Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет70/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   245
null

ІЗДЕНІСТЕ
I
Қаныш Имантайұлы Ұлытаудан аттанғанда жерде қар бар 
еді. Төңірек түгел мақта төсеп қойғандай аппақ. Аяз сорып 
қатпаған, үдемелі боран ұйытқып қаттамаған ұлпа қар. Даланың 
өрт шалғандай реңсіз сұрқы күрт өзгеріп, жаңа киім киген-
дей жасаңғыраған келбетке ауысқан. Жаздағы қарбалас – көп 
жүргіншінің, түйелі керуендердің әрлі-берлі қозғалысы біржола 
тыйылмаса да едәуір саябырлаған. Барлау жұмыстары тоқтап, 


171
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Геолком жұмысшылары түгелдей үйлеріне қайтты. Зауыт пен 
темір жол бойындағы, кеніштер мен «Соцгородок» төңірегіндегі 
абыр-сабыр қарбалас та жаздағы екпінінен жаңылған: у-шуы 
азайып, балға-сүймендер салдыры сирек естілетін болды...
Жосалыда аялдаған жоқ. Барлау материалдарын, жиған-терген 
жыныс үлгілерін жүк камерасына өткізді де, күздегі келісім бо-
йынша Қызылордаға соғып, Таисиямен бірге болып, бірер аптадан 
соң Мәскеуге аттанып кетті.
Бұл қыста геолог Қаныш бір ғана іспен беріле шұғылданды: ол 
болса – Жезқазған кенішінің ашылу тарихы, ертеңгі тағдыры... 
Трест кеңсесінде сарыла отырып, алғашқы геологиялық сапары 
жайында есеп* жазады; Ленинградтағы Геолком зертханасынан 
түскен химанализ нәтижелеріне шұқшия үңіліп, Жезқазған кені-
нің қуат-қорын есептеді; кеңседе үлгермесе – Қазақстан өкілдігі 
әрең дегенде тауып берген уақытша жатақтағы екі кісілік ая-
дай бөлмеге ала келіп түнде де іс тейді; әредік үлкен астананың 
қазынасы мол кітапхана, ескі архив қорларына кіріп, онда да 
ұзақты күн бел жазбай отырады. 
– Әрбір кеніштің көптеген жыл жазылатын ғұмыр шежіресі, 
өзіндік өмірбаяны болады. Тағдырлары осы жерде түйіскен жүз-
деген адамдар жасайды оны. Қаламмен ғана емес, кейде қанымен 
де жазады. Жас достар, қандай да бір кенді зерттеуде сол шежірені 
аттап өтпей, сол тарихқа өзің жазғандай мұқият үңілу керек... – 
дейтін-ді профессор Усов.
Ұлытауға тұңғыш сапарында-ақ ол Жезқазғанның арғы-бергі 
тарихына зер сала үңілген – кен шыққан төбелердегі барлау жыра-
ларын аралап жүргенде де, Кеңгір бойындағы көне қазбаларды, кен 
үймелерін көрген сәтте де, төңі ректегі ерте заман ескерткіштерін 
тамашалап, ел аузындағы аңыз-әңгімелерге құ лақ түргенде де… 
Жас зерттеушіні ең алдымен таңғалдыр ған жұмбақ жайт – 
кен орнының таңғаларлық аты еді: Алтынқазған, Күмістөбе, 
Қорғасынды, Темірші, Жезтөбе де емес, осы заманның геоло-
гиялық кеңесі жан-жақты ғылыми талқылап, он ойланып, жүз 
толғанып шешкендей – Жезқазған деуі (Жез болса – мыс қоспасы, 
сол себепті қазақтар мыстан жасалған бұйымдарды жез атымен 
атаған. Мысалы, жез леген, жез самауыр). Демек, «Жезқазған» 
*Атбасар тресінің геологиялық есептері. КСРО Халық шаруашылығының Орталық 
мұрағатында сақтаулы. 8034-қор...


172
Медеу СӘРСЕКЕ
атауын оған кен көзін ашқан барлаушы геолог емес, халық қой-
ған. Қашан, қай заманда?
– Ұлытау қазақ ұлысының кіндік орта сын да тұр. Ілгері за-
манда осы жерде («Күлтөбеде күнде жиын» деген сөз, сірә, со-
дан қалған, біздің пайымдауымызша, ол – Қаракеңгір өзенінің 
бойындағы Алаша хан мазарына ұрымтал тұрған тақиядай ең-
селі төбе) қазақтың игі жақсылары, дана билері бас қосып, ел 
арасындағы дау-шар ға билік айтқан, құрылтай ашып, ақ киізге 
салып билеуші хандарын жоғарыға көтерген... – деп сыр шерткен-
ді көнекөз қарттар Қанышқа ел аралаған сапарында.
Сондай басқосудың белгісін ол Сарысу бойынан, Таңбалынұра 
деген жерге тап болғанда көрген: бітімі өзгеше жартастың бұжыр 
бетіне қазақ руларының түрлі-түрлі таңбалары ойылыпты; сірә, 
пәтуа сөзін өз елінің төл таңбасымен әйгілеп кетуге келіскен... 
Кеңгір жағасындағы көне ескерткіштер – Алаша хан, Домбауыл, 
Жошы мазарлары жас геологтың көкейінде неше түр лі сұрақ
туғызды. Ал Ұлытаудың арғы баурайындағы Бұланты, Жетіқыз 
өзендерінің бойындағы тас мүсіндер, тасқа шабылған таңбалар 
ше?..

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау