Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет164/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   245
null

«Кім-кім, дәл бүгінде Қазақстан 
ғылымын Қа 
ныш Имантайұлынан асырып, ілімнің бар сала-
сын өз тілінде танып-білер әрі жете түсінер, демек, сәтті 
басшылық жасар үздік ғалымды өз басым білмеймін... Сол себепті, 
қымбатты жол дастар, осын дай дара дарын иесінің өз ор та-
мыздан шыққанына тәубе дей тұрып, бір адам дай дауыс беруге 
шақырамын!»
– деген-ді.
Осы ұсынысты қолдап, жер ілімдерімен шұғылданатын ға-
лымдар атынан Н.Г. Кассин және Н.В. Павлов сөйлейді. Бұра 
тартқан бөгде пікір туған жоқ, өзге үміткерлер де аталмады.
Жабық сайлау нәтижесі де жұрт күткен 
дей болды. Қарсы 
шығып, қалыс қалған бір жан жоқ. Бұл хабарды да залдағы 


424
Медеу СӘРСЕКЕ
көпшілік қол соғумен қарсы алып, қуаныш білдірді. Габриил 
Адриано вич әріптестерінің шаттана дүрлігуін әрең басып, Қа-
зақстан акаде мия сының тұңғыш прези дентін бірауыздан сайла-
нуымен құт тық тады да, мінберге шақырды.
Байсалды, парасатты дегенмен, жан-дүни е сі тебіреніп, көңіл 
шіркін шарқ ұрған айтулы сәтте Қаныш Имантайұлы сөзін бұрын-
ғыдан бә сең де көмескі үнмен «Ым-ымдап» кібіртіктей бас тап, 
іле тамағын ке неп жігер леніп алды да, өзіне зор сенім мен құрмет 
көрсетіп, ауыр міндет артқан әріп 
тес 
теріне рақмет айтты, ел 
үмітін ақ тау жолында бойындағы күш-қуатын ая май сарқа жұм-
сайтынына иландыра сөй леді... Бірте-бірте үні ширап, тілмәр ше-
шен машығына түсіп, сөреге жақындаған сайын суырыла шыққан 
бәйге атындай дараланып, ой сең гірін төпеді.
– Кеңес халқы жүктеген ұлы міндеттер ғы лым иелерінен ора-
сан зор жігер-қайрат, қыруар еңбек, жарқын ерліктер талап ете-
ді. Біз әрқашанда өмір талабына сай ізденіс жасауға тиістіміз. 
Халық шаруашылығының өркендеу жоспарының орындалуы-
на, оның аршын адыммен алға басуына өнеркәсіп ұжым дарымен 
бірге біз де жауаптымыз! Сонымен бірге әрбір ғылым саласы 
күнбе-күнгі тіршілік төңіре гінде қалып қоймай, түбегейлі зерт -
теу лер мен, ілімнің алдыңғы шебіне шығаратын теория лық іргелі 
жұмыстармен де шұғыл да ну ды мұрат етсе игі! Түптеп келгенде, 
бұл Қа зақ стан ғылымының өрісін кеңейтеді...
– Ғылымға аспирантура, докторантура ар қылы келу – бірден-
бір төте жол болып, дәстүрге айналды. Бұл негізінен дұрыс та, 
бірақ диссертация қорғап, мүдделі атаққа жету – ғылым үшін 
үнемі пайдалы шара емес. На ғыз ғылым жолы – ел кәдесіне 
жарарлық жаңалық ашып, шаруашылыққа тигі 
зер әсерін 
күшейту, ілімді алға сүйреу бол мақ. Ғылым жалған мадақты 
сүймейді, ғы лым ның биік сарайына біреуді жақсы көріп иә соған 
жалпақтап жүріп кіре алмайсың. Ғылым ымырашылдықты, 
бос мақтан дау 
рық 
палықты, өтірік мәлімет, өсек-аяңды, 
көрсеқызарлықты көтермейді. Оған түзу ниет, таза жүрекпен 
бару керек. Ұлы Абай айтқандай: «Біз ғылымды сатып, мал 
іздемек емеспіз!» Бұлай істесек – өзімізді ғана емес, ел сенімін 
алдап, ертеңгі шығар тауымызды аласа еткеніміз, асыл ниетті 
қорлап, жермен-жексен еткеніміз. Ғалым әріп 
тестерімді мен 
кішіпейіл болуға, табысқа басы айналмай, бос мақтан, жел сөзге 
елікпей, әлеумет үшін игі жұмыстар істеуге, ел есінде қалатын 
тарихи ұлы игіліктер жасауға шақырамын!..


425
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Сол жылғы көктемде Қаныш Имантай ұлының жасы қырық 
жетіге толған-ды. Ел ағасы атанған, ақыл-ойы кемеңгерлікке 
ауған шабытты кезі. Ғылымдағы дара салма ғы да ерекше сарала-
нып, шынайы ғұлама деп танылған, өнер-дарыны туған халқын 
шек сіз сүйсінткен айшықты кезеңі. Жұлдызы биік теп, барынша 
жарқырап шыққан шақ! 
Жыл басында (ақпан, 1946) өткен сай лау да КСРО Жоғарғы 
Кеңесіне депутат болып сайланған. Сегіз айдан соң, 30 қарашада 
өт кен кезекті жиында мерейі тағы да үстем шығып, КСРО Ғылым 
акаде миясына толық мүшелікке жетті. Бұл да нұр үстіне нұр бол-
ған игі іс, Қ.И. Сәтбаевқа дейін бірде-бір Шы ғыс халықтарының 
перзенті көтеріл ме ген ғылым шыңы.

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау