ауыл шаруашылық машиналары үлгілерінің енінен 1,5 артық енді, бірақ 5,5 м кем емес

  3. осы кәсіпорындар үшін қабылданған автомобиль немесе ауыл шаруашылық машиналары үлгілерінің енінен 1,0 артық енді, бірақ 4,5 м кем емес

  4. осы кәсіпорындар үшін қабылданған автомобиль немесе ауыл шаруашылық машиналары үлгілерінің енінен 1,0 артық енді, бірақ 5,5 м кем емес

  5. регламенттелмейді

72 сұрақ

Автомобиль жолдарының жиектастарынан немесе бекітілген жиек шетінен, ғимаратқа кіру орны болмаған кезде және ғимараттың ұзындығы 20 м дейін болғанда, тамбур мен жапсаржайды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ғимараты қабырғасының сыртқы қырына дейінгі арақашықтық кемінде қанша болып қабылдануы тиіс? ([23], 4.3.3.1.8-т.)

1. 1,5 м


  1. 1,2 м.

  2. 1,75 м.

  3. 1 м.

  4. 0,5 м.

73 сұрақ

Автомобиль жолдарының жиектастарынан немесе бекітілген жиек шетінен, ғимаратқа кіру орны болмаған кезде және ғимараттың ұзындығы 20 м артық болғанда, тамбур мен жапсаржайды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ғимараты қабырғасының сыртқы қырына дейінгі арақашықтық кемінде қанша болып қабылдануы тиіс? ([23], 4.3.3.1.8-т.)


  1. 3м.

  2. 2 м.

  3. 1,5 м.

  4. 0,5 м.

  5. 2,5 м.

74 сұрақ

150 биеге арналған, жылқы өсіретін қымыз кәсіпорындары құрылыс алаңдарының ең аз тығыздылығы ([23], 4.1.3.1.6-т., А қосымшасы):


  1. 42 %.

  2. 50 %.

  3. 70 %.

  4. 32 %.

  5. 40 %.

75 сұрақ

Өту пунктерінен негізгі цехтардың санитарлық-тұрмыстық үй-жайларына кіру орындарына дейінгі арақашықтық қаншадан аспауы тиіс?([25], 4.1.2.3.16-т.)


  1. 800 м.

  2. 700м.

  3. 450 м.

  4. 1000 м.

  5. 850 м.

76 сұрақ

Жеңіл шайылатын (сарғыш топырақ, ұсақ құм) топырақ үшін алаң бетінің еңістері: ([25], 4.1.3.3.3-т.)


  1. 0,01

  2. 0,03

  3. 0,05

  4. 0,07

  5. 0,08

77 сұрақ

Аяқжолдарды автомобиль жолымен қатар немесе ортақ жер төсеміне орналастырған кезде олар жолдан ені кемінде 0,8 м бөлу жолағымен бөлінуі керек. Аяқжолдарды автомобиль жолының жүру бөлігіне жақындастыра орналастыруға кәсіпорынды реконструкциялау жағдайында ғана жол беріледі. Аяқ жолдың жүру бөлігіне жанасуы кезінде аяқ жол жиек тасы үстінің деңгейінде, бірақ кемінде қанша болуға тиіс?([25], 4.1.3.4.18-т.)


  1. жүру бөлігінен 15 см жоғары;

  2. жүру бөлігінен 20 см жоғары;

  3. жүру бөлігінен 25 см жоғары;

  4. жүру бөлігінен 30 см жоғары;

  5. жүру бөлігінен 35 см жоғары;

78 сұрақ

Функционалдық талаптардың түрлері

а) өрт кезінде ғимарат немесе оның бөлшектерінің тұтануы мүмкін екені есепке алынып, ең қолайсыз табиғи жағдайларда өрт көршілес ғимараттарға тарай алмайтындай болып орналасуы керек;

б) өрттен қорғау нормалары бойынша көршілес ғимараттардың арасындағы арақашықтық олардың отқа төзімділігі дәрежесіне және өндірістің өрт қауіпіне байланысты

в) ғимараттарда оларға өрт техникасының, құтқару және медициналық қызметтердің техникалық құралдарының барлық жақтан кедергісіз кіре алуын қамтамасыз ететін өту орындары, жүру жолдары және кіре берістері болуы керек;

г) эвакуациялау жолдары және шығу орындары эвакуациялау жылдамдығын және (немесе) эвакуациялауға қажет уақытты ұлғайту жолымен, адамдардың жиналуын болдырмай, адамдардың тығыз ағынының туындауына мүмкіндік беруі керек; ([25], 4.2.2-т.)


  1. А, Б, В, Г

  2. А және Б

  3. А, Б, В

  4. А және Г

  5. В және Г

79 сұрақ

Кәсіпорындардың, технопарктердің учаскелерін (алаңдарын) және өнеркәсіп тораптары аумақтарын жоспарлау не үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі керек? ([25], 4.1.3.2.1-т.)


  1. барлық жауаптар дұрыс

  2. кәсіпорындардағы еңбек

  3. жер учаскелерін рационалды және үнемді пайдалану

  4. өндірістік процесс

  5. капиталдық салымдардың ең көп тиімділігін

80 сұрақ

Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының ортақ қолданылатын жасылдандырған аумағының ауданы қанша болып қабылдануы тиіс? ([26], 3.4-т.)


  1. кемінде 6м2/адам;

  2. кемінде 4м2/адам;

  3. 4-тен 6м2/адам дейін

  4. 6м2/адам астам;

  5. кемінде 10м2/адам;

81сұрақ

Аулалықучаскедегі тұрғын үй көшелердің қызыл сызығынан қанша шегініспен орналастырылуы тиіс? ([26], 4.3-т.)


  1. кемінде 3 метр және кемінде 6 метр – магистральдық көшелердің қызыл сызығынан;

  2. кемінде 1,5 метр және кемінде 5 метр – магистральдық көшелердің қызыл сызығынан;

  3. 3 метрден астамжәне кемінде 4 метр – магистральдық көшелердің қызыл сызығынан;

  4. кемінде 5метр және кемінде6 метр – магистральдық көшелердің қызыл сызығынан;

  5. кемінде 3-тен 5 метрге дейін және кемінде7,5 метр – магистральдық көшелердің қызыл сызығынан.

82 сұрақ

Жеке тұрғын үй құрылыстары аудандарында көшелер мен жолдардың өлшемдері, сондай-ақ жүру бөлігінің бір қозғалыс жолағының өткізу қабілеті есептеумен анықталады және мынаған байланысты емес ([26], 6.1-т.):


  1. жоспарлау жобасына;

  2. көшелер мен жолдар санатына;

  3. қозғалыс құрамына;

  4. есептік жылдамдыққа ;

  5. көлік құрылыстарына ҚНжЕ нормаларына сәйкес бойлық еңіске;

83 сұрақ

Көшелер мен жолдардың өткізу қабілетін алдын ала есептеу үшін қозғалыс жолағына жүктемені қабылдау: ([26], 6.1-т.)


  1. сағатына 1200-1500 келтірілген бірлік;

  2. сағатына 1300-1500 келтірілген бірлік;

  3. сағатына 1250-1600 келтірілген бірлік;

  4. сағатына 1200-1600 келтірілген бірлік;

  5. сағатына 1000-1500 келтірілген бірлік;

84 сұрақ

Реттелетін қозғалыстың магистральдық көшелерінде автобустар мен троллебустардың аялдама пунктерін қандай қашықтықта орналастыру қажет?([26], 6.13-т.)


  1. қиылыстан кейін кемінде 20 метр;

  2. қиылыстан кейін 20 метрден астам;

  3. қиылыстан кейін кемінде 20 метр;

  4. қиылыстан кейін кемінде 30 метр;

  5. қиылыстан кейін кемінде 35 метр.

85 сұрақ

Тоқтау алаңының ұзындығы қанша болып қабылдануы тиіс? ([26], 6.13-т.)


  1. бір бағыттың маршруттары үшін 20 метрге дейін, бірнеше бағыттардың маршруттары үшін 30-дан 40 метрге дейін;

  2. бір бағыттың маршруттары үшін 10 метрге дейін, бірнеше бағыттардың маршруттары үшін 30-дан 40 метрге дейін;

  3. бір бағыттың маршруттары үшін 15 метрге дейін, бірнеше бағыттардың маршруттары үшін 30-дан 50 метрге дейін;

  4. бір бағыттың маршруттары үшін 30 метрге дейін, бірнеше бағыттардың маршруттары үшін 20-дан 40 метрге дейін;

  5. бір бағыттың маршруттары үшін 20 метрге дейін, бірнеше бағыттардың маршруттары үшін 10-нан 40 метрге дейін;

86 сұрақ

Электр берудің әуе желілерін бойлай кернеудің қуатына қарай қорғау аймақтары көзделуі керек, олар қанша болып қабылдануы тиіс? ([26], 7.18-т.)


  1. 10кВт дейін қорғау аймағының ені 10 метр, 35 кВт дейін - 15 метр, 110кВт дейін– 20метр, 220кВт дейін – 25 метр;

  2. 10кВт дейін қорғау аймағының ені 15метр, 35 кВт дейін - 20 метр, 110кВт дейін – 25 метр, 220кВт дейін – 30 метр;

  3. 10кВт дейін қорғау аймағының ені 12 метр, 35 кВт дейін - 17 метр, 110кВт дейін – 20метр, 220кВт дейін – 25 метр;

  4. 10кВт дейін қорғау аймағының ені 5 метр, 35 кВт дейін - 10 метр, 110кВт дейін– 15 метр, 220кВт дейін –20 метр;

  5. 10кВт дейін қорғау аймағының ені 20 метр, 35 кВт дейін - 15 метр, 110кВт дейін – 20метр, 220кВт дейін – 30 метр;

87 сұрақ

Жылу желілері төселу тәсіліне және жылумен жабдықтау жүйесіне қарамастан қандай аумақтардан өтпеуі керек? ([27]; 6.3-т.)


  1. Зираттар, күресін, мал көмінділері, радиоактивті қалдықтарды көму орындары, суармалы алқаптар, сүзгілеу алқаптары және жылу жеткізгіштің химиялық, биологиялық және радиоактивтік ластану қауіпін тудыратын басқа учаскелерден

  2. Зираттар, күресін, тұрғын орамдар

  3. Орманды парктер, зираттар, сүзгілеу алаптары

  4. Шағынаудандар, зираттар, күресін

  5. Жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ

88 сұрақ

Жылу өткізгіштердің диаметрі 300 мм қоса алғанға дейінгі транзиттік су желілерімен қандай қиылысуларға жол беріледі? ([27];.9.3-т.)


  1. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар

  2. Мектепке дейінгі балалар мекемелері

  3. Мектеп мекемелері

  4. Емдеу-профилактикалық мекемелері

  5. Трансформаторлық шағын станциялар

89 сұрақ

Жобалау рельефінің төмендеу орындарында жауын (нөсер) кәрізінінің жабық жүйесінің элементтері ретінде жауын суын қабылдау құдықтары қайда орнатылуы тиіс? ([24], 4.1.1.13-т.)


  1. Орамдарға кіру және олардан шығу орындарына;

  2. Судың ағу жағынан қиылыс алдынан жүргіншілер өтетін қиылыс аймағына дейін;

  3. Көшелердің бойлық еңістігіне қарай көшелердің жүру бөліктерінің және жүру орындарының жыраларына

  4. Жерүсті суларының ағу жағынан қиылыстарда және жүргіншілердің өту орындарына

  5. Көшелердің жүру бөліктері мен жүру орындарының жыраларына

90 сұрақ

Қаланың аумағында сорғыш құдықтарды және буландыру алаңдарын орнатуға жол беріле ме? ([24], 4.1.1.13-т.)



  1. Жол берілмейді

  2. Жол беріледі

  3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен келісумен жол беріледі

  4. Сот шешімі бойынша жол беріледі

  5. Дұрыс жауабы жоқ

91 сұрақ

Қызыл сызықтар бойындағы көшенің ені 30 м астам және еңіс30 ‰ астам болған кезде жауын суын қабылдау құдықтарының арасындағы арақашықтық қандай болуы керек? ([24], 4.1.1.13-т.)


  1. 60 м аспайтын

  2. 60 м астам

  3. Кемінде 40 м

  4. 80 м аспайтын

  5. Нормаланбайды

92 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде жеке тұрған ЖП (жылу пунктерінен) және ТП (тарату пунктерінен) емдеу-профилактикалық мекемелеріне дейінгі арақашықтықты көрсетіңіз. ([22], 12.46-т.)

1. Кемінде 15 м

2. Кемінде 20 м

3. Кемінде 10 м

4. Кемінде 7 м

5. Кемінде 18 м


93 сұрақ

35 кВ кернеулі электр берудің әуе желілерін бойлай жеке тұрғын үй құрылысын жоспарлау және салу кезінде ені қанша болатын қорғау және санитарлық-қорғаныс аймақтары қарастырылуы керек? ([26], 7.18-т., 6-кесте)



  1. 15, нормаланбайды

  2. 25, 20

  3. 25, 10

  4. 30, 25

  5. 15, 10

94 сұрақ

Жерүсті жылу желілерінің электр берудің әуе желілерімен және электрлендірілген теміржолдармен қиылысу орындарындағы қажетті іс-шаралар ([27]; 9.18-т.)

1. Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 10 Ом аспайтын)

2. Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 15 Ом аспайтын)

3.Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін электрхимиялық қорғау

4. Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін катодтық поляризациялау

5. Сымдардан әр жаққа 3м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 10 Ом аспайтын)


95 сұрақ

Қозғалыс қарқыны екі бағытта 100 бірл/сағ. астам болған кезде жүргіншілер және велосипед жолдарының ең аз жарықтандырылуы... ([29], 2.5-т.)

1. 2 лк

2. 5 лк


3. 15 лк

4. 1 лк


5. 0,5лк
96 сұрақ

Қоғамдық ғимараттар аумағында ең аз жарықтандыру кемінде....([29], 2.5-т.)



  1. 2 лк

  2. 4 лк

  3. 10лк

  4. 3 лк

  5. 0,5лк

97 сұрақ

Алапта бір пәтерлі тұрғын үйлер саны 250-ден астам болған кезде төмендегілердің қайсының құрылысы қарастырылады? ( [30], 2.4-т.)

1. 110/10 кВ кернеулі соңғы бір трансформаторлық тарату шағын станциясы бар вл 110 кВ қоректендіргішті

2. 110/35/10 кВ кернеулі соңғы біртрансформаторлық тарату шағын станциясы бар вл 35 кВ қоректендіргішті

3. 35/10 кВ кернеулі соңғы біртрансформаторлық тарату шағын станциясы бар вл 35 кВ қоректендіргішті

4. 110/35/10 кВ кернеулі соңғы біртрансформаторлық тарату шағын станциясы бар вл 110 кВ қоректендіргішті

5. 110/35/10 кВ кернеулі соңғы біртрансформаторлық тарату шағын станциясы бар вл 110 кВ қоректендіргішті


98 сұрақ

Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамасынсыз объектілер мен олардың кешендері құрылысына (реконструкциялауға, реставрациялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтауға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге) .....( [18], 1.1-т.)

1. егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, жол берілмейді

2. мердігерлік құрылыс ұймымен келіскен кезде жол беріледі

3. тапсырыс берушінің рұқсаты бойынша жол беріледі

4. жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталған кезде жол беріледі

5. тапсырыс берушімен ЖСҚ келіскен кезде жол беріледі
99 сұрақ

Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объекті құрылысына «Ж» сатысының жобалық құжаттамасы құрамына қандай бөлімдер кіреді? ( [18], 9.1-т.)

1. барлық тізбеленгендер

2. объектінің энергетикалық паспорты, аумақты инженерлік қорғау, технологиялық шешімдер

3. жалпы түсіндірме жазба, сәулет-құрылыс шешімдері, инженерлік желілер

4. қоршаған ортаны қорғау, сметалық құжаттама, негізгі ТМҚ қажеттілігінің жиынтық ведомсты

5. объект паспорты
100 сұрақ

Тұйық көшелердің жүру бөліктерінің соңына не орналастырылуы тиіс? ([26], 6.5-т.)

1. мөлшері 20х20 метрлік бұрылыс алаңдары немесе диаметрі 16 метр болатын орталық алаңы бар бұрылыс орамы;

2. мөлшері 25х25 метрлік бұрылыс алаңдары немесе диаметрі 16 метр болатын орталық алаңы бар бұрылыс орамы;

3. мөлшері 15х15 метрлік бұрылыс алаңдары немесе диаметрі 16 метр болатын орталық алаңы бар бұрылыс орамы;

4. мөлшері 20х20 метрлік бұрылыс алаңдары немесе диаметрі 20 метр болатын орталық алаңы бар бұрылыс орамы;

5 мөлшері 18х18 метрлік бұрылыс алаңдары немесе диаметрі 25 метр болатын орталық алаңы бар бұрылыс орамы.


жүктеу 20,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау