Сәулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов


Нормативтік-техникалық құжаттар бойынша сұрақтар



жүктеу 20,96 Mb.
бет2/56
Дата09.01.2018
өлшемі20,96 Mb.
#7282
түріСборник тестов
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
    Навигация по данной странице:
  • 61 сұрақ

Нормативтік-техникалық құжаттар бойынша сұрақтар

16 сұрақ

Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамасынсыз объектілер мен олардың кешендері құрылысына (реконструкциялауға, реставрациялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтауға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге) жол беріле ме? ([18], 1.1-т.)


    1. егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, жол берілмейді

    2. мердігерлік құрылыс ұйымымен келіскен кезде жол беріледі

    3. тапсырыс берушінің шешімі бойынша жол беріледі

    4. жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталған кезде жол беріледі

    5. тапсырыс берушімен ЖСҚ келіскен кезде жол беріледі


№17 сұрақ

Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объекті құрылысына «Ж» сатысының жобалық құжаттамасы құрамына қандай бөлімдер кіреді? ( [18], 9.1-т.)



        1. барлық тізбеленгендер

        2. объектінің энергетикалық паспорты, аумақты инженерлік қорғау, технологиялық шешімдер

        3. жалпы түсіндірме жазба, сәулет-құрылыс шешімдері, инженерлік желілер

        4. қоршаған ортаны қорғау, сметалық құжаттама, негізгі ТМҚ қажеттілігінің жиынтық ведомсты

        5. объект паспорты

18 сұрақ

......тұрғын үй-азаматтық немесе өндірістік мақсаттағы ірі объектілер (ғимараттар, құрылыстар, кешендер, көліктік және инженерлік коммуникациялар, тіршілікті қамтамасыз етудің өзге объектілері) бойыншажобалық құжаттама екі сатыда әзірленеді ([18], 4.2.1-т.)

1. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 24 айдан асатын

2. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 12 айдан асатын

3. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 18 айдан асатын

4. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 20 айдан асатын

5. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 36 айдан асатын

19 сұрақ

АТШ келісу немесе АТШ келісуден бас тарту туралы шешімді қабылдайтын: ([18], 8.9-т.)



    1. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган,белгіленген мерзімде

    2. тиісті ғылыми-зерттеу ұйымы және (немесе) мамандандырылған ұйымдар

    3. жобалау ұйымдары (жобаны әзірлеуші)

    4. сәулет және қала құрылысының жергілікті органы

    5. тапсырыс беруші

20 сұрақ

Ерекше өлшемді объектілерді жобалау кезінде жобалауға және құрылысқа арнайы техникалық шарттарды (АТШ құжаты – айрықша нормалар) әзірлеуді жүзеге асыратын..... ([18], 8.1-т.)

1. тапсырыс беруші, ғылыми-зерттеу ұйымдарын және (немесе) мамандандырылған ұйымдарды тартумен

2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган

3. жергілікті сәулет және қала құрылысы органы

4. жобалау ұйымы (жобаны әзірлеуші)

5. тиісті ғылыми-зерттеу ұйымы немесе мамандандырылған ұйым


21 сұрақ

Қаржыландырудың басқа көздері есебінен жүзеге асырылатын құрылысқа жобалық құжаттаманы бекітужүргізіледі:([18], 7.6-т.)

1. бекітілетін негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді көрсете отырып,тапсырыс берушінің шешімімен

2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен

3. сәулет және қала құрылысының жергілікті органы шешімімен

4. тиісті лицензиясы бар заңды тұлғаның шешімімен



  1. сараптама жұмыстары нарығы субъектісінің шешімімен

22 сұрақ

Өндірістік мақсаттағы объектіні жобалау сатысында (Ж)жобалық құжаттама құрамына қай бөлім қосылмайды?([18], 9.1-т.)


    1. төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар

    2. жалпы түсіндірме жазба

    3. технологиялық шешімдер

    4. сәулет-құрылыс шешімдері

    5. сметалық құжаттама

23 сұрақ

Салынып жатқан объектідегі операциялық бақылауды орындауға жауапты тұлғаны кім тағайындайды? ([19], 6.8.4.3-т.)

1. құрылысты жүзеге асырушы тұлға

2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы орган


  1. құрылыс салушы (тапсырыс беруші)

  2. техникалық бақылау

  3. жергілікті атқарушы орган

24 сұрақ

Жасырын жұмыстарды қайталап куәландыруды қандай жағдайларда орындау керек? ([19], 6.8.5.3-т.)

1. ұзақ (6 айдан асатын) үзілістен кейін, құрылыс салушының талабы бойынша



  1. құрылыс салушының (мердігердің) талабы бойынша

  2. егер құрылыс-монтаждау жұмыстары 6 айдан кейін қайта қозғалатын болса

  3. егер құрылыс-монтаждау жұмыстары бір жылдан кейін қайта қозғалатын болса

  4. жұмыстарды 3 айдан кейін қайта қозғаудың дәл алдында

25 сұрақ

Құрылыстың ТЭН бекітуді кім жүзеге асырады? ([20], 3.3-т.)


  1. тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар немесе тапсырыс берушілер заңнамада белгіленген тәртіппен

  1. экономикалық жоспарлау бойынша уәкілетті орган

  2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган

  3. сәулет және қала құрылысының жергілікті органы

  4. жобалау ұйымы (ТЭН әзірлеуші)

26 сұрақ

ТЭН әзірлеуші тараптардың құқықтық және қаржылық қатынастарын, өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін реттеуші негізгі құжат …([20], 3.1-т.)


  1. шарт

  2. техникалық тапсырма

  3. жобалауға тапсырма

  4. техникалық шарттар

  5. жазбаша өкім

27 сұрақ

Құрылысқа техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу, келісу бекіту тәртібі және құрамы қандай нормативтік құжатпен реттеледі?: ([20],1.1-т.)


  1. ҚР ҚН 1.02-21-2007

  2. ҚНжЕ 11-01-95

  3. ЕЖ 11-101-95

  4. ҚР ҚНжЕ 1.03.03-2010

  5. ҚР ҚНжЕ 3.01-06-2001

28 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормалау (техникалық реттеу) объектілері болып табылмайды: ([21], 5.2-т.)

1. маркетинг және құрылыс өнімдерін сату процестері



  1. орналастыру жүйелері, елді мекендер және олардың бөліктері

  2. қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге жобалау-сметалық құжаттама

  3. инженерлік іздестіру, жобалау, құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және бұзу процестері

  4. ғимаратты, құрылысты инженерлік қамтамасыз етудің ішкі жүйелері және сыртқы инженерлік желілер

29 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық нормалаудың және стандарттаудың құқықтық базасы …([21], 5.5-т.)

1. Қазақстан Республикасының заңнамасы

2. халықаралық заңнамалық актілер

3. кеден одағы аумағында қабылданған заңнамалық актілер

4. сәулет және құрылыс саласындағы халықаралық актілер

5. барлық тізбеленгендер


30 сұрақ

Қандай нормативтік құжат нормалаудың өлшемдік әдісі негізінде әзірленеді және нормалаудың мақсатын, техникалық реттеудің объектілеріне қойылатын міндетті функционалдық (пайдалану) талаптарды, сондай-ақ нормаланатын объектінің функционалдық талаптармен белгіленген техникалық сипаттамаларын бағалауға қолданылатын жұмыс сипаттамаларына талаптарды анықтайтын ережелерден тұрады. ([21], 6.4-т.)

1. ҚР ҚН


  1. ҚР ҚЖ

  2. ҚР ҚНжЕ

  3. ҮЖ

  4. МҚН

31 сұрақ

Мемлекеттік нормативтер бұзбауы тиіс: ([21], 6.8-т.)

1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ережелерді

2. халықаралық заңнамалық актілерді


  1. кеден одағы аумағында қабылданған заңнамалық актілерді

  2. сәулет және құрылыс саласындағы халықаралық актілерді

  3. барлық тізбеленгендер

32 сұрақ

Қандай нормативтік құжатта Еурокодтарға қатысты бірегей құрылыс нормаларының қолданылуын қамтамасыз ететін міндетті және ұсынымдық ережелер келтіріледі?([21], 7.10-т)

1. Нормативтік-техникалық құралдар- НТҚ



  1. құрылыс нормалары және ережелері - ҚНжЕ

  2. мемлекетаралық құрылыс нормалары – МҚН;

  3. құрылыстағы басшылық құжаттар - ҚБҚ

  4. құрылыстағы мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ

33 сұрақ

Қандай құжат тапсырыс берушімен бекітіледі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және басқа мүдделі ұйымдармен келісіледі және мемлекеттік органның шешімінде өзгеше көрсетілмесе, тек осы объектіге ғана тарайды. ([21], 7.14-т.)

1. Арнайы техникалық шарттар - АТШ



  1. Құрылыс нормалары және ережелері - ҚНжЕ

  2. Мемлекетаралық құрылыс нормалары – МСН;

  3. Құрылыстағы басшылық құжаттар - ҚБҚ

  4. Нормативтік-техникалық құрал– НТҚ

34 сұрақ

Мемлекеттік нормативтерді әзірлеудің бірінші кезеңіне неден тұрады? ([21], 8.3-т.)

1. мемлекеттік нормативті әзірлеуді ұйымдастырудан

2. мемлекеттік нормативтің жобасын және бірінші (қажет болған жағдайда кейінгі, аралық) редакциясын әзірлеу, нормативтің бағытына сәйкес жетекші ұйымнан пікірлер және қорытынды алудан

3. мемлекеттік нормативтің жобасын әзірлеушінің түпкілікті редакциясында дайындау, келісу және оны тапсырыс берушіге ұсынудан

4. мемлекеттік нормативті қарастыру, қабылдау (бекіту) және тіркеуден

5. мемлекеттік нормативті басып шығарудан


35 сұрақ

«Құрылыс конструкциясы» ұғымына анықтама беріңіз. ([21], А қосымшасы)

1. ғимараттың немесе құрылыстың белгілі бір тіреу, қоршау қызметін және (немесе) эстетикалық қызмет атқаратын бөлігі

2. ғимараттың және құрылыстың және инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің құрылыс конструкциялары элементі ретінде қолданылуға арналған бұйым

3. ғимараттың және құрылыстың құрылыс конструкцияларын құруға, сондай-ақ құрылыс бұйымдарын дайындауға арналған материал

4. жерасты және жерүсті бөлігінен тұратын құрылыс

5. ғимараттың ішіндегі тұйық кеңістік
36 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде тұрғын бөлмелерден шығатын терезелері тұрғын ғимараттардың ұзын жағы мен бүйір жағының арасындағы арақашықтықты көрсетіңіз ([22], 7.2-т.)



              1. Кемінде 10 м

              2. Кемінде12 м

              3. Кемінде 20 м

              4. Кемінде15 м

              5. Кемінде 18 м

37 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың ойындарына арналған алаңдардытұрғын және қоғамдық ғимараттардың терезелерінен қандай арақашықтықта орналастыруды көздеу қажет ([22], 7.6-т.)


              1. Кемінде12 м

              2. Кемінде10 м

              3. Кемінде40 м

              4. Кемінде20 м

              5. Кемінде50 м

38 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде аудандықмаңызы бар көшелердің негізгі жүру бөліктеріжиегінен құрылыс салу сызығына дейінгі арақашықтықты көрсетіңіз. ([22], 7.13-т.)


              1. 25 м артық емес

              2. 15 м артық емес

              3. 10 м артық емес

              4. 20 м артық емес

              5. 30 м артық емес

39 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде теміржолдың сұрыптау станцияларынан тұрғын және қоғамдық ғимараттардың арасына дейінгі ең аз арақашықтық қаншаға тең: ([22], 8.26-т.)

1. 150 м


    1. 100 м

    2. 200 м

    3. 300 м

    4. 500 м

40 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде жеке тұрған ЖП (жылу пунктерінен) және ТП (тарату пунктерінен) емдеу-профилактикалық мекемелерге дейінгі арақашықтықты көрсетіңіз. ([22], 12.46-т.)


              1. Кемінде 15 м

              2. Кемінде 20 м

              3. Кемінде 10 м

              4. Кемінде 7 м

              5. Кемінде 18 м

41 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде жүру жолының жиегінен 10-қабатты қоса алғанға дейінгі биіктіктегі ғимараттың қабырғасына дейінгі арақашықтық қандай? ([22], 16.3-т.)


    1. 5-8 м

    2. кемінде 10 м

    3. 10-12 м

    4. кемінде 8м

    5. 8-10 м


№ 42 сұрақ

Магистральдық жол мен реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшесінің қозғалыс жолағының есептік енін көрсетіңіз: ([22], 11.7-т, 11.5-кесте)



        1. 3,5 м

        2. 4,0 м

        3. 3,75 м

        4. 3,0 м

        5. 4,2 м

43 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде жүрдек қозғалыстың магистральдық жолдары мен үздіксіз қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшесі қозғалыс жолағының есептік енін көрсетіңіз: ([22], 11.7-т., 11.5-кесте)

1. 3,75 м

2. 4,0 м

3. 3,5 м


4. 3,0 м

5. 4,2 м


№ 44 сұрақ

9 қабат және одан жоғары құрылыс салған кезде 1000 адамға есептегенде ауданның алдына ала мөлшері нешеге тең:([22], 8.38-т.)

1. 7-8 га

2. 10-11 га

3. 20-22 га

4. 35-40 га

5. 7-9 га
45 сұрақ

ІІІ сыныптағы тұрғын үй үшінбір адамға есептегенде үйдің және пәтердің тұрғын ауданының нормасы:([22], 8.38-т.)

1. 16-дан 18 шаршы метрге дейін

2. 25 шаршы метрден астам

3. 19-дан25шаршы метрге дейін

4. 15 шаршы метр

5. 10 шаршы метр
46 сұрақ

Тұрғын үй аймағының көппәтерлі құрылысы орамы (шағынауданының) жасылдандырылған аумағы ауданы(мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің учаскелерін, білім берудің интернаттық ұйымдары ғимараттарын есепке алмағанда) әдетте, орам (шағынаудан) ауданының кемінде 25% құрайды. Қуаң климатты аудандарда жасыл көшеттер ауданын қанша пайызға дейін азайтуға жол беріледі: ([22], 7.5-т.)

1. 20% дейін

2. 15% дейін

3. 22% дейін

4. 15% дейін

5. 10% дейін
47 сұрақ

Аудандың маңызы бар көшелерден тұрғын орамдардың аумағына кіру орнынеше метрден аспайтын қадаммен жобалануы тиіс? ([22], 7.14-т.

1. 200 м

2. 100 м


3. 150 м

4. 50 м


5. 250 м
48 сұрақ

Қала құрылысы жобаларының негізгі түрлеріне жатпайды ([23], 4.1.3.1.2-т.)

1. тұрғын үй кешендерінің бас жоспарлары

2. елді мекендердің бас жоспарлары

3. жоспарлау жобалары;

4. құрылыс жобалары

5. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы
49 сұрақ

Республикалық және жергілікті бюджет есебінен орындалатын қала құрылысы жобаларының тапсырыс берушілері... ( [23], 4.1.3.1.3-т.)

1. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары

2. ҚР Үкіметі

3. қала құрылысы жобасын бекіткен орган

4. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегіорталық атқарушы орган

5. Мемлекеттік сараптама
50 сұрақ

Екінші саты – құрылыстың негізгі кезеңдерін қамтитын жоспарлау құрылымы элементтерін егжей-тегжейлі пысықтау жолымен стратегиялық қала құрылысы дамуының негізгі қағидалары мен бағыттарын нақтылаумен қандай мерзімге әзірленеді ([23], 4.1.3.1.22-т.)

1. бірінші кезекті 5-7 жылға және есептік мерзімі 25-30 жыл

2. бірінші кезекті10-15жылға және есептік мерзімі 25-30 жыл

3. бірінші кезекті3-5жылға және есептік мерзімі 20-25 жыл

4. бірінші кезекті3-5жылға және есептік мерзімі 25-30 жыл

5. бірінші кезекті 5-7 жылға және есептік мерзімі20-25жыл
51 сұрақ

Елді мекендерде тұрғын үй-азаматтық, өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық құрылыс жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылатын не? ([23], 4.1.3.1.16-т.)

1. Бекітілген қала құрылысы жобасы

2. СЖТ


3. Техникалық тапсырма

4. Тапсырыс берушінің тілегі

5. Тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсіптік құрылысты жобалау бойынша ҚНжЕ талаптары
52 сұрақ

Қазақстан Республикасы астанасының, республикалық маңызы бар қалалардың, халық саны 100 мыңнан асатын қалалардың, сондай-ақ ерекше реттеудің және қала құрылысы регламенттеуінің өзге елді мекендерінің шегі кіммен келісіледі? ([23], 4.1.3.11.27-т.)

1. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегіуәкілетті мемлекеттік органмен, шектес аумақтардың облыстық атқарушы органымен және жобалауға тапсырмада айқындалған басқа ұйымдармен

2. қалалық өкілетті ұйымдармен, Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, аудандық және облыстық денсаулық сақтау органдарымен, жер ресурстары, сәулет және қала құрылысы басқармасымен

3. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдарымен,аудандық, қалалық және облыстық денсаулық сақтау, органдарымен,жер ресурстары, сәулет және қала құрылысы басқармасымен

4. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдарымен,қалалық және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қадағалау, сәулет және қала құрылысыоргандарымен және жергілікті сәулет және қала құрылысы органы жүргізетін кешендік сараптаудан кейін тиісті қалалық (республикалық бағыныстағы) және облыстық атқарушы органдармен бекітіледі

5. қалалық, облыстық өкілетті ұйымдармен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Төтенша жағдайлар минстрлігімен (өрт қүзеті мәселелелері бойынша), Ішкі істер министрлігімен (көлік қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша), Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Индустрия және сауда министрлігімен (Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен)
53 сұрақ

Қала құрылысы құжаттамасының кез келген түрі ненің негізінде әзірленеді? ([23], 4.1.3.1.7-т.)

1. Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге тапсырманың

2. Қала құрылысы жоспарының кешенді схемасының

3. ҚР аумағын ұйымдастырудың бас схемасының

4. Нақты жоспарлау жобасының

5. Құрылыс салу жобасының және заңнамада белгіленген басқа жобалардың
54 сұрақ

Қала құрылысы жобасы қарауға жіберілген ұйымдар олар бойынша қорытындыны қандай мерзім ішінде дайындайды? ([23], 4.1.3.1.15-т.)

1. 30 күн

2. 60 күн

3. 10 күн

4. 45 күн

5. 90 күн
55 сұрақ

Қала құрылысы жобасы қай жобаны жасауға негіз болып табылады (артығын табу) ([23], 4.1.3.1.16-т.)

1. Әскери-өнеркәсіптік

2. Тұрғын үй-азаматтық

3. Өнеркәсіптік-өндірістік

4. Коммуналдық

5. Нормаланбайды
56 сұрақ

Елді мекендер шегі жобаларын әзірлеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын ….….([23], 4.1.3.8.5-т.)

1. Тиісті елді мекеннің жергілікті атқарушы органдары

2. Бас мердігерлік ұйымдар

3. Жобалау ұйымдары

4. Тиісті облыстың жергілікті атқарушы органдары

5. Заң шығару органдары
№57 сұрақ

Қызыл сызықтарды, құрылыс салуды реттеу сызықтарын т.б. табиғатқа (жерге) шығару үшін негіз болып табылатын ..….….([23], 4.1.3.9.21-т.)

1. Нақты жоспарлаудың бекітілген жобасы

2. СЖТ


3. Техникалық тапсырма

4. Тапсырыс берушінің тілегі

5. Техникалық кеңестің шешімі

58 сұрақ

Қандай елді мекендер үшін табиғи-экологиялық қаңқа әзірленуі қажет?([23], 4.1.3.7.4-т.)

1. Аумақтың табиғи-рекреациялық әлеуеті жоғары

2. Халық саны 20 мыңнан асатын

3. Халық саны 100 мыңнан асатын

4. Халық саны 1 млн. асатын

5. Халық саны 20 мыңнан кем


59 сұрақ

Елді мекеннің шегі жобасын әзірлеу кезінде қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің құрамы мынаған сәйкес анықталады ([23], 4.1.3.8.3-т.)

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына

2. Халықаралық нормаларға

3. Жергілікті атқарушы өкіметтің шешіміне

4. Көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарға

5. ҚНжЕ
60 сұрақ

Құм үшін табиғи еңістің ең көп бұрышы, градуста ([24] 4.1-кесте)

1. 27

2. 35


3. 20

  1. 25

  2. 15

61 сұрақ

Саз балшық үшін табиғи еңістің ең көп бұрышы, градуста ([24] 4.1-кесте)

1. 60


2. 45

3. 50


4. 75

5. 30
62 сұрақ

Желден қорғау үшін шымылдығы тік жабылатын жұқа конструкциялы жасыл көшеттернеше пайызды құрауы керек? ([24] 4.1.2.9.1-т.)

1. 60-70%

2. 50-80%

3. 30-70%

4. 70-100%

5. 60-90%


63 сұрақ

Шудан қорғайтын көшеттербір қатарлынемесе көп қатарлы болып отырғызылуы керек,олардыңбиіктігі неше метрден төмен болмауы тиіс? ( [24] 4.1.2.9.2-т.)

1. 7 м төмен емес

2. 5 м төмен емес

3. 3 м төмен емес

4. 4 м төмен емес

5. 6 м төмен емес
64 сұрақ

Өсімдіктер отырғызылатын өсімдік топырағы бар шағын ыдыс қалай аталады?([24] 4.1.6.2-т.)

1. Гүл сауыт, вазондар

2. Трельяж

3. Пергола

4. Гүлзар

5. Шпалерлер
65 сұрақ

Ересек адамның демалуына арналған орындық биіктігі жабын деңгейінен отыру орнының жазығына дейін қандай шекте қабылдануытиіс? ([24] 4.1.6.4.1-т.)

1. 420-480мм

2. 400-470мм

3. 450-500мм

4. 500-550мм

5. 430-480мм
66 сұрақ

Алаңдарды биіктігі 2,5-3 м торлы қоршаулармен жабдықтау ұсынылады, спорт алаңдарының бірімен бірі түйісетін орындарында қоршау биіктігі кемінде неше метр болуға тиіс? ([24] 4.1.12.4.6-т.)



    1. Кемінде 1.2 м

    2. Кемінде1,3м

    3. Кемінде1,5м

    4. Кемінде1м

    5. Кемінде0,8м

67 сұрақ

Спорт алаңдары тұрғын үй ғимараттарының терезелерінен, балалар мекемелері учаскелерінің шекараларынан, демалыс орындарынан кемінде қанша арақашықтыққа алыс болуға тиіс? ([24] 4.1.12.5.2-т.)

1. Кемінде 20м

2. Кемінде 25 м

3. Кемінде 15 м

4. Кемінде 30 м

5. Кемінде 28 м


68 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны алаңдарының еңістігі кемінде қанша болып қабылдануытиіс? ([23], 4.1.3.4.4-т.)



  1. 0,3 %.

  2. 25 %.

  3. 0,1 %.

  4. 0,15 %.

  5. 0,08 %.

69 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары алаңдарының еңістігі сарғыш топырақта қанша пайыздан асырмай қабылдануытиіс? ([23], 4.1.3.4.4-т.)

1. 1 %.


2. 5 %.

3. 3 %.


4. 1,2 %.

5. 2 %.
70 сұрақ

Жаңа құрылысты орналастыру немесе қолданыстағы объектілердің орналасуын өзгерту кезінде қандай құрылыстарды Қазақстан Республикасының Авиация жөніндегі мемлекеттік комитетімен келісу қажет?([23], 4.1.3.18-т.)

1. барлық тізбеленген құрылыстарды

2. нақты биіктігі 50 м және одан асатын объектілерді – олардың орналасу орнына қарамастан

3. байланыс, электр (оның ішінде жоғары вольтты) беру желілерін, сондай-ақ радиотехникалық құралдардың қалыпты жұмысына бөгет тудыруы мүмкін радио-және электр магниттік сәулелендірудің басқа объектілерін - олардың орналасу орнына қарамастан

4. жарылыс қауіпі бар объектілерді - олардың орналасу орнына қарамастан

5. барлық объектілерді–аэродромдарға әуе кіре берістері жолақтары шекарасында, сондай-ақ аэродром шекарасынан 10 км радиуста


71 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өту пунктері алдындағы алаңдар қандай есеппен көзделуі тиіс? ([23], 4.1.3.2.6-т.)

1. осы пункті пайдаланатын бір жұмыс істеушіге 0,15 м2 есебінен (ең үлкен ауысымда), бірақ кемінде25 м2

2. осы пункті пайдаланатын бір жұмыс істеушіге 0,10 м2 есебінен (ең үлкен ауысымда), бірақ кемінде25 м2

3. осы пункті пайдаланатын бір жұмыс істеушіге 0,10 м2 есебінен (ең үлкен ауысымда), бірақ кемінде 30 м2

4. осы пункті пайдаланатын бір жұмыс істеушіге 0,15 м2 есебінен (ең үлкен ауысымда), бірақ кемінде 30 м2

5.осы пункті пайдаланатын бір жұмыс істеушіге 0,25 м2 есебінен (ең үлкен ауысымда), бірақ кемінде25 м2.
72 сұрақ

Қос білікті автомобильдер мен автожүктиегіштердің ғимаратқа кіру орны болған кезде, автомобиль жолдарының жиектастарынан немесе бекітілген жиек шетінен тамбурды және жапсарлас салынған үй-жайды қоса алғандағы, ғимарат қабырғасының сыртқы шегіне дейінгі арақашықтық қанша болып қабылданады? ([23], 4.3.3.1.8-т.)

1. 8 м.

2. 5,75 м.

3. 3 м.

4. 7 м.


5. 3,75 м.

73 сұрақ

Автомобиль жолдарының жиектастарынан немесе бекітілген жиек шетінен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қоршауына дейінгі арақашықтық кемінде... ([23], т.)

1. 8 м.


2. 5,75 м.

3. 3 м.


4. 7 м

5. 3,75 м


74 сұрақ

Кәсіпорынның, технопарктің учаскесі дамуының бас жоспарын жобалаған кезде құрылыс ауданының қандай ерекшеліктері ескерілуі тиіс?

а) мүмкіндігінше табиғи ортаны сақтауды;

б) белгіленген құрылыс учаскелерінің жел жағынан төбешіктің болуынан немесе рельефтің жоғарылауынан қардың көп жиналуы мүмкіндігін;

в) атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуының тарауына бөгет болатын биік ғимараттар мен құрылыстардың болуын;

г) ауа температурасы, сондай-ақ желдің басым бағыты;([25], 4.1.3.2.3-т.)

1. А, Б, В, Г

2. А жәнеВ

3. Б жәнеВ

4. А және Г

5. А, Б, В
75 сұрақ

Саз балшық топырақтар үшін алаң бетінің еңісін қабылдау...: ([25], 4..3.3.3-т.)

1.кемінде0,003 және 0,05 артық емес

2. кемінде 0,004және 0,07 артық емес

3. кемінде0,007және 0,08 артық емес

4. кемінде0,008 және 0,09 артық емес

5. кемінде0,009және 0,1 артық емес
76 сұрақ

Ғимараттың бірінші қабаты еденінің деңгейі ғимаратқа жалғасатын учаскелердің жобалық белгілерінен әдетте, кемінде қанша жоғары болуы тиіс? ([25], 4.1.3.3.11-т.)

1. 15 см.

2. 17 см.

3. 20 см.

4. 23 см.

5. 25 см.
77 сұрақ

Жер деңгейінен құбырлардың төменгі жағына немесе биік тіреулерге салынатын оқшаулау бетіне дейінгі биіктікті қабылдау:

а) аумақтың жүрмейтін бөлігінде (аумағында), адамдардың өту орындарында –2, 2 м;

б) автожолдармен қиылысу орындарында (өту бөлігі жабынының бетінен) - 5 м;

в)ішкі теміржол кірме жолдарымен және жалпы желінің жолдарымен қиылысу орындарында –стандарт бойынша техникалық нормаларға сәйкес;

г)алынып тасталған;

д) трамвай жолдарымен қиылысу орындарында – рельс бастиегінен 7,1 м;

е)троллебустың байланыс желісімен қиылысу орындарында (жолдың өту бөлігінің жабын бетінен) – 7,3 м;

ж) жеңіл тұтанатын және жанатын сұйықты және газды құбырлардың ерітілген шойын немесе ыстық шлак тасуға арналған ішкі теміржол кірме жолдарымен қиылысу орындарында (рельстің бастиегіне дейін) - 10 м; құбырлардың жылу қорғанысын орнату кезінде - 6 м. ([25], 4.1.3.8.7-т)

1. А, Б, В, Г, Д, Е, Ж

2. А, Б, В

3. А жәнеЖ

4. А, Г,Д

5. Ж
78 сұрақ

Өрт қауіпсіздігі талаптарының мақсаты: а) Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау; б) ғимараттың адамдарды және мүлікті қорғау үшін қол жетімділігі; в) өрттің таралмауы; г) құрылыс материалдарының олардың жану уақытына төзімділігі; өрт сөндіру жүйелерін таңда ([25], 4.2.1-т.)

1. А, Б, В

2. А жәнеБ

3. В, Г, Д

4. А және В

5. А, Б, В, Г, Д

79 сұрақ

Ағаш көшеттері менсалқындату тоғандарыжәне бүрку бассейндері шекарасының арасындағы арақашықтық жиек шетінен бастап есептегенде кемінде қанша болуға тиіс? ([25], 4.1.3.4.11-т.)

1. 40 м.

2. 41 м.


3. 45 м.

4. 47 м.


5. 50 м.
80 сұрақ

Жеке тұрғын үй құрылыстары аудандарын жобалық ұйымдастыруда есепке алынбайды: ([26], 2.2-т.)

1. елді мекендердің бас жоспарлары;

2. елді мекеннің шамасы және жалпы жоспарлау құрылымы;

3. табиғи-климаттық жағдайлар;

4. әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктер;

5. халықтың ұлттық-тұрмыстық дәстүрлері;
81 сұрақ

Елді мекендерде жеке тұрғын үй салынбайды: ([26], 2.3-т.)



  1. ұлттық және табиғи саябақтардың қорғалатын аймақтары шегінде;

  2. қала және басқа елді мекендер шегіндегі бос аумақтарда;

  3. қайта құрылатын, оның ішінде қолданыстағы тұрғын үй құрылыстарын салуды тығыздау есебіненқайта құрылатын аумақтарда;

  4. табиғи аймақтар аумағында – табиғатты қорғау талаптарын ескерумен, резервтік аумақтарда;

  5. құрылыс салуды реттеу аймағы және табиғи ландшафттың қорғау аймақтары –тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдаланудың мемлекеттік органдарымен келісу бойынша;

82 сұрақ

Тұрғын үйдің, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуын, олардың жоспардағы мөлшерін және биіктігін кім анықтайды? ([26], 4.4-т.)

1. Құрылыс салушы, нормативтік талаптарды сақтауды және іргелес учаскелер инсоляциясының қажетті шарттарын ескере отырып;

2. Жобалаушы, нормативтік талаптарды сақтауды және іргелес учаскелер инсоляциясының қажетті шарттарын ескере отырып;

3. Мердігер, нормативтік талаптарды сақтауды және іргелес учаскелер инсоляциясының қажетті шарттарын ескере отырып;

4. Прораб,нормативтік талаптарды сақтауды және іргелес учаскелер инсоляциясының қажетті шарттарын ескере отырып;

5. Ауданның сәулетшісі,нормативтік талаптарды сақтауды және іргелес учаскелер инсоляциясының қажетті шарттарын ескере отырып;


83 сұрақ

Кәрізделмеген жеке тұрғын үй құрылысын салу аумағында санитарлық ажыраулар қалай сақталуы тиіс [26], 4.6-т.)

1. тұрғын үй терезелерінен ауладағы әжетханаға, кәріздік тазарту құрылыстарына дейін, сондай-ақ қорда алаңына дейін – кемінде 20 метр, мал мен құсқа арналған қораға дейін – кемінде 15 метр, басқа жеке тұрған құрылыстарға дейін – кемінде 12 метр;

2. тұрғын үй терезелерінен ауладағы әжетханаға, кәріздік тазарту құрылыстарына дейін, сондай-ақ қорда алаңына дейін – кемінде 15 метр, мал мен құсқа арналған қораға дейін – кемінде 20 метр, басқа жеке тұрған құрылыстарға дейін – кемінде 15 метр;

3. тұрғын үй терезелерінен ауладағы әжетханаға, кәріздік тазарту құрылыстарына дейін, сондай-ақ қорда алаңына дейін – кемінде 12 метр, мал мен құсқа арналған қораға дейін – кемінде 15 метр, басқа жеке тұрған құрылыстарға дейін – кемінде 20 метр;

4. тұрғын үй терезелерінен ауладағы әжетханаға, кәріздік тазарту құрылыстарына дейін, сондай-ақ қорда алаңына дейін – кемінде 20 метр, мал мен құсқа арналған қораға дейін – кемінде 12 метр, басқа жеке тұрған құрылыстарға дейін – кемінде 15 метр;

5. тұрғын үй терезелерінен ауладағы әжетханаға, кәріздік тазарту құрылыстарына дейін, сондай-ақ қорда алаңына дейін – кемінде 15 метр, мал мен құсқа арналған қораға дейін – кемінде 15 метр, басқа жеке тұрған құрылыстарға дейін – кемінде 12 метр;
84 сұрақ

Қандай көтерілу учаскелеріндегі көшелерде және жолдарда қозғалыстың қосымша жолағын көздеу қажет? ([26], 6.2-т.)

1. бойлау еңісі 20% астам болатын және ұзақтығы 300 м астам;

2. бойлау еңісі 18% астам болатын және ұзақтығы 300 м астам;

3. бойлау еңісі 12% астам болатын және ұзақтығы 400 м астам;

4. бойлау еңісі 20% астам болатын және ұзақтығы 300 м астам;

5. бойлау еңісі 20% астам болатын және ұзақтығы 500 м астам.
85 сұрақ

Екі жолақты жүру бөлігінен үш жолақты жүру бөлігіне ауысу учаскесінің ұзындығы... ([26], 6.2-т.)

1. кемінде 70 метр;

2. кемінде 50 метр;

3. кемінде 25 метр;

4. кемінде 30 метр;

5. кемінде 75 метр.
86 сұрақ

Кәріздің жергілікті жүйелерінің тазарту құрылыстары учаскелерінің және олардың санитарлық-қорғаныс аймақтарының мөлшері... ([26], 7.4-т.)

1. топырақ жағдайына және сарқынды су көлеміне қарай, бірақ 0,25 га артық емес;

2. топырақ жағдайына және сарқынды су көлеміне қарай, бірақ 0,2 га артық емес;

3. сарқынды су көлеміне қарай, бірақ 0,25 га артық емес;

4. топырақ жағдайына және сарқынды су көлеміне қарай, бірақ 0,3 га артық емес;

5. топырақ жағдайына қарай, бірақ 0,33 га артық емес;
87 сұрақ

Жеке тұрған газ реттеуіш пунктерді, шкаф қондырғыларын қоса алғанда, орамдардың ішінде ғимарат пен құрылыстан қандай арақашықтықта орнату керек? ([26], 7.24-т.)

1. газ қысымы кіру жерінде 6,0кг/см2 дейін болған кезде кемінде 10 метр. 15 метр – қысым 6,0-дан асып 12 кг/см2 дейін болған кезде. Сейсмикалық аудандарда көрсетілген арақашықтықтарды екі есе ұлғайту қажет;

2. газ қысымы кіру жерінде 6,0кг/см2 дейін болған кезде кемінде 15 метр. 10 метр – қысым 6,0-дан асып 12 кг/см2 дейін болған кезде. Сейсмикалық аудандарда көрсетілген арақашықтықтарды екі есе ұлғайту қажет;

3. газ қысымы кіру жерінде 6,0кг/см2 дейін болған кезде кемінде 12 метр. 14 метр – қысым 6,0-дан асып 12 кг/см2 дейін болған кезде. Сейсмикалық аудандарда көрсетілген арақашықтықтарды екі есе ұлғайту қажет;

4. газ қысымы кіру жерінде 6,0кг/см2 дейін болған кезде кемінде7,5 метр. 12 метр – қысым 6,0-дан асып 12 кг/см2 дейін болған кезде. Сейсмикалық аудандарда көрсетілген арақашықтықтарды екі есе ұлғайту қажет;

5. газ қысымы кіру жерінде 6,0кг/см2 дейін болған кезде кемінде5 метр. 10 метр – қысым 6,0-дан асып 12 кг/см2 дейін болған кезде. Сейсмикалық аудандарда көрсетілген арақашықтықтарды екі есе ұлғайту қажет.
88 сұрақ

Жерастытарту кезінде жылу желілерімен қиылысу орындарында газ құбырларының қалай өтуіне жол берілмейді? ([27]; 9.14-т.)

1. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, өтуге болмайтын арналар мен тоннелдер арқылы

2. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, биіктігі 48 м болатын өтуге болмайтын арналар мен тоннелдер арқылы

3. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, биіктігі 1,5 м болатын өтуге болмайтын арналар мен тоннелдер арқылы

4. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, өтуге болмайтын арналар, жылу желілері құбырларының суын жіберуге арналған қондырғы арқылы

5. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, өтуге болмайтын арналар, өтуге болатын арналар, жылу желілерінің ілеспе құрғатуы арқылы

89 сұрақ

Жылу өткізгіштерді ғимараттардың жертөлелеріне, техникалық еден астына, тоннелдерге және өтуге болатын арналарға тарту кезінде жылу өткізгіштердің оқшаулау конструкциясы, арматура және жабдық беттерінде температура қандай болуы қажет? ([27], 6.5-т.)

1. 45 град С

2. 60 град С

3. 65 град С

4. 50 град С

5. 35 град С


90 сұрақ

Ыстық судың бак-аккумуляторларынан тұрғын орамдардың шекарасына дейінгі арақашықтық: ([27], 6.24-т.)

1. 30 м

2. 15 м


3. 45 м

4. 50 м


5. 10 м
91 сұрақ

Жылу желілері үшін тоқтамай жұмыс істеу ықтималдығының ең аз жол берілетін көрсеткіші құрайды: ([27], 6.28-т.)

1. Pтс=0.9

2. Pтс=0.97

3. Pтс=0.99

4. Pтс=0.86

5. Pтс=0.95
92 сұрақ

Қосылған тұтынушыларымен электр энергиясының тұтыныатын қосылған қуатты және шығыстарды анықтау кезінде есептік көрсеткіштерді анықтау ненің негізінде жүзеге асырылады? ([22], 12.43-т.)

1. ҚР ҚБҚ 4.04-191-2002 және ҚР ҚБҚ 4.04-11-2003

2. жобаның және ҚР ҚБҚ 4.04-191-2002

3. ҚР ҚБҚ 4.04-191-2002 және ҚР ҚБҚ 4.04-11-2003 және жобаның

4. ҚР ҚБҚ 4.04-191-2002, ҚР ҚН 4.04-23-2004

5. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008 және ҚР ҚБҚ 4.04-11-2008
93 сұрақ

Қандай жағдайларда кернеуі 20 кВ қоса алғанға дейінгі электр желілерін кәбілдік желілермен көздеу керек? ([22], 12.50-т.)

1. 4 қабат және одан жоғары ғимараттардың құрысын салу кезінде қалалардың және басқа елді мекен пунктерінің барлық аумақтық аймақтарында.

2. 7 қабат және одан жоғары ғимараттардың құрысын салу кезінде қалалардың және басқа елді мекен пунктерінің барлық аумақтық аймақтарында.

3. 4 қабат және одан жоғары ғимараттардың құрысын салу кезінде қалалардың және басқа елді мекен пунктерінің халық тығыз орналасқан аумақтық аймақтарында.

4. Тек санаторий аймақтары аймағында

5. Тұрғын және қоғамдық-іскери аймақтар шегінде терең енгізудің төмендету шағын станцияларына келу орындарында
94 сұрақ

Үйге арналған электр-тұрмыстық технологиялармен ықтимал қамтудың келесі деңгейлері есептік болып табылады ([28] 4.1-т.)

1. Бастапқы деңгей.

I деңгей


II деңгей

III деңгей (IIIа, IIIб)

IV деңгей

2. Бастапқы деңгей.

I деңгей

II деңгей

III деңгей

IV деңгей

3. I деңгей

II деңгей

III деңгей

IV деңгей

4. Бастапқы деңгей.

I деңгей


II деңгей

III деңгей (IIIа, IIIб)

5. I деңгей

II деңгей

III деңгей
95 сұрақ

10 кВ кернеулі электр берудің әуе желілері бойында жеке тұрғын үй құрылысын жоспарлау және салу кезінде ені қанша болатын қорғау және санитарлық-қорғаныс аймақтары көзделуі қажет ([26], 7.18-т. 6-кесте)

1. 10, нормаланбайды

2. 15, 20

3. 25, 10

4. 30, 25

5. 15, 10
96 сұрақ

Жерүсті жылу желілерінің электр берудің әуе желілерімен және электрлендірілген теміржолдармен қиылысу орындарындағы қажетті іс-шаралар ([27];9.18-т.)

1. Сымдардан әр жаққа 5м бойы көлденең арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 10 Ом аспайтын)

2. Сымдардан әр жаққа 5м бойы көлденең арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 15 Ом аспайтын)

3.Сымдардан әр жаққа 5м бойы көлденең арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін электрхимиялық қорғау

4. Сымдардан әр жаққа 5м бойы көлденең арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін катодтық поляризациялау

5. Сымдардан әр жаққа 3м бойы көлденең арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 10 Ом аспайтын)
№97 сұрақ

Қозғалыс қарқыны екі бағытта 20-дан 100 бірл/сағ болған кезде жүргіншілер және велосипед жолдарының ең аз жарықтандырылуы... ([29], 2.5-т.)

1. 1 лк

2. 5 лк


3. 2лк

4. 4 лк


5. 0,5лк
98 сұрақ

Оқшауланған трамвай жолының орташа горизонтальдық жарықтандырылу шамасы ([29], 2.9-т.)

1. 6 лк

2.12 лк


3. 2лк

4. 4 лк


5. 0,5лк
99 сұрақ

Мал айдау орындарымен 220 кВ жоғары вольтты желілер қиылысатын орында төменгі сымнан жерге дейінгітік арақашықтық...( [30], 1.30-т.)

1. 8 м

2. 7,5м


3. 7 м

4. 8 м


5. 8.5м
100 сұрақ

Әдетте тұрғын кентінің ішінде 10кВ жоғары вольтты желілердің радиалды бір тізбекті желілерінің есептік электр жүктемесі қаншадан аспауы тиіс? ( [30], 2.14-т.)

1. 500 кВА

2. 450 кВА

3. 750 кВА

4. 600 кВА

5. 1000кВА


жүктеу 20,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау