Сәулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



жүктеу 20,96 Mb.
бет42/56
Дата09.01.2018
өлшемі20,96 Mb.
#7282
түріСборник тестов
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56

3.10. Технологиялық жабдық бөлігінде.

3.10.3. 3-нұсқа
3.10.3.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар



Жобалау және іздестіру жұмыстарға арналған мердігерлік шарт бойынша, егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырыс беруші ... міндетті ([1], 669-баптың 5) тармақшасы):

  1. мердігерге байланысты емес мән-жайлардың салдарынан жобалау және іздестіру жұмыстары үшін бастапқы деректерді өзгертуден болған қосымша шығыстарды мердігерге өтеуге;

  2. шартты жасасу кезінде оған берілген жобалаудың бастапқы деректеріне сәйкес жұмыстарды орындауға;

  3. дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырыс берушімен, ал қажет болған жағдайда тапсырыс берушімен бірлесіп – құзыретті мемлекеттік органдармен және жергілікті өзін өзі басқару органдарымен келісуге;

  4. тапсырыс берушіге дайын жобалау-сметалық құжаттаманы және іздестіру жұмысының нәтижелерін, егер шартта өзгеше көзделмесе, бір мезгілде беруге;

  5. тапсырыс берушінің келісімінсіз жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуге.




  1. № 2 сұрақ

Мердігер ... анықтаған кезде тапсырыс берушіні дереу ескертуге және одан нұсқаулар алғанға дейін жұмысты тоқта тұруға міндетті ([1], 628-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы):

  1. орындалатын жұмыстың жарамдылығына немесе нәтижелерінің беріктігіне қауіп төндіретін немесе оны мерзімде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге байланысты емес мән-жайлар;

  2. мердігер материалдарының жарамсыздығы немесе сапасыздығы;

  3. мердігер жабдығының, техникасының, құралдарының жарамсыздығы;

  4. мердігер жұмыскерлерінің өз міндеттерін орындауға дайын болмауы;

  5. мердігерлік шарт бойынша тапсырыс берушінің алдында мердігердің өзінің міндеттерін орындауға дайын болмауы.




  1. № 3 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қылмыстық жазаланатын іс-әрекет үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген қандай жазалау түрі тағайындалуы мүмкін емес ([2], 277-280-баптар):

  1. арнайы, әскери немесе құрмет атағынан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежелерден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру;

  2. айыппұл;

  3. түзеу жұмыстары;

  4. бостандықты шектеу;

  5. бостандықтан айыру.




  1. № 4 сұрақ

Объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу)жеке тұлғаларға... мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады([3], 316-баптың 1-бөлігі):

  1. жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш;

  2. жиырма бес айлық есептік көрсеткіш;

  3. екі жүз айлық есептік көрсеткіш;

  4. бір мың айлық есептік көрсеткіш;

  5. бес жүз айлық есептік көрсеткіш.




  1. № 5 сұрақ

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ... қолданылмайды ([4],3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы):

  1. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген рұқсаттарға;

  2. телерадиохабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауға;

  3. мұнай және газ саласындағы қызметті лицензиялауға;

  4. энергетикалық сараптаманы жүргізуге ұйымдарды аккредиттеуге;

  5. көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау жөніндегі кәсіби бірлестіктерді аккредиттеуге.




  1. № 6 сұрақ

Қоныстану аумағы – бұл (Заңға сәйкес дәл анықтамасын беріңіз) ([5], 1-баптың 30) тармақшасы):

  1. тұрғын үйлерді, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ орналастырылуы мен қызметі арнайы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететін әсері болмайтын инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардың жекелеген бөліктерін орналастыруға арналған елді мекен аумағының бір бөлігі;

  2. қалалар мен қала үлгісіндегі кенттердің шегінде тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, жолдарды, көшелерді, алаңдарды салуға арналған жер;

  3. шегiнде қандай да болсын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi жүзеге асырылатын аумақ;

  4. елдi мекендердiң шекарасынан (шегiнен) тыс жатқан аумақтар;

  5. елдi мекендердi жоспарлау құрылымындағы кварталдардың, шағын аудандардың, өзге элементтердiң аумағын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөлiп тұратын шекара.




  1. № 7 сұрақ

Құрылыс жобасы әзірленеді ([5], 63-баптың 3-тармағы):

  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс.

  2. тапсырыс беруші бекiткен, жобалауға берілген тапсырмалар, жер учаскесiн (алаңдарды, трассаларды) таңдау мен бөлу (пайдалануға берiлген рұқсат) жөніндегi материалдар, объектiнi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң техникалық талаптары, инженерлiк iзденулердiң, тапсырысшының жобалау алдындағы қызметiнiң нәтижелерін қоса алғанда, өзге де бастапқы деректердiң нәтижелері негiзiнде;;

  3. құрылыстағы инвестициялардың заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негiздемелерге, техникалық-экономикалық есептерге), ал қажет болған жағдайда жобада қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлiк жабдықтар мен құрылғылардың мердiгермен келiсiлген тiзбесiне сәйкес;

  4. облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес;

  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша әзірленеді.




  1. № 8 сұрақ

Құрылысқа тапсырыс беруші ... міндетті ([5], 34-баптың 2-тармағы):

  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  2. құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру;

  3. объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге;

  4. техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етуге;

  5. мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдануға.




  1. № 9 сұрақ

Егер сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi осы аумақта азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғаса, онда олардың құқығы жоқ ([5], 13-баптың 6-тармағы):

  1. құрылыс конструкцияларын дербес бұзуға және бөлшектеуге;

  2. заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу (реконструкциялау) немесе пайдалануға беру туралы шешiмнiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюға;

  3. заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен шектеу енгiзуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;;

  4. облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (аудандық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының iс-әрекеттерiне, сондай-ақ жобаларды сараптау қорытындысына сот тәртiбiмен шағым жасауға;

  5. субъектiлердiң немесе лауазымды адамдардың заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұзуға жол беруiне байланысты азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюға.




  1. № 10 сұрақ

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта бастау... болған кезде жүргізіледі ([5], 60-баптың 1-1-тармағы):

  1. белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлген тиісті жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы;

  2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты;

  3. заңды күшіне енген сот шешімі;

  4. заңдылықты бұзуды жою туралы прокуратураның ұсыныстары;

  5. жергілікті атқарушы органның рұқсаты.




  1. № 11 сұрақ

Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстардың тапсырысшылары бола алады ([5], 65-баптың 2- тармағы):

  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  2. Қазақстан Республикасының азаматтары;

  3. шетелдіктер;

  4. азаматтығы жоқ адамдар;

  5. отандық және шетелдiк заңды тұлғалар.




  1. № 12 сұрақ

Не сыбайлас жемқорлық болып табылмайды? ([6], 13-баптың 1-тармағы):

  1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiненжұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;

  2. өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау;

  3. өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау;

  4. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;

  5. несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.




  1. № 13 сұрақ

Құрылыс объектісіне кейінгі бару кезінде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі немесе сарапшы ([12], 11-тармақ):

  1. орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының құрылыс жобасына сәйкестігін белгілейді;

  2. құрылыс нормаларына сәйкес авторлық қадағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттардың сәйкестігін белгілейді;

  3. объектіні визуалды қарауды жүргізеді;

  4. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  5. жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.




  1. № 14 сұрақ

Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім алу үшін өтінішкеқоса берілетін құжаттарға ([14], 7-тармақтың 4) тармақшасы):

  1. егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру бір қабат жоғары (төмен) орналасқан өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету көзі болып табылатын халықтың тіршілік етуінің санитарлық-гигиеналық жағдайларын төмендететін болса, меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

  2. өндірістік базаның меншік құқығында немесе өзге заңды негізде болуы туралы мәліметтер;

  3. материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтер;

  4. жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер;

  5. нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиет туралы мәліметтер.




  1. № 15 сұрақ

Елді мекеннің аумағына құрылыс салу кезінде жеке және заңды тұлғалар ([17], 16-тармақтың 4) тармақшасы):

  1. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың нұсқамаларын орындайды;

  2. сараптамалық комиссиялар (сараптамалық топтар) құрамында аумақтарда қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысады;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзге жеке және заңды тұлғалардан қажетті рұқсаттарды сұратады және алады;

  4. жобалауда және құрылыс жүргізуде метрологиялық қызметпен айналысады;

  5. құрылысы аяқталған объектілерді тапсыруды және пайдалануға қабылдауды ұйымдастырумен айналысады.


3.10.3.2. Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар



Соратын және рециркуляциялық қондырғыларда ауаны жылыту кезінде жылу құбырының (су, бу және т.б.) қандай ең жоғары температурасын алған жөн?([57] 8.1.11-т)

    1. 150ºС аспайтын

    2. 170ºС аспайтын

    3. 195ºС төмен болмайтын

    4. 95ºС жоғары болмайтын

    5. 120ºС






Табиғи желдетусіз кәсіпорындардың өндірістік, зертханалық, қойма және тұрмыстық үй-жайлары (адамдар үнемі болатын) үшін жалпы алмасу желдетпенің қандай жүйелерін көздеген жөн?([57] 8.2.2-т)

    1. әрқайсысы 50% талап етілетін ауа алмасу шығысымен 2 соратын және 2 сыртқа тартатын желдеткіш

    2. әрқайсысы 50% талап етілетін ауа алмасу шығысымен 1 соратын және 2 сыртқа тартатын желдеткіш

    3. әрқайсысы 50% талап етілетін ауа алмасу шығысымен 2 соратын және 1 сыртқа тартатын желдеткіш

    4. әрқайсысы 100 % талап етілетін ауа алмасу шығысымен 2 соратын және 2 сыртқа тартатын желдеткіш

    5. әрқайсысы 100 % талап етілетін ауа алмасу шығысымен 1 соратын және 1 сыртқа тартатын желдеткіш






Сыртқы ауаның жалпы қабылдау құрылғыларын қандай жағдайларда жобалауға жол беріледі?([57] 8.3.4-т)

    1. бір өрт бөлігінің шекарасында

    2. Соратын жүйелер үшін

    3. Түтінге қарсы желдетпенің жүйелері үшін

    4. Соратын су қарсы желдетпенің жүйелері үшін

    5. дуалға арналған ойықтардың арасындағы қашықтық – 3 м






Ауа және жылы ауа перделерін үй-жайлардың сыртқы қабырғаларындағы үнемі ашық ойықтарда, сондай-ақ қақпаларда және тамбурлары жоқ және кемінде 40 минутқа 5 реттен астам ашылатын сыртқы қабырғалардағы ойықтарда сыртқы ауаның есепті температурасына, °С,(Б өлшемдері)және 1 сағат ішінде есіктер арқылы өтетін адамдардың санына байланысты көздеген жөн:([57] 8.7.1-т)

    1. (-15)-тен (-25) дейін - 400 адам және одан көп; (-26)-дан (- 40) дейін - 250 адам және одан көп

    2. (-15))-тен(-25) дейін - 375 адам; (-26) -дан (- 40)дейін - 225 адам

    3. (-15))-тен(-25) дейін - 350 адам;(-26)-дан(- 40) дейін- 250 адам

    4. (-15))-тен(-25) дейін - 400 адам; (-26)-дан(- 40)дейін - 200 адам

    5. (-15))-тен(-25) дейін - 350 адам; (-26)-дан(- 40) дейін- 250 адам






Жұмыс тәулігіне 8 сағаттан астам жүргізілетін өндірістік, зертханалық және қойма үй-жайлары үшін соратын механикалық желдетпені қандай жүйемін қатар қолданған жөн?([57]8.2.3-т)

    1. ауамен жылытумен;

    2. сумен жылытумен;

    3. электрмен жылытумен;

    4. газбен.

    5. сұйық отынмен жылытумен






Пластмасс құбырларының гидравликалық сынақтары қысымды талап етілетін шамаға дейін кемінде 30 минут ішінде көтеруді көздеуге тиіс. Құбыр сынаққа шыдаған деп есептеледі, егер ондағы қысым кейінгі 30 минут ішінде 0,06 МПа-дан аспай төмендесе және одан әрі қысым 2 сағат ішінде... аспай төмендесе:([57].7.4.24-т)

    1. 0,02 МПа.

    2. 0,04 МПа.

    3. 0,06 МПа.

    4. 0,08 МПа.

    5. 0,09






Сейсмикалық төзімділігі 7 балдан асатын аудандардақұрылыс жүргізу кезінде газ құбырының полиэтилен құбыры үшін төзімділік қорының қандай коэффициенті қолданылады?([115] 5.6.6-т)

    1. полиэтилен газ құбырлары беріктік қор коэффициентіменкемінде 2,8.

    2. полиэтилен газ құбырлары беріктік қор коэффициентіменкемінде 2,5.

    3. полиэтилен құбырларын қолдануға рұқсат берілмейді;

    4. ТЖ органдарының келісімі болған жағдайда полиэтилен құбырларын қолдануға рұқсат беріледі;

    5. беріктік қоры коэффициентінің шамасы жобалауға арналған тапсырмада айқындалады.






СКГ қондырғысында резервуарлардың қанша саны көзделуге тиіс? ([115] 8.1.3-т)

    1. 1.кемінде екеу;

    2. кемінде үшеу;

    3. кемінде төртеу.

    4. төртеуден аспайтын.

    5. кемінде алтау.



Газ реттегіш пункттерді және (ГТҚ) қондырғыларын не үшін көздеген жөн?([115] 6.1.1-т)

    1. газ тарату желісіндегі газдың қысымын төмендету және реттеу үшін;

    2. газ тарату желісіндегі газдың қысымын төмендету үшін;

    3. газ тарату желісіндегі газдың қысымын реттеу үшін;

    4. газ тарату желісіндегі газдың қысымын тұрақтандыру үшін;

    5. газ тарату желісіндегі газдың қысымын теңдестіру үшін.






Стандарттарда және басқа да нормативтік құжаттарда белгіленген өзінің мақсаттылығына (қолдану аясына) сәйкес келетін жеке баллон қондырғыларын қандай ғимараттарда орнатуға болады? ([115] 8.2.5-т)

    1. Орналастыруға рұқсат етіледі - екі қабаттан аспайтын тұрғын ғимараттың пәтерлерінде (пәтерде бір баллоннан көп емес) орналастыруға рұқсат беріледі;

    2. тұрғын ғимараттың пәтерлерінде (пәтерде бір баллоннан көп емес);

    3. баллондарды бес қабаттан аспайтын тұрғын ғимараттың пәтерлерінде (пәтерде екі баллоннан көп емес) орналастыруға рұқсат беріледі;

    4. баллондарды үш қабаттан аспайтын тұрғын ғимараттың пәтерлерінде (пәтерде екі баллоннан көп емес) орналастыруға рұқсат беріледі;

    5. баллондарды екі қабаттан аспайтын тұрғын ғимараттың пәтерлерінде орналастыруға рұқсат беріледі;





Газ тәріздес және сұйық отында жұмыс істеуге арналған жертөледе орнатылған қазандықтар үшін қазандарды көздеуге жол беріледі ме? ([59] 2.6-т)

    1. жол берілмейді.

    2. қызмет көрсетуші персонал үнемі болған кезде жол беріледі;

    3. жылу қуаты 3,0 МВт аспайтын қазандықтар үшін жол беріледі;

    4. ТЖ органдарының рұқсаты болған кезде жол беріледі;

    5. егер жобалау тапсырмасында көзделсе жол беріледі.






Жылыту үшін есепті температура 30 оС төмен Қазақстан Республикасының солтүстік аудандары үшін қазандықтардың ғимараттарынан тыс ашық алаңшаларда тарту-үрлеу машиналарын, күл тұтқыштарды, деаэраторларды, дэкарбонизаторларды, ақшылттандырғыштарды, әртүрлі мақсаттағы бактарды, мазутты жылытқыштарды орнатуға жол беріледі ме? ([59] 2.17-т)

    1. егер ол шығарушы зауыттың техникалық шарттарында көзделсе, жол беріледі.

    2. егер ол жобалауға тапсырмада көзделсе, жол беріледі;

    3. егер қазандықтың жылу қуаты 100 МВт-дан аспаса жол берледі;

    4. егер ғимаратта қазандықты орнатуға үй-жайдың алаңы тар болса, жол беріледі;

    5. жол берілмейді.






Жылу желілерін футлярларда тарту кезіндегі қажетті іс-шаралар? ([112]; 9.13-т)

    1. Жылу желілерінің құбырларын және футлярларды тоттануға қарсы қорғау, электрленген теміржолдар және трамвай жолдары қиылысатын жерлерде – электр химиялық қорғау;

    2. Жылу желілерінің құбырларын тоттануға қарсы қорғау, электрленген теміржолдар және трамвай жолдары қиылысатын жерлерде – электр химиялық қорғау;

    3. Футлярларды тоттануға қарсы қорғау, электрленген теміржолдар және трамвай жолдары қиылысатын жерлерде – электр химиялық қорғау;

    4. Жылу желілерінің құбырларын және футлярларды тоттануға қарсы қорғау

    5. Электрленген теміржолдар және трамвай жолдары қиылысатын жерлерде ғана – электр химиялық қорғау






Жерүсті жылу желілерінің электр берудің әуе желілерімен және электрленген теміржолдармен қиылысатын жерлерде қажетті іс-шаралар ([112]; 9.18-т.)

    1. Сымдардың әрбір жағына көкжиектер бойынша қашықтығы5 метрден орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін (жерге қосатын құрылғылардың 10 Ом аспайтын кедергісімен)жерге қосу

    2. Сымдардың әрбір жағына көкжиектер бойынша қашықтығы5 метрден орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін (жерге қосатын құрылғылардың 15 Ом аспайтын кедергісімен) жерге қосу

    3. Сымдардың әрбір жағына көкжиектер бойынша қашықтығы5 метрден орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін электр химиялық қорғау

    4. Сымдардың әрбір жағына көкжиектер бойынша қашықтығы5 метрден орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін катодты полярландыру

    5. Сымдардың әрбір жағына көкжиектер бойынша қашықтықтығы 3 метрден орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін (жерге қосатын құрылғылардың 10 Ом аспайтын кедергісімен) жерге қосу




Жылу пункттерін және ыстық сумен жабдықтау желілерін қоспағанда, сыртқы ауаның есепті температурасы -10°С төмен аудандарда жылу желілерінің құбырлары үшін қандай материалдан жасалған арматураны қолдануға жол берілмейді? ([112]; 10.9-т.)

    1. сұр шойыннан

    2. жезден, сұр шойыннан

    3. қоладан, сұр шойыннан

    4. тоздан жасалған, сальникті шойыннан

    5. шар тәрізді сальникті шойыннан






Жылу пункттерін және ыстық сумен жабдықтау желілерін қоспағанда, сыртқы ауаның есептік температурасы -30°С төмен аудандарда жылу желілерінің құбырлары үшін қандай материалдан жасалған арматураны қолдануға жол берілмейді? ([112]; 10.9-т.)

    1. қыздырылған шойыннан

    2. сұр шойыннан және қоладан

    3. қыздырылған шойыннан және қоладан

    4. сұр шойыннан және жезден

    5. қыздырылған шойыннан және жезден






Қандай инженерлік желілермен тоннельдерде (өтпе арналарында) жылу құбырларын бірлесіп жерасты салу кезінде жанатын материалдардан жылуды оқшаулаудың конструкцияларын қолдануға жол берілмейді? ([112]; 11.2-т.)

    1. Электр және шамалы ток келетін кәбілдер, жанатын заттарды тасымалдайтын құбырлар

    2. Электр және шамалы ток кәбілдері, арынды кәріз

    3. Электр және шамалы ток кәбілдері, су құбырлары

    4. Электр және шамалы ток кәбілдері, сығымдалған ауаның құбырлары

    5. Электр және шамалы ток желілері, жанатын заттарды тасымалдайтын құбырлар, арынды кәріз






Қандай жағдайларда ішкі кәріз желілерін ашық салуды көздеу керек? ([60]*;8.2.8-т)

    1. Еденасты, жертөлелерде, цехтарда, қосалқы үй-жайларда, дәліздерде, техникалық қабаттарда

    2. Аражабынның құрылыс конструкцияларына бітеп

    3. Тақтай қағылған төбелерде

    4. Санитарлық-техникалық кабиналарда

    5. Еденде






Қандай жағдайларда ағынмен кәріз желілерін металл футлярларында транзиттік салу көзделеді? ([60]*; 8.2.9-т.)

    1. Иә, ас үйлердің, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының үй-жайлары, сауда залдарының, азық-түлік өнімдері қоймаларының

    2. Тұрғын бөлемелердің

    3. Аурухана палаталарының

    4. Түскі ас залдарының

    5. Электр қалқан және трансформаторлық






Өндірістік сарқынды суларды алдын ала тазартпастан тұрмыстық кәрізге жіберуге рұқсат беріледі ме? ([60]*; 8.3.1-т)

    1. Жоқ

    2. Жанатын сұйықтары бар

    3. Майлары бар

    4. Қышқылдар

    5. Өндірістің құнды қалдықтары






Агрессивті және улы сарқынды суларды тасымалдайтын құбырларды еден астында салуды қалай көздеген жөн? ([60]* 8.2.15-т.)

    1. Еденнің деңгейіне шығарылған және алмалы плиталармен жабылған арналарда

    2. Еденде

    3. Гидрооқшаулау құрылғысы бар еденде

    4. Қыш тақтайшамен қаптамасы бар еденнің үстінен

    5. Металл футлярларында






Сарқынды суларды сыртқы кәріз желілеріне шығаратын тұрмыстық және өндірістік кәріз желілері тікқұбырлар арқылы желдетілуге тиіс, олардың сыртқа тартатын бөлігі ғимараттың шатыры немесе жиынтық желдетпе шахтасы арқылы жоғарыға шығады? ([60]*; 8.2.17-т.)

    1. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,3, сырғымалы шатырдан -0,5 пайдаланылатын шатырдан - 3м

    2. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,3, сырғымалы шатырдан -0,5 пайдаланылатын шатырдан -2,5м

    3. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,3, сырғымалы шатырдан -0,5 пайдаланылатын шатырдан -2,7м

    4. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,2, сырғымалы шатырдан -0,5 пайдаланылатын шатырдан -3,0

    5. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,3, сырғымалы шатырдан -0,4 пайдаланылатын шатырдан -3,0






Жерасты сүзу алаңдарын … қолданған жөн? ([61], 6.189-т.)

    1. құм жәнеқұмайт топырақта

    2. саздақтарда

    3. гравелдітопырақта

    4. қиыршықтастытопырақта

    5. ірі ұсақталған топырақта






Қандай топырақта сүзу құдықтарын орнату керек? ( [61], 6.195-т.)

    1. құм жәнеқұмайт топырақта

    2. құмайт және сазды топырақта

    3. балшықты шақпатасты топырақта

    4. гравелдітопырақта

    5. құм-гравелдітопырақта





Сүзу құдықтардың алдында .... көздеу қажет ([61], п. 6.196)

    1. септикті

    2. биологиялық сүзгішті

    3. дегазаторды

    4. флотациялық қондырғыны

    5. гидроцинкті






Сарқынды суларды немен зарарсыздандыруды жүргізген жөн? ([61], 6.222-т)

    1. Хлор,электролизерде алынатыннатрийгидрохлориді, немесе сарқынды суларды тікелей электролизі

    2. Коагулянттар

    3. Флонулянттар

    4. Әк сүті

    5. Сүзгіштік пластиналар






Сарқынды суларды тереңдетіп тазарту үшін қандай құрылыстар қолданылады? ([61], 6.233-т.)

    1. Түйіршікті тиеумен сүзгілер, торлы барабанды сүзгілер, биологиялық айдындар, сарқынды суларды ауамен қанықтыруға арналған құрылыстар

    2. Септиктер

    3. Жерасты сүзгілеу алаңдары

    4. Биологиялық сүзгілер

    5. Сүзгіден өткізетін құдықтар






Шамасы рН6,5 төмен немесе 8,5 жоғары сарқынды суларды немен бейтараптаған жөн ? ([61],6.250-т.)

    1. Бейтараптау қышқылы және сілті сарқынды суларды араластырып немесе оларды бейтараптау материалдары арқылы сүзгіден өткізіп жүзеге асырылады

    2. Хлорлау

    3. Оттегімен қанықтыру

    4. Натрийгидрохлориді

    5. Фторлау






Реагенттік өңдеуді қандай мақсаты үшін қолданады? ([61],6.259-т.)

    1. Ірі дисперстік коллоидты және ерітілген қоспаларды жою процесін жеделдету үшін, хром және циан қосылған сарқынды суларды зарарсыздандыру үшін

    2. Құмды жою үшін

    3. Хлорды жою үшін

    4. Фторды жою үшін

    5. Белсенді көмірді жою үшін






Қандай мақсат үшін тазарту құрылыстардың құрамында биологиялық тоғандарды көздеген жөн? ( [61],6.198-т.)

    1. Тазарту және тереңдетіп тазарту үшін

    2. Қамыс өсіру үшін

    3. Суару үшін

    4. Рекреациялық аймақтар құру үшін

    5. Балықтарды өсіру үшін






Баяу сүзгілердің қандай саны қабылдануға тиіс? Сүзгінің ені мен ұзындығы қандай болуға тиіс?([62], 9.137-т.)

    1. 3 кем емес, 6 м аспайтын, 60 маспайтын

    2. 2кем емес, 6,5 маспайтын, 65 маспайтын

    3. 3кем емес, 6,5 маспайтын, 65 маспайтын

    4. 3кем емес, 7 маспайтын, 70 маспайтын

    5. 2кем емес, 6 маспайтын, 60 м аспайтын






Бір топтағы жұмыс агрегаттарының саны – 6 дейін болған кезде сумен жабдықтаудың I, II және III санаттары үшін сорғы станциясындағы резервтік агрегаттардың қанша санын көздеу қажет? ([62], 1.0.3-т.)

    1. I санат – 2 агрегат, II санат – 1агрегат және III санат – 1агрегат

    2. I санат – 2 агрегат, II санат – 2агрегата және III санат – 2агрегат

    3. I санат – 2 агрегат, II санат – 2агрегата және III санат – 1агрегат

    4. I санат – 2 агрегат, II санат – 1агрегат

    5. I санат – 1 агрегат, II санат – 1агрегат және III санат – 1агрегат






І санаттағы сумен жабдықтау жүйелерінің құбырларында салу тереңдігі 2 м дейін және 2 м астам Ø400 мм дейінгі құбырлар үшін аварияларды жоюдың есепті уақыты қандай? ([62], 11.4-т.)

    1. 8 сағ.және 12 сағ.

    2. 1 сағ.және 13 сағ.

    3. 1сағ.және 14 сағ.

    4. 6 сағ.және 10 сағ.

    5. 7 сағ. және 11 сағ.






Су құбырларын 2 және 1 желімен салу кезінде жөндеу учаскелерінің қандай ұзындығын алған жөн? ([62], 11.10-т.)

    1. 5 км және 3 км

    2. 4 км және 4 км

    3. 6 км және 4 км

    4. 6 км және 3 км

    5. 5 км және 4 км






Ø400 мм дейінгі 2 болатты су құбырларын қатар салу кезінде жоспарда құбырлардың сыртқы беттерінің арасындағы қашықтық қанша болуға тиіс? ([62], 11.50-т.)

    1. 0,7 м, 0,9 м және 1,2 м

    2. 1,0 м, 1,2 м және 1,5 м

    3. 0,8 м, 1,0 м және 1,3 м

    4. 0,9 м, 1,1 м және 1,3 м

    5. 0,6 м, 0,8 м және 1,1 м






Сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелері сумен қамтамасыз ету дәрежесі бойынша қанша санаттарға бөлінеді? ([62], 7.4.-т.)

    1. 3

    2. 2

    3. бөлінбейді

    4. 15

    5. 5






Ғимараттардың ішінде ашық салынған құбырлардан жанатын сұйықтықтар мен газ бар құбырларына дейінгі қашықтық кемінде ([106], 3.3.1.3.-т.)

    1. 250 мм;

    2. 450 мм;

    3. 150 мм;

    4. 300 мм;

    5. 100






Еденде көрінбейтіндей салынған кезде болатты құбырлар кемінде ... қашықтыққа тереңдетілуі тиіс ([106], 3.3.6.8.-т.)

    1. 20мм

    2. 50мм

    3. еден қалыңдығы

    4. цементтік-құм тартпаның қалыңдығы

    5. 100мм






Еденге салынған пластмасса құбырларындағы электр сымдарының цех ішіндегі көліктің трассаларымен қиылысатын жерлерде механикалық зақымданудан қорғауды бетонның ... қалыңдығы болған кезде орындау талап етілмейді ([106], 3.3.7.4.-т.)

    1. 100 мм және одан астам

    2. 100 мм және одан кем

    3. 80 мм

    4. 50 мм

    5. 60 мм және одан астам






Кәбілдердің ғимараттарға кіргізілуі, кәбілдік құрылыстар және басқа да үй-жайлар қалай орындалуға тиіс? ([106], 3.4.1.12.-т.)

    1. арыны жоқ асбестоцемент құбырларында, темірбетон конструкциялардың фактураланған қуыстарында.

    2. болатты құбырларда

    3. поливинилхлоридті құбырларда

    4. орны бойынша тесілген қуыстарда

    5. іргетас табанының астында






Асқын кедергілерді шектегіштерді пайдалану алдында және пайдалану процесінде ... өлшеу жүргізілуге тиіс([106], 3.7.6.5.-т.)

    1. өткізу тогын

    2. температураны

    3. кедергіні

    4. кернеуді

    5. индукцияны






Тасымалдау және сақтау кезінде машина зауытта жинақталғаннан кейін зақымданбай және ластанбай қалуына сенімділік болмаған жағдайда, машинаны бөлшектеу қажеттілігі мен дәрежесі ... жасаған актімен анықталуға тиіс ([106], 3.8.1.3.-т.)

    1. тапсырыс берушінің және электр монтаждау ұйымының құзыретті өкілдері

    2. тапсырыс берушінің және шығарушы кәсіпорынның құзыретті өкілдері

    3. электр монтаждау ұйымының және шығарушы кәсіпорынның құзыретті өкілдері

    4. тапсырыс берушінің және жобалау ұйымының құзыретті өкілдері

    5. электр монтаждау ұйымының жәнежобалау ұйымының құзыретті өкілдері






Жасаушы зауыт пломба салған сығымдағыштар монтаждау орнында бөлшектелуге және тексерілуге жатады ма? ([106], 3.7.12.1.-т.)

    1. Жатпайды.

    2. Жатады, бұл міндетті шарт.

    3. Жатады, корпусының зақымдалуы болған кезде.

    4. Жатады, жылытылмайтын қоймаларды ұзақ мерзім сақталған кезде.

    5. Жатады, консервациялайтын жабындыларды алу үшін.






Монтаждалған сығымдағыш агрегаттар жасаушы зауыттың нұсқамаларының талаптарына сәйкес ... бірге сынақтан өтуі тиіс ([106], 3.7.12.2-т.)

    1. … автоматты басқару, бақылау, дабыл беру және қорғау жүйелерімен

    2. …электрмен қоректендіру, майлау және сумен салқындату жүйелерімен

    3. …электрмен қоректендіру, автоматты басқару, және сумен салқындату жүйелерімен

    4. …электрмен қоректендіру, бақылау және дабыл беру жүйесімен

    5. … дабыл беру және қорғау жүйесімен






Жабдықтың іргетаста орналасуын реттеп қойғаннан кейін оның тірек үсті барлық тірек элементтеріне тығыз орналасуы тиіс, ал тұрақты тірек элементтері (бетон төсемелері, металды салымдар және т.б.) – іргетастың үстіне орналасуы тиіс, ол қалыңдығы ... қуыс бұрғымен бақыланады ([119], 6.2.5-т.)

    1. 0,1мм

    2. 0,2мм

    3. 0,3мм

    4. 0,5мм

    5. 1мм






Қабырғада ашық салынған және электр сымдарымен қатар өтетін сым арқылы хабар тарату желісі сымдарының арасындағы ең аз қашықтық кемінде ... құрауға тиіс: ([118] 6.3.10-т.)

    1. 25 мм.

    2. 20 мм

    3. 50 мм

    4. 30 мм

    5. 22 мм






Күзет жүйесінің, қауіпті дабыл қағу жүйесінің техникалық құралдарын және күзет постары байланыстарының құралдарын электрмен жабдықтаудың қандай санатына жатқызған жөн: ([118] 6.3.10-т.)

    1. I санатқа

    2. I I санатқа

    3. I I I санатқа

    4. Ерекше санатқа

    5. Ерекше және V санатқа






СКУД қоректену көзінің атаулы кернеуі ... құрауға тиіс: ([118] 12.7.3-т.)

    1. 12 В немесе 24 В

    2. 12 В

    3. 36 В

    4. 220 В

    5. 12 В немесе 220 В






Кросстық (серверлік) үй-жайды мынадай үй-жайлардың астында орналастыруға жол берілмейді: ( [118] 5.6.2-т.)

    1. олардан кросстық (серверлік) үй-жайды су басу мүмкіндігі бар

    2. трансформаторлық шағын станциялар

    3. жылу және су өлшеу тораптары және күштік кәбілдерді кіргізу орындары.

    4. санитарлық тораптар

    5. спортзалдары






Жедел байланыс жүйесінің негізгі міндеті ... қамтамасыз ету болып табылады:([118] 14.1.1-т.)

    1. байланыс пунктерінің және қарап тексеру пунктерінің арасында дереу аудио байланысты

    2. қарап тексеру пунктінен жедел аудио хабар таратуды

    3. қарап тексеру пунктінен жедел аудио хабар таратуды

    4. байланыс пунктінен жедел аудио хабар таратуды

    5. байланыс пунктінің және диспетчерлік пунктінің арасында жедел аудио байланысты

    6. диспетчерлік пункттен жедел аудио хабар таратуды






Өткізгіш потенциалдардың теңдігіне қол жеткізу үшін оларды электр қосу ... деп аталады: ([66] 2-43-т.)

    1. потенциалдарды теңдестіру

    2. потенциалдарды түзету

    3. қорғаныш автоматты ажырату

    4. потенциалды алу

    5. қорғаныш жерге қосу






Электр қондырғыдағы кернеудің қандай деңгейінде жанама жанасу кезінде қорғанышты барлық жағдайларда орындаған жөн? ([66] 148-т.)

    1. 42 В айнымалы және 110 В тұрақты ток

    2. 42 В тұрақты және 110 В айнымалы ток

    3. 24 В айнымалы және 60 В тұрақты ток

    4. 220 В айнымалы және 110 В тұрақты ток

    5. 220 В айнымалы және 220 тұрақты ток






Потенциалдарды теңдестірудің негізгі жүйесі өткізгіштерінің қимасы кез келген жағдайда кемінде ... болуға тиіс: ([66] 229-т.)

    1. мыс - 6 мм2, алюминий - 16 мм2, болат - 50 мм2

    2. мыс - 16 мм2, алюминий - 32 мм2, болат - 50 мм2

    3. мыс - 4 мм2, алюминий - 10 мм2, болат - 32 мм2

    4. мыс - 10 мм2, алюминий - 16 мм2, болат - 32 мм2

    5. мыс - 6 мм2, алюминий - 32 мм2, болат- 120 мм2






Потенциалдарды теңдестірудің негізгі жүйесі өткізгіштерінің қимасы... кем болмауға тиіс: (ПУЭ 2013 229-т.)

    1. Электр қондырғының қорғаныш өткізгішінің ең ауқымды қимасының жартысынан

    2. Электр қондырғының фазалық өткізгішінің қимасының жартысынан

    3. Электр қондырғының нөлдік жұмыс өткізгішінің қимасының жартысынан

    4. Қима нормаланбайды

    5. Электр қондырғының ең ауқымды қорғаныш өткізгішінің екі қимасының мөлшерінен






Жылжымалы электр қондырғыларын стационарлық электр желісінен қоректендіру кезінде нөлдік жұмыс және қорғаныш өткізгіштерін бөлу, әдетте, қай жерде орындалады? ([66] 248-т.)

    1. Қондырғыны қоректену көзіне қосу нүктесінде

    2. Арнайы бөлу құралдың (коннектордың) көмегімен

    3. Жылжымалы электр қондырғының ішінде

    4. Бөлуге жол берілмейді

    5. Электр қондырғыдан тыс кез келген нүктеде






110-220 кВ кәбілдік май толтырылған желілердің және пластмассамен оқшауланған кәбілдік желілердің жоспарланған белгіден кемінде ... салу тереңдігі болуға тиіс ([66] 435-т.):

    1. 1,5 м

    2. 0,7 м

    3. 1,0 м

    4. 1,2 м

    5. 1,75 м






Кәбілдік желілерді қатарлас салу кезінде 20-35 кВ кәбілдер арасында жарықта көкжиек бойынша қашықтық кемінде ... болуға тиіс ([66] 436-т.):

    1. 250 мм

    2. 100 мм

    3. 200 мм

    4. 300 мм

    5. 500 мм






ӘЖ III–V санаттардағы автомобиль жолдарымен қиылысқан кезде ең жоғары салбырау жебесі кезінде ӘЖ сымдарынан жолдардың өту бөлігіне дейін қашықтық кемінде... болуға тиіс: ([66] 577-т.)

    1. 6 м

    2. 7 м

    3. 1 м

    4. 5 м

    5. 10 м






ӘЖ автомобиль жолдарымен қиылысқан және жақындасқан кезде ЭЖ сымдарынан жол белгілеріне және олар ілінген тростарға дейін қашықтық кемінде ... болуға тиіс: ([66] 578-т.)

    1. 1

    2. 0,7 м

    3. нормаланбайды

    4. 2 м

    5. 0,4 м






Табиғи жерге қосу ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін емес: ([66] 205-т.)

    1. Кәбілдердің алюминий қаптамалары

    2. Жермен жанасатын ғимараттар мен құрылыстардың металл және темірбетон конструкциялары, оның ішінде агрессивті емес, әлсіз агрессивті және орта агрессивті орталарда қорғаныш гидро оқшаулау жабындылары бар темірбетон іргетастар

    3. Жерге салынған металды су құбырлары

    4. Рельстер арасында әдейі орнатылған маңдайшалар болған кезде магистральдық электрленбеген темір жолдардың рельстік жолдары және кірме рельстік жолдар

    5. Күштік кәбілдердің болат қаптамалары.






Жасанды жерге қосқыштар не болып табылады? ([76] 3-т.)

    1. көлденең және тік өткізгіштерден тұратын тілімді және дөңгелек болаттан жасалып шоғырланған конструкциялардың жерге арнайы салынған контурлары

    2. ғимараттар мен құрылыстардың жерге тереңдетілген металды және темірбетон конструкциялары

    3. найзағайдың түсуінен қорғауға арналған ғимараттың ток өткізгіш элементі

    4. оның ішінде ғимарат немесе құрылыс найзағайдың тікелей түсуінен белгіленген мәнінен төмен емес сенімділікпен қорғалған кеңістік

    5. найзағай токтарын жерге жіберуге арналған бір немесе бірнеше жерге тереңдетілген өткізгіштер






Кәбілдік кәріз құбырларының құрылыстары үшін материалдардың мынадай түрлеріне жол беріледі ме: ([63] 6.4.9.-т.)

    1. барлық жауаптар дұрыс

    2. ішкі диаметрі 100 ммасбестцементтік құбырлар

    3. сыртқы диаметрі 63 мм және 110 мм қайталама полиэтиленнен құбырлар

    4. ішкі диаметрі 90-100 мм бетонды құбырлар

    5. ішкі диаметрі 100-150 мм бетонды құбырлар






Сіздің пікіріңізше, технологиялық процестерді автоматтандырудың техникалық құралдарына не жатады? ([69], 3.2-т)

    1. аспаптар, реттегіштер, функционалдық блоктар, орындау механизмдері, реттегіш органдар (бұдан әрі – аспаптар), сондай-ақ электр аппараттары, қалғандар, пульттар, кешендер және т.б. автоматтандыру құралдары

    2. өлшеу аспаптары

    3. механикалық аспаптар

    4. электраппараттары

    5. барлық санамаланғандар






Технологиялық процестерді автоматтандырудың негізгі жинағының маркасының сызбалары қалай белгіленеді? ([69], 4.1.3)

    1. ТПА

    2. ТХ

    3. КА

    4. АТ

    5. бірде біреуі емес






Технологиялық процестерді автоматтандыру маркасының сызбаларында автоматтандыру схемасы қалай орындалады? ([69], 4.3.5)

    1. екі тәсілмен: кең ауқымды және оңайлатылған

    2. кең ауқымды тәсіл

    3. күрделі тәсіл

    4. оңайлатылған тәсіл

    5. бірде біреуі емес






Электрмен жабдықтау уақытша ажыратылған кезде ДЭС авариялық жарықтандыру жүйесі қаншауақыт ішінде жарықпен қамтамасыз етуге тиіс? ([67], 5.5.3-т)

    1. 30 минут

    2. 60минутқа дейін

    3. 15минут

    4. 2 сағат

    5. 8 сағат






ДЭС жұмыс жарықтандыру жүйесі үшін… қолдану қажет ( [67], 5.5.13-т.)

    1. жарықтың газ разрядты көздерін

    2. жарылыстан қорғалған шамдарды

    3. люминесценттік шамдарды

    4. жарықтың энергия үнемдеуші көздерін

    5. жарық диодты шамдарды






ДЭС күзет жарықтандыру жүйесі үшін ... пайдалану ұсынылмайды ( [67], 5.5.14-т.)

    1. ДРЛ шамдары бар жарықтандырғыштарды

    2. жарылыстан қорғалған шамдарды

    3. люминесценттік шамдарды

    4. жарықтың энергия үнемдеуші көздерін

    5. жарық диодты шамдарды






Қабылдау-бақылау аспаптарын ... үй-жайда орнатқан жөн ([64]13.44-т.)

  1. кезекші персонал тәулік бойы болатын

  2. кез келген үй-жайда

  3. серверлік және кросстық

  4. электр қалқанды

  5. диспетчерлік және күзет үй-жайларында






Түтіндемейтін баспалдақ торлары тұрғын ғимараттарда өртке қарсы құрылғыларды, эвакуациялық және авариялық жарықтандыруды қоректендіруді қалай орындаған жөн? ([65] 5.9-т.):

    1. дара қалқаннан немесе АВР құрылғысы бар сыртқы қоректендіруші желілерге қосылған желілерімен жеке панельден

    2. дара қалқаннан немесе АВР құрылғысы бар таратушы КТҚ шығатын желілеріне қосылған желілерімен жеке панельден

    3. АВР құрылғысы бартаратушы КТҚ шығатын желілеріне қосылған желілерден

    4. таратушы КТҚ шығатын желілеріне қосылған желілермен

    5. трансформаторлық шағын станциялардан дербес желілермен






Тұрғын ғимараттардың пәтерлерінде пәтерлердің қоректендіруші желілерінің тікқұбырларын, баспалдақ жарықтандырудың топтық желілерін салуға жол беріледі ме ([65]; 12.10-т.):

    1. жол берілмейді

    2. жол беріледі

    3. қораптарда салу кезінде жол беріледі

    4. көрінбейтіндей салу кезінде жол беріледі

    5. ылғалды технологиялық процестері бар үй-жайлардан басқа барлық үй-жайларда жол беріледі






Көлік тоннельдерінде жарықтандырғыштардың орналасу биіктігі кемінде ... болуға тиіс ([68] И қосымшасы):

    1. 4 м

    2. 5 м

    3. 3 м

    4. 1,8 м

    5. 2,8 м






Қандай нормативтік құжатқа сәйкес құрылыс алаңшасында стандартталған материалдарды тасымалдауды, сақтауды және оларды монтаждау аймағында уақытша орналастыруды орындаған жөн? ([60], 4.8-т.)

    1. осы материалдарға МЕМСТ және ТШ талаптарына сәйкес

    2. жасаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес

    3. ҚНжЕ талаптарына сәйкес

    4. тасымалдау және сақтау қағидаларына сәйкес

    5. ЖЖЖ -да әзірленген қағидаларға сәйкес






Құрылыс-монтажжау жұмысын орындаушының дұрыс орналастырылмаған және сақталмаған материалдар мен бұйымдарды пайдалануы құрылыстың сапасына зиян келтірмей оларды қолдану мүмкіндігі туралы мәселені ... шешкенге дейін тоқтата тұруға тиіс ([60], 4.8-т)

    1. тапсырыс беруші

    2. мемлекеттік бақылау органдары

    3. жұмыстарды орындаушы

    4. жоғарыда санамаланған органдардан құрылған комиссия

    5. жасаушы зауыт






Құрылыс алаңшасында бұйымды (конструкцияны) орналастыру тәртібі ([60], 4.9-т.)

    1. маркалары бойынша сұрыптау және монтаждау кезектілігін ескере отырып, жайластыру керек

    2. жасаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес

    3. ЖЖЖ -да әзірленген нұсқаулар бойынша

    4. жұмыстардың орындаушының қарауы бойынша

    5. құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) нұсқаулары бойынша






Құрылыс-монтаждау жұмыстарының процесінде еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің нормаларын сақтау үшін машиналар жұмысының орындары қамтамасыз етіліп белгіленуі тиіс: ([105], 3.5-т)

    1. жұмыс және маневр жасау аймағын қарауға жеткілікті кеңістік

    2. өтуге қажетті кеңістік

    3. шығуға қажетті кеңістік

    4. тиеу-түсіруге жеткілікті кеңістік

    5. айналып өту мүмкіндігіне жеткілікті кеңістік






Құрылыстағы техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі номалар мен қағидаларға сүйене отырып, жұмыс істеп тұрған (іске қосылған) машинаны қадағалаусыз қалдыруға([105], 3.7-т.)

    1. жол берілмейді

    2. жол беріледі

    3. шұғыл жұмыс жағдайларында жол беріледі

    4. егер машина тұрмыстық бөлменің жанында болса, ішінара жол беріледі

    5. қыс кезінде жол беріледі






Жасаушы зауыттың жобасында немесе нұсқаулығында ерекше нұсқаулар болмаған кезде құрылыстағы еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі номаларына және қағидаларына сүйене отырып ғимараттардың қабырғаларына ағаштардың бекітпесі ... жүзеге асырылуы тиіс: ([105], 4.3-т)

    1. шеткі тіректер үшін кемінде бір ярустан кейін, жоғарғы ярус үшін екі аралықтан кейін және ғимараттың қасбетіне ағаштар бетікескінінің әрбір 50 м2 бір бекітпеден

    2. шеткі тіректер үшін кемінде екі ярустан кейін, жоғарғы ярус үшін екі аралықтан кейін және ғимараттың қасбетіне ағаштар бетікескінінің әрбір 50 м2 бір бекітпеден

    3. шеткі тіректер үшін кемінде бір ярустан кейін, жоғарғы ярус үшін екі аралықтан кейін және ғимараттың қасбетіне ағаштар бетікескінінің әрбір 100 м2 бір бекітпеден

    4. шеткі тіректер үшін кемінде үш ярустан кейін, жоғарғы ярус үшін екі аралықтан кейін және ғимараттың қасбетіне ағаштар бетікескінінің әрбір 50 м2 бір бекітпеден

    5. шеткі тіректер үшін кемінде бір ярустан кейін, жоғарғы ярус үшін біраралықтан кейін және ғимараттың қасбетіне ағаштар бетікескінінің әрбір 50 м2 бір бекітпеден






Жұмыс жүргізуші немесе шебер қабылдағаннан және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің нормаларын сақтауға арналған жұмыстардың журналында тіркегеннен кейін қандай биіктіктегі ағаштар мен мінбелерді пайдалануға жол беріледі? ([105], 4.6-т.)

    1. биіктігі 4 м дейін

    2. биіктігі2 мдейін

    3. биіктігі 5 м дейін

    4. биіктігі 10 м дейін

    5. биіктігі8 м дейін





Пайдалану процесінде ағаштарды құрылыстағы техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі номалар мен қағидаларға сүйене отырып, прораб немесе шебер... сирек емес қарауға тиіс: ([105], 4.7-т.)

    1. 10 күннен

    2. 2 күннен

    3. 7 күннен

    4. 30 күннен

    5. 15 күннен






Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің нормаларын сақтау үшін топырақты әзірлеу, тасымалдау, түсіру, жоспарлау және тығыздау кезінде бір бірінен кейін жүріп келе жатқан екі және одан көп өздігінен жүретін немесе тіркемелі машиналардың арасында қашықтық қанша болуға тиіс? ([105], 9.24-т.)

    1. 10 м кем емес

    2. 10 м аспайтын

    3. 5 м аспайтын

    4. 20 м кем емес

    5. 15 м кем емес






Ғимараттың қабырғасын қалау кезінде жұмыс төсемесінен қандай биіктікте және көтерілетін қабырғаның сыртындағы оның деңгейінен жердің (жабынды) үстіне дейін қандай қашықтықта құрылыстағы техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі номалар мен қағидаларға сүйене отырып, ұжымдық қорғау құралдарын (шектеуші немесе ұстаушы құралдарды) немесе сақтандырғыш белдіктерді қолдану қажет? ([105], 10.2-т.)

    1. жұмыс төсемесінен 0,7 м дейінгі биіктікке және көтерілетін қабырғаның сыртындағы оның деңгейінен жердің (жабынды) үстіне дейін 1,3 м астам қашықтыққа

    2. жұмыс төсемесінен 0,5 м дейінгі биіктікке және көтерілетін қабырғаның сыртындағы оның деңгейінен жердің (жабынды) үстіне дейін 1,3 м астам қашықтыққа

    3. жұмыс төсемесінен 1,0 м дейінгі биіктікке және көтерілетін қабырғаның сыртындағы оның деңгейінен жердің (жабынды) үстіне дейін 1,0 м астам қашықтыққа

    4. жұмыс төсемесінен 0,5м дейінгі биіктікке және көтерілетін қабырғаның сыртындағы оның деңгейінен жердің (жабынды) үстіне дейін 1,0 м астам қашықтыққа

    5. жұмыс төсемесінен 1,5 м дейінгі биіктікке және көтерілетін қабырғаның сыртындағы оның деңгейінен жердің (жабынды) үстіне дейін 1,5 м астам қашықтыққа






Құрылыстағы техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі номалар мен қағидаларға сүйене отырып, қабатаралық жабындының тіреу конструкцияларын, сондай-ақ баспалдақ торларында алаңшалар мен сатыларды орнатпастан кейінгі қабаттың ғимарат қабырғаларын қалауға жол беріледі ме? ([105], 10.4-т.)

    1. жол берілмейді

    2. жол беріледі

    3. қалыпты геологиялық жағдайлары бар аудандарда жол беріледі

    4. 7 баллов сейсмикалық белсенділігі 7 балл аудандарда жол беріледі

    5. 7 баллов сейсмикалық белсенділігі 8 балл аудандарда жол беріледі






Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің нормаларын сақтау үшін қауғадан немесе бункерден бетонды төсеу кезінде қауғаның немесе бункердің төменгі жиегінің және бұрын төселген бетонның немесе бетон төселетін үстінің арасындағы қашықтық қанша болуға тиіс? ([105], 11.16-т.)

    1. 1 м аспайтын

    2. 0,5 маспайтын

    3. 1,5 м аспайтын

    4. 0,8 м аспайтын

    5. 2,0 м аспайтын






Құрылыстағы техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі номалар мен қағидаларға сүйене отырып, конструкциялардың және жабдықтардың элементтерінде оларды көтеру немесе жылжыту кезінде адамдардың болуына жол беріледі ме? ([105], 12.8-т)

    1. жол берілмейді

    2. монтаждау жұмыстарын орындайтын адамдардың болуына жол беріледі

    3. ілушілерге жол беріледі

    4. монтаждауды қауіпсіз жүргізуге және жүктерді крандармен жылжытуға жауапты адамдарға жол беріледі

    5. дабыл берушіге жол беріледі


жүктеу 20,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау