Сәуір Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе


мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар



жүктеу 268,5 Kb.
бет3/4
Дата19.11.2018
өлшемі268,5 Kb.
#20765
1   2   3   4

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында облыс бойынша Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар, шерулер ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, 1 мамыр күні барлық аудандар мен Тараз қаласында этномәдени орталықтар, еңбек ұжымдары, ЖОО студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік шерулер, театрландырылған көріністер, мәдени көпшілік серуендері мен жергілікті өнер шеберлерінің мерекелік концерттері өткізілді. Облыс орталығында өткен мерекелік шеруге 40 мыңға жуық адам қатысып, ел арасындағы достық, бірлік, келісім, тұрақтылық қағидалары паш етілді. Облыстағы барлық мәдениет мекемелерінде жоспарға сәйкес мәдени іс-шаралар, шерулер, акциялар жүйелі түрде аталып өтті. Облыс елді мекендері мен Тараз қаласында мерекелік іс-шара өтетін орындар, көшелер, алаңдарға «Татулықтың тұтқасы–бірліктің белгісі!», «Менің Тәуелсіз Қазақстаным!», «Бейбітшілік пен тұрақтылық– Қазақстан таңдауы» т.б. қанатты сөздер жазылған кермелер, билбордтар ілініп, безендірілді. Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда өткен мерекелік іс-шаралар кезінде өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары таныстырылды.

Осындай достық шерулері барлық аудандарда да өтті. Қордай ауданында мерекелік шеру «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өтіп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығының әрбір айының тақырыптық ерекшеліктерін ашып көрсетуге арналды.

Осы күні Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандарында халықтар достығын, ынтымақтастығы мен бірлігін насихаттайтын «Бірлігіміз жарасқан. 20 жыл – тек қана алға!», «Достығымның айнасы – тәуелсіз Қазақстан!», «Еліміз - достық пен татулық мекені», «Ынтымағы жарасқан Сарысуым!» атты мәдени-көпшілік және спорттық шаралар, достық фестивальдері өткізілді.

Мереке қарсаңында облыстағы этномәдени орталықтары мен «Нұр Отан» ХДП-ның барлық деңгейдегі филиалдары бірлесіп «Достықтың алтын көпірі», «Бейбітшілік пен келісім», «Бірлік – біздің туымыз!», «Тілі басқа жүрегі бір, елім деп соққан жүрегі бір» тақырыптарында «дөңгелек үстелдер», байқаулар, көрмелер, ақындар айтысы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде облыстық М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі Меркі ауданында «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында ұйғыр мәдениеті күнін, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Этносаралық және дінаралық төзімділік – Қазақстан қоғамының 20 жылдық тәуелсіздігі барысында табысты дамуының кепілі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық ұлт өкілдерінің қатысуымен қазақстандық патриотизм негізінде халықтың бірлігі, ізгілік, татулық пен келісім идеяларын насихаттау мақсатында мүгедектерді сауықтыру орталығы мен М.Әуезов атындағы кітапханада Бірлік мерекесіне арналған «Ынтымағы жарасқан тату елміз» атты тақырыптық кештер, Тараз қаласындағы № 48 және 30 мектептеріндегі Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін құрудағы Елбасының айрықша рөлін түсіндірді. Ал, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мектепке дейінгі өзге ұлт бүлдіршіндерінің арасында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және оның бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған «Қазақшаң қалай, балақай?» атты облыстық байқауын ұйымдастырды. Сондай-ақ, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жастардың бойына отансүйгіштік пен ұлтжандылықты қалыптастыруға бағытталған «Тәуелсіздіктің құрдастары!» атты облыстық жастар форумын өткізді.

Жалпы облыс бойынша Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай өткізілген іс-шараларға 300 мыңға жуық адам қамтылды.
9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар
9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне арналған іс-шаралар, шерулер, митингілер, патриоттық әндерді орындаушылардың байқаулары жоғары деңгейде өтті.

Аталған мерекеге орай облыс орталығында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуымен әскери шеру өткізіліп, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткіштері мен Даңқ монументтеріне гүл қою рәсімдері және отшашулар ұйымдастырылды.

Облыста Жеңістің 66 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне (632) адам), Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған әскери жауынгерлердің жесірлеріне (38 адам) әлеуметтік қолдау көрсетілді. Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған «Қалайсыз ардагер?», облыстық М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі «Қамқор» атты қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырды.

Мәселен, Қордай ауданында 77 ҰОС ардагеріне 25 000 теңгеден, барлығы 1925,0 мың теңге телевизиялық сандық хабарларды қабылдайтын қондырғылармен қамтамасыз етуге және де әрқайсысына 50 000 теңгеден ақшалай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 342 адамға, оның ішінде 15 Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған әскери жауынгерлердің жесірлеріне, ҰОС қатысушыларға, теңестірілгендерге, Ауған соғысы мен Чернобыль апатына қатысушыларға 6000 теңгеден берілді. Барлығы аудандық бюджеттен 5 млн. 926 мың теңге бөлінді.

Мойынқұм, Шу аудандарында ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 50000 теңгеден, Жамбыл ауданында 40000 теңгеден, Сарысу ауданында 20000 теңгеден, Тараз қаласы және Жуалы, Мерке, аудандарында 15000 теңгеден, Т.Рысқұлов, Талас аудандарында 10000 теңгеден берілді.

Жалпы, облыс бойынша ҰОС ардагерлері мен Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған әскери жауынгерлердің жесірлеріне 20 млн. 173 мың 600 теңгеге ақшалай және заттай көмектер көрсетілді.

2011 жылы Тараз қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының 14 ардагеріне жаңа пәтер берілді.

Жалпы, облыста Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған 300-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 76 мыңнан астам адам қатысты.

Сонымен қатар, Байзақ аудандық мәдениет үйінде өткен «Жеңіс – қастерлі ұғым» атты тақырыптық кеш, соғыс ардагерлері мен интеллигенция өкілдерінің «Батырлар аллеясына» гүл қою рәсімімен басталып, тақырыпты өлеңдер оқылып, әндер айтылды. Бұл күні «Жеңісті мен жырлаймын!» атты алдын ала жарияланған байқаудың да қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Жамбыл ауданының орталық алаңына жиналғандар аудандық мәдениет үйінің «Дарын» халықтық жастар театры дайындаған жергілікті драматург Б.Қилыбаевтың «Қырқыншы дастархан» атты қойылымы мен концерттік бағдарламасын тамашалады.

Тараз қаласының «Достық» алаңында өткен іс-шара офицерлер вальсімен басталып, облыс әкімі өзінің құттықтауын арнаса, соңынан Оңтүстік өңірлік қолбасшысының қатысуымен әскери шеру мен қала өнерпаздарының концерті тамашаланды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Мен Отанды қорғауға дайынмын!» атты әскери қатарына шақырылатын жастардың слеті
2011 жылдың 28 мамырында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Жастар орталығы» КМҚК-ның ұйымдастыруымен «Жеңіс» саябағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Мен отанды қорғауға дайынмын!» атты жастар слеті өтті.

Шара барысында жастардың жекпе-жек көрсетілімі, автоматты шашып жинау, мергендер сайысы, және арқан тарту болды. 5 мектеп өз араларында сайысқа түсті.

Жалпы арқан тарту бойынша қатысқан мектептер: №1 мектеп, №33 мектеп, №41мектеп, №44 мектеп, №49 мектеп.

Арқан тарту бойынша бірінші орынды иеленген №41мектеп, 2 орын иеленген №49 мектеп, 3 орын иеленген №1 мектеп.

Мергендер сайысы: 1-орын иеленген №1 мектеп 87 ұпай, 2-орын иеленген №33 мектеп 85 ұпай, 3-орын иеленген №41 мектеп 83 ұпай.

Ең үздік мерген Ариков Халмат №33 мектеп

Ең үздік мерген мұғалім Сұлтанов Жұмаділ №49 мектеп.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Н.Тілендиев атындағы «Кел еркем, Алатауыңа» атты республикалық әншілер мен күйшілер конкурсы
Ағымдағы жылдың мамыр айының 25-26 күндері Байзақ аудандық мәдениет үйінде Н.Тілендиев атындағы ІІІ Республикалық «Кел, еркем, Алатауыңа!» атты әншілер және күйшілер конкурсы өтті.

Дауылпаз дирижер, күйші Н.Тілендиевтің Халықаралық, Республикалық деңгейде орындалып жүрген шығармаларын халық арасында кеңінен тарату, жеткізу мақсатында өткен конкурсқа 35 адам қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша:

Ән номинациясы бойынша бас жүлде - Д.Диханбаева (Жамбыл облысы), І орын - Г.Жұмабай (Алматы қаласы), ІІ орын - Т.Абуғазин (Алматы қаласы), ІІІ орын -С.Байсейітова (Қызылорда облысы) мен Т.Пиязов Тимур (Алматы қаласы) иеленді.

Күй номинациясы бойынша бас жүлде тағайындалмады.

І орын - Т.Нұрғали (Астана қаласы), ІІ орын - Д.Нұрбаева (Алматы қаласы), ІІІ орын - Ә.Тәшімов (Алматы қаласы), ІІІ орын – Н.Бахытбек (Алматы қаласы) иеленді.

Іс-шараның соңынан конкурстың ІІ кезеңіне қатысқан өнерпаздардың қатысуымен Гала концерт ұйымдастырылды.
«Үздік мұғалім» облыстық байқауы
20-21 мамыр күндері рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игерген, жеке тұлғасы жан-жақты дамыған педагогтарды анықтау мақсатында облыстық «Үздік мұғалім» байқауы өткізілді.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені - Меркі ауданы, №17 Трубицын атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есімбекова Айнұр Әділбекқызы иеленсе, І орынды - Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меркібаева Айнұр Бейшенбекқызы, ІІ орынды - Байзақ ауданы, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қошқарбаева Гүлбакира Тортайқызы, ІІ орынды - Шу ауданы, «Жібек жолы» лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Адамбекова Лейла Токмухамбетқызы, ІІІ орындарды - Сарысу ауданы, Ж.Отарбаев атындағы орта мектебінің химия-биология пәні мұғалімі Абдуллаева Кенжекүл Сейітханқызы; Т.Рысқұлов ауданы Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейісбаева Айнұр Оразқызы; Тараз қаласы, №1 гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Тен Инна Валерьевна иеленді.

Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай облыстық Дельфийлік ойындары
2011 жылғы 18 мамырда облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Жастар орталығы» КМҚК-ның ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бас ғимаратының акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбындағы VІІ облыстық жастар Дельфийлік ойындар болып өтті.

VІІ облыстық жастар Дельфийлік ойындары номинациялары бойынша қаламыздың М.Х.Дулати атындағы Тараз мемілекеттік университеті (бас ғимаратының 2 қабатындағы концерт залы, холл және компютерлік интернет кабинеті), Қалалық мәдениет үйі, «Облыстық қазақ драма театры», Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде (5 қабаттағы оркестрлік залы) өткізілді. Конкурсқа аудандардан (Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Мойынқұм, Шу) және Тараз қаласынан 500-ден аса үміткерлер қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбындағы VІІ облыстық жастар Дельфийлік ойындарын Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқарма бастығының орынбасары Рахманбердиев Рахметілда Сегізбайұлы қорытындылап, жеңімпаздарды құттықтады. VІІ облыстық жастар Дельфийлік ойындарының наминациялары бойынша қазылар алқасының төрағалары жеңімпаздарды диплом, Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.  

         Конкурстың мақсаты: Облыстың дарынды талантты жастарын қолдау және таныту, дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан Дельфийлік ойындар өнерінің жоғары форумы идеясын іс жүзінде дамыту, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеп, басқа да елдердің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.

Конкурс екі жас санаты бойынша жүргізілді: Кіші топ 10-15 жас; үлкен топ 16-21 жас. Академиялық ән айту: кіші топ 16-20;   үлкен топ 21-25.



Конкурсты ұйымдастырушылар: «Нұр Отан» ХДП-ның Жамбыл облыстық филиалы, облыс әкімдігі, Тараз қаласының әкімдігі, облыс әкімдігінің мәдениет басқармасы, облыс әкімдігінің білім беру басқармасы, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Жастар орталығы» КМҚК.

         Қатысқандар саны: 1000-ға жуық.

Облыстың мектептеріндегі «Соңғы қоңырау»
25 мамыр күні Жамбыл облысының барлық жалпы білім беретін оқу орындарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 9.03.2011 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу және 2010-2011 оқу жылын аяқтау туралы» №82 бұйрығына сәйкес оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты жиындар өткізілді.

Биылғы оқу жылында облыс мектептерін барлығы 12247 оқушы бітірді. Осы мектеп бітірушілердің 9486-ы немесе 77,5% ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді. Олардың 326-ы «Алтын белгі» аттестатына, 187-і «Ерекше үлгідегі үздік аттестат» алуға үміткер ретінде ұсынылды.

Мектеп бітіруші түлектерді құттықтау үшін салтанатты жиындарға әкімдіктердің, мәслихаттардың, мәдени-ұлттық орталықтардың өкілдері, еңбек, білім беру ардагерлері, мәдениет, ғылым қайраткерлері, сонымен қатар мектеп түлектері арасынан депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Жамбыл облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралардың идеялық-саяси мазмұнының тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктеріне ұсынымдар жолданып, іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандар мен Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар, діни және жастар қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, саяси қуғын-сүргін куәгерлері мен құрбандары ұрпақтарының қатысуымен «Қасірет қайталанбасын», «Тарихтың қайғылы оқиғалары», «Өткенімізді ұмытпау – біздің азаматтық парызымыз», «Қара бұлт үйірілген шақ» және «Ерліктің, өрліктің биік рухы» т.б. тақырыптарда ғылыми-практикалық конференциялар, «дөңгелек үстелдер», кездесулер өткізілді.

Ағымдағы жылдың 26 мамырында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП-сы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Тарихтың ақтаңдақ беттері ұрпақтар есінде» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Оған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени орталықтар өкілдері, саяси партиялар, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. «Дөңгелек үстел» барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих кафедрасы меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты З.Әбдрасілова зобалаң жылдардың шындығы жайлы деректер келтіріп, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Елбасының «31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін белгілеу туралы» Жарлығы, шын мәнісінде, орасан зор саяси және адамгершілік құндылыққа ие құжат болды деп атап көрсетті.

30 мамыр күні «Әділет» демократиялық партиясының облыстық филиалы «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын өткізіп, «Алаштың ардақты азаматтары» атты көрме ұйымдастырды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай барлық жоғары және арнаулы оқу орындары мен мектептерде «Ел ұмытпаған есімдер», «Қиын тағдырлар тарихы», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Алаштың ардақты азаматтары», «Әр уақыттың өз шындығы бар» және «Жапа шеккен перзенттер» тақырыптарында кураторлық, сыныптық сағаттары, танымдық кештер, лекциялар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылды.

Мұражайлар мен кітапханаларда «Саяси зобалаң толқындары», «Алаш азаматтары», «Алаштың айтулы тұлғалары» атты тақырыптық кітап көрмелер ұйымдастырылып, тарих беттеріне арналған «Аллажар» және «Сталинге сыйлық» атты фильмдер, «Зұлмат жылдардың запраны» атты бейнероликтер көрсетілді.

31 мамыр күні барлық аудандар мен Тараз қаласында саяси қуғын-сүргіннің бейкүнә құрбандарына арналған ескерткіштер мен ескерткіш тақталарға гүл қою рәсімдері, митингілер өткізілді.

Байзақ, Жуалы, Талас, Сарысу аудандарында еліміздегі ел басына күн туған кезеңнің құрбаны болған жерлестерін еске түсіріп, құран бағыштады, қайырымдылық ас берді.

Облыс орталығында 31 мамыр күні Т.Рысқұлов, Қ.Рысқұлбеков ескерткіштеріне гүл қою рәсімдері ұйымдастырылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған монумент алдында митинг өтті. Облыс әкімі Қ.Бозымбаев, облыстық мәслихат, облыстық ардагерлер кеңесі, «Нұр Отан» ХДП-сы облыстық филиалы, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ЖОО және колледждер студенттері, қала тұрғындары монументке гүл шоқтарын қойып, саяси-қуғын құрбандарының рухына тағзым етті. Көпшілік нәубет жылдар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиналғандар алдында облыс әкімі Қ.Бозымбаев сөз сөйлеп, облысымыздың 5 мыңнан аса астам азаматын жазықсыз жазаланып, мыңға жуық азаматы атылған бұл қасіретті жылдардың ауыр салмағы ел есінен кетпейтінін, ендігі тәуелсіз еліміздің ұрпағы жарқын болашаққа сеніммен беттейтінін тілге тиек етті.

Облыста осы күні өткен шараларға барлығы 10 мыңға жуық адам қатысты.




Маусым
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
2011 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы

анықтама
Облыс көлеміндегі 10 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінде 2011 жылдың 6, 8 және 10 маусым күндері өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеуге облыс бойынша 12247 мектеп бітірушінің 9461-і (77,3%) қатысып, өткен жылғы (67,8%) көрсеткіштен 9,5%-ға артты

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан мектеп бітірушілердің 7010-ы (74,1%) қазақ тілінде, 2451-і (25,9%) орыс тілінде тапсырды.

Оның 3289-ы (34,7%) қала мектептерінде, 6172-і (65,2%) ауыл мектептерінде оқыған.

Басқа аудандармен салыстырғанда Жамбыл (64,57%), Байзақ (67,67%) аудандарында мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге қатысу үлесі төмен болды.

Биылғы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы өткен жылғы ҰБТ қорытындысына қарағанда біршама артты.

Облыс мектеп бітірушілерінің ҰБТ-дегі орташа баллы 86,18-ді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,97-ге артты (2010 жылы 83,21 балл). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алдын-ала мәліметі бойынша орташа балл – 86,7.

100-ден жоғары алған мектеп бітірушілердің үлесі өткен жылғы 22%-дан 27,9%-ға көтеріліп, яғни 5,9%-ға артты (2011 жылы - 2637, 2010 жылы - 1657).

Ең жоғары 120-125 балл аралығында алған мектеп бітірушілердің үлесі 109-дан 126-ға көтеріліп, яғни 17 мектеп бітірушіге артты. Ең жоғарғы 125 баллды Тараз қаласындағы №31 орта мектептің мектеп бітірушісі Мәлік Қарлығаш алса, 3 (0,1%) мектеп бітіруші 124 балл, 21-і (0,7%) 123 балл, 21-і (0,7%) 122 балл, 36-ы (1,3%) 121 балл, 44-і (1,6%) 120 баллдан алды.

Облыс бойынша 18 мектептің орташа балы 100-ден жоғары болып, жақсы нәтиже көрсетті. Оның ішінде Жуалы ауданынан – 1 мектеп, Қордай ауданынан – 1 мектеп, Мойынқұм ауданынан – 1 мектеп, Меркі ауданынан – 1 мектеп, Т.Рысқұлов ауданынан – 4 мектеп, Талас ауданынан – 1 мектеп, Тараз қаласынан – 3 мектеп, облыстық білім басқармасына қарасты мектептер – 3.

Атап айтатын болсақ, Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия - 115,7 балл; облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты - 108,8 балл; Меркі ауданындағы № 39 гимназия - 107,47 балл жинады.

Өткен жылмен салыстырғанда «Алтын белгі» және Үздік аттестат иегерлерінің саны біршама артты. Өткен жылы «Алтын белгі» орта білім туралы аттестатына үміткер 228 мектеп бітірушінің 167-і (73,2%) өз білімдерін дәлелдесе, биылғы жылы 322 үміткердің 234-і (72,7%) өз білімдерін дәлелдеді.

Сондай-ақ, үздік аттестат иегерлерінің саны өткен жылғы 83-тен 113-ке өсті.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 9461 мектеп бітірушінің 3228-і (34,1%) биология, 2599-ы (27,4%) физика, 1565-і (16,5%) география, 852-і (9%) дүние жүзі тарихы, 603-і (6,3%) ағылшын тілі, 421-і (4,4%) әдебиет, 193-і (2%) химия пәндерін таңдаған. Яғни, мектеп бітірушілердің 80,2%-ы жаратылстану-математика бағытындағы пәндерді таңдаған.

Өткен жылға қарағанда қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, Дүние жүзі тарихы, математика, физика, химия, биология, география, ағылшын тілі, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәндері бойынша білім сапасы артса, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен білім сапасы төмендеген.

Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Шу аудандарында мектеп бітірушілері 100-ден жоғары орташа балл көрсеткен бірде-бір мектеп болмаса, оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған облыс орталығы - Тараз қаласында тек 3 мектептің 100-ден жоғары орташа балл көрсетуі, білім сапасының әлі де төмен екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ, облыс бойынша 20 мектеп 50,84 - 65 балл аралығында жинап төмен көрсеткіш көрсетті. Атап айтқанда, Байзақ ауданынан – 2 мектеп, Жуалы ауданынан – 1 мектеп, Қордай ауданынан – 10 мектеп, Мойынқұм ауданынан – 2 мектеп, Сарысу ауданынан – 1 мектеп, Талас ауданынан – 1 мектеп, Тараз қаласынан – 2 мектеп және облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты.

Оның ішінде әсіресе, Қордай ауданындағы №12 (50,84), №50 (55,85), №9 (56,59), №31 (59,26), №16 (59,79) орта мектептер, Мойынқұм ауданындағы Амангелді орта мектебі (55,5), Жуалы ауданындағы Жамбыл атындағы (58,3) орта мектебі ең төмен нәтиже көрсетті.

Аудандар мен Тараз қаласы мектептерінің орташа балын салыстырмалы түрде алғанда Т.Рысқұлов (93,87 балл), Меркі (93,59 балл), Жуалы (89,8 балл) аудандары мектептерінің орташа балы салыстырмалы түрде алғанда жоғары, ал Қордай (78,2 балл), Байзақ (79,19 балл) аудандарының орташа балы төмен болды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балл көрсеткіші бойынша 2004 жылдан бастап 7 жыл қатарынан 1-ші орында келе жатқан Тараз қаласы мектеп бітірушілерінің орташа балы аудандармен салыстырғанда 4-ші орынға төмендеуі - ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың жеткіліксіз жүргізілгендігін көрсетеді.

Облыс бойынша 298 (3,1%) мектеп бітіруші жекелеген пәндерден 0-3 балл аралығында төмен балл жинап, пәндер бойынша «2» алды (2010 жылы 324). Пәндер бойынша тоқталатын болсақ математика пәнінен - 119 (39,9%), қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәнінен - 117 (39,2%), орыс әдебиеті бойынша - 2 (0,7%), қазақ тілінен - 22 (7,3%), Қазақстан тарихы пәнінен - 17 (5,7%), физика пәнінен - 11 (3,6%), дүние жүзі тарихынан – 3 (1%), биология пәнінен - 4 (1,3%), химия пәнінен – 1 (0,3%), география пәнінен - 1 (0,3%), ағылшын тілінен - 1 (0,3%) мектеп бітіруші 0-3 балл аралығында алып, «2» деген баға алды.

Оның ішінде, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен ҰБТ қорытындысы бойынша 7 (0,1%) мектеп бітіруші 0 балл алды (2010 ж. - 5 ).

Атап айтқанда орыс тілі пәнінен Жамбыл ауданындағы А.Макаренко атындағы орта мектебі - 1, М.Әуезов атындағы орта мектебі -1, Меркі ауданы №22 орта мектеп -1, Т.Рысқұлов ауданы Р.Смайлов атындағы орта мектеп - 1, математика пәнінен Меркі ауданы № 20 орта мектеп - 1 және Т.Рысқұлов ауданы М.Горький атындағы орта мектеп - 1, Қазақстан тарихы пәнінен Тараз қаласындағы №53 орта мектептің 1 мектеп бітірушісі «0» балл алып, ең төмен көрсеткіш көрсетті.

Жекелеген пәндер бойынша «2» алған 298 мектеп бітірушінің 36-ы Байзақ ауданының, 16-ы Жамбыл ауданының, 12-і Жуалы ауданының, 49-ы Қордай ауданының, 20-ы Меркі ауданының, 17-і Мойынқұм ауданының, 13-і Т.Рысқұлов ауданының, 6-ы Сарысу ауданының, 12-і Талас ауданының, 24-і Шу ауданының, 93-і Тараз қаласы мектептерінің бітірушілері.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің 2011 жылғы қорытынды көрсеткіштері өткен жылға қарағанда едәуір артқанымен, жекелеген аудандардағы, әсіресе, Қордай ауданындағы орта мектептерде мектеп бітірушілердің орташа балының төмен болуы – білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары мен мектеп басшыларының басқару мен ұйымдастыру жұмыстарын жеткілікті деңгейде жүргізбеуінен болып отыр.

Сондықтан алдағы уақытта білім сапасын арттыруға үлкен мән беріліп, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын күшейту қажет.


Облыстық іс-шаралар
жүктеу 268,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау