қарағанда, бұл ақсақал кішіпейіл, тұрмысы тәп-тәуір, дастар-
ханы да молырақ. Еуропалық рәсімді сақтауға тырысады, үстел
басында асты ең алдымен әйелдерге бергізді...»
15 тамыз (дүйсенбі):
«Үш тәулікке созылатын мұсылмандар
мейрамы Құрбан айттың бүгін алғашқы күні. Әрбір шаңырақ
құрмалдық жасап, еркек қой сойды. Соңынан ана дүниеге барғанда
осы құрмалдық ма лына «мініп», жолшыбайғы қылкөпірден аман-
есен өтіп, жаны жұмақ қа жете ді-міс. Әр үйге бас сұғып, қымыз
ішіп, айт рәсімін жасадық. Ауқатты қа зақ тар тәуір бешпент,
бөріктерін киіп, сән
де
ніп шықты. Біз де солай іс
те
п, ауыл
дәстүріне ізет білдірдік...»
17 тамыз (сәрсенбi):
«Ауа райы бұлыңғыр. Қаныш келiп, бiр
бөлiмнен тұратын ойын көрсеттi. Оған қатысқандар – өз
ауылының адамдары, екi жiгiт сөдия тобынан ойнады. Кешкi
асты өз отауында, еуропаша әзiрленген тағаммен бергіздi.
123
ШЫҒАРМАЛАРЫ
А.Н. Белослюдов Чурмановтарға қонаққа барғаннан берi күйi
болмай жатып қалды. Қымыз iшуді тоқтатты, ыстық ас ішуіне
болмайды, өйткені қан тү кi рiп жатыр...»
18 тамыз (бейсенбі):
«Күн бұлыңғыр. Біздің ауылға Сәдуақас
Шорманов пен күйеу баласы, Том университетін... бітір ген дә-
рігер Сейітов
(Асылбек Жұманұлы – М.С.) қ
онаққа келді...»
Әдетте Қаныш өз ауылында екi-үш тәулік болып, содан кейін
ат басын көпке дейін бұрмайтын еді. Биыл одан айныды: үш-төрт
күндi жұмыс қарауға жұмсайды да, iле-шала қайтып оралатын
болды; қыр елі, өз ауылы да ескі тарихты көзбен көргендей етіп
төндіре айтатын естi қарттардан арылмаған; олармен әңгiмеле-
су – жас қайраткер үшін тас қайнардан мұздай су iшiп, мейiрiң
қанғандай әсерге бөленесің; ал Михаил Антоновичпен сұхбат
құру – мүлдем жаңа дүние сырын ашып, бел астында қалған
кешегi заман емес, одан да алыс, миллион жылдар бұрынғы тас
дәуірлерге жетелеп, қиял құсын қомдағандай заңғар шығандарға
көтереді. Иә, сол жазда ол көптен берi шынайы ақылгөй жанға
жолыққанын жан-тәнімен сезiп, соны да тағдыр сыйы деп, әр-
дайым тәнтi көңiлмен ынтыға тыңдауға асығып тұратын болды.
Ең ғажабы, ақылман профессордың тыңдаушысын еріксіз елікті-
рер әңгімесінде шек болмайды. Бiлiмi ұшан-теңiз, соның бә рiн
қайдан бiлген деп еріксіз сүйсінесің!..
Сiбiр түкпiрiндегi шағын қала Бараба гимназиясын тәмамда-
ған соң Том институтында оқып, В.А. Обручев негi зiн қалаған гео-
логия кафедрасында тәлім алып, ғылым жолына түскен. Жа сы
отызға iлiн бей ғылым магистрi атан ған, 1913 жылдан геология
профессоры. Бү кiл ресейлiк Геология комитетiнiң Сiбiр бө лiмшесiн
басқарады. Ал мен?.. Дала халқының сауатын ашар мұғалiм
болуға әзiрленiп жүрiп, атқамiнер көп қа зақ тың бiрi атанып, мiне,
ел дауына төрелік айтар халық сотымын. Жа ңа заманның адуын
жаршысы, езiлген көп тiң қорғаушысы, күштiлерден опық же-
ген шермен делердi әдiл үкiммен жарылқаушы болғаныма – жұрт
разы, өзiм де мәзбiн. Шындығында, сол бiр күндiк оңғақ тiрлiк...
Бір жолы Усов екеуі серуенге оңаша аттанды. Сарымсақты
тауының етегіне жеткен соң-ақ Михаил Антонович аттан түсіп,
тіз гін ді жас серігіне берді де, түйетайлы өрге жаяу көтерілді.
Профессордың әрдайым қайталайтын әдеті Қа
нышқа мәлім:
жазғытұрым су тасқыны шайған жарқабақ иә бітімі оқшау жар-
тас сызатын көрді ме – әлденеше сағаттар бойы сол жерді шұқшия
124
Медеу СӘРСЕКЕ
зерттеумен болады. Жаңа ойыншыққа еліккен бала дерсің құдды:
кейбір жердің топырағын көреді; қайсыбірінде балғасын әрлі-берлі
сілтеп, сынып түскен тас кесектерін тереді... Айналасындағы алу-
ан тіршілікті ұмытып, етекте тосып тұрған серігін де елемей, бар
ынтасы қарсы алдындағы жер жұлығында болып ұзақ отырады.
Ғажап, бұл да ғажап! Тастар әлемі, осынау алқам-салқам жөнең
тау парасатты, салиқалы ой иесін соншама қызықтырады дегенге
көзімен көрмесе сірә да сенбес...
Өтімді күн мейлінше қақтап шыдамсызданғанымен Қаныш
ғалым қонағының ермек ісіне бөгет жасамады, шыбыннан ты-
пыршыған аттардың ауыздығын алып, алыстан бақылады. Өзі
әбден шөлдеді, түс ауа Михаил Антонович төменге түсті. Әлденеге
кінәлі кісідей жымиып келеді. Жылымшы қы мызды сылқылдата
жұтқанда титтей де ашыр қанған жоқ.
– Қалай, Михаил Антонович, Сарымсақтыдан ештеңе тапты-
ңыз ба?
– Көрініп жатқан ештеңесі жоқ, кім білсін, шындап ақтарса...
– Кім оны ақтаратын, кім? – деп күрсінді Қаныш қымыз құй-
ған торсықты қанжығасына қайыра байлаған соң. – Жүрелік,
Михаил Антонович, аттар да шөлдеді.
Екеуі енді ат басын ауылға бұрды. Қамау сайдан қозыкөш жер
ұзаған соң-ақ алдан самал жел есті. Сол да сергітті білем, әңгімеге
жетеледі. Алды-артында көсілген кең далаға шаттана қараған
Михаил Антонович:
– Киргиз даласы, киргиз даласы деп, шексіздігіне тамсана
қайталайтын көптің бірі мен едім. Осындай ма едің, енді біл дім! –
деді толғана сөйлеп. – Бұл өзі осы заманғы ғылыми әдебиетте
геологиялық термин болып қалыптасқан ұғым. Шындығында,
кеңдігіне көз жетпес, бір қиыры бір қиырына ұқсамайтын орасан
зор алқап. Жоқ, ұқсайды жалпы келбеті. Бірақ әр төбесі, әрбір
пұшпағы түрліше жаралған, әр қиыры өзіндік сипатымен таныла-
ды. Құпиясы ерекше мол дала. Ғажап!.. Сіздің даланы жусан мен
бетегеден өзге түгі жоқ, сусыз, нусыз сары жон деп жүретінмін.
Бақсам, мүлдем басқаша. Анау нулы, сулы көрікті Баянаула,
ақар-шақар Тарбағатай, кәусар бұлағы мол Шың ғыстау. Немесе
өздерің жайлайтын мына Шідерті бойын алайық. Рас, сіздің да-
ладан көргендерім әзірше осылар ғана, ал қаз ба байлығын тіпті де
білмеймін...
– Біздің даланы жаюлы дастарханға теңеуге болады, Михаил
Антонович, – деді Қаныш. – Дастархан болғанда, үсті неше ал-
125
ШЫҒАРМАЛАРЫ
уан тағамға толы: бір жерінде құрт-ірімшік, бір жерінде аткөпір
үйілген бауырсақ, бір тұсы қант пен жентке, өрік-мейіз, неше
түрлі тәтті жемістерге толған, ал енді бірінде шашылған бидай
ғана, бір тұсында о да жоқ – тып-типыл тұттай жалаңаш сусыма
құм.
– Қалай дедіңіз? Түсінбедім, шырақ.
– Түсінбейтін түгі жоқ, Михаил Ан то нович. Тәтті жемістер
үйілгені әлгінде өзі ңіз айтқан оазистер – Баянауыл, Қарқаралы,
Көкшетау. Ал анау тек қана дәмді тағамдар қойылған тұсы – тау-
лы-тасты, өзенді-бұ лақты Нияз, Шідерті, біздің Алабас, Ақ ке лін
сияқты құйқалы жерлер. Тақыр деге нім – шөл дала, қылтанағы
жоқ қу медиендер.
– Ә, түсіндім. Бейнелі теңеу! Алайда мен, геолог ретінде,
Қаныш шырақ, сіздің даланы басқаша сипаттар едім, теңеуім
де сол себепті өзгеше болмақ, – деді кенет Усов тіз гінін тартып.
Астындағы ай маңдай торы кілт тоқтады. Қаныш та атын тежеп
профессорға аңыра қарады. – Геология маманы үшін киргиз да-
ласы – іздесе таптырмайтын, ешқашан да жалықтырмайтын клас-
сикалық мектеп. Қаншама ашық, беті аршыл ған геологиялық
үлгілер! Таулары да тозған, әбден мүжілген. Сірә, қазына байлығы
да аз болмас деймін! Оқымаған, су қараңғы Апақ Байжанов,
Қосым Пішенбаев сияқты кезбелер суыр індерін түрткілеп-ақ
Қарағанды, Екібастұз сияқты алып көмір ошақтарын тауыпты.
Ал білімпаз геологтар шындап іздесе? Қандай-қандай қазыналы
көмбелерге жолығар еді?! Ғылым үшін, ел мүддесіне қызмет
етер ғажайып жаңалықтар ашар еді! Қаныш, қымбаттым, сіздің
орныңызда болсам, геолог болып кетер едім. Құдай ақы, сізді
ауыстыратын бір сөдия табылар. Сіздің орныңыз – геология!
Туған далаңыздың кен байлығын іздейтін геолог болу!.. Сізге оқу
керек! Ибрагим Құнанбаевтың бұл жайында не дегенін білесіз бе?
Маған оны, әнеукүні Шыңғыстауда болғанда Әлімхан Әбеуұлы
жүрегіме құй ып берген...
–
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра
тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен
кеш сермедім...»
–
деп тақпақтаған Қаныш кексе серігіне жымия
қарап, Абай өлеңінің мәнін орысша жеткізді.
– Иә-иә, дәл айтасыз. Тап сол өлең! Тегі, Ибрагим Құнан-
баев – үлкен ақын! Мен танитын білімді қазақтардың бәрі де солай
дейді. Ақын ғана емес, сірә, ерекше кемеңгер адам. Өйткені, ғапу
етіңіз, сіздерден кем оқыса да, көп жайтты артығырақ ойлаған,
126
Медеу СӘРСЕКЕ
ұрпақтарын да білімдарлыққа тәрбиелеген. Мысалы, бел баласы
Тұрағұл Ибрагимұлы нақ сондай адам, өз бетімен оқып-тоқығаны
көп, Шығыс қана емес, орыс әдебиетін жап-жақсы біледі...
Тегінде, мен білетін қазақ зиялылары шетінен өте талантты жан-
дар, тек тереңдеп оқымаған. Айталық, сіздің немере аға ңыз Әбікей
Зейінұлымен сұхбат құру – мен үшін үлкен тағылым! Жуықта ол
кісі маған қазақ жастары жаппай құлшынып, оқу жолына түсе
бастады дегенді мақтана айтты. Мен де ол кісіге: «Бұл тамаша
құбылыс!» – дедім. – Он-он бес жылдан соң, демек, жеміс күтуге
болады. Гимназия, семинарияда оқитын жас түлектерге олар
ұстаздық етеді. Сөйтсе де, шырақ, сіздің халықтың перзенттері
техникалық білім алуға да ұмтылса игі. Мына даланы жаңа
өмірге тезірек бейімдеу үшін бұл да керек кәсіп. Сіздің әулетті мен
біршама білдім дей аламын. Жастары шетінен дарынды. Әсіресе
сіздің туған ағаңыз Бөкеш... Неге оқымаған, түсін беймін, болыс
төрағасы, ғапу етіңіз, бұл енді қазіргі жағдайда соншама мәнді
қызмет емес. Немесе сіз өзіңіз, әрине, сіздің ұлттың мінез-құлқын
жете білем деп айта алмаймын. Сөйтсе де, Қаныш, кейбір білімді
жастар шенеунік болуға ерекше құмар...
Михаил Антоновичтің әңгіме дуына бе ріл гені сонша, тоқтап
тұрғанын ұмытып, жас серігіне әредік күлімсірей қарап ақтарыла
сөйлесін. Қаныш та бір өзі үшін аса қымбат сәтті ешқандай бөгде
сөз, көлденең әрекетке қимағандай еміне түсіп беріле тыңдаған-
ды. Тек әлден соң:
–
Сіз, сіз, шыныңызды айтыңызшы, маған да оқы дейсіз бе?
Әттең, кеш қалдым ғой, Михаил Антонович! – деді даусы дірілдеп. –
Әмбе, жал ғыз емеспін...
– Оқығың келсе, қымбаттым, ешқашанда кеш емес!
– Менің жасымда сіз институт бітіріпсіз. Ал мен балалы шә-
кірт атанып...
– Шәкірт, шәкірт!..– Профессор кенет атын тебінді. Сірә,
әлденеге шамданып қалғандай. Екеуі енді үзеңгі қағыса қатар
жүр ді. – Біле білсең, мен қазір де шә кірт пін. Иә, иә, өмір бойы
шәкіртпін. Оқуға құныққан адамның ізденісі ешқашан тоқ-
талмайды. Құдай тағала үйренбеуден, біл дім, толдым, болдым деу-
ден сақтасын. Онда тоқтағаның емес, оңбағаның!
– Оқығым келеді, – деді сөдия жігіт біраздан соң. – Әрине,
туғандарым, үй-ішім қар
сы. Оның үстіне кеуде сырқатым да
аяғыма оралғы болып, адымымды ұзатпады.
127
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Шынымен оқығың келсе, Имантай ақ са қалмен мен-ақ сөй-
лесейін, әкең – заманды терең түс інетін ақылды адам, – деді Усов
қуанып. – Томға келесің. Сібірдің ауасы екеуміз дің дертімізге
теріс болмас деймін. Тек онда қымыз жоқ, тамақ та тапшы.
– Әкеймен өзім сөйлесейін. Сіз уездік ревкомға, қайтар жолда
губерния басшыларына құлаққағыс етіңіз. Қызметімнен босат-
сын. Қайбір еріккендіктен сот болып жүр дейсіз, ел ішінде сауат-
ты кісілер аз. Кім біледі, ешқайда жібермейміз деп кедергі жасауы
мүмкін.
– Жібереді, жібермей көрсін! – деп қатуланған Усов қамшысын
көтерді. – Ұлан-ғайыр даланың жерасты қазынасын халық игі-
лігіне тезірек жарататын инженерлер сөдиядан гөрі керегірек
екенін Кеңес өкіметі сөзсіз көтереді. Қам жеме бұған, босайсың!
Бұл шаруаны, шы рақ, маған қалдыр!..
– Жер өндіріп алсақ қайтеді, Михаил Антонович?
– Мейлің, тек ұзаққа жарамаспын. Бараба шаруасының ұрпағы
болғаныммен, кабинетте шалбар тоздырған қағаз кеміргіш еке-
німді ұмытпаңыз, қымбаттым.
Қаныш тортөбел атқа қамшы басты. Ауыларалық шолақ жа-
рыстарда бәйге алып жүрген шыға шаппа жүйрік жылқы еді. Шу
дегеннен серігінен оқ бойы озып, алға шығып кетті. Қонақтың
астындағы аймаңдай торы ат ұзыны есік пен төрдей, көлденеңі
де бірталай, бір көрерге көрікті жылқы болатын. Жүрісі жай-
лы, қылтың-сылтыңы жоқ жуас мал болған соң мейманға әдейі
мінгіз ген, әкесінің төл аты. Ә дегенде Қанышқа елі гіп біраз жер
шапқанымен, тортөбелдің жуық маңда жеткізбейтінін ұқты да,
Усов тізгінін тартып, қояншоқаққа ауысты. Қа ныш та атының ба-
сын тежеді.
Профессор серігі қуып жеткенде, ол тортө белдің ылпылдаған
жол жорғасымен баяу тербетіліп, ән шырқап келе жатыр еді.
Михаил Антонович жас жігіттің құйқылжыған көңіл күйін бір-
ден ұқты: сірә, әлденеге қат ты тебіреніп, сол қуаныш бебеу қағып,
сырлы әуенге айналып, өз-өзінен ән болып кө кі регінен төгіліп
келе жатқан тәрізді...
Достарыңызбен бөлісу: |