Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет204/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   245
null

«Кен орындарын ме 
-
таллогениялық жөнмен талдап жә не болжамдаудың формация-
лық кешенді жа ңа тәсілі». 
Сөйтіп, әрбір кен шоғыры, Сәт баев 
ілімімен түсіндірсек, кенеттен, бірақ кез дейсоқ емес, «үзілісті әрі 
үзіліссіз» процесте, яғ ни сатылап дамыған түрлі мезгілде түзіл ген...
Металл көздерінің пайда болуы, оның жер қыртысында орнала-
суы мен даму заңдылықтарын зерттейтін ілім – ме таллогениялық 
теорияның жаңа да түбегейлі тарауы ғана емес, Қаныш Имантай-
ұлына дейін ешкім баспаған, ашпаған тың бағыты еді бұл. Геология 
білімпаздары сол үшін де беріректе академик Қ.И. Сәтбаевты ме-
таллогения ілімінің негізін қалаушы, геологтардың қазақстандық 
мектебінің көшбастаушы ұстазы атандырмақ; ал бұл теория туған 
Қазақстан – металлогения ілімінің жаңа Отаны делінбек.
«Бұл салада Қ.И. Сәтбаевтың өзіне өнеге етер үлгісі де, бет-
ке ұстар ұстазы да болған жоқ. Өзіне дейінгілердің жасап кет-


539
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кен жөн дем ісін алдына жайып қойып, ғалым соны әрі қарай 
жетілдірді, тыңнан ой қосып биік ке көтерді... дерлік жағдай емес-
ті бұл. Қыс қасы, осы зерттеуде ол шын мәнінде пионер болды һәм 
өзіне жолды тыңнан салды...»
– де ген уәж беріліпті болжамдау 
картасы жөнін 
дегі сүбелі еңбегі, басты монографиясының Қа-
ныш Имантайұлы дүниеден өткеннен кей ін қайыра жарияланған 
басылымның редакциялық кіріспе сін де...
Жұмысты бастаған кезде-ақ академик Сәт баев болжам карта-
ларын жасау жөнінде басшылыққа ұстар әдістеме қағидаларын 
жария еткен. Ғалымның пайымдауынша, олардың қысқаша си-
паты мынадай: 1) мәселені кешенді зерттеу; 2) нақты материал-
дарды толық жинау; 3) оларды түгебейлі зерттеп, жүйелеу және 
өзара күрделі байланысын талдау; 4) жұмысты ұжым болып бірге 
атқару; 5) оның нәтижесін жұмыс үстінде жә не аяқталған кезде 
қайыра тал қылау; 6) ғы лыми зерттеулерге негізделіп жүргізілген 
геологиялық барлауды қадағалап және талдап отыру; 7) ғылым 
жаңалықтарын нақтылы барлау мен сынау нәтижелерін, болжам-
дау тәсілдерін жетілдіруге пайдалану.
Бұл нұсқалар қалайша жүзеге асқан?
Бір жайт айқын. Анығында соны Қ.И. Сәт баев сынды майтал-
ман барлаушы іскер басшының ұйымдастырушылық шеберлігі де-
сек те рауа. Шынында да ди рективалық орындардың міндеттеуімен 
екі мыңнан астам маман-ғалым, геолог, техник, лаборанттың екі-
үш жыл бойы тапжылмай отырып, бір кісідей жұмыла жұмыс 
істеді; олар және бір жерде емес, республиканың түрлі трест, бар-
лау басқармаларында, экспедицияларда, әр қилы геологиялық 
мекемелерде еңбек ететін-ді; тұрақтары да – Алматы ғана емес, 
Сарыарқаның ірілі-ұсақты қала-кенттерінде. Ал сөйте тұра 
олар өздеріне дейін ешкім, тіпті геология ілімі жасап көрмеген, 
білмеген күрделі жұмысты тыңнан атқаруға тиісті. ГҒИ-дағы 
ат төбеліндей ғалымдар тобы, сектор қызметкерлерінен өзгесі 
жүктеліп отырған зерттеу жайында жарытып ештеңе білмейді. 
Сондықтан да Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам 
карталарын жасау жөніндегі редакциялық Бас кеңес жұмысты 
әдістеме нұс 
қау, әр қилы анықтама, түсініктемелер жазудан 
бастаған. Ал бас қосып талқылауды қажет еткен кейбір мәселелер 
жер-жерден қажет мамандарды шақырумен, институттың өзін де, 
кеңейтілген ғылыми кеңесте шешілген.
Сүйікті кәсібімен Қаныш Имантайұлы көп тен бері нақ осылай 
құлшына шұғылданбаған еді, әріптестерін де еліктіріп, жұрттың 


540
Медеу СӘРСЕКЕ
бәрін асықтыра қимылдады. Оның сол күндегі үрдіс әрекетіне ескі 
достары да таң болған: қаншама іскерлік танытты, қаншама жігер 
мен қайрат көрсетті! Институт мамандары Бас штабтан тапсыр-
малар алып, жер-жерге аттанып жатыр; қаптаған деректер, кар-
талар, барлау материалдарын арқалап экс педициялардан келіп 
жүргендер де аз емес. 
Барлау технигі ФЕОДОР ПАСТУХОВТЫҢ есте лігі нен:

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау