Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет168/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   245
null

Әлқисса, содан бір сәтте купесіне шақырып, шай алдырды. 
Үй-ішінің фотосуреттерін көрсетіп, әпкелерімді таныстырды. 
Ақырында мамамның мені өзіне жақын-жуық жүргізбейтініне 
реніш білдіріп, «Үлкен қыздарым сияқты сен де маған сүйіктісің, 
бірақ өмірің, тәрбиең менсіз өтіп, шындығын айтқанда, әкесі 
жоқ баладай өгейсумен ержетіп келесің, қарғам. Мамаңның 
мұнысы дұрыс емес. Міне, мен қасыңда отырмын, туған әкеңмін, 
сені айында-жылында әрең көретініме налимын, бірақ соны 
түзетуге амалым жоқ, Жәмилаш. Бұл сөзімді ұмытпа, сірә, әкең 
үшін де мақтанатын уақыт туады, сол кезде маған реніш айт-
па, сағынышпен есіңе ал, жарай ма, жан балам...» – деп басымнан 
еміне сипады. Көңілі босап, көз алдын жас буғанын аңғардым. Мен 
де жыладым.
Сол сапарда ол маған ішінде неше түрлі қара-қоралаш сурет-
тер салынған қалың кітап сыйлады. Кітаптың суреттері маған 
ұнаған жоқ. Қазақстанның алғашқы тарихы екенін бертінде 
білдім...»
Әр нәрсенің өзіне тиесілі уақыты болмағы да – өмір заңы, 
ынтық көңілдің аптығы басылып, өзгедей тіршілік әуеніне ауыса-
тын мезгілі де болады. Тегінде ортақ нәрестемен бекіген байланыс-
ты шорт үзуге ынта Кәмила сұлудан өрбіген... 
Кәмила Досқызы сол қарсаңда ғылым жолы өзі үшін – бірден-
бір мәртебелі, ел мүддесі үшін де елеулі іс екеніне біржола 
бекінген. Ал ондай істі қырықтың белінен аспай тұрғанда атқару 
қажет. Сондықтан да ол докторлық диссертациясын тезірек 
қамдау жолына шындап кірісіп, тірлік-тынысын тек қана соның 
жолына бағыштаған. Бұл болса бірер айдың, не жылдың әуресі 
емес, ол үшін жүздеген сынақ жасау қажет, перзент сүюді аңсаған 
жүздеген әйелдерді ұзақ уақыт зерттеумен, емдеумен ғана жүзеге 
асатын ауыр ізденіс. Әсілі, мұндай күрделі мақсатқа құлшыныс 
туғанда өзге шаруалардың, қарақан бастың қам-қарекетінің де 
екінші, үшінші кезекке ауысары – түсінікті қаракет...
«Қазірде ойлаймын, сол күндегі қатаң тәртіп, әсіресе от-
басына деген партиялық үстемдік әке-шешемнің емін-еркін 
жолығуына, ашық түрде қарым-қатынас жасауына сан ал-
уан кедергі туғызған. (...) Әлбетте, мамам да, әкем де − күшті 
тұлғалар. Екеуі де ұсақ-түйекке малданбай, қандай қысым 
көрсе де мойымай, бір-біріне құштарлықтан біршама уақытқа 
дейін айнымаған. Қысқасы, өз қалауымен өмір сүрген. Сөйтсе 


444
Медеу СӘРСЕКЕ
де... Мамам өз айтқанынан айнымайтын бірбеткей жан, әкеме 
де, маған да ерік бермей, өздері жөн көрген қағидамен өмір 
сүрді...» 
– деген жолдар Жәмила Қанышқызының, бертінде, өзі де 
бала-шағалы болып ересейген шағындағы ой түйіні.
К.Д. Өтегенова – ғылым турасында ту бастан өзіне мақсат ет-
кен ой-арманын жеріне жеткізе түгендеген қайраткер. 1955 жылы, 
39 жасында ол докторлық диссертациясын Ленинградта қорғап, 
бір жылдан кейін профессор атағын иеленген, Қазақстанның бас 
гинекологы міндетін ұзақ жылдар сәтті атқарып, республикаға 
еңбегі сіңген дәрігері атанған, орден, медальдармен марапатта-
лып, даңққа бөленген. Қысқасы, 1950-1975 жылдар аралығында 
дәрігерлік ілімнің гинекология саласында маңдайалды білгірі 
атанған ірі тұлға. Тынымсыз қайрат иесі үшін, әсілі, бұл да 
аз. Ғылыми білім-танымы жетіп артылып тұрған жан күллі 
Қазақстан атырабындағы, әсіресе облыс орталықтарындағы 
перзентханалардың жібі түзу мекенжайларға орналасуын талап 
етіп, сол үшін неше алуан қам-қарекет жасап, акушерлер мен 
гинеколог дәрігерлердің біліктілігін арттыруда, өз ісін түбегейлі 
білуге ынтасы жоқ әріптестеріне ымырасыз қатаң шаралар 
қолданарда Кәмила Досқызы ешкімге дес бермеген, өз айтқанын 
істеткен. Өз қарауындағы №1 перзентхана сол жылдарда шынын-
да да республика бойынша шын мәнінде бірінші аурухана атанған. 
«Шешемді әріптестері қатты қадірлеген, шынтуайтын айтқанда, 
одан сескенген де. Өйткені ол – нағыз істің адамы, сол үшін қатал 
әрекет жасаудан да тайынбаған...» – дейді Жәмила Қанышқызы. 
Кәмила Досқызының дәрігерлік даңқы бүкіл Одаққа мәлім бо-
лады. Білімдар ғалым, Кеңес әйелдерінің көрнекті өкілі ретінде 
Жер шарының алты құрлығында түгел дерлік болған. Америка 
мен Канадаға бірнеше мәрте барыпты, Сидней, Дели, Каир, 
Пекин, Париж, Берлин, Лондон сияқты әлем қалаларында өткен 
дүниежүзілік форумдарға қатысып, кейбірінде баяндама жасаған. 
Мысалы, Египетке барғанда сол елдің президенті А. Насердің 
қабылдауында болған. Сол сапарлардың бәрінен де ол кеудесін 
кернеген мақтаныш сезіммен оралады екен. Өйткені ол сол жиын-
дарда өзін емес, қазақ әйелінің қандай әлеуметтік дәрежеге 
көтерілгенін көрсетіп қайтты... 
Дарқан өмір де ағын су сияқты. Уақыт көші жөңкіле көшіп, 
атақ қана емес, мадақтың тозатын, бақыттың да басыңнан 
ұшатын кезі болады. Медицина ғылымының докторы, профессор, 
қоғам қайраткері, перзент туғызу ілімінің асқан білгірі атанған 


445
ШЫҒАРМАЛАРЫ
К.Д. Өтегенованың да кейбір әріптестерінің қызғанышынан өр-
біген пәле-жаласынан, ақиқат теріске бұрмаланған жайттардан 
жаны қатты күйзелетін мезгіл туады... Қысқасы, алпыс жастың 
өрінен аса-ақ жұмысқа деген бұрынғы ынта-жігері азайып, оның 
есесіне басты назары сүйікті Жәмиласының отбасына ауады. 
Ал ол Мәскеуде тұрақтап, өзі ұнатқан салада еңбек етіп жүріп, 
өмірлік серігін тапты. Анасы да күйеу баласын бірден ұнатып, 
әсіресе ақыл-зердесінің тереңдігін, кісілік биік нышанын да жаз-
бай айырған: МГУ-дің тарих факультетін бітірген Сергей Егоров 
социология ілімімен көп жыл тынбай шұғылданып, Мемлекет 
және құқық институының жетекші маманы атанады. «Сережаның 
зерттеуі үкімет тарапынан жоғары бағаланып, АҚШ-қа жиі ба-
ратын болды. Тимурды мамама тастап, бір жаз екеуміз Бостонда 
болдық. Сергей Гарвард университетінің Құқық мектебінде дәріс 
оқыды. Дәріскерлік дарыны Америкада жоғары бағаланып, 
Массачусетс штатының заң шығаратын палатасы оған арнаған 
жиын ұйымдастырды. Соңынан бізді сенатор Эдвард Кеннеди 
қабылдады... 1984 жылдың 6-шілдесінде екінші мәрте ана атандым. 
Андрейім ширап, екі жасқа іліккенде, тағы да шетелге аттандық. 
Турасын айтқанда, Сергей екеуміз балалардың тауқыметін мамама 
жүктеп, ғылыми ісімізбен алаңсыз шұғылдандық. Мысалы, мен 
1889-1990 жылдары Қытайда ұзақ болып, Пекиндегі халықаралық 
байланыстар институтында докторлық диссертациямды дайында-
дым. Сергей де Б.Н. Ельциннің тікелей тапсырмасымен Ресейде 
президент-тік басқарудың конституциялық негіздемесін ғылыми 
тұрғыдан әзірлеумен шұғылданды. Сол қарсаңда оның төрт кітабы 
шықты. 1992 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Іле-
шала Еуропа елдерінің құқықтарымен шұғылданатын жаңа ин-
ститутты құруға құлшына кірісті...
Мамамның қос немересінің тәрбиесіне жан-тәнімен шы-
найы берілгені сонша, емханадағы ұлан-ғайыр жұмысынан 
бас тартып, Мәскеуге біржола көшуге қам жасады. Қысқасы, 
қалған ғұмырын менің екі ұлымды тәрбиелеуге арнайтынын 
мәлімдеді. Біздің қарсылығымызға құлақ қойған жоқ. Тегінде, 
мамам қартайған сайын өз дегенінен қайтпайтын қылығын 
күшейтіп, осы күнгі терминмен айтқанда, авторитарлық әмірге 
көбірек ерік беретін еді. Бір күні қызық жағдаятқа тап болып-
ты: Андрейді арбамен сүйреп, Тимурды жетектеп, Алматының 
Ленин алаңындағы саябақта демалып отырса, бір ақсақал келіп, 
балаларды қызықтап қарап тұрып: «Бәйбіше, мынадай батыр 


446
Медеу СӘРСЕКЕ
қазақтар барда біздің халық сірә да ешкімнен кем бола қоймас!..» 
деп, қолын жайып, ақ тілек айтып, бата беріпті. Соны да мамам 
әзіл-шыны аралас бізге, Америкаға хабарлап: «Алланың жаз-
мышына не шара, міне, асыл Қанекемнің алып тұрпатын айныт-
пай қайталаған қос немересін баққан бақытты кемпір атандым. 
Жасаң күндегі қызық-шыжығым осындай ермекпен аяқталарын 
сірә да ойлаппын ба?!..» − деп өзіне-өзі тәнті болғанын бізге ар-
найы хатпен мәлімдеді.
Амал қанша, бақытты жылдарым ұзаққа бармады. 1992 жыл-
дың 29 желтоқсан күні Сергей автомобиль апатынан қапылыста 
мерт болды. Тимур сол қарсаңда 14, Андрей 8 жаста еді. Ол аз-
дай, мамамның жүрегі ауыратын-ды, қазанның 11-жаңасында 
ауруханада жатқанда ол кезекші дәрігерді қасына шақырып, 
менің телефонымды жаздырып: «Мәскеуге көшіп, немерелерімді 
оқытпақ болған арманыма жете алмайтын болдым. Қызымнан 
кем көрмейтін сүйікті күйеу балам, әлгінде аян беріп: «Кәмила 
Досовна, сіздің де уақытыңыз бітті», − деді. Сірә, күн шыққанын 
көре алмаспын, көзімді жұмған сәтте Жәмилашыма хабар беріңіз. 
Бұл менің соңғы өтінішім, қызым фәни дүниеде жалғыз қалды, 
балаларына ие болсын, олар да өзі сияқты, қасиетті кісінің 
ұрпағы...» − депті. 
Дәрігер мені шырт ұйқыдан оятып, асыл шешемнің таң сәріде 
көз жұмғанын естіртті...
Ғылыми ізденіс жайына қалды, қырық бес жасында ерінен, 
тоғыз айдан соң анасынан айырылған Жәмила Қанышқызының 
содан бергі қам-қарекеті екі ұлының азамат болып өсуіне арналып-
ты. Ол мұратына да қиналмай жеткен. Екеуі де ержетіп, азамат 
атанып, жоғары білім алыпты. Үлкені – шетелде, кішісі Мәскеуде 
қызмет етеді.... 
* * *
2003 жылдың жазында «Сәтбаев» ғұмырнамасының екінші ба-
сылымын «ЖЗЛ» сериясымен шығару үшін Мәскеуге барғанымда 
мен Жәмиланы ұзақ іздеп, Қазақстан Республикасы елшілігінің 
іргесіндегі «Мәдени орталыққа» шақырдым. Қазақтың бауырсағы, 
құрт-ірімшігі, шелпегі қойылған дастарқан басында отырып, 
әңгіме шерттік. Жоғарыда келтірілген деректердің біразы сон-
да айтылған еді. Кемтігін Жәмила Қанышқызы бертінде үлкен 
естелігімен толтырды. Солай етуге ой салған өзім едім: өз өмірі мен 


447
ШЫҒАРМАЛАРЫ
шешесі туралы деректерді жүйелеп, бар білгенін, жиған-тергенін 
ешқандай қоспасыз, анасының да, өзінің де әкесімен қарым-
қатынасын қағазға түсіріп берсе − ғұмырнама кітабымның келесі 
басылымында жариялауға уәде еткенмін...
– Медеу аға, бұл тілегіңізді орындауға құштармын. Туған 
елмен байланысым сиреп, әсіресе мамамның құрбылары өмір-
ден озған соң мүлдем үзілуге айналды. Соңғы он бес жылда 
Қазақстаннан мені іздеген сіз ғана. Әрі қандай тілекпен келіп 
отырсыз... Мен туған елімді сірә да ұмытпаймын. Өйткені аз бол-
са да әкемнің еркелеткен жылы мейірін көрдім, ал анам туған 
елімді, халқымды мақтан етіп, ардақ тұтуға баулыды. Әрине 
балаларым бұдан мақрұм, тек апасын ғана біледі. Әсілі, олар да 
кімнің ұрпағы екенін білуге тиіс. Әкем де, шешем де − қазақтың 
сорлысы емес, мақтан тұтқан сүйікті тұлғалары. Сіз енді ел жа-
дынан тасада қалған біздің отбасылық тарихымыздың бүркеулі 
бет-пердесін ашар болсаңыз, не деймін, амандығыңызды тілеп, 
кітабыңыздың қайтадан жарық көрер күнін асыға тосатын бола-
мын, аға!.. − деп ағынан жарылған еді өз тобынан адасқан қаздай 
алыстап кетіп, атажұртын аңсаумен өмірін өгейсіткен Қанекең 
перзенті − Жәмила қарындасымыз.
Содан бері біраз жыл өтті. Сол уәдемді жүзеге асырудың сәті 
2009 жылы түсіп, Астанадағы «Фолиант» баспасы көркемдеп, 
түрлі-түсті, 300-ден астам суреттермен безендіріп, қалың аль-
бом түрінде, орыс тілінде, «Феномен» деген атпен жарыққа 
шығарған (демеушісі – академик С.Ж. Дәукеев) кітабымда 
Жәмила Қанышқызының ғұмыр тарихын ашып, ғұмырнама ро-
ман-эссеме қостым. Анасы мен өзінің, екі жиенінің де суреттерін 
жарияладым. Әлбетте, содан бері бұл тарихты Қанекең туралы 
жарияланған кітаптарыма қосып келемін.

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау