Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет203/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   245
null

«Геосинклинальмен аса әуестенуге болмайды, кен түзілу жұм-
бағы одан да күрделірек процестердің тасасында жасырынып 
жатыр»,
– деп сақтандырған-ды. Академик Қ.И. Сәтбаев та солай 
топшылаған: 
«Билибин схемасы барлық аймақта қолдануға 
жарамады, барлау кезінде теория нұсқаған кеннің табыл-
мауы – бұған айғақ; демек, оның әмбебаптығы жаңсақ түсі нік, 
барша региондар үшін тиімді емес...»
Олай болса не істеу керек?
«Планета өзінің даму тарихында көп 
теген физикалық 
әсерлерге ұшырады деп ойлады ол, мәселен, неше алуан толқындар, 
тербелістер мен иірімдер Жерді дамылсыз соққылады, 

 
деп 
түсіндіреді Сәтбаев ілімін жоғарыда аталған ғылыми очер кін де 
Н.А. Фогельман. –
 Солардың ең күш тілері баяу жү ріп жатқан 
геосинклинальдық процестерге әсер еткен... Мұның ақы ры жер 
қыртысы ның ішінара кеңеюіне әкелді. Одан соң жер қабатында 
қысу, сығу процестері жүрді. Осының бәрі біздің планетаның ора-
сан зор жылжымалы белдеулерінде мыңдаған сызат, жарықшақ, 
те рең оппалар тү зіп, ақырында сол жыныс қатпарларының ал-
ғашқы қалпынан бір шама өзгеріп орналасуына жағдай жасады деп 
шамалауға болады. Тереңдегі жеңіл де сұйық балқыма және өте 
ыстық заттардың жоғарыға көтерілуіне жол ашылды. Бұл «жол-
ды», тегінде, әлдеқандай бір химия зауытының алып реактор-
құмыраларымен салыстыруға болар еді: жоғарыға жылжыған 
сұйық масса температура өз 
ге 
рісінің әсерінен жеке-жеке 
қабаттарға, элементтерге бөлінді; яғни қазба байлықтарының 
жаңа қабаттарын түзеді; ал сол жолда ескі кен көмбесі кездессе 

 
оларды да құнарландырып байыта түсті; әри не, балқыма мен су, 
сұйық ер ітін ді, бейнелеп айтқанда, «гранит ботқасы» жер қыр -
тысына емін-еркін сіңе берген... Құрлықтарда ғана болатын гра-
нит қабаттары осылай жаралған. Металл шоғырланған кендер 
құрлықтарда немесе солардың геосинклинальдық жиектерінде 
иә теңіз жағалауларында ғана ұшырау себептері де осы. Мұхит 
табанындағы қабаттардан осы заманғы геологиялық барлауда 


538
Медеу СӘРСЕКЕ
қаз ба байлықтардың табылмауы және іздемеу дің де себебі сол... 
Кеңею кезеңінен кейін жер қыртысы тағы да сығуға түсті. Тау 
жыныс тарының қатпарлары бұрынғыдан бетер дестеленіп, кен 
қабаттары дамылсыз өзгере келе осы күнгі формасын түзеді деу-
ге болады».
Шынтуайтын айтқанда, академик Сәтбаев та кен қабаттарын 
геосинклинальдық аймақтардан іздеуге қарсы емес. Бұл ретте 
ол Билибин теориясымен толық келіседі. Бірақ жылжымалы 
зоналардың даму тарихында аса күшті физикалық өзгерістерге 
ұшырағанын ұмытпау қажет дейді ол. Кенді бір ғана химиялық 
орта түзген жоқ. Ғалымның өз сө зімен айтқанда: 
«Химиялық 
ортаның кен тү зілуіне әсері болғаны рас, бірақ ол – негізгі се беп 
емес. Кен көзінің шоғырлануына әсер етуші басты фактор – ол 
орналасқан жыныстардың физикалық және химиялық қа сиеті...»
Геосинклиналь белгілері бойынша із дегенде бір өңірден болжан-
ған кеннің табылып, екінші жерден табылмау сыры да осында. 
Академик Усов сақтандырған күрделі процестер құпиясы да осы... 
Демек, металлогения ілімі бұрынғы зерттеу лерде кен және оны 
қоршаған жыныстардың өзара байланысы жөнінде жаңсақ бағыт 
ұстанған.
Сәтбаевтың ойынша, металлогениялық зерт теулерде кен орын-
дарының жер қыртысындағы «мекенін» геологиялық дәуір-
ге қа рап, жыныстың құрылысы және заттық құ рамы бойынша 
жинақталған нақты мате 
риал 
дарды талдау арқылы анықтау 
шарт... Геологтар тіліне аударсақ, бұл – 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау