Сәуір Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе


маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар



жүктеу 268,5 Kb.
бет4/4
Дата19.11.2018
өлшемі268,5 Kb.
#20765
1   2   3   4

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты «Біз – Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» атты жалпықазақстандық акцияның аясында Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті атындағы саябақта гала-концерт ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараға 2500-ға жуық адам қатысты. Гала-концерт барысында «Менің қалам мен үшін...» республикалық балалар суреттері мен әңгімелері байқауындағы жеңісі үшін 8 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П.Шердің атынан дипломдармен және «ТВ-дүкен» ЖШС-нің және «Билайн» орталығының өкілдерінің тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Одан бөлек барлық білім мекемелерінде балаларды қорғау күніне арналған түрлі іс-шаралар өткізілді.

Жалпы облыста үстіміздегі жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес балаларды Халықаралық қорғау күніне орай «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Ғажайып әлемі», «Жұлдыздар әлемі», «Бақытты балалық шақ», «Ертегілер әлемінде» тақырыптарында түрлі байқаулар, спорттық жарыстар, фестивальдер, қайырымдылық акциялары, облыстық көрме залында балалар қолөнері мен сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Тараз қаласындағы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін, қалада балаларға арналған аула клубтары мен спорт алаңшаларын ашу жұмыстары өз жалғасын табуда. Мысалы, 1 маусым – балаларды Халықаралық қорғау күніне орай «Қарасу» мөлтек ауданында №24 жатақхана жанында қаланың коммуналдық жеке меншігіндегі «Балауса» балалар аула клубы ашылды. Онда компьютерлік курс, кітапхана және суретшілер үйірмесі ұйымдастырылатын болады.

1 маусым күні Тараз қаласындағы «Достық» алаңында «Қош келдің, жарқын жаз!» атты балалар арасында асфальтқа сурет салудан байқау, Қазақстан Республикасы Президентінің Тұңғыш саябағында «Айгөлек» байқауы, Т.Рысқұлов саябағында «Әрқашан күн сөнбесін» атты мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен «Барлық жақсылық – балаларға!» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Аталған шараларға балалар үйлерінде тәрбиеленушілер, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларының балалары қатысты, оларға тегін балмұздақ таратылып, ойын-сауық аттракциондарында ақысыз қызмет көрсетілді.

Осы күні Тараз қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде облыс әкімі Қ.Бозымбаев шағын 120 тәрбиеленушіге арналып салынған спорт алаңын салтанатты түрде ашты.

«Дельфин» бассейнінде облыс әкімдігі мен «Шиват - Цион» еврей этномәдени орталығы 10 су спорты түрі бойынша 13 жасқа дейінгі балалар арасында жарыс өткізді.

Облыстық әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Бұл менің отбасым!» атты асфальтқа сурет салудан байқау өткізілді. Байқауға 200-ден астам балалар қатысып, жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков саябағында қалалық мектептен тыс балалар шығармашылық орталығының мүгедек балаларға арналған қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, облыстық қазақ және орыс драма театрларында балаларға ақысыз түрде «Ақ отау» ертегісі мен «Мой сын – мой лучик» балалар спектаклі қойылды.

Мұндай шаралар облыстың барлық аудандарында да өткізілді.

Жалпы, 1 маусым – балаларды Халықаралық қорғау күніне арналған іс-шараларға 62 188 бала қатысты, іс-шараларға 4 млн. 122 мың теңге жұмсалды. Оның ішінде бюджеттен қарастырылғаны 407 000 теңге болса, 1 млн. 715 мың теңге демеушілік есебінен.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Қазақстаным!» атты жастар акциясы
4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні облыста кең көлемде аталып өтілді.

Атап айтқанда, Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным!» атты Патриоттар форумы ұйымдастырылып, оның шеңберінде жастар шеруі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында «Менің Отаным – Қазақстан!», «Менің Туым!», «Менің Елтаңбам!», «Менің Гимнім!» атты жастар акциясы болып өтті.

Осы күні Мемлекеттік Ту және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық туымен безендірілген автокөліктер шеруі орталық «Достық» алаңынан бастау алып, қаланың Төле би, Б.Момышұлы, Д.Қонаев көшелері мен Абай және Жамбыл даңғылдары арқылы жүріп өтті.

Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен бұқаралық ақпарат құралдырының өкілдері Төле би көшесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағына дейін шеру жасап, жұртшылықты мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, мақтан тұтуға шақырды.

Мемлекеттік рәміздерді, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, Елбасының айрықша рөлін насихаттауға бағытталған Патриоттар форумында облыс әкімінің орынбасары М.Төлепберген құттықтау сөз сөйлеп, облысымыздың отансүйгіш азаматтары мен патриот жастарын «Бірлігіміз жарасқан» медалімен марапаттады.

Сонымен қатар, облыс орталығының 6 қоғамдық орындарында флеш-моб ұйымдастырылып, арнайы футболка киген жастар жиналған жұртшылыққа мемелекеттік рәміздер бейнеленген проспекттер мен стикерлер таратты.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шараларды ұйымдастыруда «Инновациялық жобалар» қоғамдық бірлестігі белсенділік танытты. Облыста мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға бағытталған ауқымды шаралар «Жастардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауына және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған акцияларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік маңызды жоба шеңберінде ұйымдастырылды. Оларға облыстық бюджеттен 1 млн. 200 мың теңге қарастырылды.

Қазақстандық патриотизмді арттыру, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау және оларды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Тәуелсіз елдің ұландарымыз!» атты ақпараттық-насихаттық акция, «Менің Қазақстаным!» атты жыр-мүшайрасы, «Мемлекеттік рәміздер – қазақстандық патриотизмнің негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылып, «Төл құндылықтарымыз төрімізде» атты тарихи экспозиция ашылды.

Мереке қарсаңында ел рәміздерін құрметтеу, мәртебесін көтеру және оның рөлін ұлғайту мақсатында аудандар мен Тараз қаласында «Мемлекеттік рәміздер - еліміздің еңселі белгісі», «Елтаңбам егемендік айғағы», «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік», «Мемлекеттік рәміздер - егемендік белгісі», «Мемлекеттік рәміздер - біздің мақтанышымыз», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер - ел айнасы», «Менің елімнің рәміздері - менің мақтанышым» тақырыптарда «дөңгелек үстел» отырыстары, пікір-сайыстар, семинарлар, патриоттық әндер байқаулары т.б. шаралар өткізілді.

Мәселен, Шу ауданында «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық рухымыздың шамшырағы» атты үгіт-насихат автокеруені, мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға бағытталған жастар шеруі өткізілді.

Ал, Қордай, Жамбыл аудандарында «Тәуелсіздік рәміздері» атты флеш-моб, «Жерім байтақ, еліміз еркін, егемен Қазақстан!» атты жастардың патриоттық акциялары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Меркі ауданында «Меркі» шипажайы аумағында мектеп оқушыларының қатысуымен тау үстіне мемлекеттік Туды орнатуға арналған «Мен - Қазақстан азаматымын» атты жастар акциясы өткізілді. Іс-шара барысында түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

Аталған шараларға жастар, соғыс және еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, жас спортшылар мен мектеп оқушылары қатысып, мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру, жастарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталды.

Жалпы, бұл күні облыс бойынша 15 мыңға жуық адам түрлі қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шараларға қатысты.


Баспасөз күніне арналған салтанатты іс-шаралар
2011 жылғы 23-24 маусым күндері Тараз қаласының «Жастар» стадионында аймақта бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған 6 команда арасында арнайы кіші футбол спорт түрінен облыстық турнир ұйымдастырылып, «Бақ сарайы» мейрамханасында Баспасөз, теледидар және радио күніне арналған салтанатты мерекелік шара өткізілді.

Бұл шараға облыс бойынша 100-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне облыс әкімінің, мәслихаттың және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталып, (30 мың теңгеден) ақшалай сыйлықтар табыс етілді.


Мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық Спартакиадасы
2011 жылдың 10-12 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған Мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық Спартакиада өтті. Жарысқа жалпы 11 команда қатысып, 595 спортшы қамтылды. Спартакиада спорттың волейбол (ерлер, әйелдер), баскетбол (ерлер, әйелдер), кіші футбол, тоғызқұмалақ, бильярд түрлерінен өткізілді. Жалпы командалық есепте 1 орынды - Тараз қаласының әкімдігінің , 2 орын – Жуалы ауданы әкімдігінің, 3 орын – Талас ауданы әкімдігінің командалары иеленді.
Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған «Есірткісіз болашақ!» атты жастар акциясы
2011 жылы 26 маусымда Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Ауранг» қоғамдық бірлестігі Т.Рысқұлов ауданында «Есірткісіз болашақ» атты жастар акциясын ұйымдастырды. Акция аясында «Нашақорлыққа жол жоқ!» және «Нашақорлықсыз болашақ – Ұлт мұраты!» атты ұрандармен жастар шеруі, концерттік бағдарлама мен викториналық ойындар болып өтті. Оған 1500-ге жуық жастар қамтылды.

Осындай іс-шаралар Жуалы ауданында «Нашақорлық – бұл қорлық», Талас ауданында «Қаратау қаласының жастары есірткіге қарсы» тақырыптармен болып өтті.


Мектеп бітірушілерінің балы
20 маусым күні облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде мектеп бітірушілердің балы өткізілді. Барлық жалпы білім беретін мектептерді 12247 оқушы бітірді. Оның ішінде 232-і «Алтын белгі» орта білім туралы» аттестатын иеленсе, 115 оқушы үздік аттестат иегері атанды.

Осы күні кешкі сағат 20.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саябағында облыс әкімі Қ.А.Бозымбаев облыстық білім басқармасына қарасты мекемелер мен Тараз қаласы мектептерін «Алтын белгі» және үздік аттестатқа аяқтаған бітірушілерге аттестат тапсырды. Сонымен қатар облыстағы барлық «Алтын белгі» иегерлері облыс әкімінің атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Орындалмаған шаралар
Сәуір
Облыстық мүгедектер арасындағы шығармашыл жастардың фестивалі Халықаралық мүгедектер күніне орай қазан айына ауыстырылды.
Этномәдени бірлестіктердің жастар орталықтары жетекшілерінің слеті тамыз айына ауыстырылды.

Мамыр
«Ең үздік балабақша» облыстық байқауын ағымдағы жылдың қыркүйек айында, «Жылдың таңдаулы мектебі» және «Үздік ауыл мектебі» облыстық байқауларын ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында өткізу жоспарланып отыр.
Маусым
Маусым айының жоспарындағы «Ең үздік ауылдық клуб, мәдениет үйі, кітапхана» байқауы мен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Асқақтай бер тәуелсіз қазақ елі» атты ақындар айтысы ІҮ тоқсанға ауыстырылды.
Облыстық «Егінжай күні» семинар-кеңесі шілде айына ауыстырылды.
жүктеу 268,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау