132
Медеу СӘРСЕКЕ
Содан бір күні профессор В.И. Шумиловтың алдына келген.
Көңілінде қобалжу бар. Өйт кені бұл кісінің одағай қылықтары
жайында алуан қауе сет тер естіген... Шынында солай болды. Үс -
тінде қазақы күпі киіп, елтірі тымағын қолтығына қысқан, кең
қоныш саптама етігімен айнадай жылтыр паркетті тосырқағандай
жасқана басып (емтихан ұстаушының оқшау киім
і
нің
өзі-ақ
«Мынау жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір ой
туғызған), алдына имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке мате-
матика профессоры одырая бір қарап, дереу алгебралық теңдеу
құрай бастады, екі бел гісізді қарапайым есеп. Қаныш қинал ған
жоқ, оп-оңай қағып тастады. Профессор «Әй, мынау, түйеден
түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей таңданыспен сы-
нақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне та ғы бір мәрте
одырая қарап, алғашқыдан едәуір күр делі бірнеше есеп жазып,
алдына қой ды. Күпілі далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы
теңдеудің қитұрқы бүкпесі
бар екен, оны шешуге едәуір уақыт
ойлануға тура кел ді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты.
– Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, –
деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, тең-
сіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу
белгісі тұруға тиіс...
– Оны қайдан білдің?
– Теңелу шарттарын тексеру арқылы...
–
Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз да ласында қой бақпай,
үнемі есеп шығарып жүргенге ұқсайсың. Бірталай жан осы
теңдеуден шатылып еді, ал сен сүрін бей өттің. Жарайсың, жай-
саң киргиз, жа йыңды білдім.
Оқи сың біздің храмда, оқисың!
Әлгінде ғана құрыстанып отырған профессор Шумилов кә-
дімгідей жадырап, аяқастынан масаттанып қал ды.
Сонымен, Қаныш – технология институтының кен факультеті-
нің студенті. Көптен бергі арманы жүзеге асып, білімнің биік орда-
сына қолы жеткен бақытты жан!..
Ендігі әңгіме тіршілік ахуалы турасында: институт пен уни-
верситетте екеуара жалғыз жатақхана бар; одан орын сұрау –
үмітсіздің шара сы, өйткені жатақхана кереуеті жоғарғы курстың
студенттеріне ғана беріледі... Шынтуайтын айтқанда, соларға да
жетпейді. Өзге шәкірттер өзара қоғамдасып пәтер жалдап, жеке
меншік үйлерде тұрады. Ал пәтер
жалдауға қаражаты жоқтары
институттың вестибюльдерінде, аудиториялардағы сызу тақта-
лары мен ұзын үстелдер үстінде тү
нейді. Институт басшыла-
133
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ры бұл гәпті жақсы біледі, шәкірттердің шарасыз күйіне, сірә,
көмектескені шығар, көпе-көрінеу елемегенсиді. Сөйт кен «баспа-
налары» жылы болса жөн-ау. Оқу корпустарына от жағылмай-
ды. Дәрісті студенттер тон, күпілерін шешпей қожыра йып оты-
рып тыңдайды (әкесінің ақылына құлақ асып, қырда киетін
күпі,
тері кәзекей, тон, саптама, тымағын ала келгеніне Қаныш
мұндай қуанбас). Дәуіттегі сия жарым сағатта қатып қалады. Сол
себепті әр студент бір уыс ұштаулы қарындаш әкеліп, сонымен-
ақ сүйкектетіп жазады. Шумилов сияқты профессорлардың
дәрістерін жазып үлгеруге де еп қажет: оң қолы тақтаға ұшы-
қиырсыз теңдеу, формулаларды тізіп жатқанда, сол қолындағы
шү берек үстіңгі жолдағы жазуларды сүртумен болады. Үлгерме-
дім деп айтып көр – мақау атанасың, болмаса аудиториядан та йып
тұруыңды талап етеді. Қырсық мінезіне Василий Ивановичтің
қыруар білі мі тең, шынайы ғұлама адам!
Шәкірттердің күн сайын тамақ тауып ішуі де оңай емес.
Төрт жүз грамм қара нан алу үшін
институт ләпкесінің алдын-
да әлде неше сағат кезекте тұру керек. 1921 жылы студенттер ас-
ханасы жұмыс істемеген.
Достарыңызбен бөлісу: