Жолдастар, біз соғыс қыр сығынан Қазақстанға, сіздерге
қонақ бо
лып отыр
мыз. Қазақстан үкіметіне де, қазақ хал-
қына да кино ұжымдары дән риза... «Жақ сылыққа
–
жақсылық»
болсын деп, республиканың ірі өндірістері туралы кинофильм
жасамақшы едік. Біз мұнда жаңа тұрғындармыз. Қазақ әдебиеті
мен өнерінде өндіріс жайлы не бар, не жоғын біл мей міз. Бүгінгі
біріккен мәжілістің мақсаты
–
осы жайлы пікір алысу.
Алқалы топ алдында, даңқ пен бедел, шешендер мен ше-
шендіктің түйіскен же рінде көсемсу кімге болса да қиын. Нысана
айқын болса да, жастар үлкендерге, үлкен дер жастарға қарасты.
Жұрт дағдарып қалды. Сол сәтте Қаныш Имантайұлы та ма-
ғын кенеп, Эрмлерге қайырылып:
–
Жазушы, әдебиет мамандары кейін сөйлер, оқушылар аты-
нан бір-екі сөз ай туға рұқсат етіңіз,
–
деді.
Жазып келген еш нәрсесі жоқ екен. Әйт се де ол қысылып-
қымтырылған жоқ. Та ныс аудиторияға лекция оқыған кәнігі про-
фессорларша сөйледі. Қаныш Иман тай ұлы сөйлеген сайын жұрт
ұйып тың дады. Оның орысша тілінің тазалығына, логи ка сының
мықтылығына, ойының те рең, әр сөзінің мағынасына сұқтана
қарас ты. Үлкен зал үнсіз. Шыбынның ызыңы естілгендей...
–
Қазақтың асқар Алатауы, бұйра құ
мы, кең-байтақ
жазығы
–
алтын мен күміс, жез бен мыс, көмір мен қорғасын.
Бір кезде Бет пақтың шөлі атанған, «Ұшқан құс тың қанаты
талып, шапқан аттың тұя
ғы күйетін» құлазыған дала
қазір сарқылмас кен-қазынаға толы. Бүкіл Одақ кө ле мін дегі
сандаған ірі өндірістің қазығы мен алыбы болып отыр. Ел
тағды ры таразыға түсіп, герман фашистері «айдарлымызды
құл, тұлымдымызды тұл етпек» болып, елімізді оққа байлап,
жері мізді отқа берген сұрапыл кезеңде Қазақ станның кен байлы-
409
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ғы
–
ел тынысы, май дан жеңісі... Кешегі көшпелі ел, шексіз шөл
Қазақстан, бүгін ол
–
кен, ол
–
сан алып тар ірге тепкен ірі өндіріс,
қайнаған еңбек, мың-мыңдаған жұмысшылар бар жаңа өмірдің
ордасы... Ұлы Отанымыздың мығым тіректерінің бірі. Бүгінгі
қойылып отырған мәселеге осы тұрғыдан келсек, халықтың
ғасырлар бойы аңсаған ұлы арманы мен бүгінгі ерен ерлігін,
қызық
ты келешегін экранда көрсету қа
жет-ақ. Қазақ өмірі,
Қазақстанның ірі өн діріс тері мен онда істейтін сан мыңдаған
еңбек ерлері адам баласы тарихындағы та маша құбылыс.
–
...Әрі
ойлы, әрі мейірімді көзі, рақымды жүзі, кең маңдайы
– бәрінде
де ерекше бір жылылық бар. Әсіресе, сонау қылау шалған әдемі
қарабұйра шашы... айрықша көз тартады. –
Қазақтың, жал-
пы шығыстың фольклорында, әдебиетінде сонау ескі замандар-
дан үзілмей келе жат қан өзек, үлкен бір оптимистік идея бар.
Ол – табиғаттың мылқау күштерінің сы рын білу, оларды өзіне
бағындыру. Мы са лы, үнді халқының эпосы «Махаб хара таның»
бас қаһарманы Рамаяна
–
жер жаннаты Цейлон аралын жайлап
алып, адам баласын аштық апатына ұшыра татын жын патша-
сына қарсы күрес ашу шы, жер жүзіндегі жауыз күштерді түгел
адақтап, көк тәңірлерімен майданға шығатын «Осетин-нарт»
аңызының дене сі құрыштан жаралған қаһарманы
–
Ба традэ;
жеті жыл жер астында болып, ен байлық, асыл қазынаға
кездесетін, теңіз түбінен алтын қазанды атына өңгеріп
шығатын қазақ аңызының бас кейіпкері
–
Ер Төстік; мәңгі
суды өзі ішіп, тірі қа лудың орнына сол сумен елін, жерін көгер тіп,
мерт болған башқұрт аңызындағы «Орал батыр»
–
бәрі де халық
арманының сәулесі. Орал батырдың сүйегі асыл тасқа, алтынға,
қаны мұнайға айналады. Қан дай тамаша меңзеу! Кинофильм
жасауға негіз боларлық оқиғасы қызық, өндіріс өмірінің кейбір
жақтарын жақсы бейне лей тін, жаңа адам, жаңа ой-сезімді көр-
сетіп, ескі мен жаңаның күресін, психо логиялық жайттарға
құрылған хикаят, романдар да бар...»
ІІІ
Бірде ғалымды Фрунзе аудан дық партия комитетінің бірінші
хатшысы шақырды.
– Қаныш Имантаевич, мен бір нәрсеге ерекше таңмын. Соның
себебін ұят та болса өзіңізден білгім келіп, әдейі шақырдым, –
деген-ді аупартком жетекшісі салған жер ден. – Зор мәнді мем-
410
Медеу СӘРСЕКЕ
лекеттік жұмыстар атқарып жүрсіз. Бірақ партияға мүше болу
туралы ойланар емессіз. Мұныңыз қалай?
– Сізге не десем екен?.. – Филиал басшысы басын сипап,
күмілжіп қалды. – Әлі де іс үстінде танылғаным жөн ғой. Ал-
матыға ауысқаным жуырда ғана, ал жұмыс – өте көп, әрі мен үшін
тың шаруа...
– Меніңше, қазірдің өзінде сіз нағыз большевиктерше жұмыс
істеп жүрсіз. Кіші пейіл болу жарасымды қылық, сөйтсе де сіз
өзіңізді тым кішірейтіп тұрсыз...
– Саяси әзірлігім әлі де аз. Партия мүшесі болу – зор абырой әрі
жауапты қадам!
– Ғапу етіңіз, Қаныш Имантаевич, сон шама бүгежектеп тұр-
ғаныңызды түсін бе дім...
Хатшы, әрине, өмір жолын жете біл ме гендіктен сұрап отыр.
Коммунистер партиясының мүшесі болуға ол Жезқазғанда
жүрген кезінде-ақ ойлан ған. Бір жолы аупарт ком хатшысымен
кеңескен де. Бірақ әкесінің ертеректе би болып сайланғанын,
кейбір ағайындарының ауқатты тұрмыс кешкенін ашық айтуы
мұң екен, әлгінде ғана өзімен емін-еркін әңгімелесіп отырған ау-
дан басшысы: «Ойбай, онда әуре болмай-ақ қой. Жуаннан өрбіген
тегіңмен партияға кіре алмайсың!..» – деп бірден сырт берген-ді.
Шыққан тегіне қарап ақ-қарасын айырып жүрген дүрбелең кез...
Содан беріде ол бұл жайында ешкімге ләм-мим деген емес, қайы ра
ойланған да жоқ. Абзалы, жан аямай адал қызмет етіп, бойындағы
барын, өнер-қайратын ел мүддесі үшін жұмсауды ғана білген-ді.
Бүгінгі әңгіме жүрек түкпі рінде бұғы нып жатқан күпті сырды
есіне түсірді. Сұрап отырған соң, амал қанша, бүгіп қала алмады…
Қарсақбайда болған әңгімені бастан-аяқ айтып берді.
Аупартком хатшысы әлденеге ойланған
дай біршама уақыт
үнсіз отырды да, әлден соң ғалымға тура қарап:
– Меніңше, партияға мүше болғысы кел ген адал адамдарға жа-
санды тосқауыл қойған солақай уақыт келмеске кеткен сияқты.
Сөйтсе де, Орталық Комитеттегі жол дас тармен ақыл дасайын, ха-
бар өзімнен болсын, – деді.
Әсілі, бұл әңгіме тектен-текке өрбімеген. Түйткілді осы мәселе
жайында филиал комму нистері ұйымының бюро мүшесі ШАПЫҚ
ШӨКИН «ҰҒА-ның ғұмыр жолы» кітабында бы лай депті:
«1944
жылдың басында Қа
зақ
стан КП(б) Орталық Комитетінің
411
ШЫҒАРМАЛАРЫ
екінші хатшысы Ж. Шаяхметов Сәт баевқа партия мүшелігіне
өтуді ұсынды. Оған ОК хатшылары Мұха меджан Әбдіқалықов,
Тихон Абаб ков және филиалда қызмет істейтін қарт комму-
нист Сүлеймен Ержанов
(ғалымды жас күнінен білетін, байырғы
баянауылдық –М.С.)
кепілдеме берді... Ол күнде Ком пар тияға
мүше болмасаң, басшылық қыз метке қоймайды, әсіресе КСРО ҒА
фи лиа лының төрағасы сияқты өте үлкен мансапқа. Тегінде, бізде
партия мүшесі емес адамға сенімсіз көзбен қа рай тын кереғар
рәсім қалыптасқан. Оның түзу ниетіне тиісті көмек те көр сет-
пейді, үстінен қарайтын партия шенеу ніктерінің көзқарасы-
нан әр дайым тәкаппар ызбар сезіліп тұратын-ды. Көңілге дық
салар осындай одағай да мен
меншіл мінезге Қанекең де жиі
ұшырайтын. Сірә, сол себептен де ол Компартияға мүше лікке
өтуге қуана ынта білдірді. Ақыр аяғында сол филиал жұмысын
батыл жүргізуге мүмкіндік туғызды...»
Достарыңызбен бөлісу: |