Сәуір Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе


Дебиторлық қарыздар бойынша



жүктеу 268,5 Kb.
бет2/4
Дата19.11.2018
өлшемі268,5 Kb.
#20765
1   2   3   4

Дебиторлық қарыздар бойынша

Жамбыл облысы әкімдігімен коммуналдық қызметтерге берешекті азайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс Әкімінің 2011 жылғы 10 мамырдағы №8 хаттамалық тапсырмасына сәйкес коммуналдық қызметтерге берешекті 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін жою тапсырмасы алға қойылды. Ағымдағы жылдың 12 мамырдағы №81 Бұйрыққа сәйкес отын-энергетика кешені кәсіпорындарында коммуналдық қызметтерге берешекті азайту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралардың нәтижесін тексеру және бақылау бойынша жұмысшы тобы құрылды.

Бүгінгі таңда коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарыз 181,3 млн.теңге құрап отыр, оның ішінде:

- Тараз қаласы – 105,0 млн.теңге;

- Талас ауданы – 15,0 млн.теңге;

- Сарысу ауданы – 12,0 млн.теңге;

- Шу ауданы – 24,8 млн.теңге;

- басқа аудандар – 24,5 млн.теңге.

Жылыту маусымының аяқталуына бастап, яғни 13 сәуірден бері коммуналдыққызметтерге қарыз 18%-ға азайды.

Берілген көрсеткіштерді азайту бойынша жұмыстар есептеу орталығының жұмысшы комиссиясымен, соттар әкімшілігі және облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен жүргізіледі.

Апта сайын «Таразэнергоцентр» АҚ (әрі қарай – ТЭЦ) мамандарының, №3 Тараз қалалық аймақтық сот бөлімшесінің және «ТаразАқпараттықОрталығы» ЖШС қатысуымен сотқа талап-шағым беру жұмыстары атқарылуда.

Тұтынушылардан коммуналдық қызметтерге берешекті өндіру мақсатында сотқа 51,3 млн.теңгеге 1562 іс берілді, оның 28,5 млн.теңгесі өндірілді немесе 1025 іс орындалды.

Сот орындаушылармен жұмыстың баяу өткізілуіне байланысты, отын-энергетика кешені кәсіпорындарымен берешекті азайтуға бағытталған мақсатты іс-шаралар өткізілуде:

- кассалық қызмет көрсетуді жақсарту;

- тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне тұрғын үй жәрдемақысын көрсету бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізу; - қарызды ұзартылған мерзіммен өтеу бойынша тұтынушылармен келісім-шартқа тұру;

- негізгі қарызды төлеген жағдайда үстеме бағасын жою акциясын жүргізу;

- «Қазақтелеком» АҚ-мен келісім-шартқа тұрып, кешкі сағат 19-дан 22-ге дейін, айына 2-3 рет, 7 мыңға жуық абонентпен жұмыс істеу;

- борышкерлердің жұмыс орнымен хабарласу.

Атқарылып жатқан іс-шаралар негізінде 2010 жылы қарызданушылармен 111,174 млн.теңге, ал ағымдағы жылдың басынан бастап 77,5 млн.теңге өтелді.

Коммуналдық қызметтерге берешекті жою бойынша жұмыстар жалғасуда.


Электр энергетикасы
Облыс бойынша электр энергиясын тұтынудың жалпы көлемі 2010 жылы 2706,7 млн. кВтсағ. құрады, оның ішінде «ЖЭС» ЖШС үлесі– 788,5 слн. кВтсағ. Ал 2011 жылдың болжамы 2802,0 млг. кВтсағ құрап отыр. Өткен 2010 жылы электр өндірісінің облыс бойынша жалпы көлемі 631,3 млн. кВтсағ құраған, осы ретте «Жамбыл ГРЭС-і» АҚ 1 блоктық режимде жұмыс істеген, ал электр энергиясын өндірудің жылдық жалпы мөлшері – 457, 8 млн. кВт.сағ құраған болатын.

Өндіріс көлемінің төмендеуі және тұтынушылар тарапынан тапсырыстың төмендеуінен жаз мезгілінде станция жұмысының тоқтауынан орын алған. «КЕGOC» АҚ жүйелік операторының нұсқамасы бойынша станция 2010 жылдың 29 наурызы мен 31 қазаны аралығында жұмысын уақытша тоқтатқан. 2010 жылдың 1 қарашасы мен 2011 жылдың 12 сәуірі аралығында станция 190-210 МВт қысыммен 1-2 блоктық режимде жұмыс істеді. Ал электр энергиясын өндірудің жалпы көлемі 672 231,4 млн. кВт.сағ құраған.

«ЖЭЖ» ЖШС 2010 жылға жасалған күрделі жөндеу жұмыстарына жасалған жоспарына сәйкес электр желілерімен қондырғыларына 168,7 млн.теңге қаржы жұмсалған. Оның ішінде, 1801,7 шақырым ауа желілеріне және 344 трансформаторлық қондырғыларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ сонымен бірге жыл сайынғы жөндеу жұмыстары ауқымды көлеміне қарамастан, мекеменің электр қондырғыларында ақаулар болып тұрады. Серіктестіктің теңгеріміндегі 15077 шақырым электр желілрінің 75% тозығы жеткен, ал подстансалармен КТП және ТП облыс бойынша 3215 дана болса, оның 65% өз ресурсын толығымен өтеген.

Сонымен қатар серіктестікпен 2011-2012 жылдарға арналған жылыту маусымының оңды өтуіне бағытталған, іс-шара жоспары бекітілген. Іс-шара жоспарына сәйкес, фарфорды изолятордан әйнектіге ауыстыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, арнайы көлік және лабараториялық техникаларды алу көзделген және сондай т.б. жұмыстар өз кезегімен жүргізілуде.

2010 жылы «ЖЭЖ» ЖШС-гі 223 II дәрежелі технологиялық ақаулар орын алған, ал 2009 жылы 301 ақау болған, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 26% төмендеген.

2011 жылдың қаңтар айында «Байтерек» мөлтек ауданында электр энергиясын тұтынуда технологиялық ақау орын алды. Бұның басты себебі қатты желдің тұру кезінде электр желісіне белгісіз бір заттың жабысып, қысқа тұйықталуына әкеліп соғуы себеп болды. Тараз қалалық электр жүйелерінің ақаулық тобы күшімен үш сағат ішінде аталмыш орын алған техникалық ақау толығымен жойылып, қалпына келтірілді.



Газдандыру

Облыс бойынша 2010 жылы табиғи газды тұтұнуы 667,1 млн. текше метрді құрады. Ал, 2011 жылға болжам бойынша 780,1 млн. текше метр құрап отыр.

Жамбыл облысына табиғи газ Амангельді кенішінен және Өзбекістан республикасынан тасымалданады. Амангельды газ кен ішінен 2010 жылы өндірілген газ көлемі 343,6 млн.текше метр, 2011 жылға болжам бойынша 323,6 млн.текше метр өндірмекші. Кен орнында газ көлемінің азаюына байланысты жылдан-жылға өндіріс көлемі төмендеп келеді.

Өткен жылыту маусымы газ тасымалдаушылар үшін жиеленісті жыл болды. Ағымды жылдың ақпан айында Өзбекстан Республикасы табиғи газға шектеу қойып, соның негізінде облыста біршама қиын жағдай туыңдады. Соған қарамастан «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы облыс тұрғындарын табиғи газдан шектемеді.

Сонымен бірге ауа райының күрт төмендеуіне байланысты облыс аумағында бірқатар техниқалық апаттар орын алды:


  • 2010 жылдың желтоқсанында Тараз қаласы бойынша 44 ШРП істен шығып соның салдарынан бірнеше алқабтар табиғи газдан 1 сағатқа шектеулі болды.

Болашақта бұндай келеңсіз жағдайлар болдырмау мақсатында, алдағы жылыту маусымына дайындық кезінде, іс-шаралар жоспары бекітіліп тиісті шара қолданылуда.

2011 жылға арналған күрделі жөндеу жоспарына сәйкес, газ құбырлары мен қондырғылар орналасқан ғимараттарды жөндеу көзделген. Атап айтсақ, 17,2 млн.теңге қаражатқа 32 дана ШРП ауыстыру, 72,7 млн.теңгеге 4,5 шақырым газ құбырларын күрделі жөндеуден өткізу көзделген.


Сумен қамтамасыз ету

Облыс бойынша 379 ауылдық елді мекендердің қазіргі таңда орталықтандырылған ауыз сумен қамтылғаны 173, орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз етілгені 196, ал қалған 10 ауыл елді мекені ауыз-суды тасымалдап пайдалануда. Ағымдағы жылы су тасымалданып берілетін Талас ауданының Ақкөл ауылында мәселе шешілуі күтілуде, өйткені жаңа су беру жүйелінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға бюджеттен 291,815 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда мердігер компания -Тараз қаласының «Акбас» ЖШС-і осы жұмыстармен айналысуда. Келісім шарт бойынша жұмысты бітіру мерзімі 2011 жылдың 15 желтоқсаны.

Облыс аудандарында ауыл ішіндегі орталықтандырылған су құбырларың ұзындығы 2131,84 шақырымды құрайды, оның ішінде пайдаланыстағы су құбыры 1773,27 шақырым немесе 83,1 %. Қалған 358,57 шақырым тозығы жеткендіктен және күрделі жөндеуден өтпегендіктен істен шыққан.

Ауылды жерлерде ауыз сумен қамтамасыз етудегі негізгі себептердің бірі ол ауылды елді мекендерді ауыз-сумен қамтамасыз ететін мекемелердің жоқтығы және материалдық-техникалық жағдайының төмендігі. Ауылды елді мекендердің ауыз-су жүйесі ауылдық әкімдіктердің құзырана берілген. Жаз және қыс мезгілдерінде су жүйелерін дайындау жұмыстары жүргізілмейді.

Облыста 2011 жылы сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына 16 жобаға 1852,94 млн. теңге бюджеттен бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 1174,06 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 678,9 млн.теңге.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
Ел басының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының өкіметінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғарту бағдарламасы жасақталып және бекітілген. Жамбыл обылсында ағымдағы жылда жобаланып күрделі және ағымдағы жөндеуге 92 көппәтерлі тұрғын үй республикалық бюджеттен 865,0 млн. теңгеге жобаланып жөнделмек. Қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 326,2 млн.теңгеге жұмыстар жобалануда.

Обылсы бойынша күрделі және ағымдағы жұмыстарды тұрғын үй көмегімен 50,0 млн.тенге бөлініп Тараз қаласында 10 көп пәтерлі тұрғын үй жөнделуде. Осыған байланысты Тараз, Қаратау, Жанатас және Шу қалаларының тұрғындармен осы бағдарламадағы 1 және 2 механизімі бойынша қаржыландыру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағдарламаны жүзеге асырылуда.


Облыстық іс-шаралар
«Тәуелсіздіктің құрдастары» жобасы шеңберінде «Тәуелсіздік темірқазығы – жастар!» атты облыстық жастар Форумы

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Жастар орталығы» КМҚК-ның ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік құрдастары!» атты облыстық жастар форумы өтті.

Форум барысында 1991 жылы туылған және облыстың қоғамдық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірінде белсенділік танытып жүрген 40 тәуелсіздік құрдастарын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Тлеумұрат марапаттап, жастарға сәттілік тіледі.

Форумның мақсаты: Жиырмаға жаңа келген тәуелсіз елімізбен тетелес жастарымыздың бойына отан сүйгіштік пен ұлтжандылықты, білім мен тәрбиені, ізденіс пен талпынысты, бүгінгі қазақ жастарының назарына саясатты, әлеумет пен руханиятты қалтарыста қалдырмай оларды барлық салаға бел шеше араласуға баулу.

Форумға қатысушылар: Облыстық басқарма басшылары, аудандық ішкі саясат бөлім басшылары, «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшылары, ЖҚБ төрағалары, Тәуелсіздік құрдастары, ауылдың белсенді жастары, ЖОО және ОАОО басшылары мен студенттері, бұқаралық ақпарат құралдары.

Қатысқандар саны: 1000 адам.


Денсаулық күніне арналған спорттық іс-шаралар
2011 жылдың 7 сәуірінде «Денсаулық күніне» орай облыс көлемінде облыстық спорт мектептері мен қалалық, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен спорттың бокс, жеңіл атлетика, футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, кіші футбол, үстел теннисі, су добы, жүзу, велоспорт, самбо күресі, шахмат, көңілді старт түрлерінен 89 бұқаралық-спорттық іс шаралар өткізіліп, жалпы іс-шараға 27818 адам қамтылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ұлттық спорт және ойын түрлері бойынша этнос өкілдері арасында спартакиада өткізу
Облыс әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблея хатшылығымен бірлесе отырып 30 сәуір күні этностық мәдени орталықтар арасында әр ұлттың 6 ойын түрінен спорттық жарыс өткізілді.

Жарысқа жалпы 9 команда, 45 адам қатысып, қорытындысы бойынша 1 орынға қытай мәдени орталығының «Эдельвейс» командасы, 2 орынға дүнген ассоциациясының «Винхуа» командасы, 3 орынды қазақ мәдени орталығының «Сұңқар KZ» командасы иеленді. Женімпаз-жүлдегер командалар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблея хатшылығының тарапынан тиісті дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.


Мамыр
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Ана мен бала өлімінің жағдайы мен оны азайту бойынша атқарылған іс- шаралар туралы
Халық денсаулығын сақтау мәселелері әсіресе ана мен балалардың денсаулығы мемлекет саясатының алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі болып табылады.

2011 жылы денсаулық сақтау саласына 18,7 млрд. тенге қарастырылды, оның ішінде ана мен баланың денсаулығын қорғау мақсатына 760,2 млн.тенге бөлінді, ол барлық бөлінген қаржының 4,1 пайызын құрайды. 2011 жылдың 4 айында қарастырылған қаржының 165,0 млн.тенге (22 пайыз) игерілді.

Ана мен балаға медициналық көмек көрсету үшін облысымызда 215 акушер-гинеколог дәрігер, 32 неонатолог, 333 педиатр қызмет атқарады. Бүгінгі күні облысымызда 16 акушер-гинеколог, 5 неонатолог, 64 педиатр жетіспейді.

2011 жылдың І тоқсанында барлық емдеу-алдын алу ұйымдарының медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 36,8 пайызды (республикалық көрсеткіш 42,0 пайыз) құрады. Ең төмен жабдықталғаны Мойынқұм ауданы 11,5 пайыз, Т.Рысқұлов 19,4 пайыз, Байзақ ауданы 24,1 пайыз, Жуалы ауданы 24,5 пайыз, Талас ауданы 27,6 пайыз.

Босануға көмек беру және балалар ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жабдықтану пайызы 53,1 құрады (облыстық перинатальдық орталығы 61,2 пайыз, қалалық перинатальдық орталығы 50,2 пайыз, облыстық балалар ауруханасы 58,2 пайыз, қалалық балалар ауруханасы 38,3 пайыз).

Осы бөлінген қаражаттарды игеру арқылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыс әкімдігі басшылығымен ана мен нәрестелік өлімді азайту мақсатында төмендегі іс-шараларды жүзеге асыруда:

- 2011 жылға іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға алынды;

- облыс әкімінің орынбасарының басшылығымен ана мен бала өлімін төмендету мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасында 5 жиын өткізілді (оның ішінде 1 көшпелі Жуалы ауданында);

- Тараз қаласы мен аудан әкімдері орынбасарларының төрағалығымен барлық жерде ана мен бала өлемін алдын алу бойынша штабының отырыстары өткізіледі;

- қала, аудан және ауыл әкімдері үнемі қауыпты топтағы жүкті әйелдердін күнделікті есебі мен мониторингін жүргізеді;

-облыс бойынша жүктілер мен нәрестелерге көрсетілетін перинатальдық көмекті аймақтандыру мәселесі туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы бекітіліп, күнделікті мониторинг жүргізілуде. Әр ауданға облыстық және қалалық емдеу алдын-алу ұйымдарының басшылары куратор ретінде бекітіліп, ай сайын шығу кестесі құрастырылды. Талас, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Шу, Қордай, Меркі, Сарысу аудандарына болып, тиісті тәжірибелік көмектер көрсетілді;

- босануға көмек беру және балалар емдеу мекемелерінің, барлық орталық аудандық ауруханалардың бірінші басшыларымен бірігіп қатерлі топтағы жүкті әйелдерге облыстық денсаулық сақтау басқармасы күн сайынғы мониторинг жүргізіп және оралымды ұйымдық шешімдер қабылдауда;

- емдеу-алдын алу ұйымдарында отбасын жоспарлау, әйелдің ұрпақ жаңғырту денсаулығын қорғау мақсатында облысымызда 20 отбасын жоспарлау кабинеттері ұйымдастырылды;

- 2011 жылдың басынан бастап Облыстық перинатальдық орталығында «Жүкті әйелдер тіркелімі» бағдарламалық кешені жұмыс істеп, 9688 жүкті әйел есепке алынып, жүктіліктің аяқталуына дейін бақылау жүргізілді;

- қауіпті топтағы жүкті және босанған әйелдер күнделікті мониторинг бойынша қадағаланып отыр. Ағымдағы жылдың 4 айында облысымызда 25 жүкті және босанған әйелдердің жағдайы өте қауіпті болды, оның 21 (84 пайызы) аман есен үйлеріне шығарылды;

- бекітілген жоспар бойынша - 9688 жүктілер мен 7538 бес жасқа дейінгі балалар тегін дәрі–дәрмекпен қамтамасыз етілді. 2011 жылға бес жасқа дейінгі ауру балаларды тегін дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 35 701,0 мың теңге қарастырылды, оның 32,8 пайызы (11721 мың.теңге) игерілді. Жүкті әйелдерді темір және йодқұрамды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 80206,0 мың теңге қарастырылып, оның 35,0 пайызы (28061,0 мың. теңге) игерілді;

- дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау саласында ұсынылған тиімді перинатальдық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда (ана болу қауіпсіздігі, балалық шағындағы ауруларды ықпалдастыра емдеу);

- ана мен балаға медициналық көмек беретін қызметкерлердің білімін үздіксіз дамыту үшін облыстық перинатальдық орталығы негізінде тиімді перинатальдық көмек бойынша оқыту орталығы ұйымдастырылып, 289 маман (акушер-гинеколог дәрігерлер, неонатологтар, акушерлер мен нәрестелерге күтім жасайтын медбикелер) оқытылды. Балалық шағындағы ауруларды ықпалдастыра емдеу бағдарламасы бойынша облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы негізінде оқыту орталығы ашылды, онда 590 медициналық қызметкерлер оқытылды. Әрі қарай осы бағдарламалар бойынша оқыту жоспарланған кестеге сәйкес жалғастырылады.;

-қазіргі кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасының екі маманы Астана қаласында экстрагенитальдық жүктіліктен тыс аурулары бар әйелдерді бақылау циклы бойынша дәріс алуда, сонымен қатар облыс бойынша 80 дәрігер терапевтті оқытуға 1 млн. тенге қаражат қарастырылды;.

-18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық медициналық тексеру, әйелдердің жатыр мойыншағының, емшек безінің қатерлі ісігін анықтауға скринингтік тексерулер жүргізілуде.

2011 жылдың 3 айында 18 жасқа дейінгі жоспарланған 325022 баланың 71450 (21,9 пайыз) профилактикалық медициналық тексеруден өткізіліп, 17087 (23,9 пайыз) ауру анықталды, соның 8810 (51,5 пайызы) сауықтырылды, диспансерлік есепке 10363 (14,5 пайыз) алынды.

2011 жылдың 3 айында жатыр мойыншағының қатерлі ісігін анықтауға жоспарланған 27763 әйелдердің 7036 (25,3 пайыз) тексеруден өтіп, 730 (10,4 пайыз) ауру анықталды, соның 210 (28,2пайызы) сауықтырылды, диспансерлік есепке 700 (10 пайыз) алынды.

2011 жылдың 3 айында емшек безінің қатерлі ісігін анықтауға жоспарланған 23252 әйелдердің 4367 (18,8 пайыз) тексеруден өтіп, 419 (9,6 пайыз) ауру анықталды, соның 191 (45,6 пайызы) сауықтырылды, диспансерлік есепке 314 (7,2 пайыз) алынды.

Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда профилактикалық медициналық тексеруден өткендер саны, сауықтыруы және диспансерлік есепке алуы, жылдан жылға ана мен бала емдеу мекемелерін жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және де дәрігерлердің білімін жетілдіру арқылы 1,1 есеге асып отыр.

-Жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары жалғастырылуда. Вакциналарды сатып алу үшін республикалық бюджеттен 793,0 мың.теңге, жергілікті бюджеттен 158,4 мың теңге қарастырылып, 242067,7 мың.теңге Республикалық бюджеттен және 62532,0 мың.теңге жергілікті бюджеттен игерілді.


  • Ерте бастан ұрықтың туа біткен кемістіктерін және тұқым құалайтын

ауруларды уақтылы анықтау үшін облыстық перинатальдық орталығында 1956 жүкті әйелдер және 7917 жаңа туғандар скринингтік тексеруден өткізілді. Осы скринингтерді жасау үшін 74361,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қарастырылып, 32,0 пайызы (23491,0 мың теңге) игерілді.

Аталған іс-шаралар 2011-2015 жылдарда «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалғастырылады.Осы бағдарламаға сәйкес:

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде алдын-ала емдеу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету үшін облысымызда 5 «Жанұялық денсаулық орталығының бөлімшелері», 1 «Жастар орталығы» құрылды. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып бастапқы медициналық әлеуметтік көмектің үлгісі қарастарылды.

Отбасын жоспарлау барысында әйелдерді жатырішілік контрацепциямен қамтамасыз ету жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының көлемінде жүргізіледі.

Аз салмақты нәрестені арнайы күту, жаңа туған нәрестелер хирургиясын дамыту үшін қазіргі кезде 5 маманды Израйлде оқытуға қажетті құжаттар дайындалуда.

Емдеу-алдын алу ұйымдарында заманауи тиімді перинатальдық технологиялар әрі қарай енгізілуде, оның ішінде ұрықта тұқым қуалайтын ауруларды және туа біткен кемістіктерді босанғанға дейінгі анықтау тексерудің сапасы үнемі қадағалауда.

Балаларға пневмококктық ауруға қарсы егу облысымызда 2011 жылдың тамыз айынан бастап жүргізіледі. Бұл шара балалардың өлімін 20 пайызға төмендетуі мүмкін.

Әйелдерге және балаларға медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлерді үздіксіз профессиональдық оқытуға орталық ашуға жергілікті бюджеттен 4,2 млн. тенге қарастырылды.

Емдеу алдын алу ұйымдарында дәрігерлерді үйлесімсіз жұмыстардан босату үшін қосымша 424 медициналық мейірбикелер, 165 әлеуметтік жұмысшылар және 18 психологтар енгізілді. Ол үшін 2011 жылы облысымызға 372,5 млн.теңге арнайы ағымдағы трансферт бөлінді.

2011 жылы босануға көмек беру және балалар ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 274,2 млн. теңге Республикалық бюджет есебінен және 53,3 млн. теңге жергілікті бюджеттен қарастырылды.

Ана мен бала өлімі, сондай ақ әлеуметтік-маңызды аурулардан өлімін азайтуда белгіленген индикаторлардың орындалуы бойынша бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың медициналық қызметкерлерін ынталандыратын еңбек ақы төлеуге 2011 жылдың 1- тоқсанның қортындысы бойынша республикалық бюджеттен 60,6 млн.теңге берілді.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ана өлімі 1,5 есеге азайды және 12,7 пайызға нәрестелік өлімі төмендеді.

Жоғарыда атқарылып жатқан іс-шараларға қарамастан облысымызда аналар өлімі орын алып отыр.

Жамбыл облысында тууға қабілетті жастағы әйелдер саны 27 пайыз құрайды. Бүгінгі күнге жүктілікке абсолюттік қарсы көрсетілімі бар 47 жүкті әйелдер облыстық денсаулық сақтау басқармасының күнделікті қадағалауында.

2011 жылдың 4 айында облыста ана өлімінің 4 оқиғасы тіркелінді, 2010 жылдың осы кезеңінде 6 ана өлімі болған.

2011 жылдың 4 айында ана өлімінің себептері:



- анестезиологиялық құралдың ақаулығы – 1 оқиға (Шу қаласының қалалық ауруханасында)

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы – 1 оқиға (Шу ауданының орталық аудандық ауруханасында)

- панкреонекроз-1 оқиға (Меркі ауданынан облыстық ауруханада)

- миға қан кету-1 оқиға (№4 қалалық емханасынан №2 қалалық ауруханада)

4 ана өліміне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасына бақылау жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша тәуелсіз сарапшылар сараптама жүргізді. Осы оқиғалар облыс әкімінің орынбасары М.М. Төлепбергеннің қатысуымен облыстық ана мен нәрестелік өлімді азайту жөніндегі штабында қаралды. Ана өліміне жол берген Шу қаласы қалалық аурухананың, Шу ауданының орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерлеріне, олардың орынбасарларына және №4 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасарларына сөгіс жарияланды. Сонымен қатар, Шу қаласы қалалық ауруханасының және облыстық аурухананың 3 бөлімше меңгерушілері қызметтерінен босатылды.

2011 жылдың 4 айында облыста 1 жасқа дейінгі 137 (155) бала шетінеді. Нәрестелер өлімі 12,7% төмендеді.

Сарысу, Талас, Жамбыл және Т. Рысқұлов аудандарында нәрестелік өлімнің көрсеткіші былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсіп отыр.

Нәрестелік өлімінің себептері:

Бірінші орында – перинатальдық кезеңдегі кейбір жағдайлар 56,9%.

Екінші орында – туа біткен кемістіктер – 24,1%.

Үшінші орында –тыныс алу аурулары – 6,6%.

Төртінші орында – жазатайым оқиғалар – 5,1%.

Жұқпалы аурулар – 1,5%.

Жамбыл облысында 2011 жылдың 4 айында BABIES матрица бойынша нәрестелердің 1 жасқа дейінгі өліміне аналардың денсаулығының нашарлығы, бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету деңгейінде нәрестелерге және жүкті әйелдердің күтімінің жеткіліксіздігі, босануға көмек беретін мекемелерінде жаңа туғандарға күтім жасаудың әлсіздігі әкеліп соғады.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар облыста орын алып отырған негізгі проблемаларды куәландырып отыр:

1.Бүгінгі күні облыста босануға көмек беру және балалар

мекемелерінде неонатологтардың, акушер-гинекологтардың, анестезиолог-реаниматологтардың, учаскелік дәрігер педиатрлардың, терапевтердің тапшылығы орын алып отыр.

2.Ана мен балалар өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қолдану үшін аудандық штабтардың жұмысы жеткіліксіз.

3.Халық арасында емханалар деңгейінде аурулардың алдын алу, отбасын жоспарлау, репродуктивтік денсаулықты қорғау, соның ішінде жастар арасында санитарлық ағарту жұмысы жеткіліксіз.

4.Босануға көмек беру және балалар мекемелерін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз.

5.Жаңа технологияларды босануға көмек беру және балалар мекемелерінде енгізу барысында баяулық.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу үшін төмендегідей шаралар қарастыру көзделуде:

1.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аудан әкімдерімен бірлесе отырып мамандарды тартудың жолын қарастыру.

2.Аудан әкімдері емдеу алдын алу ұйымдарының басшыларымен бірігіп, жүктілікке абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар жүкті әйелдерге күн сайынғы мониторингті қатаң бақылауды күшейту.

3.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Бұқаралық ақпараттық құралдары бірігіп халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын жандандыру.

4.Босануға көмек беретін және балалар емдеу мекемелерін жабдықтауды ең төмен нормативке 70-80% жеткізу.

5.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тиімді технологиялардың

енгізуін жалғастыру: ана болу қауіпсіздігі, босауға дейінгі қадағалау, ана сүтімен емізу, балалық шағындағы ауруларды ықпалдастыра емдеу.

Ана мен нәрестелік өлімін төмендету мәселелері облыс әкімдігінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының тұрақты қадағалауында.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылады.


Облыстық іс-шаралар
жүктеу 268,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау