407
ШЫҒАРМАЛАРЫ
салу үшін не қажет болса
–
соның бәрін де іздеп тап ты... Бірақ ол
алыптарға малданып, жол-жөнекей кезіккен ұсақ-түйек кендерді
«көрмей» кеткен барлау
шы емес. Оның нағыз ғалымға және
мемле кет қайрат керіне тән көрегендік, сан қырлы бол жампаз
қабілеті бүгінде, соғыс тауқы меті талап еткен шикізаттарға
ділгер бол ған қиын уақытта кәдеге асты».
Ғалым өмірінің айшықты жылы тағы бір мерейлі оқиғамен
жалғасты: 17 тамызда Жоғарғы аттестациялау комиссиясы гео-
лог Қ.И. Сәтбаевқа, ғылыми еңбектерін ескеріп,
геология-мине-
ралогия ғылымдарының док торы атағын қорғаусыз беруге шешім
қабылдады. Бұл да ұзақ жылғы тынымсыз із
де
ніс
тің жемісі,
көп шаршаудың, өзі айтқандай «бойындағы күш-жігерін сар-
қа жұмсаудың» өтеуі. Аны ғында қазақ білімпазының ғылыми
қабілетін танудың бас тапқы жорасы...
КСРО ҒА 1942
жылы құрған Орал, Батыс Сібір және Қа-
зақстанның табиғи қор ларын қорғаныс ісіне пайдаланумен шұ-
ғыл данатын комиссияда Одақтың ірі ғалымдары И.П. Бардин,
В.А. Обручев, А.А. Ско чин ский, И.И. Мещанинов, А.Д.
Ше вя ков,
Э.В. Брицке, И.Ф. Григорьев тәрізді ғұла малар жұмыс істейді.
Қ.И. Сәт баев бұл мін детті республикалық жос парлау комитетінің
ғылыми-техникалық кеңесі төрағасының орынбасары қыз меті-
мен ұштастыра атқарады (Геолком да оны өзінің байырғы кадры
деп есептеп, қазба байлықтар қорын қабыл дайтын бүкіл одақ тық
комиссияға мүшелікке енгізген, бұл
міндетті ол өмірінің соңғы
жылына дейін атқарған).
1943 жыл да ғалым өміріне мәртебелі қуа
ныштар әкелді:
КСРО ҒА-ның жазда өткен кезекті сайлауы. Осы жиында жасы-
рын дауысқа түс кен Қаныш Имантайұлы корреспондент-мүше
болып сайланды.
Атақ-беделінің өсуі Қаныш Имантайұлына жаңа міндет,
мәртебелі борыштар жүктеген: Каз ФАН басшылығы ғана емес,
өзі жетекшілік ететін институт –
бір сәрі, оған енді бүкіл қазақ
зиялыларының атынан сөйлеп, кейде туған халқының сөзін ұстап,
қайсыбірде бүкіл Орта Азия және Қазақстан республикаларының
өкілі ретінде де әлеуметтік жұмыстармен шұғылдануға тура кел-
ген...
«Өзбек, тәжік, түрік пен, қырғыз және қазақ бауырлар!
Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында бүкіл про грес шіл адам-
зат ұрпағының тағдыры шеші
ліп жатқан осынау қаһарлы
күндерде...»
деп бас таған-ды Қ.И. Сәтбаев 1943 жылғы 31 қаң тарда
408
Медеу СӘРСЕКЕ
Ташкентте өткен антифашистік жиында сөйлеген сөзін
. «Мен бү-
гін қазақ халқының зұлым жауға деген ашуын біл діріп тұрмын!»
деп аяқтаған-ды ғалым тәжік елін дегі және бір сөзін.
ҰҒА академигі Қ. ЖҰМАЛИЕВТІҢ «Өне гелі өмір» баянынан:
«1943 жыл... әлемге апат әкелген неміс фа
шистерінің зо-
балаңынан ығысып, Алматыда уақытша тұрақтаған «Мос-
фильм», «Ленфильмдердің» Қазақстан әдебиетшілерімен бірік-
кен мәжі лісі болады деп, 8-март көшесіндегі «Қа зақ фильм» үйіне
әдебиет пен өнер жұрт шы лығы жиналған сәт.
Сөзді «Ленфильмнің» бас режиссері Ф.М. Эр м лер бастады:
–
Достарыңызбен бөлісу: