Ж
амбыл облысы әкімі аппараты жұмысының және облыстық
іс-шаралардың 2011 жылдың ІІ тоқсанына арналған
жоспарының орындалуы
Сәуір
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Жамбыл облысының 2011 жылдың қаңтар-наурызындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімдерін өндіруде оң динамика байқалуда. 2011 жылдың қаңтар-наурызында облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 37,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 135,7%-ды құрады, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеруде - 3,1 млрд. теңгеге (106,6%), өңдеу өнеркәсібінде - 24,5 млрд. теңгеге (145,8%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда - 9,4 млрд. теңгеге (116,7%), сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде - 0,4 млрд. теңгеге (112,6%) өнім өндірілді. Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеру саласында орын алған оң қарқындар 2010 жылдың қаңтар-наурыздағы деңгейіне қарағанда көмір және алтын құрамды кенді өндіруді 1,5 есеге, ұсақталған фосфор шикізатын өндіруді – 1,6 есеге, барит рудасы мен қойыртпаларын – 1,4 есеге, әк тас және гипс – 2,2 есеге арттыру есебінен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, табиғи газ өндіру 5,5%-ға, газ конденсатын – 9,4%-ға, ұсақ тартылған фосфат шикізатын өндіру – 18,3%-ға төмендеді.
Өңдеу өнеркәсібі саласында тамақ өнімдерінің көлемдері 1,4 есеге, химия өнімдері - 1,5 есеге, металлургия өнімдері - 1,8 есеге, дайын металл бұйымдары - 1,3 есеге, машина жасау - 5,8 есеге, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру - 2,3 есеге өскен. Алайда, былғары және оған жататын өнімдерді өндіру (97,3%), негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру (34,3%) көлемдері өткен жылдың тиісті деңгейіне жетпейді.
Мойынқұм және Сарысу аудандарынан басқа аудандар мен Тараз қаласының кәсіпорындары өндіріс өсімін қамтамасыз еткен. «Ақбақай ТМК» АҚ-ның алтын өндіру фабрикасында жаңғырту және жетілдіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты Мойынқұм ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 21,3%-ға, алтын өндіру көлемдері 65,8%-ға, күміс - 55,6%-ға қысқарған. «Қаратау» ТКК-да өндіріс көлемдерінің азайуына байланысты Сарысу ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 12,8%-ға қысқарған.
2011 жылы Индустриаландыру картасының шеңберінде 23,3 млрд. теңге сомасына 10 инвестициялық жоба іске қосылып, 1269 жаңа жұмыс орындары ашылады.
Қазақстандық үлес. 2011 жылдың қаңтар-наурызында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар жалпы 868,0 млн. теңге сомасына 1392 мемлекеттік тауарларды (жұмыстар мен қызмет көрсетуді) сатып алуды жүргізіп, тауарларды сатып алудағы қазақстандық үлесті 40,9%, жұмыс пен қызмет көрсетуді - 97,3%-ға жеткізді.
Облыста шығарылатын өнім, көрсетілетін жұмыстар, қызмет сапасын халықаралық сапа стандарттарына жеткізу бойынша жұмыстар жалғасуда (ISO – 9000, ISO – 14000 және т.б.). Қазіргі таңда ИСО жүйесі облыстың 281 шаруашылық субъектілерінде, оның ішінде 2011 жылы облыстың 34 кәсіпорындары мен ұйымдарында енгізілген.
Ауыл шаруашылығы. Облыста көктемгі-егіс жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылық дақылдардын 517,7 мың га (104,6%) алқабқа егу жоспарланған. 2011 жылдың 20 сәуіріне жаздық масақты дақылдар 96,2 мың га (көзделгенге 93,6%), майлы дақылдар – 41,2 мың га (61,8%), қант қызылшасы – 1,7 мың га (24,4%), көкөніс дақылдары – 13,6 мың га (76,1%) алқабқа егілді.
Үстіміздегі жылдың наурызында облыста көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін 3,9 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны сатып алынып, оның (20 сәуірдегі жағдайға) ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге 3,5 мың тоннасы жеткізілген.
Мал шаруашылығында жалпы өнім көлемі 7,7 млрд. теңгені немесе 2010 жылдың тиісті кезеңіне 100,7% құрады. Шаруашылықтың барлық санаттарында 17,2 мың тонна ет өндірілді, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңінен 0,9%-ға артық, сүт – 51,9 мың тонна (1,6%-ға), жұмыртқа - 22,9 млн. дана немесе 6,9%-ға төмендеген. «Жамбыл құс» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінде өндіріс көлемдерінің қысқаруына байланысты Байзақ ауданында жұмыртқа өндіру 17,7%-ға (8,8 млн. дана) төмендеген.
2011 жылдың 1 сәуіріне өткен жылдың тиісті күнімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малдың саны 0,1%-ға артып, 362,4 мың басты құрады, қой мен ешкі – 2,8%-ға (2775,7 мың бас), жылқы – 2,6%-ға (87,1 мың бас), құс – 2,7%-ға (1384,4 мың бас). Сонымен бірге, мүйізді ірі қара малдың саны Т. Рысқұлов ауданында 17%-ға қысқарған.
Облыста 170 жасанды тұқымдандыру пунктері, 104 асыл тұқымды шаруашылығы, алаңы 14,7 га құрайтын 222 жылы жай, сыйымдылығы 52,7 мың тонна құрайтын 57 көкөніс-картоп сақтау қоймалары жұмыс істейді.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2011 жылы 1854,9 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 732,0 млн. теңге, облыстық – 1122,9 млн. теңге.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2011 жылдың қаңтар-наурызында 11,1 млрд. теңгені немесе 2010 жылдың тиісті кезеңіне 187,3%-ды құрады. Өсім субъектілердің өңдеу өнеркәсібіне салған өз қаражаттары көлемінің 2,3 есеге, сауда нысандарына - 2 есеге, көлік сатып алу мен койма жайлары құрылысына - 6,2 есеге, тұрғын үй құрылысына - 20%-ға және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожол құрылысы мен «Ақбақай ТМК» АҚ жобаны іске асыру үшін қарызға алынған капиталдың - 5,7 есеге ұлғайуы есебінен қамтамасыз етілді.
Республикалық бюджеттен инвестициялық салымдардың көлемі 634,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті деңгейінен 24,7%-ға төмендеді, жергілікті – 243,1 млн. теңге (6,7%). Бюджеттік инвестициялардың төмендеуіне негізінен Жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде жобалардың аяқталуы себеп болды. 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестициялық қызметтің елеулі өсу қарқыны Тараз қаласында (2,9 есе), Т. Рысқұлов (2,6 есе), Мойынқұм (176,3%), Сарысу (122,4%), Жамбыл (114,0%) және Талас (105,1%) аудандарында байқалады.
Шетел инвестицияларының қысқаруына байлынысты Шу (29,6%), Жуалы (56,3%), Меркі (79,9%), Байзақ, (94,3%) және Қордай (97%) аудандарында инвестициялық белсенділік төмендеген.
2011 жылдың қаңтар-наурызында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 4173,5 млн. теңгені құрады, немесе 2010 жылдың тиісті кезеңінен 42,5%-ға артық.
2010 жылдың қантар-наурызымен салыстырғанда құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі Мойынқұм - 11,9 есе («Ақбақай ТМК» АҚ- ның алтын өндіру фабрикасын жаңғырту есебінен), Жамбыл - 5,0 есе, Т. Рысқұлов - 2,5 есе, Талас - 172,9%, Меркі - 130,3% («Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы құрылысы есебінен), Шу - 142,1% (аудандық орталық аурухана құрылысы мен темір жол бөлімшелерінің нысандарын қүрделі жөндеу есебінен) аудандарында байқалады.
«100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде іске асырылатын 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 2011 жылы республикалық бюджеттен 4038 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 210,3 млн. теңге қарастырылған.
Жылдың басынан бұл жобаларды іске асыруда 361,6 млн. теңге (28,7%) игерілген.
9 медициналық пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар, облыстық туберкулез диспансерінің бакзертханасы, облыстық балалар сүйек-туберкулез санаториясы құрылысына және денсаулық сақтау нысандарының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 760,4 млн. теңге қарастырылып, есепті кезеңде 207,2 млн. теңге немесе жоспардың 73,8% игерілді.
Білім беру нысандарын дамытуға 2011 жылы 4575,4 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2484,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 2091 млн. теңге қарастырылған.
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында білім нысандары құрылысында 468,4 млн. теңге немесе бөлінген қаражаттардың 32,8% игерілген, оның ішінде 454,9 млн. теңге (70,1%) жергілікті бюджет қаражаты.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында республикалық бюджет есебінен Тараз қаласы «Астана» мөлтек ауданында 280 орындық балабақша құрылысы аяқталды.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 32,3 мың шаршы метрді құрады және 2010 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 23,2%-ға өсті, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы - 30,4% артты.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі жеке тұрғын үй құрылысының қысқаруына байланысты Сарысу (17,3%), Шу (91,5%), Қордай (96,9%) аудандарында қысқарған.
ҚР Статистика Агенттігінің мәліметі бойынша 2011 жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 32284 бірлікті (өткен жылдың тиісті деңгейіне 97,3%-ды), онда жұмыс істейтіндер саны - 113,1 мың адамды (100,0%), өнім шығару көлемі – 38,2 млрд. теңгені (101,5%) құрады.
«Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасы шеңберінде облыста 2837,4 млн. теңге, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 9,8 млн. теңге, кредиттер бойынша проценттік ставкаларды субсидиялауға 1064,4 млн. теңге, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге 565,9 млн. теңге, бизнес жүргізуді сервистік қолдауға 49,5 млн. теңге, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 1010,5 млн. теңге және жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 137,3 млн. теңге бөлінді.
Сыртқы сауда айналымының көлемі 475,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2010 жылдың қаңтар-наурызына қарағанда 14,4%-ға артты. Тауарлар экспорты 386,5 млн. АҚШ долларын (14,3%-ға), импорт - 89,0 млн. АҚШ долларын (14,4%-ға) құрады. Облыстың сыртқы сауда айналымындағы сальдо оң қалыптасты – 297,5 млн. АҚШ доллары.
2011 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 18,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға өсті.
Көлік саласында автомобиль көліктерімен жүк тасымалдау 2011 жылдың қаңтар-наурызында 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,1%-ға өсіп, 12,1 млн. тоннаны құрады, жолаушыларды тасымалдау - 25,9% (146,2 млн. адам).
Облыс бюджеті. 2011 жылдың 1 сәуіріне облыс бюджеті кірістер бойынша 29,9 млрд. теңгеге немесе жоспарға 98,4%-ға орындалды, оның ішінде өзіндік кірістер бойынша – 4,9 млрд.теңгеге (116,8%), трансферттер түсімі бойынша - 24,9 млрд. теңге (95,4%) орындалды.
Барлық аудандар мен Тараз қаласы өзіндік кірістер бойынша жоспарды асырып орындаған, ал Жамбыл (99,4%), Меркі (99,9%) және облыс бойынша (93%) жалпы бюджеттік кірістер трансферттердің толық көлемде түспеуіне байланысты орындалмаған.
Облыстық бюджет шығындары 2011 жылдың қаңтар-наурызында 22,8 млрд.теңгені (жоспарға 77,4%) құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті, оның ішінде білім беру саласында шығындар – 33,8%-ға, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласында – 44,4%-ға, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласында – 2 есеге, ауыл шаруашылығы саласында – 5,5 есеге артты.
Шу ауданынан (99,6 %) басқа аудандарда бюджет шығындарын орындаудың пайызы төмен (ең төмен пайыз Қордай, Меркі аудандары бойынша - 67,9 %). Бұл жағдай бюджеттен бөлінген қаражаттардың толық игерілмеуі мемлекеттік сатып алулардың мерзімінен кеш өткізіліп, келісім шарттардың, тиісті құжаттардың кеш жасалуынан, трансферттердің кеш түсуінен болып отыр.
Салықтар. 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында бюджетке 8354,4 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, болжам 137,1%-ға орындалды. Республикалық бюджетке түсімдер 3441,2 млн. теңгені (182%), жергілікті бюджетке – 4913,2 млн. теңге (116,8%) құрады.
Жергілікті бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша болжамды облыстың барлық аудандары орындады.
Инфляция деңгейі 2011 жылдың наурыз айында 2010 жылдың желтоқсанына 104%-ды, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша - 106,6%-ды, азық-түлік емес тауарлары -101,2%-ды, ақылы қызметтер - 103,5%-ды құрады.
Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР-103,7 %).
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы барлық аудандар мен Тараз қаласында өскен. Ең жоғары пайыз Талас (126,4%), Мойынқұм (123,2%), Шу (123,1%), Жамбыл (121,8%), Меркі (121,4%) аудандары мен Тараз қаласында (124,4%) тіркелген. Бұл көрсеткіштің ұлғайуы аумақтарда баға өсімі орын алғанына тағы бір дәлел.
Облыста тауарлар мен қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап ірі супермаркеттерде, қала бойынша орналасқан 5 уақытша сауда нүктелерінде, жәрмеңкелерде және орталық базардың коммуналдық қатарларында «Асылдандыру-Тараз» ЖШС-гі арқылы құрылған тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдерін сату ұйымдастырылған, мұнда ай сайын 14 тонна сиыр еті (1 кг - 737 теңге), 4 тонна жылқы еті (1 кг - 865 теңге), 4,8 тонна қой еті (1 кг - 710 теңге) сатылады.
Жыл басынан бері облыс орталығында, Қордай, Шу, Сарысу, Талас аудандарында 46 жәрмеңкелер өткізіліп, 204,4 млн. теңгеге өнімдер сатылды.
Еңбек нарығы. 2010 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 2009 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға ұлғайып, 584,7 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 551,3 мың адам (2,2%-ға). Үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижесі бойынша жұмыссыздар саны 33,4 мың адам құрап, 4,3 мың адамға қысқарды, осыған сәйкес жұмыссыздық деңгейі 5,7%-ға дейін төмендеді (2009 жылдың қорытындысы бойынша – 6,5%).
Жыл басынан бері облыстың жұмыспен қамту органдарына 4211 азамат жүгінген, оның ішінде 2069 адам жұмысқа орналасқан (жұмыспен қамту деңгейі – 49,1%). Жұмыспен қамтудың ең төменгі деңгейі Тараз қаласында байқалған (22,9%).
Мақсатты топтардағы жұмыссыздар үшін 22 әлеуметтік жұмыс орындары ашылған, ақылы қоғамдық жұмыстармен 1183 жұмыссыздар қамтылған.
Сонымен бірге, әлеуметтік жұмыс орындары Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Меркі, Шу аудандарында және Тараз қаласында ашылмаған. Мойынқұм ауданында әлеуметтік осал топтардағы азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басталмаған.
Жұмыспен қамту органдары арқылы Жастар тәжірибесіне 372 білім беру мекемелерінің түлектері орналасты, оның ішінде «Бизнестің жол картасы- 2020» бойынша – 135 адам, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 237 адам.
2011 жылдың 1 сәуіріне тұрақты жұмыс орындарына 882 адам, маусымдық жұмыстарға 1415 адам тартылды. Есепті кезеңде барлығы 3874 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
Нәтижесінде 2011 жылдың 1 сәуіріне ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,4% құрады (2010 жылы 0,8%).
«Бизнестің жол картасы - 2020» шеңберінде қайта дайындыққа бір жылға қарастырылғаны 657 адамның 497-сі жіберілген, біліктілігін көтеруге 25 адамның тізім құрылған (жоспар – 25).
Әлеуметтік сала. 2011 жылдың қаңтар-наурызында 109,5 мың тұрғынға 434,5 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 47,7 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 110,7 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 263,8 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 12,3 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төленді.
Сонымен қатар, жыл басынан Меркі ауданында атаулы әлеуметтік көмек, Жуалы, Меркі және Мойынқұм аудандарында тұрғын үй көмегі, Шу ауданында үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы тағайындалмаған.
Әр-түрлі ұйымдардың қайырымдылық қорлары арқылы заңды және жеке тұлғалардан қаржыландырудың барлық көздері есебінен 36,7 млн. теңгеге 11,1 мың азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық санының қысқаруы байқалуда, олардың саны 2011 жылдың 1 сәуіріне 18265 адамды құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12%-ға қысқарды. Кедейшілік деңгейі 1,7% құрады (2010 жылдың 1 тоқсаны - 2%). Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі Жуалы ауданында тіркелген – 2,7%.
2011 жылдың қаңтарында халықтың номиналды ақшалай табысы (алдын-ала мәліметтер бойынша) 30430 теңгені құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ға, нақты – 13,2%-ға өсті.
Бір қызметкердің орташа жалақысы 2011 жылдың қаңтар-ақпанында кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 53462 теңгені құрады, бұл номиналдық есептеуде 2010 жылдың тиісті кезеңінен 23%-ға және нақты – 13,5%-ға артық.
Өмір сүрудің ең төменгі мөлшері 2011 жылдың 1 тоқсанында 13408 теңгені құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға өсті.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2011 жылы түзетілген бюджетпен 23,4 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2010 жылдың деңгейінен 12,2% артық, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 16 млрд. теңге. 2011 жылдың қаңтар-наурызында 4,7 млрд. теңге (есепті кезеңге жоспардың 81,8%), оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі - 4,0 млрд. теңге игерілді (99,2%).
Жергілікті бюджет есебінен 33 денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге 296 млн. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға - 431,7 млн. теңге қарастырылған.
Облыстық балалар ауруханасы қасында медициналық қызметкерлерге балалар жасындағы ауруларды интегралды емдеуді оқыту бойынша өңірлік орталық ашылған. Тараз қаласында уақытша бейімделу және детоксикация орталығы ашылды.
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінің концепциясын енгізу жалғасуда, ана мен бала өлімінің күн сайынғы мониторингі жүргізілуде.
2011 жылдың 1 тоқсанында 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ана мен бала өлімінің, туберкулезбен ауруына шалдығу саны деңгейі төмендеген.
Сонымен бірге, 1 тоқсанда ана өлімі (100 мың туғандарға), қаңтар-ақпанда бала өлімі (1000 туылғандарға) Шу ауданында, 1 тоқсанда туберкулезбен ауру Байзақ, Жамбыл, Сарысу аудандарында өскен.
Аса қатерлі ісік және наркологиялық аурулар саны өскен.
10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу деңгейі 2011 жылдың 1 тоқсанында 23,2 құрады (2010 жылғы 1 тоқсанында - 22,4). Ең жоғарғы кадр тапшылығы Байзақ, Жамбыл аудандарында тіркелген.
2011 жылы білім беру саласын қаржыландыруға 50,2 млрд. теңге қарастырылған немесе 2010 жылға қарағанда 9,8 млрд. теңгеге артық (40,4 млрд. теңге). Есепті кезеңде 9,9 млрд. теңге немесе жоспардың 86,4%-ы игерілген. 1,1 млрд. теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 27 білім беру нысандарын күрделі жөндеу жоспарлануда.
30 физика, химия және биология кабинеттеріне құрал-жабдықтар сатып алуға 122,9 млн. теңге, 27 лингафондық кабинеттерге – 149,6 млн. теңге қарастырылған.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 15 оқушыны құрайды. Жалпы облыста 465 мектептің барлығы компьютерленген және телефондандырылған, Интернет желісіне 445 мектеп немесе 95,7%-ы қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақталар орнатылған, кең ауқымды Интернет желісіне облыстың 187 мектебі немесе 40,2% қосылған.
Облыста жалпы 26,6 мың оқушыны қамтитын 281 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді (149 мемлекеттік, 4 жеке меншік балабақша, 128 шағын орталықтар). Мектепке дейінгі мекемелермен балаларды қамтамасыз ету 45,1% құрайды, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңіне 11,3 пайыздық тармаққа жоғары.
Мектепке дейінгі мекемелермен балаларды қамтамасыз ету деңгейі Тараз қаласынан басқа барлық аудандарда өскен. Тараз қаласында бұл көрсеткіш 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайыздық тармаққа қысқарған. Бұл өткен жылдың тиісті деңгейіне қарағанда есепті кезеңде мектепке дейінгі мекемелерге кезекке тұрған балалар санының 51,5%-ға, ал мектепке дейінгі мекемелердің 30,9%-ға өсуіне байланысты.
2010-2011 оқу жылдары 320 мектепте ыстық тамақпен 110,3 мың оқушы (56,5%) қамтылған. Қордай (40,4%), Жуалы (48,5%), Т.Рысқұлов (50,3%), Талас (54,6%) аудандарында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету пайызы облыстық көрсеткіштен төмен.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар ыстық тамақпен Мойынқұм (27,7%) және Т. Рысқұлов (94,5%) аудандарынан басқа облыстың барлық 9 ауданында 100% қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, 1-4 сыныптардағы оқушылардың 36,3 мыңы (51,5%) бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде, қамтамасыз етудің төмен деңгейі Байзақ (25,5%), Жуалы (27,2%), Жамбыл (25,5%) аудандарында байқалады. Облыста 36 мектептен тыс ұйымдармен 20,7 мың оқушы қамтылған, ақпан айында (ү.ж. Сарысу ауданында 380 оқушыны қамтитын 2 мектептен тыс ұйым ашылған) олармен қамтылуы деңгейі 11,4% құрады (республикалық көрсеткіш – 21,5%).
Мәдениет саласында жыл басынан бері облыста 1 ауылдық клуб ашылған. Кітапханалардың кітаптар қоры 10 184 дана кітапқа толықтырылды, оның ішінде 8 175 (80,3%) мемлекеттік тілде. 115 спектакльдер (алтауы жаңа), 36 концерт қойылып, мүгедектер арасында жастар шығармашылығы облыстық фестивалі жүргізілді. Облыстық мұражайда реэкспозициялық жұмыстар басталған. Қаңтар-наурызда облыстың барлық аудандарында мәдениет саласын қамтамасыз етуге бағытталған қаражаттар көлемінің игерілуі өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 66,4%-ға артқан.
Спорт саласында есепті кезеңде 1812 спорт нысандары жұмыс істейді, оның ішінде 19 стадион, 499 футбол алаңдары, 426 спорт залдар, 868 шағын спорт алаңдары.
Облыс көлемінде спорт түрлері бойынша чемпионаттар, біріншіліктер тағы да басқа 14 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 12122 адам қатысты.
Облыста қылмыспен күресу және оның алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылдың бірінші тоқсанында облыста 1608 қылмыс тіркелген, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,2 пайызға жоғары.
Есепті кезеңде қылмыстардың ашылуы 66,6 пайызды құрайды немесе 2010 жылдың тиісті кезеңінен 9,3 пайызға төмен.
Облыста саяси ахуал тұрақты.
Өткен жылыту маусымының қорытындысы және келер 2011-2012 жылыту маусымына отын-энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының дайындығы туралы
2010 жылы отын-энергтика кешені нысандарының дайындығына облыстық бюджеттен 3565,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде «Жол картасы» бойынша 2933,9 млн. теңге, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2 млрд. көп.
Бекітілген кестеге сәйкес өткен жылыуту маусымына келесі нысандар дайындалды:
- 282 қазандық;
- 46 км жылу жүйелері;
- 48 км ауызсу жүйелері;
- 694 білім нысаны;
- 395 денсаулық сақтау нысаны;
- 1318 көппәтерлі тұрғын үйлер.
Жалпы ЖЭК, ТКШ және бюджеттік салалары бойынша күзгі-қысқы жылыту маусымы қылыпты өтті.
Жалпы қысқы жылыту маусымы өтуі бойынша 16 облыстық штаб отырысы үйлестірілді.
Жылуэнергетика
Өткен жылыту маусымында жылумен қамту кәсіпорындарымен 868,8 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді, оның 672,6 мың.Гкал жылу таратылды.
Облыстың жылумен қамту кәсiпорындарымен жылыту маусымында 131, 5 млн.м3 көлемдегi табиғи газдың тұтынуы жоспарлап, iс жүзiнде тұтынған - 110, 0 млн. м3.
Жылу желілеріндегі шығынның азаюынан 21,5 млн.м3 табиғи газды немесе 212,9 млн.теңге үнемделді.
Сонымен қатар, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның энергия үнемдеу технологияларды енгiзу нәтижесінде 2,01 млн. кВт/сағ. энергия, сәйкесiнше – 19,5 млн.теңге үнемделді.
Соңғы 5 жылда бюджеттен бөлінген 3,8 млрд.теңгеге 142,5 км жылу желілері (немесе жалпы ұзындықтан 45,1%) қайта жаңғыртылды және ауыстырылды.
Дегенмен, айтарлықтай қаржыландыруға қарамастан, Шу, Жаңатас және Қаратау қалалары бойынша жылу желілеріндегі шығындар жоғары болып қалуда: Шу-Жылу – 20,3%, Жаңатас-Су-Жылу – 21,2%, Игілік – 20,3%.
Апаттық жағдайлар және технологиялық ақаулар бойынша
Өткен жылыту маусымында қазандықтардағы оперативті персоналдар жылыту маусымына толық әзір еместігін байқатты, оған себеп 2011 жылдың 8 қаңтарда №17 мектептегі «Жамбыл-Жылу» МКК құзырындағы қазандықта болған апатты жағдай.
Қаратау қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп қазандығы темір қорапта орналасқан, вентиляциясы жоқ, газдың иісі шығып тұр, 5%-дан 15%-ға дейінгі метан концентрациясы кезінде жарылу қауіпі төнетіні белгілі.
Шу қаласындағы орталық қазандықта температуралық режимнің сақталмауы салдарынан қалалық аурухана жылумен қамтылмай қалды. Ірі жылу тұтынушы насанды жоғалту кәсіпорынның қаржы-шаруашылық саласына кері әсерін тигізбек.
Сонымен қатар Шу қаласындағы темір жол астынан өтетін диаметрі 426 мм, ұзындығы 30 метр магистралды жылу желісі күмән тудыруда, себебі аталмыш аймақта белсенді коррозия жүріп жатыр, жедел ауыстыруды қажет етеді.
Отын-энергетика кешен басшыларына жөндеу-қалыпына келтіру кезеңінде:
1) жөндеу жұмыстары басталғанға дейін қондырғылардың жедел жөнделетін аймақтарын анықтау қажет, бекітілген кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындау қажет;
2) жылыту маусымы басталатын алдында оперативті персоналдарды курстық оқытудан өткізу және инженерлі-техникалық жұмысшыларды аттестациядан өткізу іс-шараларын қабылдау қажет;
3) 50% жылу желілерінің жаңартылғанын ескере отырып, мөлшерден тыс шығындарды болдырмау және мөлшерлі шығындарды азайту бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу;
4) жылу энергиясына тариф сұрағымен тығыз айналысу қажет. Кіші қалалардағы жылумен қамту кәсіпорындарындағы қолданыстағы тариф республикадағы басқа кіші қалалардағы тарифке қарғанда төмен.
Бұған қарамастан бекітілген тарифтік сметаның орындалмауы салдарынан жеңілдетілген тариф енгізілді. Бірінші жартыжылдықта Жамбыл облысы бойынша ТМРА-не тарифті қайта қарастыру бойынша тапсырыс беру қажет. Кейбір кәсіпорындарда тарифтер 2009 жылдан бері қаралмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |